Пәннің жұмыс бағдарламасы (syllabus)



бет20/34
Дата30.04.2020
өлшемі266,42 Kb.
#65251
түріЖұмыс бағдарламасы
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   34
Байланысты:
zhusipbaeva r.s. umkd geografiya 2019

Халық санағы

Халық саны туралы нақты ақпарат ұйымдасқан түрде жүргізілетін халық санақтары нәтижесінде ғана белгілі болатындықтан, ерте кезеңдердегі ғана емес, тіпті орта ғасырлардағы адам саны жөніндегі мәліметтер де тек шамамен алынады. Ғалымдар 15 мың жыл бұрын ғаламшарымыздың тұрғындарының саны 3 млн адамнан аспаған деп шамалайды.

Мемлекеттің әскери және салық саясатына орай, алғашқы халық санақтары б.з.д. III мыңжылдықта Ежелгі Қытайда және Египетте жүргізілген. Жан-жақты сипат алған халық санақтары XVIII ғасырдан бастап жекелеген мемлекеттерде (Австрия-Венгрия, Скандинавия елдері, АҚШ) жүргізіле бастады. Ал XIX ғасырда еуропалық елдер мен Ресей империясының, Үндістан мен Латын Америкасындағы кейбір елдердің халық саны жөнінде ресми мәліметтер алынды. XX ғасырда барлық елдерде дерлік халық санағы жүргізілді: көптеген Азия елдерінде алғашқы санақтар Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін өткізілді. 1950 жылы дүниежүзі халқының шамамен 80%-ы халық санағына қамтылды. Африка елдерінде халық санағы 1950 жылдарда халықаралық ұйымдар арнайы бөлген қаржының көмегімен жүзеге асты. Қаржы тапшылығынан мешеу елдердің кейбірінде сол кезеңнен бері санақ жүргізілмеген. Мысалы, алғашқы халық санағыАуғанстанда 1979 жылы, Оманда 1993 жылы өткізілген. Соның нәтижесінде XX ғасырдың соңына қарай Жер шары халқы түгелімен дерлік ресми халық санағына қамтылған. БҰҰ ел ішінде халық санағын әрбір он жыл сайын өткізіп тұруды ұсынды, бірақ бұл шараны аталған мерзімде қаржы қоры жеткілікті елдер ғана жүзеге асыра алады. Қазақстанда халық санағы Кеңес дәуірінде әрбір он жыл сайын өткізіліп тұрған, еліміз тәуелсіздігін алғаннан кейінгі халық санағы 1999 жылы өтті. Кезекті халық санағы 2009 жылы өткізілді. 2009 жылғы хальық санағы бойынша еліміздегі халық саны 16 млн 196 мың 180 адамға жетті. Жалпы алғанда, дамушы елдерде қаржының жетіспеуі, елдін ішкері аудандарында жол қатынасының қиындығы, жергілікті халықтың сауатсыздығы бұл елдердегі халық саны жөнінде нақты мәліметтер жинақтауға бөгет болады. Сонымен қатар дамушы елдер де ресми мәліметтердің іс жүзіндегі халық санынан улкен ауытқушылық жасауы да жиі ұшырасады.

Демографиялық көрсеткіштер. Жер шары халқы алғашында өте баяу өскен. Мұны адамның табиғат апаттарына тәуелділігімен, жиі болған соғыстармен және жұқпалы аурулардың кең таралуымен түсіндіруге болады. Мысалы, XIV ғасырда Еуропаны жайлаған оба дертінен халықтың шамамен 20%-ға жуығы қырылған. Өндірістің жетілуі, адамдардың тұрмыс жағдайының жақсаруы және медицинаның алға басуы нәтижесінде дүниежүзі халқы жылдам қарқынмен өсе бастады. Әсіресе XX ғасырда халық санының айрықша жылдам артуы байқалды. Мысалы, 1930 жылы Жер шары халқы 2 млрд адам болса, 1962 жылы — 3 млрд, 1976 жылы — 4 млрд, 1987 жылы — 5 млрд, ал 1999 жылы 6 млрд адамға жетті. Халық санының мұндай күрт өсуі демографиялық жарылыс деп аталады. Бұл құбылысты адамның өмір жасының ұзаруы, сәбилер өлімінің азаюы жағдайында туу көрсеткішінің өзгеріссіз қалуымен түсіндіруге болады. Дегенмен 1980 жылдардың ортасына қарай халық санының өсуі баяулай бастады. Бұл туу көрсеткішінің күрт кемуімен байланысты болды. Дамыған елдердің көпшілігінде халық санының өсуі тұрақтанып, кейбір елдерде табиғи өсу мүлде тоқтады. Дүниежүзіндегі халық саны көп елдер. Дүниежүзі аймақтарындағы, жеке елдердегі демографиялық жағдайды сипаттау үшін абсолюттік және салыстырмалы демографиялық көрсеткіштер пайдаланылады. Абсолютті көрсеткіштер қатарына табиғи өсу (туу мен өлудің арақатынасы) мен механикалық өсу (иммигранттар мен эмигранттар саны арасындағы айырма) жатады. Туу мен өлім көрсеткіштері әлеуметтік-экономикалық жағдайларға, мемлекеттің демографиялық саясатына тікелей байланысты болса, халықтың көшіп-қонуына экономикалық және саяси алғышарттар, экологиялық ахуал себепші болады. Туу мен иммиграция көрсеткішінің жоғарылауы халық санын арттырса, өлім мен эмиграция халық санын кемітеді.

Адамның өмір жасының орташа ұзақтығына елдегі экономикалық көрсеткіш, әлеуметтік тұрақтылық, экологиялық жағдай және денсаулық сақтау жүйесінің қызметі тікелей әсер етеді. Бұл көрсеткіш тарихи кезеңдерде үлкен өзгерістерге ұшырап отырған.

Жеке елдердегі адамның өмір жасынын орташа ұзақтығы 25—30 жыл өмір сүрсе, XX ғасырдың орта шенінде дүниежүзі бойынша бұл көрсеткіш 46 жасқа, ал 2008 жылы 68 жасқа жетті. Қазақстан Республикасында адамның өмір жасының орташа ұзақтығы 67 жасқа тең: әйелдерде — 72, ер адамдар үшін 61 жасты құрайды. Қазіргі кезде өмір жасының орташа ұзақтығы женінен андорралықтар алдыңғы орында болса, Африканың мешеу елдерінде бұл көрсеткіш өте төмен.

Халық санының ұдайы өсуі

Демографиялық саясат. Адамзаттың үздіксіз жаңарып, ауысып отыруын қамтамасыз ететін туу мен өлу және табиғи өсу көрсеткіштерітң жиынтығын халықтың ұдайы өсуі деп атайды.

Ұдайы өсудің дәстүрлі типі тән болатын мешеу елдерде өлім көрсеткішінің жоғары болуы халықтың тұрмыс жағдайының нашарлығымен, жқұпалы аурулардың кең тарауымен түсіндіріледі. Бұл елдерде табиғат апаттары мен апштық нәтижесінде халық санының күрт қысқаруы да байқалады. Мысалы, 1984—1985 жылдарда болған құрғақшылық нәтижесінде Эфиопияда аштықтан миллиондаған адам қайтыс болды. Өтпелі тип тән болатын елдерде соңғы жылдары халықтың әлеуметтік-экономикалық жағдайының жақсаруына байланысты өлім азайған, бірақ туу жоғары деңгейде қалып отыр. Ұдайы өсудің үшінші — казіргі типі демографиялық көрсеткіштердің төмендігімен сипатталады. Германия мен Швецияда өлгендер саны туғандар санынан артық, халық санының аздап өсуі тек сырттан келгендер есебінен өсуде.

Алғашқы халықты санауға деген қажеттілік құл иеленушілік құрылыста туды. Жалпы 1945 жылдардың соңынан бастап дүние жүзі мен оның жеке аймақтары тұрғын халқының есебін БҰҰ- ның экономикалық және әлеуметтік кеңесіне қарасты Халықтың орналасуын зерттеу комиссиясы жүргізді. 1949 жылдан бастап, бұл Комиссия жыл сайын «Демографиялық жылнама» басып шығарып отырды. БҰҰ-ның мәліметтері бойынша 1999 жылы әлем халқы шамамен 6 млрд адам болған, ал қазіргі уақытта 6,6 млрд адам. Жер шарындағы халықтың саны 1980-1990 жылдары арасында жылына 87 миллионға өсіп отырған болса, 1990-1995 жылдары арасындағы өсім 81 млн адам болған. Бұл сандар бойынша болашақта 2020 жылы әлемдегі халық саны 7,8 млрд, ал 21 ғасырдың ортасында 10,5 млрд адам болады деген болжам бар.

Халықтың ұдайы өсуі- адамдардың ұрпақ ауысуы нәтижесінде жүзеге асып,оның саны жастық және жыныстық құрамы өзгереді.Халықтың ұдайы өсуі негізінен екі типке бөлінеді.Бірінші типінде ұрпақтар ауысуы барысында халықтың санының өзгермеуі немесе кемуі байқалады, ал екінші типі келесі ұрпақтың санының алдыңғысына қарағанда көп болуы тән.

Кез келген елдің және әлем халқының негізгі сипаттарының бірі- бұл жыныстық жастық құрылымы мен отбасы құрамы.Сонымен бірге осы көрсеткіш еңбек қорларының мөлшерін мектеп жасына дейінгі және мектеп жасындағы балалардың, зейнеткерлердің санын анықтау үшін қажет.

- Еңбек қорлары – бұл еңбек етуге қабілетті адамдардың мөлшері.Халықаралық статистикада еңбек қорларына 15-65 жастағы адамдарды жатқызады.

-Жұмыс күші- бұл жұмыс істеп жүрген және жұмыссыз бірақ еңбекке қабілетті адамдардың жалпы саны. Елдің экономикалық жағдайына сипат бергенде жұмыссыздардың мөлшерін айтады. Халықаралық еңбек ұйымының орташа мәліметі бойынша жұмыс күшіне әлемдегі халықтың 45 % жатады. Ер адамдардың мөлшері 57,5 %, әйел адамдар-32,3 %, ал қалған бөлігі кәмелетке толмаған жастар және кәрі адамдар. Осы көрсеткіш әр елдің әлеуметтік,экономикалық, ұлттық жағдайы бойынша әр түрлі болуы мүмкін.

Халықтың орналасуы мен тығыздығына табиғат жағдайлары, тарихи-демографиялық және өндіргіш күштер факторлары өте үлкен ықпал етеді. Дүние жүзінде халық әркелкі орналасқан.Шығыс жарты шарда халықтың 85%-ы, ал батыс жарты шарда 15%. Жалпы халықтың 80%-ы теңіз деңгейінен 500 м-ден аспайтын өңірлерін мекендейді.Дүние жүзі халқының орташа тығыздығы 1км2-ге 45 адамнан келеді. Сонымен қатар халықтың орналасуы мен тығыздығына, оның саны мен құрамына көші-қон үлкен әсерін тигізеді. Халықтың көші –қон немесе механикалық қозғалысы өз сипатына қарай: сыртқы және ішкі болып бөлінеді.

Қазіргі уақытта әлем халқының орналасуын қалалық және ауылдық деп бөледі.



  1. Ауылдық қоныстанудың екі түрі бар, олар:
    -топтаса немесе ауылдана қоныстану (Орталық және Оңтүстік Еуропаға, Ресейге, Жапонияға және дамушы елдердің көбіне тән).
    -шашырай немесе ферма түрінде қоныстану (АҚШ, Канада, Австралия, Солтүстік Еуропа елдеріне тән).

  2. Агломерация -бұл қалалық және ауылдық елді мекендердің аумақта ықшам топтаса орналасып, әр түрлі де, күрделі қарқынды байланыстармен бірігуі.

Қазіргі уақытта әлемде халықтың қоныстануында қалалардың саны көбейіп, олардың іріленуі байқалуда немесе урбанизациялану үрдісі қарқындай түсуде.Мысалы, 20 ғасырда қала халқының үлесі 14%-дан 45 %-ға артты, ал ауыл тұрғындары 86%-дан 55 %-ға төмендеді.

Урбанизация ( латын т. урвз- қала)- бұл қалалардың тарихи тұрғыдан маңызы артып, қалалық өмір сүру салтының, қалалық мәдениеттің, қоғамның өмірдегі маңызының артуы, жалпы олардың әлеуметтік- экономикалық даму орталықтарында шоғырлану үрдісі. Әлемдік урбанизациялау картасында, оның негізгі үш ошағы бар, олар: АҚШ, Батыс Еуропа, Жапония.

Мегалаполис- жақын орналасқан ірі қалалық агломерациялардың даму барысында бірігіп, жоғары урбанизацияланған, жолақ пішінді кеңістіктік құрылым.

Халықтардың қоныстану географиясы – Жер шары бойынша халықтың таралу заңдылықтарын зерттейтін ғылым, экономикалықгеографияның бір саласы. Әр түрлі әлеуметтік, экономикалық, тарихи және табиғи жағдайлардағы халықтың құрамын, елді мекендердің қалыптасуы мен дамуының кеңістіктегі ерекшеліктерін қарастырады.

Халықтардың қоныстану географиясының зерттейтін бағыттары:


  • халықтың табиғи қозғалысының, демографиялық құрылымының аймақтық ерекшеліктерін;

  • халықтың әлеуметтік және этникалық құрамын;

  • еңбек ресурстары мен оларды пайдалануды;

  • көші-қон бағытын, қарқыны мен құрамын;

  • халықтың тығыздығын және аумақ бойынша қоныстануын зерттейді.

Дүние жүзінің әр түрлі аймақтарындағы халықтың тыныс-тіршілігі ежелден бері саяхатшылардың назарында болғанымен, 18 ғасырға дейін халықтар елтанушылық бағытта танымдық-сипаттамалық түрде ғана зерттелді. Сол замандағы халықтардың қоныстану географиясы мазмұнындағы еңбектерде кереғар бағыттағы қағидалар да орын алды. Мәселен, 18 ғасырдың соңында ағылшын діндары Т.Мальтустің«Халықтың қоныстану ұстанымы очеркі» трактатында халықтың тез өсуі нәтижесінде тағам жетіспеушілігі туындайды, сол себепті оның тууын тежеуші зұлмат күш керек, – деп адамзат баласына жат теріс пиғылдағы тұжырымға келді. 19 ғасырда география ғылымынан антропогеография бағыты бөлініп шықты. Оның негізін салушы неміс ғалымы Ф.Ратцель халықты табиғатқа тікелей тәуелді тұрғыдан қарастырып, оны биогеография ғылымының саласы ретінде ұсынды. Ал француздық «адамдар географиясы» мектебін құрушы Видаль де ла Блаш адам мен табиғат арақатынасын тарихи, экономикалық, психологиялық, тағы да басқа факторлармен байланыста түсіндірді.

КСРО-да Халықтардың қоныстану географиясы жеке сала ретінде 1940 жылдардан дами бастады. Оның негізін құрушы Н.Н.Баранский2-дүниежүзілік соғысы жылдары Қазақстанда тұрып, республикамызды экономика-географиялық аудандастыру бағытындағы зерттеу еңбектерінде елді мекендердің орналасуы мен еңбек ресурстарына үлкен мән берді. Республикадағы халық санының өсуі мен даму заңдылықтарын зерттеумен М.Тәтімов, У.Шалекенов, Ұ.Ысқақов т.б. ғалымдар айналысуда. Қазіргі таңда Халықтардың қоныстану географиясы қоғамдық және нарықтық, өндіріс пен өндіргіш күштердің даму үрдісін, халықтың аумақтық орналасуы мен оның құрылымын зерттеумен айналысады. Халықтың саны, оның ұдайы өсу заңдылықтары, құрамы мен құрылымындағы айырмашылықтар, халықтың аумақтық қоныстануы мен көші-қоны, еңбек дағдылары мен мәдени-тұрмыстық ерекшеліктері, елді мекендер мен олардың жүйелі орналасуы геогр. тұрғыда зерттелуде. Халықтың саны мен құрамын зерттеп білуде халық санағын жүргізудің маңызы зор.

Дүние жүзі бойынша халық санағын Біріккен Ұлттар Ұйымының Халықтар туралы комиссиясы жүргізеді. Халықтардың қоныстану географиясы құрамының күрделіленуі мен мазмұнының кеңейіп дамуы барысында бірнеше жеке тармақтарға: ауыл халқының географиясы, геоурбанистика, көші-қон, т.б. жіктеледі. Халықтардың қоныстану географиясының басқа ғылымдармен тоғысуы нәтижесінде жаңа ғылым салалар пайда болады. Мысалы, оның демография және этнография ғылымдарының түйісу шебінде демогеография салалары бастау алды. Адамзат қоғамының даму үрдісін кешенді зерттеу мәселесінде Халықтардың қоныстану географиясының өзіндік орны мен болашағы бар.

Адамзат басты – басты үш нәсілге: еуропоидтік, монголоидтік және негроидтік нәсілдерге бөлінеді. Бұларға қоса кейбір ғалымдар тағы бір төртінші нәсіл – австралоидтік нәсіл бар деп есептейді. Оның онша көп емес өкілдері Азияның оңтүстік – шығысында, Мұхит аралдары мен Австралияда қоныстанған. Алайда дүние жүзінің барлық халқы осы нәсілдерге жатады деп ойлау дұрыс емес. Олардың өкілдері дүние жүзі халқының жалпы санында 70 пайыздай ғана. Қалған 30 пайызы аралас және аралық нәсілдік топтар; бұларға жататындар, мысалы эфиоптар, малагасийліктер, полинезиялықтар, меланезиялықтар және т.б.

Жер шары халқының этностық (ұлттық) құрамы – ұзақ тарихи процестің нәтижесі. Қазіргі уақытта дүние жүзінде этностық қауымдастықтардың әр алуан түрлері: жекелеген тайпалар, рулас тайпалар топтары, ұлыстар, ұлттар бар.

Этностық қауымдастық мынадай белгілердің: ортақ тіл, аумақ, мәдениет пен тұрмыс ерекшеліктері, этностық сана – сезім секілді белгілердің жиынтығымен сипатталады. Алайда кейде қайсыбір белгілер болмауы мүмкін.

Жердің этностық құрамын дәл анықтау өте қиын, өйткені ғалымдардың қазіргі дүние жүзінде 3-4 мың әр түрлі халықтар бар дейді. Бұларда ондаған адамнан жүздеген миллион адамға дейін болуы мүмкін.

Ұлттық өлшемдер адамзаттың мемлекеттерге бөлінуінің негізі болады. Кейде бір немесе бірнеше ұлт бір мемлекет құруы мүмкін( Ресей, Үндістан және т.б.). Мемлекеттік және этностық шекралардың бөлшектенуі апарып соғады. Мысалы, курдтер Түркия, Иран, Ирак және Сирия түйісетін тұста шоғырланған.

Жер шарындағы мемлекеттердің жартысына жуығы бір ұлтты (яғни, негізгі ұлт 90 пайыздан астам). Бұлар Дания, Швеция, және т.б. Қалған елдер көп ұлтты Олардың қатырна Ресей, АҚШ – ты (бұл елдерде 100- ден астам әр түрлі ұлттардың өкілдері тұрады), Ұлыбританияны (ағылшындар, шотландтар, уэльстіктер және т.б.), Испанияны (испандар, католондықатр, баскілер және т.б.) жатқызуға болады.

Көпұлттылық әсіресе дамушы елдерге тән. Үндістанның өзінде ғана бірнеше жүз, Нигерияда 200- ге жуық, Индонезияда 150 – дей әр түрлі этностық қауымдастықтар бар.

Халықтар әдетте тілдік жақындығы принципі бойынша топтастырылады. Бұлайша топтастырудағы ең үлкен бірлік – тілдік ұялар. Сан жағынан ең көбі индоеуропалық ұя, онда шамамен 2,5 млрд. адам бар. Ол бірқатар топтардан тұрады: роман тобы (француздар, итальяндар, испандар, латынамерикандар), герман тобы( немістер, ағылшындар, американдар), славян тобы (орыстар, украиндар, беларустар, поляктар, чехтар, словактар, болгарлар, сербтер, хорваттар). Қытай – тибет ұясы саны жөнінен екінші ұя, ал оның құрамындағы ең үлкен тілдік топ – қытай тобы.

Дүние жүзінің неғұрлым көп тараған тілдері мыналар: қытай тілі, онда 1 миллиардтан астам адам сөйлейді, ағылшын тілі (400 млн.), хинди (300млн), испан(280 млн), араб тілі (230 млн), орыс (220 млн). Ұлыбритания мен Испанияның өзінің халқынан әлдеқайда көп халыққа ағылшын және испан тілдерінің кеңінен тарауы Азияның, Африка мен Латын Америкасының көптеген елдерінің бұрын отар болғанынан. Мысалы, Африкадағы 19 елдің мемлекеттік тілі осы күнге дейін ағылшын тілі болып отыр.Мұндағы ұлттық белгі тілдік белгіден едәуір сараланады.

Дүние жүзінің ұлттық немесе нәсілдік айырмашылықтары бар көптеген елдерінде ең өткір мәселелердің бірі – ұлт мәселесі; ол әр түрлі этностық қауымдастықтар арасындағы саяси , экономикалық, аумақтық, құқықтық, идеологиялық және мәдени қатынастар жиынтығын қамтиды.

Адамдардың діни түсініктерінде ХХ ғасырда күрт өзгерістер болғанына және халықтың бірсыпырасының діннен қол үзгеніне қарамастан, дүние жүзінде діннің позициясы берік. Ол адамдардың ақыл – ойына, құлқына, әдет – ғұрпына, адамдар арасындағы қарым – қатынасқа және тіпті кейбір мемлекеттердің сыртқы саясатына әсер ықпал етіп келеді.

Бүгінде әлемде дүниежүзілік діндер деп аталатын үш дін бар, олардың бұлай деп аталатыны бұл діндерді кейде әр түрлі континеттерді мекендейтін көптеген халықтар ұстанады.

Олардың ішінде ең көп тарағанының бірі – христиандық, оны ұстанатындар 1 млрд. адамнан асады. Христиандықтың ықпалы Еуропа, Америка, Австралия елдерінде неғұрлым күшті. Христиан дінін ұстанушылар Азия мен Африкада да бар, мұнда олар еуропалықтардың миссионерлік әрекетімен тараған.

Христиандықтың негізгі бұтақтары – католицизм, православие, протестанттық. Дүние жүзінің кейбір елдерінде (мәселен АҚШ – та) осы бағыттардың бәрі бар. Ал Латын Америкасында үстем дін – католицизм. Грекияда – православие, Австралияда – протестанттық,т.б.

Енді бір дүниежүзілік дін – ислам неғұрлым шоғырланып тараған. Мұсылмандар негізінен Азия мен Африкада (Сауд Арабиясы, Түркия, Иран, Ирак, Ауғанстан, Пәкістан, Бангладеш, Алжир, Марокко, Египет, Индонезия, Үндістан, Малайзия және т.б.). Исламды ұстанушылар Орта Азияда, Қазақстанда, Кавказда, Ресейде, Қытайда, Еуропада тұрады. Дүние жүзінде мұсылмандардың жалпы саны 1,5 млрд. адамға жуық және мұсылман елдерде халықсаны артып келе жатқандықтан тез көбеюде.

Исламның тараған жері – Сауд Арабиясындағы Мекке және Мәдине қалалары деп есептеледі. Басқа дүниежүзілік діндердегі секілді исламда да біртұтастық жоқ. Онда суниттер мен шейіттер деп аталатын екі бағыт бар. Қазіргі заманғы мұсылман әлемінде сунниттер көп басым, ал шейіттер негізінен екі елде – Иран мен Иракта тұрады.

Бұдан мың үш жүз жылдан астам шыққан ислам замандар бойына өзін ұстанатындардың өміртіршілігінің қай жағын болсын түгел анықтап беретін әмбебап қағидалық жүйе болып келді. Қоғамдық қарым –қатынастар, шаруашылық қарекет, неке – жанұя қатынастары, адамдардың өзара қарым – қатынасы дін қағидаларына сәйкестеліп, адамдар мен халықтардың тағдырын сол заңдар шешіп отырды. Ислам қазір де Шығыс халықтарының өмірлік салт – санасының өте маңызды бір құрамдас бөлігі болып табылады. Көптеген елдердің конституциялары оны мемлекеттік дін деп жариялайды, ал саяси партиялар өздерінің бағдарламлалық құжаттарында мұсылмандық қағидаларынан айнымайтындықтарын жиі жиі жариялап отырады.

Үшінші дүниежүзілік дін – буддизмнің тараған ауданы географиялық жағынан анағұрлым шектеулі. Оны ұстанатындар непалдықтар, бирмалықтар, Үндіқытай, Үндістан, Шри – Ланка, Қытай, Монғолия елдерінің дінге сенетін тұрғындарының біразы.

Ресейде буддизмді ұстанатындар Бурятияда, Қалмақстанда, Тувада. Буддистердің жалпы саны шамамен 200 млн. адам.

Дүниежүзілік діндерге қоса өзіндік ерекшеліктері бар ұлттық діндер де бар. Мысалы, Үндістанда индуизм, Қытайда конфуцийшілдік, Жапонияда синтоизм, Израильде иудаизм бар. Тропиктік Африканың, Азияның, Латын Америкасы мен Австралияның жетуі қиын және артта қалған аудандарында негізінен әр алуан рухтарға , табиғи обьектілерге және т.б. табынатын жергілікті діни наным – сенімдер әлі де бар.

Жер шары халқының басым көпшілігі дінге сенеді. Мұның мәнісі қазіргі заманның келелі проблемаларының ойдағыдай шешілуі едәуір дәрежеде дінге сенетіндер мен дінге сенбейтіндердің бірлігін нығайтуға байланысты деген сөз. Біздің күрделі заманымызда дінбасылары әсіресе бейбітшілікті сақтау, қарусыздану, айналадағы ортаны қорғау туралы мәселелерде барған сайын прогресті позициялар ұстанып отыр.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   34




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет