АЖ динамикалық сипаттау. АЖ каноникалық түрде сипаттау. АЖ агрегаттық сипатталуы.
АЖ сипаттаудың сапалық және сандық әдістері 1948 жылы белгілі математик Норберт Винер біруақытта АҚШ және Францияда «Кибернетика, немесе жануар мен машинадағы басқару мен байланыс» атты кітабын шығарды. Соңыра кибернетиканың оның объектілері, пәні мен мақсаттарын анықтауға жақын басқа анықтамалар шықты. Оқу объектісі күрделі динамикалық жүйелер, пәні – жүйені басқарумен байланысты ақпараттық процестер, мақсаты – басқарудың тиімді нәтижелерін алуға арналған техникалық құралдар мен тәсілдер, принциптер құру болып табылады.