ПӘнінің ОҚу- әдістемелік кешені оқУ-Әдістемелік материалдар



бет16/20
Дата27.12.2016
өлшемі3,72 Mb.
#6293
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20

Сұрау есімдігі.Жауап алу мақсатымен сұрау мағынасында қойылған сұрақтар сұрау есімдігі болады. Сұрау есімдіктері: кім? не? қай? қандай? қанша? неше? нешеу? нешінші? қайда? қайдан? қалай? қашан? қайдағы? қашанғы? Зат есімге және зат есім орнына қолданыла алатын (заттанған) сөздерге қойылатын сұрақтарға көптік, тәуелдік, септік, жіктік жалғаулар қосыла алады. Мысалы: кім? кімім? кімдер? кімі? кімдерің? кімге? неге? қайсысы? нешеуі? кіммін? т. б.

Кейбір сұрау есімдіктерінің тәуелдену үлгісі.

Тәуелдіктің жақтары

кім?

не?

қайсы

нешеу?

І менің біздің ІІ сенің сіздің сендердің сіздердің ІІІ. оның олардың

кімім? кіміміз? кімің? кіміңіз? кімдерің? кімдері- ңіз? кімі? кіміі? кімдері?

Нем? неміз? нең? неңіз? нелерің? нелері- ңіз? несі? несі? нелері?

қайсым? қайсымыз? қайсың? қайсыңыз? қайсыларың? қайсылары- ңыз? қайсысы? қайсысы? қайсылары?

нешеуім? нешеуіміз? нешеуің? нешеуіңіз? нешеулерің? нешеулеріңіз? нешеуі? нешеуі?

Сұрау есімдіктерінің адамға қатыстылары ғана І, ІІ жақтарда жіктеледі. Себебі І және ІІ жақ яғни айтушы (мен, біз) және тыңдаушы (сен, сендер, сіз, сіздер) адам ғана болады. ІІІ жақ адамнан баска да бөгде затқа қатысты бола береді.

Сұрау есімдіктерінің жіктелу үлгісі

Жіктіктің жақтары

кім?

қайсы?

нешеу?

қандай?

І мен біз ІІ сен сендер Сіз

кіммін? кімбіз? кімсің? кімсіңдер? кімсіз?

қайсымын? қайсымыз? қайсысың? қайсысың дар? қайсы- сыз?

нешеумін? нешеуміз? нешеусің? нешеусіңдер? нешеусіз?

қандаймын? қандаймыз? қандайсың? қандайсың- дар? қандайсыз?

сіздер ІІІ ол олар

кімсіздер? кім? кімдер?

қайсы-сыздар? қайсы? қайсы?

нешеусіз-дер? нешеу? нешеу?

қандайсыз-дар? қандай? қандай?

Өздік есімдігі. Өздік есімдігіне әр тұлғадағы өз деген бір ғана сөз жатады. өз есімдігі тәуелдеулі, көптеулі, септеулі түрде қолданылады да, жіктеу есімдіктерінің немесе зат есімнің орнына қолданылады. Мысалы: менің өзім, сенің өзің, баланың (Асқардың) өзі, оөушылардың өздері, біздің өзіміз, мсендердің өздерің, т.б. Өздік есімдігі түбір тұлғада өз түрінде зат есімді анықтап жұмсалады. Мысалы: өз баласы, өз ісім, өз жұмыстарың, т.б. Өз есімдігі әдетте тәуелденіп барып септеледі. Сондықтан оның үлгісі тәуелдеулі септеу болады.

Өздік сімдіктерінің септелу үлгісі.

Септік

өзім

өзің

өзіңіз

өзі

АІ

өзім өзімнің

өзің өзің-нің

өзіңіз өзіңіздің

өзі өзі-нің

Б. Т. Ж. Ш. К.

өзіме өзімді өзім-де өзім-нен өзім-мен

өзің-е өзің-ді өзің-де өзің-нен өзім-мен

өзіңіз-ге өзіңіз-ді өзіңіз-де өзіңі-ден өзіңізбен

өзі-не өзі-н өзі-нде өзі-нен өзі-мен

 

Өз есімдігі тәуелденіп барып жіктеледі.

Өздік есімдігінің жіктелу үлгісі.

Жақ

өзім

өзің

өзіңіз

өзі

І мен

өзіммін

өзіңмін

өзіңізбін

өзімін

Біз

өзімізбіз

өзіңбіз

өзіңізбіз

өзіміз

ІІ сен

өзімсіқ

өзіңсің

өзіңізсің

өзісің

сендер

өзімсіңдер

өзіңсіңдер

өзіңізсіңдер

өзісіңдер

Сіз

өзімсіз

өзіңсіз

өзіңізсіз

өзісіз

сіздер

өзімсіздг.р

өзіңсіздер

өзіңізсіздер

өзісіздер

ІІІ ол

өзім

өзің

өзіңіз

өзі

олар

өзім

өзің

өзіңіз

өзі

Кейде өз есімдігі өзі орнына жүретін жіктеу есімдігі мен зат есіммен де тіркесіп қатар жұмсалады. Мысалы:

мен өзім айттым біз өзіміз айттық

сен өзің айттың сендер өздерің айттыңдар

сіз өзіңіз айттыңыз сіздер өздеріңіз айттыңыздар

ол (бала, Ахмет) өзі айтты олар (балалар) өздері айтты

Өз есімдігінен жасалған өз-өзінен, өзінен-өзі, өзімен-өзі, өзді-өзі деген қос сөздер дефис аркылы жазылады.



Жалпылау есімдігі.Жалпылау, жинактау мағыналарын білдіретін есімдіктің түрі жалпылау есімдігі деп аталады. Жалпылау есімдігіне бәрі, барлық, бар, барша, бүкіл, күллі, бүтін, тугел, тегіс деген сөздер жатады. Мысалы: Бар ойы — өлең айтып, ән салалық. (А.). Түгел сөздің түбі бір, түп атасы — Майқы би (мақал).

Берілген мысалдан көрінетіндей, жалпылау есімдігі көбіне-көп анықтауыш қызметінде жұмсалады. Сондай-ақ жалпылау есімдігі көптеледі, тәуелденеді, септеледі. Мысалы: Енді нені істейміз, Бәрінен де бос қалдық? (А). Біліпті дерттің барлығын (А).

Әдетте жалпылау есімдіктері тәуелденіп барып септеледі.

Болымсыздық есімдігі.Болымсыздық мағынаны білдіретін есімдіктің түрі болымсыздық есімдігі деп аталады. Болымсыздық есімдігі: ештеңе, ештеме, ешкім, ешбір, ешқашан, ешқандай, ешқайдан, ешқайсысы, дәнеңе, дәнеме. Мысалы: Көнбеді ешкім сөзіме Әдетіне қарысып (А) Болымсыздық есімдіктердің ешкім, ешқайсысы, дәнеңе, ештеңе дегендері зат есімнің орнына, ешқандай, ешбір дегендері сын есімнің орнына, ешқашан, ешқайдан дегендері үстеу немесе мезгілдік, мекеңдік мағынаны білдіретін сөздердің орнына жұмсалады. Мысалы: Бұл жерде ешкім сырымды Білмейді, айтып не етейін? (А). Ашық мінез, ақ маңдай, Менмендік жоқ ешқандай (қазақ әндері). Мылтық оқтағанда оның аузын ешқашан кісіге каратпа, кісіге каратып ойнап оқтама (Ш. Айманов). Ешқайда болмай шықты оған жер тең (С. М.) деген сөйлемдерде ешкім деген болымсыздық есімдігі кім (білмейді)? деген сұраққа жауап беріп, адам мәнінде қолданылған, сөйлемнің бастауышы болып тұр; ешқандай болымсыздық есімдігі қандай (менмендік)? деген сұракқа жауап беріп, менмендік деген дерексіз мәндегі заттың сынын білдіріп, сөйлемнің анықтауышы болып тұр; ешқашан болымсыз есімдігі қашан (каратпа)? деген сұракқа жауап беріп, қаратпа деген қимылдың мезгілін, ешқайда болымсыздық есімдігі қайда (болмай шықты)? деген сұраққа жауап беріп, болмай шықты деген қимылдың мекенін білдіріп пысықтауыш қызметін атқарып тұр.

Болымсыздық есімдіктері көбінесе еш сөзі мен бір, кім, қашан, қандай, қайдан, қайда, қайсысы тәрізді есімдіктердің бірігуі арқылы жасалған. Сондықтан да олар бірігіп жазылады. Ал еш сөзі басқа сөздермен (зат есімдермен) тіркессе, бөлек жазылады. Мысалы: Сенен басқа еш жерден Таба алмадым орнымды (А).



Белгісіздік есімдігі.Затты, сындық белгіні, сан-мөлшерді белгісіз етіп жорамалдап, тұспалдап көрсету мәнін білдіретін есімдіктің түрі белгісіздік есімдігі деп аталады. Мысалы: Бұлдайды біреу күшін, біреу түсін. (А). Адамның кейбір кездері Көнілде алаң басылса (А). Бұл сөйлемдердегі біреу есімдігі белгісіз бір адам деген мағынада, кейбір есімдігі нақ мезгілді атамай белгісіз бір кездер мәнінде қолданылған.

Белгісіздік есімдігіне біреу, кейбіреу, бірдеме, әрне, әлдекім, әлдене, әркім, кімде-кім, бір, қайсыбір, кейбір, қайсыбіреу, әр, әрбір, қайбір, бірнеше, әлденеше, біраз, әрқалай, әлдеқалай, әлдеқайда, әлдеқашан, әлдеқайдан, әрқашан дегендер жатады.

Белгісіздік есімдіктерінің мынадай ерекшеліктері бар. 1. Әлде, әр, кей, қай, бір сөздері екінші есімдіктермен (біреу, кім, не, бір, қашан, қалай, қайда, аз т. б.) тіркескенде, бірге жазылады да, басқа сөз таптарымен (мысалы, зат есімдермен) тіркескенде, бөлек жазылады. Мысалы: Бізде ерік жок, бастай бер, Әлденеге бастайсыз (А). Әлдеқайдан гармон үні, ән сазы естіледі (Қ. Токаев). Әрқашан күн сөнбесін... Директор біреумен сөйлесудің алдында кезінен қөзілдірігін алып, әр уақытта да бір езу тартып, күлімсіреп алады. (С. Ерубаев). Кей құрбы бүгін тату, ертең бату (А).

2. Біреу, кейбіреу, қайсыбіреу, бірдеме, әрне, кімде-кім, әлдекім, әркім, әлдене тәрізді белгісіздік есімдіктер зат есім орнына жұмсалады. Олар көптік, тәуелдік, септік жалғауларында жұмсалып, сөйлемде атау септікте бастауыш, барыс, табыс, жатыс, шығыс, кемектес септіктерде тұрып толықтауыш, ілік септікте .анықтауыш қызметтерін атқарады. Мысалы: Біреулер үйінің орнын өлшеп, біреулер қазып үлпріп, қайсыбіреулері қалқитып та алған (Мүст). Біреудің кісі өлсе, қаралы ол... (А). Кейбіреуге таяғым Тиіп те кетті бартылдап (А). Әсемпаз болма әрнеге (А). Берілген сөйлемдерде біреулер деген көптік және атау септік жалғауларында тұрып, кім (өлшеп, қазып үлгіріп)? деген сұракка жауап беріп, қайсыбіреулері деген көптік, тәуелдік және атау септік тұлғасында тұрып, кім (қалқитып та алған)? деген сұраққа жауап беріп, бастауыш болып тұр, біреудің белгісіздік есімдігі ілік септікте тұрып, кімнің (кісісі)? деген сұракка жауап беріп, анықтауыш болып тұр. Кейбіреуге, әрнеге дегендер барыс септікте тұрып, кімге (тиіп кетті)? неге (әсемпаз болма)? деген сұраққа жауап беріп толықтауыш болып тұр.

3. Қайсыбір, кейбір, әр, әрбір, қайбір дегендер сын есім орнына жұмсалып, әлденеше, бірнеше, біраз дегендер сан есім орнына жұмсалып, әдетте анықтауыш қызметінде қолданылады. Мысалы: Кейбір жігіт жүреді мақтан сөйлеп (А.) Иә, шынын айту керек, бір ерекшелігі мұндағы әрбір қызметкердің бір-бір көмекшісі бар екен (Қыдырбекұлы). Саяси сабақтан қолы бос кездерін пайдаланып, тағы да бірнеше модель жасады. (Шаймерденов). Мол күш тоғысқан майдан өмірінде өлім әр адамға әр түрлі жағдайда кездесіп жатады. (Қ. Токаев). Берілген сөйлемдерде белгісіздік
есімдіктері қай (жігіт?— кейбір), қай (қызметкердің?— әрбір), қанша (модель?— бірнеше), қай (адамға?— әр) деген сұрақтарға жауап беріп, анықтауыш болып тұр.

Белгісіздік есімдігінің бұл түрі кейде тәуелденіп, септеліп келіп, заттанып, атау септікте бастауыш, барыс, табыс, жатыс, шығыс, көмектес септіктерде толықтауыш қызметінде де жұмсалады. Мысалы: Кейбірі пірге қол берген, Іші — залым: сырты — абыз (А). Нариманның бұндай қылығының қайсыбірін айтып түгесейін (Аманшин). Берілген сөйлемдерде кейбірі Шм қол берген?) атау септікте бастауыш, қайсыбірін (нені айтып түгесейін?) — табыс септікте толықтауыш қызметін атқарып тұр.

4. Әрқашан, әрқалай, әлдеқашан, әлдеқалай, әлдеқайда, әлдеқайдан деген белгісіздік есімдіктері үстеу мәнінде мезгіл, мекен мағыналарын білдіріп, сейлемде пысықтауыш қызметін атқарады. Мысалы: Көкшетау оның маңындағы қалың орман әлдеқашан артта қалған. (С. С.). Жасы үлкен, денесі кең Сергей Петрович әрқашан осылай балаша қуанады, балаша ренжиді (Ғ.Мұст). Колхозға жете берістегі ылдидан зырғаған шана екпінінен гулей соққан жел ару сөзін қағып алып, әлдеқайда алып кетті (Саин).

Берілген сөйлемдерде әлдеқашан (қашан артта қалған?), әрқаіиан (қашан қуанады, ренжиді?), әлдеқайда (қайда алып кетті?) деген белгісіздік есімдіктері пысықтауыш болып тұр.



Есімдіктердің емлесі.

Жіктеу, сілтеу, сұрау, өздік, жалпылау есімдіктері негізгі түбір сөздер болғандықтан, дара есімдіктер болып саналады. Мысалы: мен, сен, сіз, ол, бұл, ана, сол, қанша? қалай бәрі, түгел, өзім т. б.



Еш, әлде, әр, кей, қайсы, бір сөздері мен басқа есімдіктердің бірігуі арқылы жасалған болымсыздық, белгісіздік есімдіктері күрделі есімдіктер болып саналады, олар бірге жазылады. Мысалы: ешкім, ешқашан, ешбір, әлдекім, әрбір, кейбір, әрқалай, әрқашан т. б.

Еш, әлде, әр, кей, бір, қай сөздері басқа сөз таптарымен (зат есім, кейде қатысты сын есімдермен) тіркесіп қолданылады да, бөлек жазылады. Мысалы: еш уақытта, әр адам, кей шақта, бір мезгілде, әр түрлі т. б.

Есімдіктердің сөйлемдегі қызметі

Есімдіктер әр түрлі сөз табының орнына жүретіндіктен, сөйлемде әр түрлі мүшенің қызметін атқарады.

1. Есімдіктер, әсіресе жіктеу есімдіктері, атау септікте тұрып бастауышболады. Мысалы: Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін (А). Кино үстінде бұлар бір-біріне бір ауыз сөз айтқан жоқ. (Ж. Молдағалиев).

2. Есімдіктер барыс, табыс, жатыс, шығыс, кемектес септіктердің бірінде тұрып толықтауыш болады. Мысалы: Кеудемде жаным тұрғанда Гауһарды ешкімге бермеспін (С. Мыңжасарова). Жалғыз сенен айырылып, Артыңа қарап аһ ұрдым (А).

3. Есімдіктер ілік септікте немесе сын есім мен сан есімнің орнына қолданылып, анықтауыш болады. Мысалы: Ешбір дарынды ақын, ешбір дарынды жазушы орыс әдебиетін, орыс әдебиеті арқылы дүние жүзілік озық әдебиеттің көрнекті үлгілерін аттап өте алмауы керек. (Ғ. М.). Біреудің кісісі өлсе, қаралы ол (А). Бұл сұраққа жауап бермей, аз отырып барып сөйледі. (С. М.). Бірнеше жұмсақ алақан Көтеріп бара жатқандай (Ғ. Қайырбеков).

4. Есімдіктер мезгіл, мекен мағыналарында үстеудің орнына қолданылса, пысықтауыш болады. Мысалы: Бүгін ешқайда бармайсыңдар, маған бір кешті қимайсыңдар ма? (Ж. Молдағалиев). Бірен-саран шыққан астықтарын жұрт әлдеқашан жинап алған. (С. Дөнентаев).

Есімдіктер жіктеліп қолданылса, баяндауыш болады. Мысалы: Менің іздегенім — сенсің. Әнеугі келген бала — осы. Сен нешіншісің?

Есімдіктің мағыналық түрлерінің (жіктеу, сілтеу, сұрау, өздік, белгісіздік, болымсыздық, жалпылау) семантикалық, құрамдық жақтарынан өзіндік ерекшеліктері бар. Зат есімнің орнына жүретін немесе субстантивтенген есімдіктер септеледі. Оның ерекшеліктері:

1) барыс септік тұлғасы жуанданып, -ған болып кетеді;

2) ілік, табыс, шығыс септіктерде сөз соңындағы д, н түсіп қалады.

3) жатыс септікте сөз соңындағы л дыбысы н дыбысына айналып кетеді:

4) көмектес септікте түбірдің соңғы л,н дыбыстары түсіп қалып, одан кейін ілік септіктің қалдық тұлғасы -ны, -ні үстеліп барып – мен жалғауы жалғанады.

5) бұл (бұ) сілтеу есімдігі атау мен іліктен басқа септіктерде әрі мұ түрінде де қолданылады.

Сеп Тік

мен

Сен

ол

бұл

сол

сіз

А.

Мен

Сен

ол

бұл

сол

сіз

І.

ме-нің

се-нің

о-ның

бұ-ның мұ-ның

со-ның

сіз-дің біз-дің

Б.

ма-ған

са-ған

о-ған

бұ-ған

со-ған

сіз-гс біз-гс

Т.

ме-ні

се-ні

о-ны

бұ-ны мұ-ны

со-ны

сіз-ді біз-ді

Ж.

Мен-де

сен-де

он-да

бұн-да мұн-да

сон-да

сіз-де біз-де

Ш.

Ме-нен

сен-ен

о-нан

бұ-дан мұ-нан

со-дан

сіз-ден біз-ден

К.

Ме-ні-мен

се-ні-мен

о-ны- мен

бұ-ны- мен мұ-ны- мен

со-ны-мен

сіз-бен біз-бсн

Кейбір сөз табы семантикалық процестердің негізінде есімдікке ауысқан, ол прономиналдану процесі деп аталады: бір, біреу,т.б.

Пысықтау үшін сұрақтар

1.Есімдіктердің мағыналық ерекшеліктері неде?

2.Есімдіктің қандай мағыналық түрлері бар?

3.Жіктеу есімдіктерінің жаққа қатысы қандай?

4.Есімдіктер қалай түрленеді?

5.Есімдіктердің грамматикалық категориялары бар ма, неге?

6. Есімдіктердің сөйлемдегі қызметі қандай?

Әдебиеттер:

1. Қазақ тілінің грамматикасы. І.Морфология. А.,1967. 104-124- беттер.

2. А. Ысқақов. Қазіргі қазақ тілі. Морфология. А.,1974. 82-103-беттер.

3. Исследования по сравнительной грамматике тюркских языков, морфология. М.,1956.

4. Ә. Ибатов. Қазақ тіліндегі есімдіктер тарихынан. А.,1966

5. Ә. Ибатов. Қазақ тіліндегі есімдіктер. А.,1961

.

22 дәріс тақырыбы: Етістіктің лексика-граммматикалық құрылымы


  1. Етістіктің лексика-грамматикалық сипаты.

  2. Етістік түбірлер: негізгі және туынды түбір, біріккен, қосарланған, тіркескен түбір етістіктер.

  3. Етістік түбірдің семантикалық ерекшеліктері.

А)бұйрық райдың ІІ жағымен сәйкес келуі;

ә) етістіктің түбір тұлғасында қолданылу сипаты;

б)етістік түбірдің жіктелу ерекшеліктері.


  1. Негізгі және көмекші етістіктер.

  2. Көмекші етістіктердің түрлері.

  3. Аналитикалық форманттар.

  4. Күрделі етістік. Тіркесті түбір етістіктер. Етістіктің аналитикалық формалары. Сыпат мәні.

  5. Қалып етістіктерінің ерекшеліктері.

 

Сабақтың мақсаты

Етістіктің өзіне тән семантикалық және грамматикалық сипатын меңгере отырып, сол ерекшелік - белгілері арқылы басқа сөз таптарынан бөлініп, өзіндік грамматикалық ерекше жүйесі бар, грамматикалық категорияларға бай жеке сөз табы екенін біліп, сөйлемде етістікті тауып, талдай білу.

 

Етістік түбірінің грамматикалық ерекшеліктері

Етістік категорияларының ерекшеліктерін айқындамас бұрын соларға негіз болатын тұлға – етістік түбірінің ерекшеліктерін анықтап алу қажет, өйткені кейінірек көрсетілетіндей, етістік түбірдің түрленуінде, сөйлемде қолданылуында басқа сөз таптарынан ерекшеліктері бар: лексикалық мағына білдірсе де, сол күйінде сөйлемде қолданыла алмайды, тікелей жіктелмейді т.б.

Қазіргі қазақ тілінде етістік – ең күрделі сөз табының бірі. Бұл оның лексика-семантикалық ерекшелігінен, түбір тұлғасы мен оған үстелетін грамматикалық формаларының қат-қабаттылығынан және олардың арақатынасынан, грамматикалық категорияларының әр түрлілігінен, жаңа сөз жасау жүйесінен, қолданылу аясынан, сөйлемде атқаратын синтаксистік қызметінен т.б. лексика-грамматикалық қасиеттерінен байқалады. Етістіктің зат есім сияқты көне сөз табы екендігі, басқа сөз таптарын жасауға негіз болатындығы, яғни тарихи-генеологиялық ерекшеліктері өз алдына бір төбе.

Ең алдымен, етістік семантикалық жағынан тілімізде қимылды, процесті, әр түрлі өзгеріс, құбылысты білдіретін сөздер болып табылады.

Кейбір еңбектерде етістікке қимылдың, іс-әрекеттің, „түрлі процестердің атын білдіретін сөз табы" (М.Ы. -ҚҚТ,8) деген анықтама беріледі. Ол дұрыс емес, етістік қимылдың атын емес, нақ өзін білдіреді; қимылдың атын етістіктің кейбір тұлғалары қимыл есімі немесе тұйық етістік ғана білдіреді.

Қазіргі кезде сөздерді топтастырудың лексика-семантикалық, морфологиялық түрлену жүйесі, синтаксистік қызметі сияқты үш түрлі принципінің белгілері етістік деп танылып жүрген сөздердің өн бойынан айқын байқалады да, солардың негізінде етістіктің жеке сөз табы болып бөлінуі ешбір күмән тудырмайды.

Етістіктер басқа да мағыналы сөз таптары сияқты түбір күйінде де, әр түрлі тұлға күйінде де, өзіне тән әр түрлі грамматикалық тұлғаларда да қолданылады деп асығыс айтып жүрміз. Бірақ етістіктің осындай түр-тұлғаларының қолданылуында бірден сырт көзге іліне бермейтін ерекшеліктер бар екенін көрссткен жөн. Ең алдымен, ол ерекшелік етістіктің бір тұлғасының лексика-грамматикалық сипатымен байланысты. Қазіргі қазақ әдеби тілінде етістіктің түбір тұлғасы (негізгі түбір болсын, туынды түбір болсын) сырт қарағанда етістіктің кейбір грамматикалық категорияларының формаларымен, атап айтқанда, бұйрық райдың жекеше 2-жақ анайы тұлғасымен сәйкес келеді. Сондықтан да қазақ тілінің грамматикаларында, тіпті кейбір арнайы зерттеу еңбектерде етістіктің түбір тұлғасына қимылды білдірумен бірге осындай грамматикалық мағыналар, яғни бұйрықтық және екінші жақ анайы жекешелік мағына тән деп көрсетіледі де, „етістіктің түбірі бұйрық райдың жекеше екінші жағы" деп анықталады.

„Бұйрық мағына түбір етістіктің өзінде берілген, сондықтан бұйрықтың қай жаққа қатысын білдіру үшін етістікке тек жіктік жалғау ғана жалғанады" (О.М. -Қ. І., 164).„Етістіктің морфологиялық белгілері мынадай: етістіктің түбірі екінші жақтық бұйрық райы болады да, басқа түрлері оның осы формасына қосымшалар қосылу арқылы жасалады. Яғни оның морфологиялық категориялары бұйрық райдан өрбіп жатады: оқы-р, -йтын, -й-ған, -ып, -с, -ды, -пты т.б. (Т. -С, 72). Түбір сөз немесе түбір тұлға деп аталатын термин тұрғысынан қарағанда етістіктің басқа сөз таптарынан өзіндік ерекшелігі бар. Ол мейлі негізгі я туынды түбір (біт, өкін, өйтіп, өйтпегенде) дара я күрделі болып ол тұлғаларда келгенмен, шақ, рай т.б. грамматикалық категориялардың арнайы формалары қосылмағанның өзінде сол категориялардың белгілі мағыналарында қолданылады. Осы келтірілген әрбір етістік 2-жақтың жекеше анайы түріне қаратыла айтылып сен опы (біліп ал), бұйрық рай, келер шақ мәнін білдіреді. Былайша айтқанда, бұл грамматикалық мағыналар етістік түбіріне тән қасиеттер деп саналады" (X.ЕЛГЕ, 35).Демек, 2-жақ бұйрықтық оған қоса келер шақтық мағына етістік түбіріне тән болып, етістіктің түбірі деген ұғым сонымен қоса түлғасы да етістіктің 2-жақ бұйрық рай деген ұғыммен бір болып белгіленеді.



Етістік түбірін бұлай айқындау туыстас тілдердің грамматикаларынан да байқалады. Қарақалпақ тілінің грамматикасында „Фейилер (етістіктер (-И.С.) тийкар (негізгі (-И.С.) түбір яки дөненди (туынды (-И.С.) түбір формасында тұрып, еш қандай грамматикалық морфемаларды қабалдамай-ақ жақ (-И.С.), мейил (рай (И.С) хәм мохәл (шақ (-И.С.) мәнилерин билдира алады: кел-екин-ши бет, бұйрық мейил, келер мәхол (2-жақ, бұйрық рай, келер шақ)" – делініп, „түбір етістіктер де бұйрық рай болып табылады", – деп анықталады. (ХҚТ, 115, 176). Қырғыз тілінің грамматикасында да екінші жақ бұйрық райы ешбір қосымшасыз етістіктің негізіне тура келеді де, бұйрық райдың бірінші және үшінші жақ формаларының жалғануы үшін морфологиялық негіз болып есептелінеді", - деп көрсетілген. (Д.К. - АКТ, 160). Бірден ескертетін жайт – егер бұйрық райдың (2-жақ) формасы бірінші және үшінші жақ тұлғаларын жасауға негіз тұлға болса, онда ол 2-жақ бұл парадигма жүйесіне кірмеуі керек, яғни бір грамматикалық түрлену жүйесінің түрлері, бір жағынан, бір-бірінен функциялық, мағыналық, тұлғалық сияқты өзіндік ерекшеліктері арқылы ажырайтын, екінші жағынан, бір-бірімен тең дәрежедегі тілдік құбылыс болып саналады.

Олай болса, бір ұғымды, яғни етістіктің белгілі бір тұлғадағы грамматикалық мағынасын және оны білдіретін грамматикалық формасын бірде етістіктің түбір тұлғасы деп, екінші бірде бұйрық райдың жекеше, анайы екінші жақ тұлғасы деп, екі түрлі атаудың қаншалықты қажеттігі бар? Біріншіден, бұл екеуі бір ғана грамматикалық құбылыс болса, оны бір-ақ түрінде ғана атау керек. Екіншіден, бұйрықтық, жақтық (екінші, анайы) мағына етістік түбірдің маңдайына біткен, соған тән мағына болса, онда ол тұлға етістіктің белгілі бір грамматикалық категориясының (райдың) бір грамматикалық түрі, көрінісі (бұйрық рай) бола алмас еді. Етістіктің түбірі білдіретін жалпы грамматикалық мағына етістіктің барлық басқа тұлғаларыпда сақталып тұратын қимылды білдіру мағынасы да, ал 2-жақтық, бұйрықтық мағына - етістіктің белгілі сөздермен (сен деген бастауышпен) сөйлемде белгілі (жақтық, жекешелік, бұйрықтық) қарым-қатынасқа түсудің және соның негізінде белгілі тұлғада жұмсалудың нәтижесінде пайда болатыи мағына. Яғни бірінші мағына – толық мәнді сөз болғандықтан лексикалық мағынаның жалпылануы (жалпы грамматикалық) негізінде (сөз табы ретінде) қалыптасқаи, түбірге тән қимылды білдіру – жалпы грамматикалық мағына да, екінші – сөйлеу процесінде сел деген сөзбен байланысқа түсу нәтижесінде (субъектілік-предикаттық қатынасқа түсу нәтижесінде) пайда болатын мағына. Мысалы, қимылды білдіру етістік түбіріне тән болса, зат есім түбіріне заттық мағына, сыи есім түбіріне заттың әр түрлі сынын, сапалық, қатыстық белгісін, түсін т.б. мағыналарды білдіру тән болып келеді. Ал сырт тұлғасы жағынан зат есімнің бір түлғасына ұқсас, бірақ мағынасы бөлек тура объектіні, бағыттық, предикаттық, қатыстық т.б. мәнді білдіретін мына зат есімдер бір тұлғада емес екені түсінікті болса керек: Ғылым таппай мақтанба (Абай). Филипп патша баласы ер көңілді (Абай). Мәскеу бардым, не көрдім? (Жамбыл). Ғашықтың тілі-тілсіз тіл (Абай). Сондай-ақ бірыңғай мүшелерге кейде грамматикалық тұлғалардың алдыңғы сөздерге жалғанбай қолдануын, мысалы, ащы мен тәттіні татқан білер, алыс пен жақынды жортқан білер дегендегі ащы мен алыс сөздерін тубір тұлға немесе атау септік тұлғасы деуге ешбір негіз жоқ. Сөздің түбір тұлғасы білдіретін негізгі жалпы грамматикалық мағынасы сөз табына қарай топтаудың бір межесі болып табылады да, ол сөз сол сөз табының грамматикалық тұлғалары арқылы түрленудің нәтижесінде кейін сөйлеу процесінде пайда болатын категориялық грамматикалық мағыналармен қатар өмір сүреді. Яғни түбір тұлғаға жаңа грамматикалық форма жалғанып, оған жаңа (категориялық) грамматикалық мағына үстелгеннен түбір білдіретін негізгі жалпы грамматикалық мағына жоғалып кетпейді. Мысалы, ағаш, бала, кітап сөздерінде заттық мағына, жақсы, үлкен, сары сөздерінде сындық мағына, кел, айт, көр сөздерінде қимылдық мағына, түбір білдіретін мағына болса, бул сөздердің грамматикалық тұлғалар арқылы өзгеріп, жаңа грамматикалық мағынаға ие болған түрлерінің өзінде сол түбір білдіретін мағына сақталады; ағашты кес, бұл – баланың кітабы дегендерде зат есімге тура объектілік (табыс септік -ты, арқылы), меншіктілік (ілік септік -ның арқылы), 3-жақ тәуелдік (-ы) мағына үстелсе де, бұл сөздерде заттық мағына осы тұлғаларында да бар. Сондай-ақ келді, айтысқансың, көрмесем тәрізді тұлғаларда бұл сөздер өткен шақтық -ды, -қан, ортақ етісті -с, болымсыздық -ме, шарттылық -се, 3-жақтық келді дегенде нөлдік форма, 2-жақтық -сың, 1-жақтық мағынаны білдіріп тұр. Сонымен бірге түбір білдіретін қимылдық мағына жойылып кетпей, сақталған. Егер түбір тұлға білдіретін грамматикалық мағына ондайда жойылып кетсе, онда жалғанған грамматикалық тұлға сол сөз табының сөз түрлендіруші формасы емес, басқа сөз табын, жасайтын сөз тудырушы немесе сөзжасам көрсеткіші болғаны, сөйтіп, ол сөз басқа сөз табына ауысып кеткені, я бұл сөз табының түбір тұлғасына ондай грамматикалық мағына тән болмағаны. Ал, бұл жерде етістіктің шақтық, болымсыздық, шарттылық, жақтық т.б. мағыналарды білдіретін тұлғалары түбір тұлға мағынасын өзгертіп жіберетін сөз тудырушы көрсеткіш бола алмайтыны түсінікті. Түбір тұлға білдіретін мағына мен сол сөз табының әр түрлі формалары үстелуі арқылы пайда болатын грамматикалық мағыналардың салмағы, қызметтері бірдей емес. Басқаша айтқанда, түбір мен қосымшалар морфема ретінде морфологияның объектісі болғанмен, әр түрлі лексика-грамматикалық қасиеттері арқылы бір-бірінен ерекшеленетіні сияқты олар білдіретін грамматикалық мағына да, яғни, түбірде жалпы грамматикалық мағына да, қосымша да, жеке грамматикалық мағына да бір-бірінен ерекшеленеді.

Түбір тұлға білдіретін мағына негізгі лексикалық мағынасынан туындап, жалпылануы арқылы сол сөз табының сөз табы ретінде қалыптасқаннан кейінгі орныққан, тұрақталған грамматикалық мағынасы, сондықтан ол мағына сөздің жеке тұрғандағы түрінен байқалса, сөз табының тұлғалық мағыналары сөйлеу процесінде, ол сөздің басқа сөздермен қарым-қатынасқа түсу нәтижесінде пайда болатын және белгілі грамматикалық формалар арқылы берлетін мағына болып табылады. Ол форма арнаулы грамматикалық көрсеткіштер арқылы көрінуі мүмкін немесе тілдің даму барысында грамматикалық көрсеткіштері түсіп қалып қалыптасқан я белгілі бір тұлғадағы сөздермен синтаксистік қарым-қатынасының тұрақталуы нәтижесінде пайда болатын арнайы грамматикалық мағынаның көрсеткіші ретінде қалыптасқан нөлдік форма болуы мүмкін. Сондықтан нөлдік форманың мән-мағынасы түбір тұлға ыңғайында емес, білдіретін мағынасы арқылы өзі енетін грамматикалық категорияның я парадигманың басқа түрлерімен салыстырыла, жіктеле қарастырылғанда ғана айқындалады. Яғни, мысалы, атау тұлғаны басқа септік тұлғаларына негіз болатын түбір тұлғамен бір деп анықтау дұрыс еместігі жоғарыда айтылды, онда атау септік басқа септіктермен тең дәрежеде болмас та еді, септік категориясының бір түрі болып есептелмес те еді. Атау септіктің арнайы грамматикалық формасы болмағанмен, бір жағынан, оны түбір тұлғада бөлек етіп танытатын, екінші жағынан, сол арқылы басқа септік түрлерімен белгілі дәрежеде бірлікте тұрып, іштей олардан саралануға ңегіз болатын субстанттық мағынасы, сөйлемнің предикатымен жақтық жағынан қиыса байланысып, грамматикалық субъекті сияқты атқаратын қызметі бар екенін ескермеуге болмайды. Атау септіктің бұл ерекшелігі басқа сөз таптарының сөйлем ішінде атау тұлғада тұрып, бастауыш қызметін атқарып, субстантивтенуінен айқын көрінеді.

Дәл осы сияқты ол – инженер не ол оқиды дегендегі 3-жақ жіктік жалғауды, ол қатардағы 1 – 2-жақтар тұлғалары және мағыналарымен салыстыра қарап, сен оқы, сен сөйле дегендегі 2-жақ бұйрық рай тұлғасын осы қатардағы 1-және 3-жақ сонымен бірге 2-жақ сыпайы және көпше тұлғалары мағыналарымен, сондай-ақ сен деген сөзбен байланысқа түсуімен салыстыра қараудың нәтижесінде бұл тұлғаны бұйрық райдың, жіктік жалғаудың нөлдік формалары деп айта аламыз. Ойымыздың дұрыстығын көрсететін тілімізде тағы мынадай факт бар. Егер түбір тұлға мен сөйлеу процесінде пайда болатын формасыз тұлғаның арақатынасын, сондай-ақ грамматикалық форма мен мағынаның сәйкестігін сыртқы түр ұқсастығы негізінде тек формальді түрде ғана айқындайтыи болсақ, әрбір ұқсас тұлғалардың мағына ерекшеліктері мен қызметі өзгешеліктерін ескермесек, олардың табиғатын дұрыс түсініп, сырын ашу мүмкін болмас еді. Осыған орай етістік түбір мен 2-жақ бұйрық рай тұлғаларының сырт сәйкес келуін бір деп қарайтын болсақ, етістіктің шақ, басқа рай т.б. тұлғаларда кездеспегенімен, болымсыз етістік, етіс, күшейткіш етістік тұлғаларында кездесетін 2-жақ бұйрық түрімен сәйкестікті қалай түсіндірер едік? Яғни, кел, бар деген түбірлерге бұйрықтық, 2-жақтық, жекешелік мағына тән дейтін болсақ, ондай мағыналар 2-жақ бұйрықты, жекеше, анайы кел-ме, бар-ма деген болымсыз етістік түріне де, кел-тір, кел-гіз, бар-ғыз, кел-іс, бар-ыл т.б. сияқты етістіктің етіс түріне де, кел-іңкіре, бар-ыңқыра тәрізді күшейтпелі етістік түріне де тән деп мойындауымыз керек.ал сонда бұларды да етістіктің түбір тұлғалары деп тануымыз керек пе? Бұлар етістіктің түбір тұлғасы емес екендігі дәлелдеуді қажет етпейді. Бұлардың барлығында да бізді адастырып жүрген жайт, біріншіден, етістік түбірі де, етістіктің етіс, күшейтпелі етістік, болымсыз етістік тұлғалары да, сырт жағынан бұйрық рай формасымен сәйкес келуі, соның нәтижесінде, екіншіден, етістік осы тұлғаларда айтылғанда, еріксіз ойымызда сен деген сөздің онымен байланысы тұрады. Яғни кел, бар, келме, барғыз т.б. сөздер айтылғанда, олар бірден ойымызда сен кел, сен бар, сен келме, сен барғыз конструкциясы түрінде ұғынылады да, түбір тұлғаның қасиетіне өзінде жоқ грамматикалық мағына үстелетін сияқты болып көрінеді. Ал бұл етістік тұлғаларының сен деген сөзбен конструкциялық үлгіде келуі – ол сөздердің тек қана сөйлеу процесіне түсу нәтижесі.

Сондай-ақ етістік түбірдің грамматикаларда көрсетіліп жүрген бір ерекшелігі – олардың тікелей жіктелмеуі. Ал бұйрық райдың 2-жағы – жіктелу үлгісінің бір көрінісі, яғни сөйлеу процесі нәтижесінде пайда болатын грамматикалық мағына. Міне, осы айтылғандардың барлығы етістіктің түбір тұлғасы мен 2-жақ бұйрық тұлғасы бір форма емес екендігін, тек сырттай сәйкес келетіндігін, „етістіктің түбірі – бұйрық райдың 2-жағы" деген анықтаманың қате екендігін, етістіктің түбірі басқа сөз таптарының түбірлері сияқты жеке тұрып қолданыла алмайтынын көрсетеді. И.Е. Мамановтың:„Түркі тілдерінде түбір етістіктер ешқашан басқа сөздермен тіркеске енбейді де, сол күйінде дербес сөйлем мүшесі бола алмайды. Етістіктер есімше, көсемше, қимыл есімі, рай формаларымен түрленгенде басқа сөздермен синтаксистік қатынасқа еніп, сөйлем мүшесі қызметінде жұмсалады", - деген пікірінің өте дұрыс екенін байқаймыз (М.-ҚҚТ, І-т, 65)

Демек, етістіктің түбір тұлғасы қимылды, іс-әрекетті, процесті т.б. білдіреді және ол – етістіктің жеке сөз табы ретіндегі жеке тұрғандағы семантикалық белгісі, негізгі жалпы грамматикалық мағынасы, ал бұйрық райдың 2-жағы сол етістіктің сөйлеу процесінде басқа сөздермен қарым-қатынасқа түсудің нәтижесінде пайда болатын, грамматикалық нөлдік форма арқылы көрінетін түрлену мағынасы, яғни категориялық грамматикалық мағынасы, болып табылады.

Ал енді қазақ тілінде бұйрық райдың 2-жақ анайы түрінің сырт тұлғасы әуелден-ақ етістіктің түбір тұлғасымен бірдей болған ба? деген заңды сұрақ туады. Оған жауап беру үшін бұйрық райдың жаққа қарай жіктелу ретін еске түсірейік.

 

Жекеше

Көпше

мен бар-айын, кел-ейін, сен бар - , кел - сіз бар-ыңыз, кел-іңіз ол бар-сын, кел-сін

біз бар-айық, кел-ейік сендер бар-ыңдар, кел-індер сіздер бар-ыңыздар,кел-іңіздер олар бар-сын, кел-сін

Әрине, 1 және 3-жақтарда бұйрықтық мағына 2-жақтағыдай емес. Ол түсінікті де, өйткені адам өзіне-өзі (І-жақ) немесе көрінбеген бөгде біреуге (3-жақ) тыңдап отырған адамға (2-жақ) қаратылған сияқты толық мәнде бұйыра алмайды. Сол ерекшелігіне және 1 мен 3-жақтың қосымша тұлғасына қарап, кейбір ғалымдар, 1 және 3-жақтарды бұйрық рай жүйесінен бөліп қарау керек деген де пікір айтқан. Бірақ бұлардың ондай мағына ерекшеліктері оларды бөлек-бөлек грамматикалық категорияның я парадигманың көрсеткіші деуге негіз бола алмайды.

Осы жүйедегі 2-жақтың жекеше сыпайы түрі мен 2-жақтың көпше анайы және сыпайы түрінің тұлғаларына назар аударайық. Олардың қосымшалары: 2-жақ жекеше сыпайы түрінде -ңыз, -ңіз, -ыңыз, -іңіз, көпше анайы түрінде -ңдар, -ңдер, -ыңдар, -іңдер, сыпайы: -ңыздар, -ңіздер, -ыңыздар, -іңіздер. Бұл қосымшаларды -ың (ің, -ң), ыз (із) -ың (із); -ың (ің, -ң), дар (дер), -ың (ің, -ң) ыз (із) +дар (дер) деген бөліктерге бөлуге болады: -дар, -дер -көптік ұғымның көрсеткіші, -ыз, (із) -сыпайылық мәнді білдіруші, ал -ың, -ің, -ң – екінші жақтың көрсеткіші.

Демек, бұйрықтық және 2-жақтық (категориялық) грамматикалық мағынаны білдіретін арнайы грамматикалық форма, яғни, етістіктің түбір тұлғасынан өзге екенін көрсететін грамматикалық көрсеткіш осы болған. Ол жеке тұрғанда (2-жақ анайы, жекеше түрінде) түсіп қалып қолданылған да, бүл форма сырттай ғана етістіктің түбір тұлғасымен ұқсас болып кеткен, ал басқа қосымшалармен қабаттасып келгенде, оның құрамында сақталып қалған. Бұл процесс кейінгі кездің жемісі емес, ертеректе болған, сөйтіп, бұйрық райдың 2-жақ жекеше анайы түрінің мағынасы сақталып, грамматикалық формасы түсіп қалып, нөлдік тұлғада жұмсалуы, яғни етістіктің түбір тұлғасымен сырттай сәйкес келуі, тұрақты нормаға айиалған. Ал кейбір түркі тілдерінде сен кел, сен ал дегендегі етістіктер алиң, келиң сияқты болып ол тұлға сақталып қалған. Тек -ың, -ің, -ң формасы ғана емес, 2-жақ бүйрық рай мағынасын басқа да тұлғалар, (мысалы, -ғыл, -гіл, немесе -ғын, гін, қьт, кін(бар-ғын, бар-ғыл т.б.) беріп отырған. Қазақтың сөйлеу тілінде, жергілікті тіл ерекшеліктерінде бұлардың кездесіп қалуы тектен-тек емес. Бұның өзі бұйрық рай формасы етістіктің түбірінен бөлек тұлға екенін, ол – грамматикалық түрленудің бір көрінісі екенін байқатады. Өкінішке қарай, осы күнге дейін етістіктің түбірінің басқа да көптеген өзгешеліктерімен бірге осы негізгі грамматикалық ерекшелігі ескерілмей келеді.

Сөйтіп, біріншіден, етістіктің түбір тұлғасы мен бұйрық райдың 2-жақ тұлғасы бір емес, олар сыртқы түрі жағынан ғана сәйкес келеді, сондықтан оларды ажырата білу керек, екіншіден, етістік түбірлері тікелей жіктелмейді, түбір тұлғасында белгілі бір мағына қимыл білдіргенмен, түбір күйінде тікелей сөйлем ішінде қолданылмайды, тек етістіктің белгілі грамматикалық тұлғаларын (есімше, көсемше, шақ, рай т.б.) жамылып және сол тұлғалар негізінде ғана жіктеліп барып жұмсалады. Тек қана қазіргі тілімізде отыр, тұр, жатыр (жат), жүр деген қалып етістіктері тікелей жіктеліп, қолданылады. Қалып етістіктері тек тікелей жіктеле алу жағынан ғана емес, басқа да сипаттары жағынан ерекшеленеді: 3-жақ жіктік тұлғасы мен бұйрық райдың 2-жақ тұлғасы сәйкес келеді: ол отыр-сен отыр, ол тұр-сен тұр, ол жур -сен жур, тек жатыр етістігі ғана 3-жақта ол жатыр болып, бұйрық райдың 2-жағында сен жат болып беріледі.

Сондай-ақ қалып етістіктері есімдерше, етістік тұлғаларының ішінде есімше жіктеледі.

Мен отыр-мын, тұр-мын, жатыр-мын, жүр-мін, инже-нер-мін, көрер-мін;

Сен отыр-сың, тұр-сың, жатыр-сың, жүр-сің, инже-нер-сің, көрер-сің;

Сіз отыр-сыз, тұр-сыз, жатыр-сыз, жүр-сіз, инженер-сіз, көрер-сіз;

Ол отыр - 0, тұр -0 , жүр - 0 , инженер -0, жатыр -0, көрер – 0

Біз отыр-мыз, тұр-мыз, жатыр-мыз, жүр-міз, инженер-міз, көрер-міз;

Сендер отыр-сыңдар, тұр-сыңдар, жатыр-сыңдар, жүр-сіңдер, инженер-сіңдер, көрер-сіңдер;

Сіздер отыр-сыздар, тұр-сыздар, жатыр-сыздар, жүр-сіздер, инженер-сіздер, көрер-сіздер;

Олар отыр - 0 , жатыр - 0 , жүр - 0 , инженер - 0 , көрер - 0 .

Қалып етістіктерінің бұндай ерекшеліктері олардың түбір тұлға емес екендігінен болып отыр. Қазіргі кезде түбір деп айтылып жүргенмен, етістіктің белгілі формалары негізінде қалыптасқан да, онда сол формалардың грамматикалық қасиеті қалып қойған. Жатыр етістігінің жат түрінде қолданылуы оның түбір емес екендігін көрсетеді. Сондай-ақ отыр етістігі ол тұр – ол тұрар тұлғасынан қалыптасқандығы белгілі. Ал тұр мен жур де, етістіктің тұрұр және жүрүр тұлғаларынан қалыптасқан, кейін соңғы -үр, -ұр қосымшасы түсіп қалғанмен, оның грамматикалық қасиеті, процессуальдық мәні сақталып қалудың нәтижесінде қалып етістіктері осындай ерекшеліктерге, яғни әрі түбір тұлға ретінде 2-жақ бұйрық рай тұлғасымен омоним форма құрап, әрі процессуальдық мәні сақталып, осы шақтың (нақ осы шақтың) негізгі грамматикалық көрсеткіші болып саналып, 3-жақ жіктік жалғау тұлғасында, нөлдік формада жұмсалуға ие болған.

Сонда қалып етістігінің осы мәндері бір тұлғадағы ерекшеліктері ме деген сұрақ туады.

Қалып етістіктерінің осындай әр түрлі мәндері бар бір ғана тұлғасының көрінісі емес. Мысалы, тұр – түбір десек, сен тұр – бұйрық райдың 2-жағы (жекеше, анайы түрі), ол тұр – 3-жақта жіктеліп қолданылған, бұлардың мағыналары қандай әр түрлі болса, формалары да сондай әр түрлі, түбірден басқасы - әр грамматикалық категорияның нөлдік формалары.



Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Мамандығына арналған Сұлтанмахмұттану ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Студенттерге арналған оқу әдістемелік кешені
umkd -> ПӘннің ОҚУ Әдістемелік кешені 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған «Ұлы отан соғысы және соғыстан кейінгі жылдардағы қазақ әдебиетінің тарихы (1941-1960)» пәнінен ОҚытушыға арналған пән бағдарламасы
umkd -> «Балалар әдебиеті» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 2013 жылғы №3 басылым 5 в 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті»
umkd -> ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешенінің
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет