Пәні: «Сөз тіркесі мен жай сөйлемнің синтаксисі» Тақырыбы


ІІ-ТАРАУ. БҰЙРЫҚТЫ СӨЙЛЕМ



бет3/4
Дата21.12.2023
өлшемі28,93 Kb.
#198230
1   2   3   4
Байланысты:
синтаксис срсп 9 Сагинтаева
Сату стратегиясы, Бизнес план каз (копия) 3, Бизнес план каз (копия) 2, Аллаһтың айы Мухаррам, срсп ұлттық руханият 12, SIWT 3c6s Мамандандырылған ағылш тілі 2
ІІ-ТАРАУ. БҰЙРЫҚТЫ СӨЙЛЕМ


2.1. Бұйрықты сөйлемнің жасалу жолдары
Бұйрықты сөйлем-қимыл әрекетке итермелеу мақсатында айтылған сөйлем. Бұйрық мағынасы түрлі реңкті білдіреді: егер бұйыру қатал талап мағынасында жұмсалса,дауыс көтеріңкі айтылады,ал өтініш, тілек мағынасында айтылса, бәсең айтылады.Бұйрықты сөйлемдердің баяндауыштары етістіктің бұйрық, қалау райлары арқылы, ашық райдың келер шақ тұлғасында жасалады.Бұйрықты сөйлемдер етістіктің бұйрық рай тұлғасы арқылы құралады.Баяндауыш қызметіндегі етістік ІІ және ІІІ жақ тұлғаларында қолданылады:
-Сен бар.-Сіз барыңыз.
Бұйрық етістікті сөйлемдер мынадый қосымша бір грамматикалық, лексикалық тәсілдер арқылы ұштасып жұмсалады.
1)-шы,-ші; 2) көр, жүр, байқа көмекші етістіктер мен ғой, деймін модаль сөздер; 3) ресми стильде: міндет етілсін, талап етілсін, тапсырылсын, жүктелсін етістіктері, ауызекі сөйлеуде:доғар, қысқарат, тоқта, тыйыл, сақтан, т.б. етістіктері; 4) баяндауыштардың орын тәртібін өзгертуі арқылы.
2)Бұйрықты сөйлемдер етістіктің шартты, қалау, ашық рай тұлғалары арқылы қалыптасады: -са+шы,-се+ші,-йшы,-йші,-са еді, екен.
-айық-ейік,-йық-йік,+шы-+ші;-ғай-гей,-қай-кей.
Бұйрықты сөйлем белгілі сөйлеу жағдайында ашық райлы етістіктер арқылы қалыптасады, соған сәйкес арнаулы интонациямен айтылады: ауыспалы осы шақ, болжалды келер шақ тұлғасында: өзің алып жүресің! Өзің ескертесің!
Бұйыр, өтін, сұра, тапсыр етістіктері баяндауыш болып келеді (сұраймын, өтінемін, өтінер едім..) Кет, жүр, көтер етістіктерінен жасалады. Айда кеттік! Ал,жүрдік! Ал,көтердік!
2.2. Бұйрықты сөйлемдердің түрлері
Бұйрықты сөйлемдер мазмұны жағынан, оның берілу сипаты жағынан біркелкі емес.
1.Тіке бұйрық білдіру, нақты талап қою мағынасында.Тіке бұйрық іс-әрекеттің сөйлеуші жақ тарапынан міндетті түрде орындалуы тұрғысынан беріледі.
2.Тоқтау салу, тежеу мақсатында жұмсалады. Мысалы,-Қой,Абайжан!
3.Ұсыныс жасау,тапсырма нұсқау беру, міндет ету мағынасында.Бұйрық рай тұлғасында керек,тиіс ашық рай тұл.жасалады.4.Кеңес, демеу беру мәнінде бұйрық рай арқылы керек,тиіс моднль сөздер.Сізге тынығу керек.5.Тілек,өтініш,жалыну мағынасында.6. Іске шақыру, үндеу.т.б.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет