Пәнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені «Жоғары молекулалық қосылыстар химиясы»


Зертханалық сабақ 12 – Табиғи полимердің қасиеті



бет32/36
Дата06.02.2022
өлшемі3,32 Mb.
#79375
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   36
Байланысты:
ВМС каз
умк хто-17-1
Зертханалық сабақ 12 – Табиғи полимердің қасиеті
Сабақ мақсаты: Целлюлозаның қасиетін анықтау
Зертханалық жұмысқа рұқсат алу сүрақтары:

  1. Полимерлер шығу тегіне байланысты калай жіктелінеді

  2. Целлюлозаның құрылымдық формуласын келтіріңіздер

  3. Целлюлозаның химиялық қасиеттерін келтіріндер

Тәжірибе №1. Целлюлозаның сілтімен әрекеттесу
Екі пробиркаға әрқайсысына концентрленген сілті және дистиленген су құяды. Пробирка ішіне 7 минутқа фильтр қағаздадарының жолақтарын (ені 2 см, ұзындығы 20 см) түсіреді. Қағаздын жолақтарын алып, сумен шаяды, сығып кептіреді. Олардың ұзындықтарын, тығыздықтарын, беттік қабаттарын салыстырады.
Тәжірибе №2. Целлюлозаны мысты –аммиакты ерітінділерде еріту
0,5 г мыс карбонатына 5-6 мл 25% аммиак ерітіндісін қосып, ерітеді. Қою көк ерітінді алынады (Швейцер реактиві). Оның үстіне бір түйір мақтаны салып, шыны таяқшамен араластырады – қою көк коллоидті ерітінді түзіледі. Таяқшаны алмай ерітінді үстіне 10% хлорлы сутегі ерітіндісін лакмус бойынша қышқыл ортаға дейін құяды. Ерітіндегі целлюлоза тұнбаға түседі. Таяқша көмегімен ерітіндіден жгут созады.

Тәжірибе № 3. Целлюлоза нитратын алу және оның қасиетін зерттеу
Құрғақ пробирканың ішіне 4 мл концентрленген күкірт қышқылын және 2 мл концентрленген азот қышқылын құяды, оның ішіне бір түйір мақтаны салып 10 минутқа қалдырады. Нитрлеуші қоспаны төгіп, мақтаны бірнеше рет сумен шаяды, содан кейін кран астында шаяды. Мақтаны сығып, фильтр қағазымен құрғағанша кептіреді. Нитроцеллюлозаның бір бөлігін қысқыш көмегімен горелка жалынына енгізеді, жаңу қасиетін анықтайды. Нитроцеллюлозаның екінші бөлігін спирт мен эфирдің қоспасында (1:1) қою ерітінді – коллодий түзілгенше ерітеді. Егерде оны пластинкаға құйса, еріткіш буланып мөлдір қабықша түзіледі. Реакция теңдеуін жазыңыздар: а) целлюлозаның нитрленуі нәтижесінде оныңмоно-, ди-, тринитратының түзілуі; б) целлюлоза динитратының жануы.
Өзін өзі бақылауға арналған сұрақтар:

  1. Қандай полимерлер табиғи полимерлерге жатады?

  2. Целлюлоза құрылысын келтіріңіз

  3. Целлюлозаға байланысты жай эфирлердің (метилцеллюлоза, этилцеллюлоза, карбоксиметилцеллюлоза) түзілу реакциясын келтірініз





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   36




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет