Пәні: Математика Мектеп



Дата11.02.2022
өлшемі451,39 Kb.
#131489
түріСабақ
Байланысты:
6c78bd71f0aa4f1a9042c7a09beb018b
00021bfb-c737be4f, Презентация 1а 1курс Microsoft PowerPoint, Презентация 1а 1курс Microsoft PowerPoint, Презентация 1а 1курс Microsoft PowerPoint, Презентация 1а 1курс Microsoft PowerPoint, Презентация 1а 1курс Microsoft PowerPoint, Лекции МССУК-Каз 111 (1)

Қысқа мерзімді жоспар

Пәні: Математика

Мектеп:№254

Күні: 2.09.2017 жыл

Мұғалімнің есімі: Хайруллина Асель Раисовна

Сынып: 5

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Тақырыбы: Натурал сандар және нөл

Сабақ негізделген оқу мақсаты (мақсаттары)

5.1.1.1
натурал сандар жиыны ұғымын меңгеру;
5.1.1.2
тақ және жұп сандар ұғымдарын меңгеру;

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар: Натурал сандар ұғымын біледі, түснеді және есеп шығаруда пайдаланады.

Оқушылардың басым бөлігі: Тақ және жұп сандарды ажыратады және олардың қасиеттерін біледі.

Кейбір оқушылар: Күрделі есептерді шығаруда тақ және жұп сандар ережесін пайдаланады және мысалдар келтіреді.

Сабақ барысы




Жоспарланған уақыт

Жоспарланған жаттығулар


Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылармен амандасу. Сабаққа дайындықтарын тексеру.
Сабақтың мақсатын қойып тақырыппен таныстыру.
Оқушылармен амандасу, танысу, оқушыларды түгендеу және сынып тазалығына назар аудару.
«Мен есімім?...» психологиялық ойынын өткізу.
Өткенді пысықтау топпен
Амалдарды орындау.
Бастауыш сыныптарда натурал сандарға амалдар («+», «-», «*», «/») қолдануды үйренгенсіңдер. Натурал сандарға амалдар қолдануды еске түсіріп, қайталайық.
Есептеңдер:
37 * 42 – 1461 = 1554 – 1461 = 93;
728 : (617 – 526) = 728 : 91 = 8;
1541 : 23 – 21 * 3 = 67 – 63 = 4;

  1. 900 : 15 + 640 : 16 = 60 + 40 = 100;

  2. 202 * 39 – 2952 : 41 = 7878 – 72 = 7806;

(871 + 433) * 7 – 9120 = 1304 * 7 – 9120 = 9128 – 9120 = 8 .


Бағалау критерийі: Амалдарды орындау тәртәбән анықтайды ;
Есептеулер жүргізеді .
Кері байланыс





Жаңа сабақты меңгерту
Ой қозғау
Жұппен жұмыс.
Қандай да бір нәрсені есептеу үшін 1,2,3,4 және т.б. сандар қолданылатыны белгілі. Санау үшін пайдаланылатын сандар натурал сандар деп аталады. 1 саны – ең кіші натурал сан.
Өсу ретімен жазылған 1,2,3,4,5,... натурал сандар натурал қатарды немесе натурал сандар қатарын құрайды. Өсу ретімен жазылған 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10, 11, 12, 13, 14, 15,... натурал сандар натурал қатарды немесе натурал сандар қатарын құрайды.
1 – саны натурал қатардың ең кіші саны, ал ең үлкен сан болмайды.
0 натурал санына жатпайды.
Сандар 0, 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9 белгілері арқылы жазылады.
Натурал сандарды жазу үшін қолданылатын белгілер цифрлар деп аталады. Жұп, тақ цифрлар болып бөлінеді
Жұп сандар деп қандай сандарды айтамыз?
Жұп сандар дегеніміз 2-ге қалдықсыз бөлінетін сандар.
Жұп сандарға: 2, 4,6,8,10,12,14,16,18,20...... деген сандар жатады.
Тақ сандар деп қандай сандарды айтамыз?
Тақ сандар дегеніміз 2-ге қалдықпен бөлінетін сандар.
Тақ сандарға: 1,3,5,7,9,11,13,15,17,19,21.......
Әрбір натурал сан разрядтарға бөлінеді. Разрядтар оңнан солға қарай бірлік, ондық, жүздік және т.с.с. оқылады
Санның жазылуындағы алғашқы үш разряд бір топқа біріктіріліп, бірліктер класы деп аталады. Бұл класс бірліктер, ондықтар, жүздіктерден тұрады.
Төртінші, бесінші, алтыншы разрядтар мыңдықтар класын құрайды. Оған мың, он мың, жүз мыңдардың бірліктері кіреді.
Кестеде көрсетілгендей, мыңдықтар класынан кейін миллиондар класы, одан кейін миллиардтар класы және т.б. жалғаса береді.
Есіңе сақта!
Цифр – бұл таңба. Олар: 0, 1, 2, 3, 5, 6, 7, 8, 9.
Цифрлар тек таңба болғандықтан, оларды «жұп» және «тақ» деген ұғымдарға бөлуге болмайды. Бірақ, цифрлардың көмегімен сандар жазылады.
Заттарды немесе ұғымдарды санау үшін қолданылатын сандарды натурал сандар деп атайды.
Егер натурал сандарды бірінен соң бірін жазса, онда натурал сандар қатары шығады. Оның шексіз екенін көрсету үшін, соңына көп нүкте қойылады:
1, 2, 3, 5, 6, 7, 8, 9, 10, 11, 12, 13, ...100, 101... 1000, 1001, ...
Егер натурал сандар қатарынан кез келген бірнеше сандарды ретімен жазсақ, онда ол натурал сандар қатарының кесіндісі болады.
8, 9, 10, 11, 12, 13 – бұл натурал сандар қатарының кесіндісі.
8, 9, 10, 12, 11, 13 – бұл натурал сандар қатарының кесіндісі емес, себебі сандар ретімен тұрған жоқ.
8, 9, 10, 12,13 – бұл натурал сандар қатарының кесіндісі емес, себебі 11 саны жоқ.
Натурал сандардың қасиеттері:
-натурал сандар қатары 1-ден басталады;
-натурал сандар қатарының әрбір келесі мүшесі алдыңғысынан 1-ге артық;
-натурал сандар қатары шексіз, себебі оның «ең соңғы мүшесі» деп саналған кез келген үлкен натурал санның өзіне бірлікті қосу арқылы келесі мүшесін алуға болады
Сыни тұрғыдан талдау (жұппен жұмыс)

1-тапсырма.
Берілген қатардағы натурал сандар қатарын көрсетіңіз:
1, 3, 5, 7…
0, 1, 2, 3…
1, 2, 3, 4…
Кему ретімен орналасқан сандарды көрсетіңіз:
155; 99; 74; 50; 33
15; 28; 61; 88; 129
297; 102; 5; 75; 20
2-тапсырма

а) сегіз жүз тоғыз;
б) бес мың екі жүз он бір;
в) жиырма екі миллион үш мың сегіз;
г) жиырма сегіз миллион он бес мың үш жүз екі;
д) бес жүз жеті миллион сексен мың;
е) бір миллиард тоғыз миллион тоғыз мың;

Сергіту сәті.
Мен қазір тақ сан айтқанда бәріміз отырамыз, ал жұп сан айтқанда қол шапалақтаймыз.
Логикалық сұрақтар:
Егер тырна бір аяғымен тұрса 3 кг болады, ал егер екі аяғымен тұрса, оның салмағы қанша? (3кг)
Үстел беті төртбұрышты, оның бір бұрышын арамен кесіп алсақ неше бұрыш қалады? 5 бұрыш
Жұмбақ:
Нәрселерді санағанда,
Керек ол бізге ауадай.
Айтыңдаршы бұл қандай сан
Жан-жағыңа қарамай. Натурал сан
Қосындысын табыңыз:
60 000 + 7 000 + 300 + 50 +9;
б) 4 000 000 + 70 000 + 8000 +600 +5;
в) 900 000 + 3 000 + 700 + 20;
г) 8000 + 600 + 1.
Кері байланыс.
Ауызша тапсырма (Ұ)
Оқулықпен жұмыс
№1-9 есептер

Аяқталуы
7 мин

Қалыптастырушы бағалау тапсырмасы.
Сабақтың тақырыбы: Натурал сандар және нөл
Оқу мақсаты: 5.1.1.1 натурал сандар жиыны ұғымын меңгеру ;
5.1.1.2 тақ және жұп сандар ұғымдарын меңгеру .


Бағалау критерийі: Білім алушы
1. Натурал сандарды ажыратады ;
2. Тақ және жұп сандарды анықтайды .
Ойлау дағдыларының деңгейі: Білу және түсіну .
1 - тапсырма Мына тұжырымдардың қайсысы ақиқат, қайсысы жалған? Кестеде « » таңбасымен белгілеңіз.




Тұжырым

ақиқат

жалған

1

Ең кіші натурал сан бар







2

Ең кіші натурал сан - нөл







3

Ең үлкен натурал сан бар







4

Барлық натурал сандар 1-ден үлкен







5

Әрбір натурал сан өзінен кейінгі саннан 1-ге кем







6

Кейбір натурал сандар үш цифр арқылы жазылады







Дескриптор: Білім алушы
- Натурал сандар жиыны анықтамасын қолдана отырып дұрыс тұжырымды анықтайды.


2 - тапсырма
Жұлдызшаның «*» орнына жұп сан болатындай етіп, сәйкес цифрды таңдаңыз. Шыққан санды бос тор көзге жазыңыз.
23* 475*

Жұлдызшаның «*» орнына тақ сан болатындай етіп, сәйкес цифрды таңдаңыз. Шыққан санды бос тор көзге жазыңыз.


53* 321*
Дескриптор: Білім алушы
- Жұп сандарды жазады;
- Жақ сандарды жазады.
3 - тапсырма
Сандардың жұп, тақтығын анықтаңыз:
a) бір жылдағы айлар саны; _______
желтоқсан айындағы күндер саны; _______
бір аптадағы күндер саны. _______
Дескриптор: Білім алушы
- Жұп және тақ сандарды ажыратады.
Бағалау және кері байланыс



Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет