Пәнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені «Жоғары молекулалық қосылыстар химиясы»


Зертханалық сабақ 11 – Поливинил спиртін поливинил ацетатының қышқылдық алкоголизімен алу



бет31/36
Дата06.02.2022
өлшемі3,32 Mb.
#79375
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   36
Байланысты:
ВМС каз
умк хто-17-1
Зертханалық сабақ 11 – Поливинил спиртін поливинил ацетатының қышқылдық алкоголизімен алу
Сабақ мақсаты:Поливинил спиртін поливинилацетатыныңқышқылдық алкоголизімен алу
Зертханалық сабаққа рұқсат алу сұрақтары:
1. Целлюлоза негізіндегі полимераналогтық айналуларды сипаттаңыз
2. Поливинил спиртін алудың қандай әдістерін білесіз?
3. Полимераналогтық айналулар кезінде полимердің молекулалық массасы өзгеруі мүмкін бе?
Рецептура: Бисерлі поливинил ацетат, 10 г
Этил спирті, 100 г
H2SO4 (ρ=1,84) немесе НCl (ρ=1,19), 5,5 немесе 3,3 г
Ацетон немесе этил спирті, 350-400 мл
Жұмыс барысы:Поливинил ацетатын реакциондық колбада 65-70°С этил спиртінде ерітеді (күкірт қышқылын қолдана отырып, оны алдын ала 15 мл этил спиртімен сұйылтады және поливинил ацетатты еріту үшін спирттің қалған бөлігін алады). Ерітіндіні 30°С суытады және араластыра отырып оған катализатор қосады. Катализатор қосқаннан кейін сабындануды қайнап тұрған су моншасында қарқынды араластыра отырып 4-5 сағат жүргізеді. Тұнбаға түскен полимерді фильтрлеп, ыстық суда (60-70° С) ерітеді және араластыра отырып ацетон немесе этил спиртінде тұндырады. Тұнған полимерді фильтрлейді де, ауада кептіреді. Содан кейін тұрақты массаға дейін кептіргіш шкафта 50 - 60°С температурада кептіреді.Ары қарай полимер шығымын, содан кейін бастапқы ПВА және алынған полимердің ацетондағы, судағы, көміртек тетрахлоридіндегі ерігіштігінанықтайды. ерігіштікті анықтау үшін полимердің аз мөлшерін (0,1-0,2 г) пробиркаларға енгізіп, әр пробиркаға әйкес еріткіштердің белгілі мөлшерін қосады (3-5 см3). Содан кейін полимерлерде болатын өзгерістерді бақылайды.
Нәтижелерді кесте 1 енгізеді.

Полимер

Су

Ацетон

Көміртек тетрахлориді













Өзінді тексеруге және зертханалық жұмысты қорғауға арналған сұрақтар:


1. Алынған поливинил спиртінің полимерлену дәрежесі қалай өзгереді?
2. Полимераналогтық деп қандай реакцияларды атайды? Мысалдар келтіріңіз.
3. полимераналогтық айналулар артықшылығы неде?




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   36




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет