Пәннің бағдарламасының (syllabus) титулдық парағы



бет1/2
Дата24.07.2017
өлшемі289,11 Kb.
#21943
  1   2


Пәннің бағдарламасының (SYLLABUS) титулдық парағы



Форма


Ф СО ПГУ 7.18.4/19

Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті
Жылуэнергетика кафедрасы

TTG 2206 «Отын және жану теориясы» пәні бойынша


ПӘН БАҒДАРЛАМАСЫ (Syllabus)

Павлодар


Пән бағдарламасының

бекіту парағы





Нысан

ПМУ ҰС Н 7.18.4/19









БЕКІТЕМІН

Энергетикалық факультетінің

деканы

___________ Кислов А.П.



«___»_____________2013г.

Құрастырушы: _____________ аға оқытушы Карманов А.Е.




Пән бағдарламасы (Syllabus)

TTG 2206 «Отын және жану теориясы» 5В071700 «Жылуэнергетика» мамандығының студенттеріне арналған оқу түрі - күндізгі


Бағдарлама 2013 ж. «____» _________бекітілген жұмыс бабындағы оқу бағдарламасының негізінде әзірленген.
2013ж. «___»____________кафедра отырысында ұсынылған.

Хаттама №_____.


Кафедра меңгерушісі _________________ Никифоров А.С.

Энергетиктикалық факультетінің оқу-әдістемелік кеңесімен құпталған

2013 ж. «_____»______________хаттама №____.
ОӘК төрағасы ______________ Талипов О.М.

1. Оқу пәннің паспорты
Пәннің атауы «Отын және жану теориясы»
Мiндеттi модулдер бойынша компоненттің пәні
Кредиттер саны және оқу мерзімі

Барлығы – 4 кредит

Курс:2

Семестр: 4



Аудиториялық сабақтар барлығы – 60 часов

Дәріс - 30 сағат

Тәжрибелік сабақтар - 30 сағат

СӨЖ – 120 сағат

Оның ішінде СӨЖМ – 45 сағат

Жалпы жұмыс көлемі - 180 сағат


Бақылау түрі

Емтихан – 4 семестр


Пререквизиттер
«Жылуэнергетикада және жылутехнологияда энергияны үнемдеу» курсы, студенттердің Физика, Химия, Жадығаттану, Техникалық термодинамика, Сұйық және газ механикасы, Жылумаңызалмасу, Қазан қондырғылары және бу генераторы, курстарын игеру барысында студенттердің алған білімдері мен дағдыларына негізделген.

Постреквизиттер

Пәнді меңгеру кезінде алынған білім, икемділік және дағды-машықтар келесі пәндерді меңгеруі үшін қажет: Энерготасығыштарды тарату мен өндіру жүйелері, Қазандық қондырғыларды пайдалану, ЖЭС-дың су-химиялық режимдері, Энергетикалық жабдықтардың коррозиясы мен консервациясы, Жылуэнергетикалық жабдықтарды жөндеу және пайдалану.


2. Оқытушылар туралы мәліметтер және байланыс ақпараттар
Карманов Амангельды Ерболович, жылуэнергетика магистрі, жылуэнергетика кфедрасының аға оқытушысы

Жылуэнергетика кафедрасы негізгі корпуста орналасқан Ломов к-сі 64, аудитория 311а, байланыс телефон 67-36-26.

Е-mail: amangeldy_karmanov.@mail.ru.


3. Пәннің мақсаты және міндеттері
Пәннің мақсаты:өндірістік өнеркәсіп қазандықтарының энергетикалық ошақтарында отынды жағудың әдістемелік аймағында мамандарды дайарлау, газтәріздес, сұйық және қатты отындардың жоғарғы денгейде жануына әсер ететін қазіргі заман әдістерімен танысу,жағылатын отынның түрі мен оның құрылымына байланысты жану құралын анықтап, есептеу.

Пәннің міндеттеріжану теориясының негідерін, бугенераторының ошақтарындағы отынның барлық түрлерінің жану механизмін, қабілеттілігі төмен және күлділігі жоғары отындардың жану ерекшеліктерін, отын құрамының (күлділік, ұшпа заттардың т.б. болуы) тозаңкөмірлік алауының жану механизмі мен отынның әсерлі жануын оқып үйрену.
4. Білімдерге, істей білуге және компетенцияларға қойылатың талаптар
Пәнді оқып білген студенттер:

білуі қажет:

- қалыпты жану теориясы мен отынның жану механизімі туралы;

- қазан ошақтарының қондырғысында және өндірістік пештердің қодырғыларында отынның жануының әдістері жайында;

- оттықтар мен жанғыш құрылғылардың конструкциялық көріністері жайында;

- түтінді газдардан тазарып, оларды атмосфераға шығару

меңгеруі қажет:

Энергетикалық объектілер мен қондырғыларды жобалаумен байланысты есептерді шешу.



тәжірибелік білімдер алуы тиіс:

- ошақ процесстерін есептеу әдістерін;

- жану құбылыстарының тиімділігіне әсер ететін құрылма және технологиялық факторларды талдау тәсілдерін.

келесіде компетентті болуы керек

- жанудың заттық және жылулық теңдіктерін құрастыру;

- бугенераторлардың қуатына және отын түріне қарап ошақ құрылғыларын таңдап есептеуді;

-өндіріс кәсіпорынның отын – энергетикалық балансын құрастыруды және талдауды;



5. Пәнді оқудың тақырыптық жоспары

Сабақ түрлері бойынша байланыс сағаттарының таралуы

п/п

Тақырып атауы

Сабақтар түрлері бойынша аудиториялық сағаттар саны

СӨЖ

дәріс

тәжірибелік

Барлығы


Соның ішінде СӨЖМ

1

Кіріспе

1




20

5

2

Органикалық отын сипаттамасы

5

5

20

5

3

Жану теориясының жалпы сұрақтары

5

10

20

10

4

Сұйық және газтәріздес отын-дарды жағу

5

5

20

5

5

Бугенератордың ошақтарында тозаңкөмірлі алаудың жануы

5

5

20

5

6

Қатты отындардың технологи-ялық жану схемасы

4

5

20

15




Барлығы: 180 (4 кредит)

30

30

120

45



6. Дәріс сабақтарының мазмұны



1 тақырып. Кіріспе

Жоспар: «Отын жануының арнайы сұрақтар» пәнінің мақсаты, көлемі және мазмұны.Курстың басқа пәндермен байланысы . Отын жағу құрылғылардың жаңа экологиялық және экономиялық құрылымдардың дамуында отынды жағу тиімділігінің орны.
2 тақырып. Оргоникалық отын сипаттамасы

Жоспар: Отын түрі мен оның құрамы.Отын жану жылулығы және келтірілген сипаттамалар. Қатты, сұйық және газтәріздес отындардың техникалық сипаттамалары мен негізгі қасиеттері.
3 тақырып. Жану теориясының жалпы сұрақтары

Жоспар: Отынның жануы. Қышқылдандырғыш.Жанудың заттық және жылулық теңдігі.Ауа және жану өнімдерінің көлемдері. Ауа артықтылығын анықтау. Ауа мен жану өнімдерінің энтальпиясы.Қазан агрегатынның жылулық теңдігі. Отынның тиімді пайдаланылуы. Қазандағы жылулық шығындарының сипаттамасы.Қазандық қондырғының пайдалы әсер коффициенті.

Жану реакциясының химиялық кинетикасы. Отындардың гамогендік және гетерогендік жануы. Химиялық реакция жылдамдығы мен жану жылдамдығының әртүрлі физика-химиялық факторларға тәуелділігі. Аррениуса заңы.Тізбекті реакциялар. Жанар қоспарларының өзіндік тұтану және жану құбылыстары. Қатты отындардың өзіндік жалындау. Жалындаудың концентрациялықшекарасы.



Ағында жылу мен заттарды беру. Ретсіздік. Диффузия мен жылуберудің жану құбылыстарының өту қарқынына әсері. Ретсіз изотермиялық және изотермиялық емес ағыншалар. Жанар қоспаларында алаудың таралуы.Қалыпты жылдамдықпен жалынның таралуы. Жалынның таралу жылдамдығын тәжірибеде анықтау. Жалынның бірқалыпты жылдамдықта таралу температурасы мен қысымның жанар қоспасының құрамына әсері. Жалынның таралуының шектеулері.Жалынның ретсіз таралуы.
4 тақырып. Сұйық және газтәріздес отындарды жағу

Жоспар: Біртекттес газ қосындысының жануы.Ретті және ретсіз диффузиялық жанудың тұрақтану.Сұйық отынның жануы.Отын тамшысының жануы.Сұйық отынның булануы. Сұйық және газ текті отынды жағуға арналған тамыздықтық және газдың қыздыру құралы. Жануды интенсификациялау әдісі. Мазут және газтекті отындарды жағатын, жағу камераларын құрастыруға қойылатын талаптар: сұйық және газ текті отындарды жағудың сенімділігін, тиімділігін арттыру үшін қолданылатын газ мазуттық қыздырғыш және мазуттық оттың құрылымына қойылатын талаптар. Мазут және табиғи газды жағуға дайындау схемасы. Газ және мазутты жағу кезіндегі техникалық қауіпсіздік ережелері.
5 тақырып. Бугенератордың ошақтарында тозаңкөмірлі алаудың жануы.

Жоспар: Көмір бөлшектерінің жануы, бөлшектердің жану механизмі.Көмір бөлшектерінің жану жылдамдығына әсер ететін параметрлер. Қатты бөлшектер жануының диффузиялық, аралық және кинетикалық аймақтары. Алаудағы көмір тозаңнының жануы. Бгенераторлары ошақтарда тозаңкөмірлі алауының тұтану және жану құбылыстарының қарқындандыруына әсер ететін факторлары. Әрекеттесу қабілеттілігі төмен көмірлердің жануын тұрақтандыру және орнықтау шарттары.
6 тақырып. Қатты отындардың технологиялық жану схемасы

Жоспар: Қатты отындарды жағуға дайындау. Күлүгіткіш диірменнің жұмыс істеу принципі,конструкциясы иен қолдану аймағы. Тозаң дайындау жүйелердің басқа элементтеріне жүктелген міндеттері, жұмыс қағидасы және құрылмалары. Көмір тозанының сипаттамалары. Қатты отындарды жағу әдістері. Ошақ камераларының түрлері және негізгі жылутехникалық сипаттамалары. Қазандық агрегаттарының қыздыру беттерін қожданудан сақтау жолдары. Қож шығаруы бар сұйық ошақтар, ошақ процессіне қойылатын талаптар. Қайнау қабаты бар ошақтар (ҚҚ). ҚҚ ошақтардың қож шығару сұйық немесе құрғақ ошақтармен салыстырмалы артықтары мен кемшіліктері. Тозаңкөмірлі оттықтар. Жану құрылғыларының конструкциясының басты талабы. Қатты отынның жану интенсификациясының әдістемесі.
7 тақырып. Отын жанудың экологиялық мәселелері

Жоспар: Түтінді газдардағы улы заттектер және зиянды тозаңгазды шығулардың қоршаған ортаны қорғау жолдары. Шектік мүмкін концентрациялар. Түтінді газдарда Nox және Sox. түтінді газдардағы уытты заттектердің концетрацияларының төмендеуін қамтамасыз ететін ошақ және оттық құрылғылардың құрылмалары.


Каталог: arm -> upload -> umk
umk -> Пән бойынша оқыту бағдарламасының (Syllabus) титулдық парағы
umk -> Методические указания по прохождению учебной практики для студентов специальности 5В020400 «Культурология»
umk -> Пән бойынша оқыту бағдарламасының (Syllabus) титулдық парағы
umk -> Әдістемелік ұсыныстар мен нұсқаулардың; әдістемелік ұсыныстардың; әдістемелік нұсқаулардың титул парағы
umk -> Бағдарламасының титулдық пму ұс н 18. 4/19 парағы (syllabus) Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
umk -> Бағдарламасы Нысан пму ұс н 18. 2/06 Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі
umk -> Программа Форма ф со пгу 18. 2/06 Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі
umk -> Пән бойынша оқыту бағдарламасының (Syllabus) титулдық парағы


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет