ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешені «Физикадағы компьютерлік әдістер» 5В012000 – «Кәсіптік білім» мамандығы үшін ОҚУ-Әдістемелік материалдары


Рентген сәулелері. Рентген түтікшесі



бет16/31
Дата23.08.2017
өлшемі3,67 Mb.
#25705
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   31
Рентген сәулелері. Рентген түтікшесі

Бұл тақырыпты қарастырған кезде рентген сәулесіне анықтама бермес бұрын оқушыларға ретнген түтігінің құрылысы мен жұмыс істеу принципін таныстыратын және техникада пайдаланылатын жерлерін көрсететін ДКМ-ді ұсынуға болады.

Оқушылар компьютер дисплейінде рентген түтігін көреді де (2-сурет), оның құрылысымен танысады.

Одан кейін арнайы түймелерді шертіп, рентген түтігін іске қосады. 1-ші түймені шертіп тәжірибе режимін, яғни стандарт тәжірибені таңдап алып ДКМ-ді іске қосады. Бұл кезде оқушылар компьютер дисплейінен рентген түтігінің ішінде катод (К) пен анод (А) орналасатынын, түтікшеде электрондар ерекше батареямен немесе қыздыру трансформаторымен қыздырылып, өте қызған катодтың (К) вольфрам спиралынан ұшып шығатынын байқайды. Ұшып шыққан электрондар ағыны анодтың бір орнына шоғырланып соғылуы үшін вольфрам спиральды әдетте металл циллиндрдің ішіне орналастырылатынын көреді.



2-сурет


Ұшып шыққан электрондар ағыны циллиндрде фокусталып анод пен катод арасындағы жоғары кернеуді ток көзінен жасалған күшті электр өрісінде үдетіліп жылдамдығы -қа дейін жететінін байқайды. Осындай жылдамдықпен ұшып келе жатқан электрондардың үдетілген ағыны өз жолында 450 бұрышпен орналасқан анод айнасына барып соқтығысатынын, анодтық айнаға соқтығысқан электрондар кенет тежелгенде рентгендік сәуле шығару

пайда болатынын, сәуле анод бетінен тарайтындығын көреді. Анод электрондардың күшті соқтығысына түскенде өте қызатынын, сондықтан да оны ерекше тетік арқылы сумен әлсін-әлсін салқындатындығын көреді. Сонда, рентген сәулелері шыны түтікшенің қабырғасындағы бериллийден жасалған терезеден өтіп сыртқа шығатынын байқайды. ДКМ-нің барысын талқылай ккеліп, оқушылар өздері мынадай қорытынды жасайды:

Рентген сәулелері дегеніміз - өте тез қозғалып келе жатқан электрондардың кенеттен тежелгенде пайда болатын электромагниттік сәулеленуі. Рентген сәулелерін алу үшін арнаулы түтіктер қолданылады. Бұл түтіктің ішіндегі ауа сиретілген, оның қысымы 10-5 – 10-7 мм.сын.бағ. тең болады.

Енді рентген сәулесін түтікшенің сыртында зерттеуге болады. Ол үшін арнайы түймелерді шертіп тәжірибе режимін таңдап алып, ДКМ-ді іске қосамыз. Яғни, 2-ші түймені шертіп келесі тәжірибеге көшеміз. Ол кезде оқушылар компьютер дисплейінен қара қағазға оралған фотопластинкаға рентген сәулесін түсіргеннен кейін, пластинканы өңдегенде оған жарық сәулесі әсер еткендегідей қарайып кететіндігін көреді. Осы тәжірибенің 2-ші кезеңінде оқушылар компьютер дисплейінен, рентген түтікшесі қараңғыда жұмыс істеп тұрғанын және одан шыққан рентген сәулесінің таралу жолына күкіртті мырышпен жабылған картон экран қойылғанда, онда экранға жасыл көгілдір жарық түсетіндігін көреді.

Рентген сәулелері электр өрісінде де магнит өрісінде де бұрылмайды (3-сурет(а)).



3-сурет


Одан кейін, 3-ші түймені шертіп келесі режимге көшеміз. Ол кезде оқушылар компьютер дисплейінен рентген сәулесін зарядталған электроскоп маңындағы ауаға түсірілген және электроскоптің заряды қандай таңбалы болғанына қарамастан ол тез разраяталатындығын көреді (3-сурет (б)).

Осыдан кейін ДКМ-нің барысын талқылай келіп, оқушылар өздері мынадай қорытынды жасайды: Рентген сәулесі газдарға әсер еткенде оларды иондайды. Рентген сәулелері электр өрісінде де магнит өрісінде де бұрылмайды.
Өзін өзі бақылау сұрақтары:

  1. Компьютерлік моделдеу деген не?

  2. Физикалық процестерді математикалық моделдеуді қалай түсінесің?



14,15 -тақырып. Теориялық физикадағы компьютерлік эксперимент әдістері. Детерминизм әдісі

Дәріс мақсаты: Компьютерлік эксперимент әдістеріне талдау жасау.

Жоспар:


  1. Компьютерлік эксперимент әдістері

  2. Детерминизм әдісі
    Тақырыптың қысқаша мазмұны:

Компьютерлендірілген оқыту жүйесі программалау тілдерімен жасалынады. Программалар жазуда түрлі-түсті графиктер, видеофрагменттер, дыбыстар және тағы басқаларды қолдануға болады.

Есеп. Бастапқы жылдамдығы нөлге тең дене 0,5 сағатта 10м/с үдеумен қозғалатын болса, ол қандай жылдамдыққа жетер еді?

Берілгені:



Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Мамандығына арналған Сұлтанмахмұттану ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Студенттерге арналған оқу әдістемелік кешені
umkd -> ПӘннің ОҚУ Әдістемелік кешені 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған «Ұлы отан соғысы және соғыстан кейінгі жылдардағы қазақ әдебиетінің тарихы (1941-1960)» пәнінен ОҚытушыға арналған пән бағдарламасы
umkd -> «Балалар әдебиеті» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 2013 жылғы №3 басылым 5 в 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті»
umkd -> ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешенінің
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   31




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет