ПӘннің ОҚу- әдістемелік кешені жалпы тіл білімі



бет4/5
Дата05.11.2016
өлшемі0,95 Mb.
#1080
1   2   3   4   5

Ностратикалық тілдер. Афразия, үндіеуропа, картвел, орал, дравид, алтай тілдерін біріктіретін тілдердің үлкен семьясы (макросемья языков). Бұл терминді 1903 жылы алғаш ұсынған – дат ғылымы Х. Педерсен (латынша noster біздің деген мағынада). Тілдердің мұндай үлкен семьясы «борей тілдері», «бореал тілдері», «еуроазия тілдері» деп те аталған, бірақ бұл терминдер тәжірибеде қолданыс таппады. Ностратикалық тілдер шығыс ностратикалық (орал, дравид, алтай тілдері) және батыс ностратикалық (афразия, үндіеуропа, картвел тілдері) болып екі топқа бөлінеді. Ностратикалық тілдердің бұлайша бөлінуі жалпыностратикалық вокализмнің (дауыстылар) кейін шыққан тілдердегі тағдырына байланысты: шығыс ностратикалық тілдерде алғашқы тұрақты түбірдің вокализмі сақталған; батыс ностратикалық тілдердегі бір түбірден тараған сөздерде дауыстылардың алмасу жүйесі (аблаут) қалыптасқан.

Бақылау сұрақтары:

1. Қоғам және тілдің біртұтастығы неден көрінеді?

2. Техникалық прогрестің тілге әсері қандай?

3. Тілдердің бөліну, бірігу үдерістері неден көрінеді?

4. Тілдік одақтың пайда болу себептеріне не жатады?

5. Тілдік одақ қандай түрлері бар?

6. Ностратикалық тілдер семьясының пайда болу жолы, зерттелу кезеңдері.

Ұсынылатын әдебиеттер:

1.Ковчиков. В.А. Психолингвистика.Теория речевой деятельности. М: Астрель,2007.-318с.

2. Попова З.Д.Общее языкознание. -М:АСТ:Восток-Запад,2007.-408с.

3. Копыленко М.М. Избранные труды в 2-томах. А:Ин-т языкознания им. А.Байтурсынова.2010.,2010.-443с.

4. Норман Б.Ю.Лингвистические задачи. –М: Флинта-Наука.2009.-271с.
№23 дәріс тақырыбы: Тілдің даму заңдылықтары. Тілдік өзгерістердің ішкі, сыртқы себептері . Жалпы фонетика. Жалпы морфология. Жалпы синтаксис
1. Тілдің дамуының заңдылықтары.

2.Лексиканың дамуы.Фонетиканың дамуы.

3.Грамматиканың дамуы.

4. Тілдік құбылыстарға себепші, болатын факторлар


Тілдің лексикалық құрамын оның басқа салаларының қай-қайсьісынан болса да өзгеріске бейім тұрады. Сөздік құрам екі түрлі жолмен дамиды: біріншісі — ор тілдің өзіндік байырғы материаддары негізінде, екінші — басқа тілдерден сөздер қабылдау негізінде.Тілдің сөздік құрамы өзгергіш дегеннен оның барлық, саласы, барлық қабаты бірдей дәрежеде өзгереді деген қорытынды шықпайды. Фонетикалық ауытқу екі түрлі болады:

а) алдыңғы үрпақ тілінде өзара жақын болғанымен, бір-бірінен елеулі өзгешеліктері бар екі дыбысты кейінгі үрпақтың біріктіріп, бір-ақ дыбыс ретінде қолдануы. Бұл — тіл білімде конвергенция деп аталады; ә) алдыңғы үрпақ тілінде бір дыбыс немесе бір дыбыстың басқа түрі ғана болып келгендер кейінгі үрпақ тілінде екі бөлек дыбыс болып кетуі мүмкін. Бүл — дивергенция деп аталады.

Тілдік құбылыстарға себепші, болатын факторлар алуан түрлі. Қазіргі заман тіл білімінде олардың ішіндегі ең елеулісі ретінде екі түрлі факторға ерекше мән береді: оның бірі — сыртқы фактор, екіншісі — ішкі — фактор деп аталады. Егер тілдегі белгілі бір өзгерістің пайда болуына түрткі, себепші болған жағдайлар тілдің өзіне, өз жүйесіне тән, өзінің ішкі ерекшелігінен туған заңдылығы болса, ол ішкі себеп болады да, тілдің өз заңдылығынан болмай, одан тысқары, тілді қоршаған әлемнен, ортадан туған түрткі болса, ол сыртқы себеп болады. Сыртқы факторға тілді қоршаған ортадан болатын алуан түрлі себептердің жиынтығы, өзгеден бұрын, қоғамның тарихи дамуына, тілдік коллективтің қоныс аударуларына, миграцияға, бірігуімен ыдырауына, қатынас жасау формасының өзгеруіне, мәдениет пен техникадағы прогреске байланысты себептер жатса, ішкі факторға тілдің өмір сүріп түрған жүйесін жетілдіре беру мақсатынан туған себептер жатады.
Бақылау сұрақтары:

1. Тілдің дамуының қандай заңдылықтары бар?

2.Лексиканың дамуы, фонетиканың дамуы туралы не білесің?

3.Грамматиканың қалай дамыған?



Ұсынылатын әдебиеттер:

1.Ковчиков. В.А. Психолингвистика.Теория речевой деятельности. М: Астрель,2007.-318с.

2. Попова З.Д.Общее языкознание. -М:АСТ:Восток-Запад,2007.-408с.

3. Копыленко М.М. Избранные труды в 2-томах. А:Ин-т языкознания им. А.Байтурсынова.2010.,2010.-443с.

4. Норман Б.Ю.Лингвистические задачи. –М: Флинта-Наука.2009.-271с.

23дәріс тақырыбы: Тілдерді зерттеу мен сипаттаудағы әдіс-тәсілдер
1. Тіл білімінің әдістері және олардың түрлері.

2. Тіл біліміндегі талдау тәсілдері

Тіл білімін зерттеуде қолданылатын әдіс – тәсілге, зерттеушінің ұстанған бағыт – бағдарына қарай жіктеушілік бар.Ондай жіктеулер қатарына салыстырмалы – тарихи, типологиялық, ареалдық, структуралық, психологиялық, этнографиялық, эстетикалық, синхрондық, диахрондық, қолданбалы тіл білімі т.б.жатады.

Салыстырмалы – тарихи тіл білімі – шығу тегі жағынан бір – біріне жақын тілдерді зерттейтін тіл білімінің саласы.

Типологиялық тіл білімі – тілдердің шығу тегіндегі өзара қатынасының қандай екеніне қарамастан, олардың құрылымдық және функционалдық белгілерін салыстыра зерттеу нәтижесінде 19 ғасырдың орта шенінде туған.

Ареалдық тіл білімі – (лат.аrea – кеңістік, аудан) – лингвистикалық география әдістері арқылы тіл құбылыстарының таралу жайын, тіларалық (диалектаралық) байланыстарды зерттейтін тіл білімінің саласы, 19 ғ. 2 – жартысы мен 20 ғ. басында пайда болған.

Структуралық тіл білімі – тілді таңбалар жүйесі деген қағидаға және тіл құрылымындағы жігі айқын элементтерге сүйене отырып, олардың формалды жағын қатаң түрде (нақты ғылымдарға жақындығын) зерттейтін тіл білімінің саласы.

Психологиялық тіл білімі – сөйлеу процесінің қалай іске асатыны, адам психикасындағы қабылдау, түйсік, байымдаумен сөйлеудің байланысын, оның тіл жүйесіне қатысын зерттейтін тіл білімінің саласы. Этникалық тіл білімі. Этнолингвистикагрекше ethnos халық, тайпа) – тілдің халық мәдениетіне қатысын зерттейтін тіл біліміндегі бағыт.

Социологиялық (әлеуметтік) бағыт (социолингвистика) тілді адамдардың қоғамдық қызметіне, кәсіби тіршілігіне қызмет ететін әлеуметтік құбылыс, қарым – қатынас құралы деп қарайтын бағыт, 19-20 ғасырлар аралығында пайда болған.

Эстетикалық бағыт - тілді эстетикалық философия тұрғысынан зерттеу нәтижесінде 20 ғ. басында Батыс Еуропа тіл білімінде туған бағыт.

Синхрониялық тіл білімі – тілдің белгілі бір дәуірдегі қалпын, құрылымын сипаттап зерттейтін тіл білімі.Оны сипаттама тіл білімі, нормативті тіл білімі деп те атайды.

Диахрониялық тіл білімі – тілдің тарихи уақыт ішінде өзгеруі мен дамуын зерттейтін тіл білімі.Оны тарихи тіл білімі деп те атайды.

Дескриптивтік тіл білімі – Америка үндістерінің тілін зерттеуге байланысты америкалық структурализм құрамында 20 ғасырдың 30-50- жылдарында пайда болған тіл білімі.

Математикалық тіл білімі – табиғи және кейбір жасанды тілдердің құрылысын аппарат арқылы формалды түрде зерттеп сипаттайтын тіл білімі.

Қолданбалы тіл білімі – тілді практикалық талаптарға сәйкестендіріп қолданудың ғылыми жүйесін қалыптастыратын тіл білімінің саласы.Ол ғылыми пән ретінде 20 ғасырдың орта кезінен белгілі болды.

Функционалдық тіл білімі – структуралық тіл білімінің тілдің қатынас құралы ретінде функциялық жағына баса назар аударатын саласы.

Паралингвистика - (грекше рara – жанында, қасында) – сөйлеу үстінде қолданылатын тілдік емес, қосымша құралдарды (дауыс ырғағы, дауыс әуені, интонация, бет, қол, дене қимылы т.б.) зерттейтін тіл білімінің саласы.

Бұл салалар жеке тілдер туралы ғылымның да, жалпы тіл білімінің де қарауына жатады.Әрине, әрқайсысында әр түрлі көлемде сөз етіледі.



Бақылау сұрақтары:

1. Интралингвистика деген не?

2. Экстралигвистика деген не?

4. Тіл білімін зерттеуде қолданылатын әдіс – тәсілге, зерттеушінің ұстанған бағыт – бағдарына қарай қандайжіктеушілік бар?

5. Салыстырмалы – тарихи тіл білімі.Типологиялық тіл білімі

6. Ареалдық тіл білімі. Структуралық тіл білімі. Психологиялық тіл білімі.



Ұсынылатын әдебиеттер:

1.Ковчиков. В.А. Психолингвистика.Теория речевой деятельности. М: Астрель,2007.-318с.

2. Попова З.Д.Общее языкознание. -М:АСТ:Восток-Запад,2007.-408с.

3. Копыленко М.М. Избранные труды в 2-томах. А:Ин-т языкознания им. А.Байтурсынова.2010.,2010.-443с.

4. Норман Б.Ю.Лингвистические задачи. –М: Флинта-Наука.2009.-271с.
Тәжірибелік сабақтар
1 тақырыбы: Жалпы тіл білімінің зерттеу нысаны негізгі мәселелері, салалары. Тіл білімінің басқа ғылымдармен байланысы
Мақсаты: Жалпы тіл білімінің анықтамасы, мақсаты мен міндеттері, жалпы тіл білімінің лингвистиканың басқа салаларымен қарым-қатынасы жайлы түсіндіру.

Әдістемелік нұсқаулар: Жалпы тіл білімі – лингвистиканың жалпы тілдік теориясы. Ол – бүкіл лингвистиканың бағыт-бағдарын белгілейтін ғылым. Жалпы тіл білімі 1963 жылдан бастап енгізілді. Бұл пәннің мақсаты – студенттерге теориялық лингвистиканың ең негізгі, өзекті мәселелерімен таныстыру.

Тіл білімі салалары: Интралингвистика тілдің ішкі жүйелілік құрылымын, жүйе элементтерінің бір-бірімен қарым-қатынасын зерттейді. Интралингвистиканың негізгі салалары – фонетика, лексикология, грамматика. Экстралингвистика тілдің сыртқы дүниемен, қоғаммен байланысын зерттейді. Менталингвистика тіл менойлаудың қарым-қатынасын, тілдік мағынаның теориясын, сөйлеу әрекетімен, жағдаймен байланысын зерттейді. Тіл білімі мен логиканың түйісетін жері – тіл мен ойлаудың арақатысы мәселесі.Логика – ойлау формаларын, ол формалардың өзара байланысын, даму жолдарын зерттейтін ғылым.Ал, ойлаудың заңдылықтарын тілдік материалдарсыз білу мүмкін емес.

Тіл білімі және психология. Психология – психика туралы ілім. Психологияның мақсаты – адамдардың психикалық әрекеттерінің объективтік заңдарын, адамның ой – санасын, психикалық қасиеттерінің қалыптасып, даму жолдарын айқындау.

Тіл білімі және физиология, физика, медицина. Сөйлеу әрекеті – физиологиялық күрделі процесс.Оған мидың да, сөйлеу органдарының да, нерві жүйесінің де қатысы бар.Бұл жағынан тіл білімі физиология,физика, медицина ғылымдарымен де байланысты болады.

Тіл білімі және әдебиеттану ғылымы. Әдебиет пен тіл – айрылмас бірліктегі құбылыстар.Тіл - әдебиеттің жаны.Тілсіз әдебиет жоқ.Тіл әдебиеттің материалдық жағы болса, әдебиет – тілдің материалдық қызметінің жемісі.

Тіл білімі және тарих, этнография, археология. Сондықтан тіл тарихын зерттеуші ғалым сол тілді қолданған қоғам тарихы жөніндегі ілімнің табыстарына сүйенбей, ал тарихшы өз зерттеулерінде тіл фактілерін ескермей тұра алмайды.

Тіл білімі және география. Тіл білімінің география ғылымымен ұштасуы 19 ғасырдың соңғы кездерінен басталады.

Бақылау сұрақтары:

1. Жалпы тіл білімі қашан қалыптаса бастады?

2. Жалпы тіл білімінің ең өзекті, ең негізгі мәселелеріне не жатады?

3. Тіл білімінің басқа ғылымдармен байланысы қандай?

4.Тіл білімі және физиология, физика, медицина

5.Тіл білімі және әдебиеттану ғылымы

6.Тіл білімі және тарих, этнография, археология

7.Тіл білімі және география

8.Тіл білімі және кибернетика

Ұсынылатын әдебиеттер:

1.Ковчиков. В.А. Психолингвистика.Теория речевой деятельности. М: Астрель,2007.-318с.

2. Попова З.Д.Общее языкознание. -М:АСТ:Восток-Запад,2007.-408с.

3. Копыленко М.М. Избранные труды в 2-томах. А:Ин-т языкознания им. А.Байтурсынова.2010.,2010.-443с.

4. Норман Б.Ю.Лингвистические задачи. –М: Флинта-Наука.2009.-271с.

2 тақырыбы: Тілдің табиғаты мен мәні, қызметтері. Тіл және қоғам. Тіл және этникалық бірлік. Әлеуметтік тіл білімі, оның қарастыратыны.


Мақсаты: Тілдің табиғаты мен мәні, қызметтері. Тіл және қоғам. Тіл және этникалық бірлік жайлы мағлұматтар беру.

Әдістемелік нұсқаулар: Тілді биологиялық құбылыс деп қарағандар: Франц Бопп, А.Шлейхер. Олардың пайымдауынша құдай жаратқан. Демек олар «тілді туады, өседі, өледі» деп санайды. Бұл дұрыс емес. Себебі тіл бір ұрпақтан екіші ұрпаққа ауысып отыратын, кейінгі ұрпақ алдыңғы ұрпақтан үйреніпп отыратын құбылыс.Сонымен қатар кейбір ғалымдар тілді психологиялық құбылыстарға жатқызады.Ол «тіл құдай жаратқан нәрсе емес, оны жеке адам жасайды, жеке адамның рухы туғызады.», - деген түсінік туған. Алдыңғы пікір сияқты бұл да дұрыс емес.Егер тіл рухтың туындысы болса, әрбір адамның жеке тілі болған болар еді де, бір тұтас халықтың тілі болмас еді. Жеке адамның тілі қауымда ғана жасалады, қауыда ғана дамиды. Тіл қоғамдық құбылыс. Қоғамсыз тіл , тілсіз қоғам болуы мүмкін емес.Тілдің қызметтері: қарым-қатынас құралы болу – коммуникативті, ойды жарыққа шығару қызметі – экспрессивті, адамның көңі-күйді білдіруі – эмоционалды, таным құралы болуы - когнитивті,белгілі бір зат не құбылыстың атауы болуы - номинативті және т.б.

Бақылау сұрақтары:

1.Тілдің табиғаты мен мәні, қызметтері жайлы не білесіңдер?

2.Тіл және қоғамның байланысы неден көрінеді?

3.Тіл және этникалық бірлігі неден көрінеді?

4. Әлеуметтік тіл білімі нені қарастырады?

Ұсынылатын әдебиеттер:

1.Ковчиков. В.А. Психолингвистика.Теория речевой деятельности. М: Астрель,2007.-318с.

2. Попова З.Д.Общее языкознание. -М:АСТ:Восток-Запад,2007.-408с.

3. Копыленко М.М. Избранные труды в 2-томах. А:Ин-т языкознания им. А.Байтурсынова.2010.,2010.-443с.

4. Норман Б.Ю.Лингвистические задачи. –М: Флинта-Наука.2009.-271с.

3тақырыбы: Тіл және ойлау. Тіл және сөйлеу. Тіл және сана



Мақсаты: Тіл және ойлау, тіл және сөйлеу, тіл және сана жайлы жан-жақты түсіндіру.

Әдістемелік нұсқаулар: Тіл мен ойлау өзара байланысты, дыбыстық тіл де, абстаркты ойлау да адамға тән құбылыс. Біріншіден, тіл де , ойлау да – адам миының туындысы, соның жемісі; екіншіден, тіл де , ойлау да – қоғамдық құбылыстар. Тіл мен ойлау бір мезгілде туып, бірге дамып келеді.Тіл мен ойлаудың ұқсастықтары мен айырмашылықтары бар. Тіл мен ойлауды бір деп қарастырушылар.(Ф.Шлейермахер, И.Гаман) Тіл мен ойлау ұқсас жақын құбылыстар.(В.фон Гумбольд,Л.Леви-Брюль) Тіл мен ойлаудың ұқсастығы жоқ деп қарастырушылар да болды. Олар ойлауға көңіл бөлмеді.(Ф. Бенеке, дескриптивистер) Тіл мен ойлау диалектикалық бірлікте.Диалектикалық материалистер тіл мен ойлаудың диалектикалық тұтастығын алға тартты.

Бұл проблеманың замандық тарихы барлығы. Бұл екеуі арасындағы қарым-қатынасты айқындаудағы әр түрлі көзқарастар: екеуін тепе-теңдік бірлікте қарау, бұлардың арасында ешқандай бірлік жоқ, екеуі екі түрлі ғылым обьектілері деушілер.



Бақылау сұрақтары:

1. Тіл және ойлау. Тіл және сөйлеу. Тіл және сана жайлы не білесіңдер?

2. Тіл және ойлаудың арақатынасы қандай?

3. Тіл және сөйлеу мен тіл және сананың бірлігі неден көрінеді?



Ұсынылатын әдебиеттер:

1.Ковчиков. В.А. Психолингвистика.Теория речевой деятельности. М: Астрель,2007.-318с.

2. Попова З.Д.Общее языкознание. -М:АСТ:Восток-Запад,2007.-408с.

3. Копыленко М.М. Избранные труды в 2-томах. А:Ин-т языкознания им. А.Байтурсынова.2010.,2010.-443с.

4. Норман Б.Ю.Лингвистические задачи. –М: Флинта-Наука.2009.-271с.

4тақырыбы: Тілдің таңбалық, жүйелік, құрылымдық сипаттары



Мақсаты: Тілдің таңбалық, жүйелік, құрылымдық сипаттары жайлы мәліметтер беру.

Әдістемелік нұсқаулар: Тіл таңбалар жүйесінен тұрады. Таңбаның екі түрі: тілдік таңба, шартты таңба. Олардың ұқсастықтары мен айырмашылықтары. Тілдік таңбаның екі негізгі қасиеті дыбыстардың көмегімен кез келген сөздік белгіні жеткізу. Тілдік таңбалар: фонема, морфема, сөз тіркесі, сөйлем.Тілдік таңбаның белгілері: 1)еріктілік, 2) шарттылық.

Құрылым дегеніміз-бүтін нәрсенің элементтерінің арасындағы қатынастар схемасы.Тіл бүтіннің әр тектес элементтердің ара қатынасынан және бірлігінен тұрады. Тілдің құрылымы тілдік бірліктер дыбыс, морфема, сөз, сөз тіркесі, сөйлем. Фонема - тілдің ең кішкене дыбыстық бірлігі. Морфема – ары қарай бөлшектеуге келмейтін тілдің грамматикалық, лексикалық мағынасы бар тілдік бірлік.Сөз – болмыс құбылыстарын, заттарын , олардың қасиетерін атайтын негізгі құрылыстық-семантикалық тіл бірлігі. Сөйлем – тиянақты ойды білдіріп, бір нәрсені хабарлайтын тіл бірлігі.

Жүйе дегеніміз - өзара байланысты бір тектес элементтердің бірлігі. Жүйе дегенді өзін тән айырықшақұрылымы бар кіші жүйелердің жиынтығы деуге болады. Тіл құрылымының жеке салаларының жүйелері бір-бірімен қарым-қатынасында, өзара байланысында тілдің жалпы жүйесін құрайды.

Бақылау сұрақтары:

1. Тілдің таңбалық сипаты дегеніміз не?

2. Тілдің таңбалық, жүйелік, құрылымдық сипаттары неден көрінеді?

Ұсынылатын әдебиеттер:

1.Ковчиков. В.А. Психолингвистика.Теория речевой деятельности. М: Астрель,2007.-318с.

2. Попова З.Д.Общее языкознание. -М:АСТ:Восток-Запад,2007.-408с.

3. Копыленко М.М. Избранные труды в 2-томах. А:Ин-т языкознания им. А.Байтурсынова.2010.,2010.-443с.

4. Норман Б.Ю.Лингвистические задачи. –М: Флинта-Наука.2009.-271с.
5 тақырыбы: Тіл деңгейлері. Грамматикалық категориялар

Мақсаты: Тіл деңгейлері. Грамматикалық категориялар жайлы мәліметтер беру.

Әдістемелік нұсқаулар: Тіл жүйесіндегі басты мәселелердің бірі тіл деңгейлерімен байланысты. Тіл біліміндегі дәстүр бойынша тіл құрылымын фонетика, лексика, морфология, синтаксис салаларына бөліп қарастыру тіл деңгейлері туралы идеяны дамытуға негіз болды. Тіл деңгейлерін білудің теориялық та, практикалық та мәні зор. Тіл жүйесіндегі бірыңғай тіл бірліктері мен ережелердің жиынтығынан тұратын шағын жүйелер, бөлімдер тіл деңгейлерін жасайды. Тіл деңгейлері тіл механизмдері деп те аталады (Б.Н.Головин).

Тіл деңгейлері туралы теория 20 ғасырдың орта шенінде тілдің формалды жағын нақты суреттеп талдауға негізделген дескриптивтік тіл білімінің (Америка) ықпалымен онан әрі дамыды.

Грамматикалық категорияны жете түсіну үшін, оның өзара бірліктегі құранды бөліктері болып табылатын грамматикалык, тұлға мен грамматикалық мағынаның табиғатын білген жөн.

Бақылау сұрақтары:

1. Тіл деңгейі ұстанымдары қандай?

2. Тіл деңгейлерінің басқаша атауы бар ма?



Ұсынылатын әдебиеттер:

1.Ковчиков. В.А. Психолингвистика.Теория речевой деятельности. М: Астрель,2007.-318с.

2. Попова З.Д.Общее языкознание. -М:АСТ:Восток-Запад,2007.-408с.

3. Копыленко М.М. Избранные труды в 2-томах. А:Ин-т языкознания им. А.Байтурсынова.2010.,2010.-443с.

4. Норман Б.Ю.Лингвистические задачи. –М: Флинта-Наука.2009.-271с.
6 тақырыбы: Тілдің даму заңдылықтары.Тілдік одақтар
Мақсаты: Тілдің даму заңдылықтары.Тілдік одақтар жайлы толық мәліметтер беру.

Әдістемелік нұсқаулар: Тілдің лексикалық құрамын оның басқа салаларының қай-қайсьісынан болса да өзгеріске бейім тұрады. Сөздік құрам екі түрлі жолмен дамиды: біріншісі — ор тілдің өзіндік байырғы материаддары негізінде, екінші — басқа тілдерден сөздер қабылдау негізінде.Тілдің сөздік құрамы өзгергіш дегеннен оның барлық, саласы, барлық қабаты бірдей дәрежеде өзгереді деген қорытынды шықпайды.

Тілдік құбылыстарға себепші, болатын факторлар алуан түрлі. Қазіргі заман тіл білімінде олардың ішіндегі ең елеулісі ретінде екі түрлі факторға ерекше мән береді: оның бірі — сыртқы фактор, екіншісі — ішкі — фактор деп аталады.

Тілдік одақ дегеніміз – шыққан тегіндегі жақындық бойынша емес, біртұтас географиялық кеңістікте ұзақ уақыт бойы қарым-қатынаста болған тілдердің белгілі дәрежеде құрылымдық және материалдық ұқсастығына негізделген тілдердің тарихи бірлігі. Тілдік одақ және тіл семьясы деген ұғымдар бірдей емес.

Ностратикалық тілдер. Афразия, үндіеуропа, картвел, орал, дравид, алтай тілдерін біріктіретін тілдердің үлкен семьясы (макросемья языков). Бұл терминді 1903 жылы алғаш ұсынған – дат ғылымы Х. Педерсен (латынша noster біздің деген мағынада).

Бақылау сұрақтары:

1. Тілдік одақтың пайда болу себептеріне не жатады?

2. Ностратикалық тілдер семьясының пайда болу жолы, зерттелу кезеңдері.

3. Тілдің дамуының қандай заңдылықтары бар?

4.Лексиканың дамуы, фонетиканың дамуы туралы не білесің?

5.Грамматиканың қалай дамыған?



Ұсынылатын әдебиеттер:

1.Ковчиков. В.А. Психолингвистика.Теория речевой деятельности. М: Астрель,2007.-318с.

2. Попова З.Д.Общее языкознание. -М:АСТ:Восток-Запад,2007.-408с.

3. Копыленко М.М. Избранные труды в 2-томах. А:Ин-т языкознания им. А.Байтурсынова.2010.,2010.-443с.

4. Норман Б.Ю.Лингвистические задачи. –М: Флинта-Наука.2009.-271с.
7 тақырыбы: Тіл білімі тарихы. Ежелгі дәуір тіл білімі

Мақсаты: Бұл дәуірде пайда болған философиялық бағыттар, ежелгі заман лингвистикасына тән ортақ сипаттар мен кемшіліктер жайлы сипаттама беру.

Ежелгі Қытай тіл білімі, ежелгі Үнді тіл білімі, ежелгі Грек тіл білімі, Рим тіл білімі жайлы түсініктер беру.



Әдістемелік нұсқаулар: Тіл мәселелеріне байланысты жазылып сақталған, біздің заманға жеткен деректердің ең көнесі Ежелгі Қытай, Үндістан, Ежелгі Греция елдеріне тән.

Ежелгі дәуір - тіл біліміне қатысты ой-пікірдің жаңа туындай бастаған және оның мейлінше балаң шағы. Ұзақ мерзімді қамтитын бұл уақыт бойында тіл біліміне тән түсінік бірте-бірте, өте баяу дамиды. Ежелгі дәуір тіл білімінде ерекше көңіл бөлінген екі күрделі проблема болған. Оның бірі – атау, ат қою теориясы да, екіншісі – грамматикалық өнер (искусство) проблемасы.

Ат қою теориясы мен грамматикалық өнер теориясы Ежелгі Қытайда да болған. Ат қою теориясын қалыптастырған адам, біздің жыл санауымыздан бұрынғы 551-479 жылдар арасында өмір сүрген философ ғалым – Конфуций (Кун-Цзы).

Грамматикалық өнер ежелгі дәуірден сақталған діни жазбалар тілін зерттеу негізінде туған.

Ежелгі Үнді тіл білімі. Үнділердің өте ерте дәуірден сақталған аңыздардан, гимндерден, діни жырлардан құралған «Веда» деп аталатын жазба ескерткіштері болған.

Ежелгі дәуір тіл білімінің тағы бір отаны - Ежелгі Греция. Ежелгі Грек философтарының тілге қатысты мәселелерден ерекше сөз еткендері – атаудың табиғаты, зат пен оның атауы арасында қандай байланыс болатыны, тілдің қайдан, қалай пайда болғаны және тілдің грамматикасы мен логика арасындағы қарым-қатынас жөніндегі мәселелер.



Бақылау сұрақтары:

1.Қытай тіл біліміне тән ерекшеліктер

1. Көне үнді тіл білімі.Оны туғызған себептер

2.Яски мен Панини еңбектері. Панини жазған санскрит грамматикасы.

3. Грек тіл білімінің негізгі объектілерін ата?

4. Атау теориясы, тілдің шығуы дегеніміз не?



Ұсынылатын әдебиеттер:

1.Ковчиков. В.А. Психолингвистика.Теория речевой деятельности. М: Астрель,2007.-318с.

2. Попова З.Д.Общее языкознание. -М:АСТ:Восток-Запад,2007.-408с.

3. Копыленко М.М. Избранные труды в 2-томах. А:Ин-т языкознания им. А.Байтурсынова.2010.,2010.-443с.

4. Норман Б.Ю.Лингвистические задачи. –М: Флинта-Наука.2009.-271с.

8 тақырыбы: Орта ғасыр тіл білімі. Араб тіл білімі



Мақсаты: Орта ғасырдың өзіндік бір ерекшелігі, тіл ғылымындағы  канондық тіл жайлы, Араб тілі туралы алғашқы еңбектер, Араб тіл білімінің грамматикасы жайлы түсінік беру.

Әдістемелік нұсқаулар: Орта ғасырдың өзіндік бір ерекшелігі - әр түрлі діндердің туып, әлемдік діндерге айналуы. Дүние жүзілік діндердің тарауымен қатар сол діндердің сүндет-парызын, шариғатын уағыздайтын жазбалар да тарады. Ол жазбалар тілі киелі, қасиетті тіл, пайғамбарлар тілі деп жарияланды. Бұл тіл -тіл ғылымында канондық тіл деп аталады. Сөйтіп, дін тараған аймақтардағы халықтар өз ана тілімен қатар канондық тілді де қолданды. Жазба тіл, әдеби тіл деп саналатын да канондық тіл болды. Бақылау сұрақтары:

1. Орта ғасырдың өзіндік бір ерекшелігі қандай ?



2. Тіл ғылымындағы  канондық тіл дегеніміз не?

3. Реалистер мен  номиналистер дегеніміз кімдер?

4. Араб тіл білімі қай дәуірде дамыды?

5. Араб тіл білімінің өкілдері?

6. Махмұт Қашқари сөздігінің маңызы?



Ұсынылатын әдебиеттер:

1.Ковчиков. В.А. Психолингвистика.Теория речевой деятельности. М: Астрель,2007.-318с.

2. Попова З.Д.Общее языкознание. -М:АСТ:Восток-Запад,2007.-408с.

3. Копыленко М.М. Избранные труды в 2-томах. А:Ин-т языкознания им. А.Байтурсынова.2010.,2010.-443с.

4. Норман Б.Ю.Лингвистические задачи. –М: Флинта-Наука.2009.-271с.

9 тақырыбы: Қайта өркендеу дәуіріндегі тіл білімі. Универсал грамматика



Мақсаты: 17 – 18 ғ. жаңа үлгіде жазылған грамматикалық еңбектер жайлы, Қайта өркендеу дәуірінің лингвистикалық проблемасы, Универсал грамматика бөлімдері туралы түсіндіру.

Әдістемелік нұсқаулар: Қайта өркендеу дәуірі тіл зерттеу мәселесіне бұрынғыдан басқаша тұрғыдан келу, бірінші орынға канондық тілдерді емес, әр халықтың әр ұлттық өзіндік сөйлеу тілін қоюды, соны зерттеп , соның сырын ашуды қойды. Осылардың нәтижесінде жаңа үлгіде жазылған грамматикалық еңбектер әр елде, әр жерде шығып жайтты. 1562 ж. П. Романің «Француз тілі граммтикасы». 1693 ж. Уоллистің «Ағылшын тілі грамматикасы». 1659 ж Лавренти Зизанидің «Славян грамматикасы». 1757 М В Ломоносовтың «Россия грамматикасы».

Еуропа тарихы тұрғысынан алғанда, Қайта өркендеу дәуірі 14-16 ғасырлар арасын қамтиды. Қайта өркендеу дәуірінде ерекше қолға алынған тағы бір мәселе – орта ғасырда жөнді мән берілмеген ежелгі грек, рим жазба нұсқаларын тауып жариялау болды. Өз дәуірі үшін бұл саладағы күрделі істер қатарында И. Скалигердің 1540 жылы шыққан «Латын тілінің негіздері туралы», Р. Стефанустың 1553 жылы шыққан «Латын тілі қазынасы» және «Грек тілі қазынасы» атты еңбектерін атауға болады.

Универсал грамматика 1660 жылы жарияланған. Оны француз ғалымдары – логик, философ, профессор Антуан Арно (1612-1694) мен грамматист, филолог, профессор Колод Лансло (1616-1695) екеуі бірігіп жазған.

Бақылау сұрақтары:

1. Қайта өркендеу дәуірінің тіл ғылымы үшін маңызы қандай?

2. Универсал грамматика қай жылы жарияланған ?

3. Рационалды жалпы грамматика дегеніміз не ?



Ұсынылатын әдебиеттер:

1.Ковчиков. В.А. Психолингвистика.Теория речевой деятельности. М: Астрель,2007.-318с.

2. Попова З.Д.Общее языкознание. -М:АСТ:Восток-Запад,2007.-408с.

3. Копыленко М.М. Избранные труды в 2-томах. А:Ин-т языкознания им. А.Байтурсынова.2010.,2010.-443с.

4. Норман Б.Ю.Лингвистические задачи. –М: Флинта-Наука.2009.-271с.
10 тақырыбы: XIX ғасыр тіл білімі

Мақсаты: Тіл білімі тарихында салыстырмалы-тарихи тіл білімінің негізін салушы Ф.Боптың , Раск, Якоб Гримм т.б. еңбектері жайлы, тіл философиясының алға қойған мақсаты, типологиялық зерттеудің кеңірек етек алып, қалыптасуы туралы түсінік беру.

Әдістемелік нұсқаулар: Салыстырмалы-тарихи тіл білімі. Еуропалық тіл білімі дамуының жаңа дәуірі тілді дамып, өзгеріп отыратын тарихи құбылыс деп танудан, тілдер өзара туыстас, төркіндес болады деп біліп, сол заңдылықтарды ашуға, зерттеуге салыстырмалы-тарихи әдісті қолданудан басталады. Тіл туралы ғылым тарихында үлкен бетбұрыс болған бұл жайт19ғасырдың алғашқы он жылдығында орныға бастайды.

Тілдердің бір-біріне жақын, өзара туыстас болатындығы туралы пікір салыстырмалы-тарихи тіл білімінен, яғни XIX ғасырдан көп бұрын белгілі болған. Түркі тілдерінің өзара туыстас, бір негізден тараған тіл екендігін түркі нәсілді Махмуд Қашқари XI ғасырдың өзінде айқындады.

Ф.Боптың ең басты еңбегі – «Санскрит, зенд, армян, грек, латын, литва, көне славян, гот, неміс тілдерінің салыстырмалы грамматикасы». Расмус Расктің тілдер фактілерін салыстырудан туған ең көрнекті еңбегі «Ежелгі солтүстік тілдері және неміс, ислан тілдерінің шығуы туралы зерттеулер» деп аталады. Салыстырмалы-тарихи тіл білімінің тағы бір көрнекті өкілі – неміс ғалымы Я.Гримм. Бұл ғалымның төрт томнан тұратын «Неміс грамматикасы» атты еңбегінің бірінші кітабы 1819 жылы басылады.



Бақылау сұрақтары:

1.19 ғ. бас кезінде салыстырмалы-тарихи әдіс негізінде қандай еңбектер жарық көрді?

2. Тіл философиясы қашан пайда болған?

3. Типологиялық зерттеудің қалыптасуы қай кезден басталады?



Ұсынылатын әдебиеттер:

1.Ковчиков. В.А. Психолингвистика.Теория речевой деятельности. М: Астрель,2007.-318с.

2. Попова З.Д.Общее языкознание. -М:АСТ:Восток-Запад,2007.-408с.

3. Копыленко М.М. Избранные труды в 2-томах. А:Ин-т языкознания им. А.Байтурсынова.2010.,2010.-443с.

4. Норман Б.Ю.Лингвистические задачи. –М: Флинта-Наука.2009.-271с.

11тақырыбы: ХІХ ғасыр тіл білімінде қалыптасқан тіл білімі мектептері мен ағымдары. Ф.де Соссюрдің лингвистикалық көзқарастары


Мақсаты: ХІХ ғасыр тіл білімінде қалыптасқан тіл білімі мектептері мен ағымдары. (Натуралистік немесе биологиялық бағыт. Жас грамматикалық бағыт. Мәскеу лингвистикалық мектебі. Қазан лингвистикалық мектебі). Ф.де Соссюрдің көзқарастары жайлы мағлұмат беру.

Әдістемелік нұсқаулар: 19 ғасырдың 1 жартысындағы философиялық тіл білімі логикалық және психологиялық бағыттардың қарама-қарсы дамуынан көрінеді. Бұл екі бағыттың екеуі де грамматиканың формалдық және семантикалық жағына көңіл аударды. Логикалық бағыттын негізгі мақсаты – ойлаудың танытқыштық қызметін, логикалық категориялар мен тілдік категориялар арасындағы қарым-қатысты зерттеу, тілдік категориялардың логикалық сипатын айқындау.

Натуралистерге қарсы күрес үстінде дүниеге келген бағыт психологиялық ағым деп аталады. Тіл біліміндегі психологизм 19 ғасырдың орта кездерінен бастап қалыптаса бастады. 19 ғасырдың екінші жатысындағы көрнекті тіл ғалымдарының көбі осы бағытты жақтады. Тіл психологиясын қалыптастырушылардың ең бастылары қатарына Берлин университетінің прфессоры Гейман Штейнтальды (1823-1899) жатқызуға болады. Ғылымда натуралистер деп аталатындар – қоғамдық құбылыстарды зерттеуде жаратылыс заңдарын басшылыққа алып, мәселені соған негіздеп шешуге ұмтылушылар. Тіл біліміндегі натурализм көрнекті неміс ғалымы, Россия Ғылым академиясының корреспондент-мүшесі Август Шлейхер (1821-1869) есімімен байланысты.

Мәскеу лингвистикалық мектебін 19ғасырдың 70-80жылдарында Мәскеу университетінің ғалымдары қалыптастырды. Оны басқарған сол кездегі орыс тілі білімінің көрнекті ғалымдарының бірі – академик Филипп Федорович Фортунатов (1848-1914).

Бақылау сұрақтары:

1. Натуралистік немесе биологиялық көзқарас дегеніміз не?

2. Логикалық бағыт дегеніміз не?

3. Психологиялық бағыттың маңызы қандай?

Ұсынылатын әдебиеттер:

1.Ковчиков. В.А. Психолингвистика.Теория речевой деятельности. М: Астрель,2007.-318с.

2. Попова З.Д.Общее языкознание. -М:АСТ:Восток-Запад,2007.-408с.

3. Копыленко М.М. Избранные труды в 2-томах. А:Ин-т языкознания им. А.Байтурсынова.2010.,2010.-443с.

4. Норман Б.Ю.Лингвистические задачи. –М: Флинта-Наука.2009.-271с.

12 тақырыбы: ХХ ғасыр тіл біліміндегі бағыттар. Сөздер мен заттар.



Мақсаты: XX ғасыр тіл біліміндегі бағыттар мен мектептер. Сөздер мен заттарға толық түсініктеме беру.
Әдістемелік нұсқаулар: Сөздер мен заттар. Оның өкілдері 1909 жылдан бастап Рудольф Мерингердің (1859-1931) басқаруымен шыға бастаған (Австрияда) «Сөздер мен заттар» деп аталатын журнал төңірегінде топтасқандықтан, соның атымен аталған (журнал 20ғасырдың 40-жылдарына дейін шығып тұрды). Неолингвизм. (гр. neos – жаңа және лингвистика атауларының бірігуінен туған). Бұл мектеп Италияда қалыптасты. Оның негізін салушылар Маттео Джулио Бартоли (1873-1946), Джулиано Бонфанте (1904 ж.), В.Пизани (1899 ж) т.б.

Эстетизм. Оның қалыптастырушысы – неміс ғалымы, роман тілінің маманы, әрі әдебиетші, Мюнхен университетінің профессоры Карл Фосслер (1872-1949).

Социологиялық бағыттың Франциядағы көрнекті өкілдері – Поль Лафарг (1842-1911), Ф. Де Соссюр (1857-1913), А.Мейе (1866-1936), Ж.Вандриес (1875-1960), Э.Бенвенист (1902).

Бақылау сұрақтары:

1. Сөздер мен заттар мектебінің өкілдері кімдер?

2.Эстетизм немесе эстетикалық лингвистиканың қалыптастырушысы кімдер?

3. Неолингвизм қашан қалыптасты?

4. Дескриптивистер қандай салаларға бөлінеді?



Ұсынылатын әдебиеттер:

1.Ковчиков. В.А. Психолингвистика.Теория речевой деятельности. М: Астрель,2007.-318с.

2. Попова З.Д.Общее языкознание. -М:АСТ:Восток-Запад,2007.-408с.

3. Копыленко М.М. Избранные труды в 2-томах. А:Ин-т языкознания им. А.Байтурсынова.2010.,2010.-443с.

4. Норман Б.Ю.Лингвистические задачи. –М: Флинта-Наука.2009.-271с.

13 тақырыбы: ХХ ғасыр тіл біліміндегі бағыттар. Эстетизм. Неолингвизм. Социологиялық мектеп жайлы толық түсініктеме беру.


Эстетизм. Оның қалыптастырушысы – неміс ғалымы, роман тілінің маманы, әрі әдебиетші, Мюнхен университетінің профессоры Карл Фосслер (1872-1949). Социологиялық бағыттың Франциядағы көрнекті өкілдері – Поль Лафарг (1842-1911), Ф. Де Соссюр (1857-1913), А.Мейе (1866-1936), Ж.Вандриес (1875-1960), Э.Бенвенист (1902).

Бақылау сұрақтары:

1. Сөздер мен заттар мектебінің өкілдері кімдер?

2.Эстетизм немесе эстетикалық лингвистиканың қалыптастырушысы кімдер?

3. Неолингвизм қашан қалыптасты?

4. Дескриптивистер қандай салаларға бөлінеді?



Ұсынылатын әдебиеттер:

1.Ковчиков. В.А. Психолингвистика.Теория речевой деятельности. М: Астрель,2007.-318с.

2. Попова З.Д.Общее языкознание. -М:АСТ:Восток-Запад,2007.-408с.

3. Копыленко М.М. Избранные труды в 2-томах. А:Ин-т языкознания им. А.Байтурсынова.2010.,2010.-443с.

4. Норман Б.Ю.Лингвистические задачи. –М: Флинта-Наука.2009.-271с.

14 тақырыбы: XX ғасыр тіл біліміндегі бағыттар мен мектептер. Структуралық тіл білімі.


Мақсаты: Структуралық тіл біліміне сипаттама беріп, структуралық тіл білімінің негізін салушылар жайлы түсінік беру.

Әдістемелік нұсқаулар: 20 ғасырдың алғашқы жартысында дүниеге келген тілдік мектептердің ең көрнекті және кең тарағандарының бірі – структуралық тіл білімі деп аталатын бағыт.Бұл мектеп салыстырмалы – тарихи тіл біліміне, оның бір бұтағы жас грамматикалық мектепте қарсы бағытта туып қалыптасты. Структуралық тіл білімінің немесе структуралық әдістің дүниеге келуінің ішкі – сыртқы себептері бар. Ең негізгісі 20 ғасыр ғылымы дамуында пайда болған жаңа бағыт.

Структуралдық бағыттың көпшілікке танылған үш мектебі болды: Прага (Чехословакияда), Копенгаген (Данияда) мектептері және дескриптивтік мектеп (Америкада).Кейін келе бұл бағыт басқа елдерге де тарады. Дескриптивтік мектеп 20 ғасырдың 20-жылдарында Америкада қалыптасқан. Мектепті қалыптастырушылар АҚШ тіл білімінің классиктері профессорлар Эдуард Сепир (1884-1939), Леонард Блумфилд (1887-1949).

Дескриптивистер тіл – ішкі, сыртқы байланыстары бар сигналдар жүйесі дейді де, тіл білімін металингвистика, микролингвистика деп екі салаға бөледі.

Металингвистика сөздік мінез-құлықтың сыртқы жағын зерттейді. Ол этнолингвистика, психолингвистика, социолингвистика, металингвистика, фонетика, паралингвистика (интонация, ымдау-нұсқау сияқтыларды зерттейді) деп аталатын салаларды қамтиды.



Бақылау сұрақтары:

1. XX ғасыр тіл біліміндегі бағыттар мен мектептерінің өкілдері кімдер?

2. Структуралық тіл білімінің негізін салушылар кімдер?

3. Дескриптік мектеп қалай қалыптасты?

4. Металингвистика қалай қалыптасты?

Ұсынылатын әдебиеттер:

1.Ковчиков. В.А. Психолингвистика.Теория речевой деятельности. М: Астрель,2007.-318с.

2. Попова З.Д.Общее языкознание. -М:АСТ:Восток-Запад,2007.-408с.

3. Копыленко М.М. Избранные труды в 2-томах. А:Ин-т языкознания им. А.Байтурсынова.2010.,2010.-443с.

4. Норман Б.Ю.Лингвистические задачи. –М: Флинта-Наука.2009.-271с.

15 тақырыбы: Кеңестік тіл білімі.Тіл теориясы.


Мақсаты: Кеңестік тіл білімі жайлы толық мағлқмат беру, 20-30 жылдары совет тіл біліміндегі бірнеше лингвистикалық бағыттар туралы, кеңестік жаңа тіл білімін қалыптастырудағы академик Н.Я.Мардың рөлі жайлы айту.
Әдістемелік нұсқаулар: Кеңес лингвистері алдында маркстік-лениндік тіл білімін дамыту міндеті тұрды.Бүкіл Кеңес ғылымының, солардың ішінде тіл білімінің де философиялық негізі – маркстік диалектикалық материализм деп жарияланды. 20-30 ж. кеңес тіл білімінде бір-бірінің ісіне сын көзімен қарайтын бірнеше лингвистикалық бағыт болды. Ондай лингвистикалық бағыттың бірі – үнді-европалық компаративтік лингвистиканың Россиядағы бір тармағы – салыстырмалы-тарихи тіл білімі болатын.

Компаративтік тіл білімін ығыстырған, жаңа бағыт совет тіл білімі тарихында « Тіл туралы жаңа ілім » немесе « Яфет тіл ғылымы » деп аталады. Оны қалыптастырушылардың басшысы ретінде академик Н.Я.Марр Кеңестік тіл білімі әлеміне көтерілді.



Бақылау сұрақтары:

1.Кеңес үкіметі орнағаннан кейін тіл білімі қалай дамыды?

2.Кеңес тіл білімінің дамуына кімдер үлес қосты?

Ұсынылатын әдебиеттер:

1. Норман Б.Ю.Лингвистические задачи. –М: Флинта-Наука.2009.-271с.

2. Попова З.Д.Общее языкознание. -М:АСТ:Восток-Запад,2007.-408с.

3. Копыленко М.М. Избранные труды в 2-томах. А:Ин-т языкознания им. А.Байтурсынова.2010.,2010.-443с.


4 БӨЖ ЖӘНЕ БОӨЖ ТАПСЫРМАЛАРЫ

4.1 БІЛІМ АЛУШЫЛАРДЫҢ ӨЗДІК ЖҰМЫСЫ

БӨЖ

Тексеру формасы.

1.Тіл мен ойлау

Конспект

2. Тіл мен сөйлеу

Конспект

3. Тіл және этникалық бірлік

Реферат

4. Ежелгі дәуір тіл білімі

Реферат

5. Орта ғасыр тіл білімі

Конспект

6. XIX ғасыр тіл білімі

Реферат

7. XIX ғасыр тіл білімі

Конспект


4.2 БІЛІМ АЛУШЫЛАРДЫҢ ОҚЫТУШЫ БАСШЫЛЫҒЫМЕН ЖҮРГІЗІЛЕТІН ӨЗДІК ЖҰМЫСЫ


БОӨЖ

Тексеру формасы.

Тіл және қоғам. Дыбыс тілінің пайда болуы

Конспект

Тілдің даму заңдылықтары. Тілдік өзгерістердің ішкі, сыртқы себептері

Конспект

Қайта өркендеу дәуіріндегі тіл білімі. Универсал грамматика.

Реферат

XIX ғасыр тіл білімі. Тіл философиясы. Типологиялық зерттеу.

Реферат

XX ғасыр тіл біліміндегі структуралық тіл білімі.


Конспект

Кеңестік тіл білімі

Реферат


4.3 БӨЖ, БОӨЖ тапсырмалары және оны орындауға әдістемелік нұсқаулар
Тіл біліміне кіріспе пәнінен БОӨЖ орындаудың ерекшеліктері – тәжірибелі мектеп мұғалімдерінің әдістемелерін терең талдаудан өткізе отырып, студенттің оған сыни көзқараспен қарау дағдысының қалыптастырылуы.

Студенттер қазақ тілін оқыту әдістемесін оқуы барысында қазақ тілі мұғаліміне тән болуы тиіс деп саналатын іскерліктерді қалыптастырады. Қазақ тілі мұғаліміне тән негізгі іскерліктерге мыналар жатады:



  • Мектепте білім берудің әр кезеңінде қазақ тілін оқытудың мақсат-міндеттерін анықтай білу іскерлігі;

  • Әрбір сынып оқушыларының қазақ тілін өз ана тілінің теориялық болмысы ретінде игеру психологиясы мен жас ерекшелігі психологиясын, физиологиялық, жеке бас ерекшелігін баланың қабілетімен байланыстыра алу қабілеті мен іскерлігі;

  • Әрбір қазақ тілі сабағының білімділік, тәрбиелік, дамытушылық потенциалын мүмкіндігінше толыққанды жүзеге асыру жолдарын тану;

  • Оқу-танымдық процестің заңдылықтарын негізге ала отырып, оқушының танымын кеңейтетін, ойлауын дамытатын, тілін дамытатын танымдық, лингвистикалық, дидактикалық, пән мен оның ішіндегі жекелеген тақырыптардың өз ерекшеліктерінен туындайтын әдістер мен тәсілдер жүйесін тиімді қолдана білу іскерлігі;

  • Қазақ тілінен берілетін ғылыми материалдың эиприкалық деңгейде қалып қоймай, оның теориялық деңгейге қарай ұласу жолдарын тану мен ұйымдастыра алу іскерлігі;

  • Сабақтағы оқу материалының сабақтан тыс жұмыспен байланыстылығын сақтай білу іскерлігі;

  • Жаңашыл әдістерді сабақтарда қолдана білу іскерігі.

Бұған қоса, студенттер сұрақты дұрыс қоя білу, бір сабақта түрлі әдістерді үйлесімді де тиімді қолдана білу, оқушының дәптерлерін жүйелі тексеру, оқыту технологиясын сабақта бірізді және орынды қолдана білу, әр сабақты ғылыми тұрғыдан талдап, сараптай білу іскерлік дағдыларды меңгерулері тиіс.

БОӨЖ орындау барысында студент әдістемені зерттеу бағыттары мен зерттеу әдістерін саралап тани білу керек. Қазақ тілінен тәжірибе жасау, оның нәтижелерін сандық және сапалық тұрғыдан талдай білу дағдылары да осы курс барысында қалыптастырылады.


4.4 Бақылау түрлері

Тест тапсырмалары


  1. Интралингвистика саласы нені зерттейді?

  1. Тілдің ішкі жүйелік құрылымын, жүйе элементтерінің бір- бірімен қарым- қатынасын зерттейді;

  2. Тілдің сыртқы дүниемен, қоғаммен байланысын зерттейді;

  3. Тіл мен ойлаудың қарым- қатынасын, тілдік мағынаның теориясын, сөйлеу әрекетімен, жағдаймен байланысын зерттейді;

  4. Тілдің дыбыстық мәнерлерін, экспрессивтік, эмоциялық,көркемдік мүмкіндіктерін зерттейді.

  1. Атау, ат қою теориясы, грамматикалық өнер теориясы қай дәуірге жатады?

  1. Ежелгі дәуір;

  2. Қайта өркендеу дәуірі;

  3. Орта ғасыр дәуірі;

  4. XIX ғасыр.

  1. Қытай иероглифі қандай нормаға келтірілген?

  1. Уставтық, жартылай уставтық, жылдам жазу;

  2. әдеби тіл нормасы;

  3. кітаби- жазба стильі;

  4. іс –қағаздары стильі.

  1. «Эрья» қай халықтың сөздігі?

  1. Қытай;

  2. Үнді;

  3. Грек;

  4. Араб.

  1. «Аштадхьян» еңбегінің авторы кім?

  1. Панини;

  2. Яски;

  3. Бхартхари;

  4. Вараручи катьяна.

  1. Ежелгі Грециядағы: «Атау заттың табиғатына сәйкес жаратылыстан берілген, сөз табиғат туындысы» деген пікірді жақтаушы

  1. Демокрит;

  2. Героклит;

  3. Платон;

  4. Аристотель.

  1. «Александрия мектебі» қалыптасқан дәуір

  1. Каталог: ebook -> umkd
    umkd -> Мамандығына арналған Сұлтанмахмұттану ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
    umkd -> Қазақстан Республикасының
    umkd -> Қазақстан Республикасының
    umkd -> Студенттерге арналған оқу әдістемелік кешені
    umkd -> ПӘннің ОҚУ Әдістемелік кешені 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған «Ұлы отан соғысы және соғыстан кейінгі жылдардағы қазақ әдебиетінің тарихы (1941-1960)» пәнінен ОҚытушыға арналған пән бағдарламасы
    umkd -> «Балалар әдебиеті» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 2013 жылғы №3 басылым 5 в 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті»
    umkd -> ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешенінің
    umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
    umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
    umkd -> «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған


    Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет