Пәннің мақсаты мен міндеттері



Дата04.07.2018
өлшемі51,11 Kb.
#46765
Түсінік хат

Абайдың ақындық тұлғасын, жан дүниесін, арман-мұратын поэзиясы арқылы танимыз. Асқақ шабыттың қуатымен жүрегін жарып шыққан өлеңдерін, сөздерін оқушы бойына сіңіру-біздің басты мақсатымыз. Ұлы Абайдың шығармашылық мұрасы – халқымыздың ғасырлар бойы маңызын жоймайтын рухани қазынасы. Абайдың сөзі – қазақтың бойтұмары, Абайды тану, бағалау, насихаттау, оқыту – қоғамдық ой-санада тың серпілістер туғызып, мақсаткерлікке жұмылдырады. Заман, уақыт талабына орай Абайды жаңа қырынан тану, ғылыми тұрғыдан тың байламдар жасалуы – заңдылық.

 

Пәннің мақсаты мен міндеттері

            Пәнді оқытудың мақсаты мен міндеті: Ұлы Абай Құнанбаевтың шығармашылығын толық игерту, Абай поэзиясының құдіретін таныту, ақын шығармашлығын әлем әдебиетімен салыстыра білу. Абайтану» курсы студенттердің осы курсты игеру барысында алған білімдерін одан әрі тереңдете түсуге, Абай өлеңдерінің, қара сөздерінің, поэмаларының және көркем аудармаларының ішкі табиғатына талдай үңілу арқылы оларға ақын талантының көркемдік-эстетикалық мәнін игерту. Абай өлеңдерінің барлық жанрын саралау, поэмаларының көркемдік-идеялық табиғатын ашу, қара сөздерінің тақырыптық, тәрбиелік мәнін түсіну.

Курсты оқытудың міндеттері:

1) қазақ сөз өнеріндегі Абайдың орны мен ақындық болмысын тану. Абай шығармаларын оқып, білудің өзектілігін, абайтану ғылымының мол мұрасы – қазақ өмірінің тарихи факторы іспеттес екендігін ұғындыру.

2) ақынның мұрат-мақсаттарын, көркем-әдеби туындыларын, ғылым, білім, өнер, тәрбие мәселелері туралы өсиеттерінің маңыздылығын түсіндіру арқылы оқушылардың ұлттық танымын қалыптастыру, шығармашылық қиялын дамыту, автордың ұстанымын түсінуге баулу, көркем туындының тілдік ерекшеліктерін, идеялық мәнін талдауға, пікір алмасуға үйрету, жастардың өмірден өз орнын табуға бағыттау;.

3). Абайдың ақындық мектебі, поэзиясындағы дәстүр мен жаңашылдық ұғымының мәні мен маңызын рухани кемелдік танымы тұрғысынан таныту, ақынның көркем-әдеби туындыларындағы ұлттық таным мен рухани- мәдени құндылықтарды оқушылардың бойына дарыту, ақын идеяларын күнделікті тұрмыста басшылыққа алуға тәрбиелеу, шығармаларының адамгершілікті, имандылықты, махаббатты, достықты, әділеттілікті, татулықты, бірлікті жырлайтындығын келер ұрпаққа үлгі-өнеге ету.

4) абайтанудың кезеңдерін саралап, шығармашылығындағы тұлға, толық адам концепциясына қатысты өзекті мәселелерді айқындау. Ұлы ақынның өмірбаяндық тың деректеріне сүйене отырып, қазақ әдебиетіндегі көшбасшылық орнын көрсету;

5) ғұлама ойшылдың философиялық ақыл-нақыл сөздерінің мән-мағынасын ашып, тәлімгерлік тағылымын сөз ету, қоғамдық құрылыс, азаматтық көңіл күй, тарихи таным үрдісі туралы жазған ғылыми-философиялық трактаттарындағы көзқарастарымен таныстыру

6) ақынның шетел ақындарының шығармаларын аударудағы шеберлігі, қарасөздері, өлеңдері мен поэмаларындағы ақындық биік мұрат, адамгершілік идеяларын таныту; 

7) Абай және қазіргі қазақ әдебиетінің рухани байланысын ғылыми негізде пайымдау. Қазіргі абайтанушы ғалымдардың ақын шығармаларын зерттеу, жинақтау, жариялау, насихаттау турасындағы жұмыстарынан хабардар ету;

 

 

Күтілетін нәтиже



Абай Құнанбаев шығармаларын терең талдай білер әдеби сауаттылық; ақын шығармаларын көркемдік ерекшелігін танып, тілін, өлең табиғатын тани білер ғылыми-ізденімпаздық; әдебиеттінің өмірдегі ерекше орынын бағалай білер эстетикалық талғамы жоғары құзыретті тұлға; көркем әдеби тілде сөйлеу мәдениетін жетілдіру; зерттеушілік қабілетін ояту, ғылыми жұмысқа баулу: дарынды оқушылармен шығармашылық жұмыс жүргізу.

Курс бағдарламасының мазмұны

9-сынып – аптасына 1 сағат, оқу жылында – 34 сағат;



«Абайтану»   курсы бойынша  тақырыптық – күнтізбелік жоспар

9- сынып




тақырыптар

Тақырыптың

мазмұны


Шығармашылық жұмыстар

Сағат

саны


мерзімі

ескерту

1

Кіріспе сабақ.

А. Құнанбайұлының өмірі мен   шығармашылығы туралы жалпы мағлұмат



А. Құнанбайұлының өмірі мен   шығармашылығы туралы жалпы мағлұмат

 

1

 07.09.2016




2

Абайдың ата – тегі, өскен ортасы.

Абайдың  өскен ортасы, тегі туралы

Хронологиялық

кесте жасау



1

 14.09.2016




3

Абайдың ғылым – білім  тақырыбындағы  өлеңдері

«Ғылым  таппай  мақтанба»  өлеңінің философиясына үңілу. Өлеңдерін талдау.

Кітапхана және ғаламтормен жұмыс.

1

 21.09.2016




4

«Жасымда ғылым  бар деп  ескермедім».

Абай поэзиясының  асқақ қуаты мен эстетикалық болмысын тану, өлеңдеріне шолу жасау.

Мәнерлеп жатқа оқуға жаттығу.

1

 28.09.2016




5

Абай танымындағы «Бес асыл іс».

Адамгершіліктің Абай ұсынған әдеп  нормалары.

Өлеңді талдау

1

 05.10.2016




6

«Әсемпаз болма әрнеге»

Келешек ұрпаққа деген үміті

 Өлеңді талдау

1

 12.10.2016





7

Абайдың табиғат лирикасы

Табиғатқа жан бітірген лирик - ақын

Поэзия кешін ұйымдастру

2

 19.10.2016

26.10.2016






8

«Жігіттер  ойын арзан, күлкі қымбат»

Адамдардың  әртүрлі  мінез – құлықтарын өлеңдеріне  арқау еткен  ақын жаманнан жиренуге, жақсыдан  үйренуге  шақырады

 

1

 09.11.2016




9

Абайдың  1-5 - қарасөздері

1-5- қарасөздерді оқу, түсіну, талдау, ой қорыту

Абайдың философиялық ойлары бойынша  ой бөлісу.

1

 16.11.2016




10

Абайдың  6- 10- қарасөздері.

6-10- қарасөздерді оқу, түсіну, талдау, ой қорыту

Абайдың философиялық ойлары бойынша  ой бөлісу.

1

 23.11.2016




11

Абайдың  11- 16- қарасөздері.

11-16 - қарасөздерді оқу, түсіну, талдау, ой қорыту

Абайдың философиялық ойлары бойынша  ой бөлісу.

1

 30.11.2016




12

Абайдың  17 – 21 – қарасөздері.

17-21- қарасөздерді оқу, түсіну, талдау, ой қорыту

Абайдың философиялық ойлары бойынша  ой бөлісу.

1

 07.12.2016




13

Абайдың  қарасөздері мен поэзиясындағы  үндестік

Қарасөзер мен  өлеңдеріндегі  үндестікті табу, салыстыру, ой қорыту.

Абайдың ақын шәкірттері  бойынша  Венн диаграммасымен жұмыс.

1

 14.12.2016




14

Абай  қарасөздерінің философиялық мәні.

Абайдың философиялық  ойлары  турасында.

Философиялық көзқарас  дегеніміз не ? Ізденіс жаса.

1

 21.12.2016




15

Ақынның А.С. Пушкин шығармаларын  аударудағы шеберлігі.

«Татьянаға хат» аудармасымен  жұмыс, түпнұсқа мен  аударманы салыстыру.

Абай аудармаларындағы шеберлік. Ойтолғау.

1

 28.12.2016




16

М.Ю.  Лермонтов шығармаларын аударудағы шеберлігі

«Қараңғы  түнде  тау қалғып» , «Теректің сыйы» аудармаларымен  жұмыс, түпнұсқа мен  аударманы салыстыру.

Абай аудармаларындағы шеберлік. Ойтолғау.

1

 11.01.2017




17

И.А. Крылов шығармаларының  аудармасы.

«Түлкі мен қарға», «Есек пен бұлбұл» аудармаларымен  жұмыс, түпнұсқа мен  аударманы салыстыру.

Абай аудармаларындағы шеберлік. Ойтолғау.

1

 18.01.2017




18

Абайдың қазақ поэзиясына  енгізген  жаңалығы.

Қазақ поэзиясының  тарихына шолу жасау және  жазба әдебиетінің қалыптасуы  туралы.

Баяндама

1

 25.01.2017




19

Абай өлеңдерінің көркемдік ерекшелігі.

Абай тұсындағы  ақындар  мен Абай оқыған  ақындар жайында  ойтолғау.

Өлеңнің  көкемдік ерекшелігі деген не?  Ойбөліс.

2

 01.02.2017

08.02.2017






20

Абай қарасөзерінің тілі

Абай қарасөздерінің тілі турасында

Ғылыми еңбектерге шолу.

1

 15.02.2017




21

Абайдың музыкалық мұрасы.

Абай әндерінің  мазмұны турасында

Зерттеу  жұмыстарымен жұмыс жүргізу.

2

 22.02.2017

01.03.2017






22

Абайдың ақындық мектебі.

Абай тұсындағы  ақындар  мен Абай  оқыған  ақындар жайында.

Абай тұсындағы  ақындар  мен Абай  оқыған  ақындар жайында баяндама жасау.

2

 08.03.2017

15.03.2017






23

Абай мен Шәкәрім  арасындағы  рухани сабақтастық.

Шәкәрімнің  «Үш аңығы» мен  «Ар ғылымы»  арасындағы  сабақтастық.

Әдебиет теориясымен жұмыс. Салыстыру жұмыстары.

1

 05.04.2017




24

Ақылбай Абайұлы  шығармашылығындағы Абай тәлімі.

Абай мен Ақылбай  шығармаларының үндестігі.

Шығармашылық  жұмыстар орындау. Ойтолғау.

1

 12.04.2017




26

Абай және  Шығыс әлемі

Шығыс шығармаларының Абай шығармашылығына ықпалы.

Ойтолғау.

1

 19.04.2017




27

Ақындық өнер мен ән – күй туралы  толғаныстар

«Мен -бір жұмбақ адаммын, оны да ойла» тақырыбына әңгімелесу.

«Мен -бір жұмбақ адаммын, оны да ойла» тақырыбына эссе жазу.

1

 26.04.2017




28

Абайдың нақыл сөздері.

Абайдың өзгеге берген  нәрі  турасында

Ғылыми еңбектерге шолу.

2

 03.05.2017

10.05.2017






29

Абай – заңгер.

Абайдың  ел ісіндегі әділдігі турасында.

 

1

 17.05.2017

 

30

Қорытынды сабақ.

Абайдың  « толық  адам»  туралы ілімі.

Дөңгелек үстел: «Абайтану»

1

 24.05.2017

 

Пайдаланылған  әдебиет.

1.     «Қазақ    энциклопедиясы»   « Атамұра» баспасы.

2.     Абай  афоризмі   Құлмат Өмірәлиев.

3.     М. Әуезов  «Абай жолы»  роман – эпопея.

4.     М. Әуезов «Абай Құнанбаев»

5.     «Қазақ тілі мен әдебиеті орыс мектебінде» әдістемелік журнал №8/2013

6.     «Қазақ әдебиеті»  оқулық  «Мектеп» Алматы 2006 жыл.

7.     «Абай Құнанбайұлы»  М. Әуезов.

 


Жалпы мақсат: Ұлы Абай Құнанбаевтың шығармашылығын толық игерту, Абай поэзиясының құдіретін таныту, ақын шығармашлығын әлем әдебиетімен салыстыра білу. «Абайтану» курсы оқушылардың осы курсты игеру барысында алған білімдерін одан әрі тереңдете түсуге, Абай өлеңдерінің, қара сөздерінің, поэмаларының және көркем аудармаларының ішкі табиғатына талдай үңілу арқылы оларға ақын талантының көркемдік-эстетикалық мәнін игерту. Абай өлеңдерінің барлық жанрын саралау, поэмаларының көркемдік-идеялық табиғатын ашу, қара сөздерінің тақырыптық, тәрбиелік мәнін түсіну.

Оқып-үйренудің негізгі мақсаттары


Белсенді оқытуда қолданылатын

әдіс-тәсілдер

Оқып-үйренудің нәтижелері

Барлығын қосқанда

Негізгі дерек көздер

1/1Кіріспе. А. Құнанбайұлының өмірі мен шығармашылығы

А. Құнанбайұлының өмірі мен шығармашылығы туралы жалпы мағлұмат айта алу. Абай шығармашылығын мағыналық мазмұнын талдау Ақын шығармашылығының маңызына тұжырым жасау.

ТЖ. Қазақ тілінің маңызын түсіндіруде кластер құрады.

«Ойлан-жұптас-бөліс» стратегиясы

Мақсаты: ынтымақтастықта жұмыс жасай отырып,




А. Құнанбайұлының өмірі мен шығармашылығы туралы жалпы мағлұмат айта алады. Абай шығармашылығын мағыналық мазмұнын талдай алады. Ақын шығармашылығының маңызын тұжырымдайды.

Жұптық және

топтық жұмыс:

С-тапсырмаларды орындауда топ ұжымына көмектеседі. В-ақын шығармашылығын а тоқталады;

А-топ жұмысын қорытындылайды;



«қазақ әдебиеті» оқулығы; флипчарт,

1\2 Абайдың ата – тегі, өскен ортасы.

Абайдың өскен ортасы, тегі туралы ой бөлісуі.

Өскен ортасының ақынға ықпалы қаншалықты әсер еткендігін әңгімелеу.



-Хронологиялық кесте

-«Тыңдап отырған шеңбер»

«Стикердегі сұрақ»


Абайдың өскен ортасы, тегі туралы ой бөліседі.

Өскен ортасының ақынға әсерін әңгімелейді.




Жұптық тапсырманы бірлесіп орындайды




1\3Абайдың ғылым – білім тақырыбындағы өлеңдері

«Ғылым таппай мақтанба» өлеңінің философиясына үңілу. Өлеңдерін талдау.

Бейнеролик

«5 минуттық эссе»

Тақырыбы: «Білімнің маңызы»

Мақсаты: жаңа тақырып бойынша олардың не білгенін жазу;


Ғылым білім тақырыбындағы өлеңдерін кестеге түсіру арқылы талдайды.

С- топ ұжымына көмектеседі. В-ақын шығармашылығын а тоқталады;

А-эссені қорғайды;



Кітапхана және ғаламтормен жұмыс.


1\4«Жасымда ғылым бар деп ескермедім».

Абай поэзиясының асқақ қуаты мен эстетикалық болмысын тану, өлеңдеріне шолу жасау.

«Қар кесегі»

«Екі түрлі түсініктеме»




Мәнерлеп жатқа оқуға жаттығады.

Топтық тапсырмаларды бірлесіп орындайды

Абай өлеңдер жинағы

Стикер


Ақ қағаз

1\5 Абай танымындағы «Бес асыл іс».

Адамгершіліктің Абай ұсынған әдеп  нормаларын талдау.

«Балық қаңқасы» әдісі арқылы өлеңді талдау

«Болжау»

«Венн диаграммасы»


Өз әдеп нормаларын ұсынады. Тұсаукесер жасайды.

В - топтық жұмыста белсенді дәлел келтіреді;
С–«Венн диаграмманы» қорғайды.


Ақ қағаз


1\6« Әсемпаз болма әрнеге»

Келешек ұрпаққа деген үмітін әңгімелеу. Өз ой армандарын ұсыну

-«Ашық микрафон»

-«Көрініс»



  Өлеңді талдайды. Әдептілік қағидаттарына көрініс дайындайды.

Жұптық тапсырма орындайды




1\7

1\8 Абайдың табиғат лирикасы

Табиғатқа жан бітірген лирик – ақын туралыой алмасу.

Табиғат лирикасына арналған өлең жолдарын талдау.



«Топтық пікірталас»

«Семантикалық карта»



  Табиғатқа жан бітірген лирик – ақын туралы ой алмасады.

Табиғат лирикасына арналған өлең жолдарын талдайды.



В - топтық жұмыста белсенді дәлел келтіреді;
С–«семантикалық картаны» қорғайды.


Жыл мезгілдерінің суреттері

Ақ қағаз


қарандаш

1\9«Жігіттер  ойын арзан, күлкі қымбат»

Адамдардың  әртүрлі  мінез – құлықтарын өлеңдеріне  арқау еткен  қасиеттерді ажырату

«Бейнекөрсетілім»

«Сұрақ менен, жауап сенен»



әртүрлі  мінез – құлықтарын өлеңдеріне  арқау еткен  қасиеттерді ажыратады.

Топтық тапсырма орындайды

видео

2. Абайдың қара сөздері. Абайдың  1-5 - қарасөздері

1-5- қарасөздерді оқу, түсіну, талдау, ой қорыту

«Ойлан, жұптас, талқыла»

«Балық қаңқасы»



Абайдың философиялық ойлары бойынша  ой бөліседі.




Қара сөздер жинағы

2\1. Абайдың  6- 10- қарасөздері.

6-10- қарасөздерді оқу, түсіну, талдау, ой қорыту

«Джиксо»

«Қораптағы сұрақ»



Абайдың философиялық ойлары бойынша  ой бөліседі, өз пікірлерін ортаға салады.

В - топтық жұмыста белсенді дәлел келтіреді;

А- қорапқа күрделі сұрақ қояды.

С–қара сөздерді топта түсіндіреді


Қара сөздер жинағы

2\2. Абайдың  11- 16- қарасөздері.

11-16 - қарасөздерді оқу, түсіну, талдау, ой қорыту

«Топтық диалог»

«Түймедақ»



Абайдың философиялық ойлары бойынша  ой бөлісу.

В - топтық жұмыста белсенді дәлел келтіреді;

А- түймедақ сабақтарына күрделі сұрақтар дайындайды.

С–қара сөздерді топта оқиды


Қара сөздер жинағы

2\3. Абайдың  17 – 21 – қарасөздері.

17-21- қарасөздерді оқу, түсіну, талдау, ой қорыту

«Джиксо»

«Қораптағы сұрақ»



Абайдың философиялық ойлары бойынша  ой бөлісу.

В - топтық жұмыста белсенді дәлел келтіреді;

А- қорапқа күрделі сұрақ қояды.

С–қара сөздерді топта түсіндіреді


Қара сөздер жинағы

2\4. Абайдың  қарасөздері мен поэзиясындағы  үндестік

Қарасөзер мен  өлеңдеріндегі  үндестікті табу, салыстыру, ой қорыту.

«Минуттық сәт»

Мақсаты: оқушылардың білімінде сұрақ қоюдың және лезде жауап беруге дағдылану.

«Аймақтастыру қатары»

Мақсаты: білімді жүйелеу, зейінді тұрақтыру.

Ақынның қара сөздері мен поэзиялық үндестігін  «Венн диаграммасымен» жұмыс жүргізу арқылы түсіндіреді.

«А»:тізбектейді, саралайды «В»:хабарлайды, тұжырымдайды«С»:түсінеді,өз сөзімен баяндайды

Абай өлеңдері топтастырылған кітаптар

Қара сөздер



2\5Абай  қарасөздерінің философиялық мәні.

Абайдың философиялық  ойлары  турасында әңгімлеу.

«Ойлан, талқыла»

«10 минуттық эссе»



Философиялық көзқарас  дегеніміз не ? сұрақ төңірегінде ізденіс жасайды.




Қара сөздері

3.Аудармалары.

3\1.Ақынның А.С. Пушкин шығармаларын  аударудағы шеберлігі.

«Татьянаға хат» аудармасымен  жұмыс, түпнұсқа мен  аударманы салыстыру.

«Авторға арналған алты сұрақ»

Мақсаты: сұрақ жауап арқылы жаңа ақпарат алу.

«Суреттегі әңгіме»

Мақсаты: ойды нақтылы жеткізу.

Абай аудармаларындағы шеберлікті әңгімелейді.

«А»:тізбектейді, саралайды

«В»:хабарлайды, тұжырымдайды

«С»:түсінеді,өз сөзімен баяндайды


Аудармалар жинағы

3\2. М.Ю.  Лермонтов шығармаларын аударудағы шеберлігі

«Қараңғы  түнде  тау қалғып» , «Теректің сыйы» аудармаларымен  жұмыс, түпнұсқа мен  аударманы салыстыру.

Ойтолғау.

«Екі түрлі түсініктеме»



Абай аудармаларындағы шеберлігін ойтолғау арқылы дәлелдейді.




Аудармалар жинағы

3\3. И.А. Крылов шығармаларының  аудармасы.

«Түлкі мен қарға», «Есек пен бұлбұл» аудармаларымен  жұмыс, түпнұсқа мен  аударманы салыстыру.

«Өзіме хат»

Мақсаты: өз ойын жеткізу арқылы кейіпкер бейнесін суреттейді.

«Болжау стратегиясы»

Мақсаты: аударманың мазмұнын жетілдіре отырып, болжамдарын көрсету.

Абай аудармаларындағы шеберлікті ойтолғау арқылы дәлелдейді.

«А»:тізбектейді, саралайды

«В»:хабарлайды, тұжырымдайды

«С»:түсінеді,өз сөзімен баяндайды


Аудармалар жинағы

4\1.Абайдың қазақ поэзиясына  енгізген  жаңалығы.

Қазақ поэзиясының  тарихына шолу жасау және  жазба әдебиетінің қалыптасуы  туралы көрсету


Топтық баяндама

«Ментальді карта»

Қазақ поэзиясының  тарихына шолу жасайды және  жазба әдебиетінің қалыптасуы  туралы топтық таныстырылым дайындайды.








4\2Абай өлеңдерінің көркемдік ерекшелігі.

Абай тұсындағы  ақындар  мен Абай оқыған  ақындар жайында  ойтолғау. Өлеңнің  көркемдік ерекшелігіне талдау жасау. 

Ойбөліс.

-«Балық қаңқасы»

«Стикердегі сұрақ»

Абай тұсындағы  ақындар  мен Абай оқыған  ақындар жайында  ой алмасады. Өлеңнің  көркемдік ерекшелігіне талдау жасайды.

В – стикердегі сұрақтарға жауап береді

А- өлеңді талдайды

С–топтық жұмыста белсенді дәлел келтіреді;


Өлеңдер жинағы

4\3 Абай қарасөзерінің тілі

Абай қарасөздерінің тілі турасында ғылыми еңбектерге шолу.

«Шеңберлі уақыт»

Мақсаты: оқушы ойын біріктіру.

Абай қарасөздерінің тілі турасында ғылыми еңбектерге шолужасайды. Ғалымдардың пікірлерін жинақтайды.




Абай туралы мақала, ғылыми еңбектер

4\4Абайдың музыкалық мұрасы.

Абай әндерінің  мазмұны турасында зерттеу  жұмыстарымен жұмыс жүргізу.

«Терминдік қатар»

Мақсаты: ұғымдарды сәйкестендіру



«10 минуттық эссе»

Мақсаты: өз ойын еркін ұсынуы.



Абай әндерінің  мазмұны турасында зерттеу  жұмыстарымен жұмыс жүргізеді.

А – тақырыптың мазмұнына байланысты қосымша сұрақ қояды.

В – эссені оқиды



С-терминдік қатарды қорғайды

Абай әндері бар диск

4\5 Абайдың ақындық мектебі.

Абай тұсындағы  ақындар  мен Абай  оқыған  ақындар жайында әңгімелеу.

«Топтық пікірталас»

Абай тұсындағы  ақындар  мен Абай  оқыған  ақындар жайында баяндама жасайды.

Топтық тапсырма орындайды.




4\6 Абай мен Шәкәрім  арасындағы  рухани сабақтастық.

Шәкәрімнің  «Үш аңығы» мен  «Ар ғылымы»  арасындағы  сабақтастық айшықтау.

Әдебиет теориясымен жұмыс. Салыстыру жұмыстары.

Шәкәрімнің  «Үш аңығы» мен  «Ар ғылымы»  арасындағы  сабақтастық салыстыра отырып анықтайды..

А – тақырыптың мазмұнына байланысты қосымша сұрақ қояды.

В – өлеңдерді талдайды

С-салыстыруды қорғайды



Үш анық кітабы

4\7 Ақылбай Абайұлы  шығармашылығындағы Абай тәлімі.

Абай мен Ақылбай  шығармаларының үндестігін саралау.

Шығармашылық  жұмыстар орындау.

Ойтолғау.



Абай мен Ақылбай  шығармаларының үндестігін саралайды.

Жұптық тапсырма орындайды.




4\8 Абай және  Шығыс әлемі

Шығыс шығармаларының Абай шығармашылығына ықпалын анықтау.

«5 минуттық эссе»

«Әліпби желісі»

Мақсаты: тақырып бойынша Шығыс әдебиеті туралы қысқаша түсінік пен Абай өлеңдерін ұштастыра отырып, ой қорыту.

Шығыс шығармаларының Абай шығармашылығына әсерін әңгімелейді.

«А»:тізбектейді, саралайды

«В»:хабарлайды, тұжырымдайды

«С»:түсінеді,өз сөзімен баяндайды


Шығыс әдебиеті

4\9Ақындық өнер мен ән – күй туралы  толғаныстар

«Мен -бір жұмбақ адаммын, оны да ойла» тақырыбына әңгімелесу.

Көрнекті миға шабуыл»

Мақсаты: ақындық өнер мен ән-күй туралы өз жобаларын ұсыну



«ТВ шоуы»

Мақсаты: тақырыпқа байланысты қосымша ойларын еркін ортаға салуы.

«10 минуттық эссе»



«Мен -бір жұмбақ адаммын, оны да ойла» тақырыбына эссе жазады.

Топтық талқылау жүргізеді

Абай әндері

5 Абайдың нақыл сөздері.

Абайдың өзгеге берген  нәрі  турасында ой бөлісу.

ТЖ. «Екі түрлі түсініктеме»

«Б-Ү-Б» кестесі

Мақсаты: тақырыпқа байланысты кестені толтырады

Ғылыми еңбектерге шолу жасау арқылы ақынның нақыл сөздерінің өміршеңдігін дәлелдейді.

«А»:тізбектейді, саралайды

«В»:хабарлайды, тұжырымдайды

«С»:түсінеді,өз сөзімен баяндайды


Нақыл сөздер жинағы

5\1 Абай – заңгер.

Абайдың  ел ісіндегі әділдігі турасында дәлелдемелі әңгімелерден мысал келтіру.

«Сәйкесін тап»

Мақсаты: кейіпкерді толық, нақты зерттей алуы.

«Детальдарын қосу»

Мақсаты: берілген ақпаратты тиімді қолдана алуы.

  Абайдың  ел ісіндегі әділдігі турасында дәлелдемелі әңгімелерден мысал айтады.

«А»:тізбектейді, саралайды

«В»:хабарлайды, тұжырымдайды

«С»:түсінеді,өз сөзімен баяндайды


Ақ қағаз, флипчарт, интербелсенді

тақта


5\2 Қорытынды сабақ

Абайдың  «толық  адам»  туралы ілімін түйіндеу.

«Кезбе тілші»

Мақсаты: барлық сабақ бойы түйген білімді қорытындылау.

Дөңгелек үстел: «Абайтану»


Абайтану ілімінен түйген білімдерін ортаға салады.




Микрафон

Ақ қағаз қарындаш



Каталог: wp-content -> uploads -> 2017
2017 -> Сабақтың тақырыбы : Аңыз әңгімелер «Асан қайғының жерұйықты іздеуі»
2017 -> Сабақтың тақырыбы: Ы. Алтынсарин әңгімелері
2017 -> Сабақтың тақырыбы Мен не үйрендім? Сабақ негізделген оқу мақсаты
2017 -> Сабақтың тақырыбы : Жылқы. С. Мұқанов
2017 -> Сабақтарында «мнемотехника»әдісін пайдалану. №48 «Ақ көгершін»
2017 -> Оқушыны іздендіру жолы – шығармашылық
2017 -> Сабақтың тақырыбы Менің отбасым. І дыбысы мен әрпі
2017 -> Әңгіме шебері Ы. Алтынсарин
2017 -> Б.Қ. Абдыкаимова №56 «Береке» балабақшасы тәрбиеші Астана қаласы
2017 -> Қысқа мерзімді жоспары: Мұғалімнің аты-жөні


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет