ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешені «Іс қағаздарын жүргізу»



бет2/5
Дата26.05.2018
өлшемі1,17 Mb.
#40748
түріСабақ
1   2   3   4   5

1.3 Пререквизиттері: Курстың бастапқы сатысында магистрант сөйлеу дағдыларының 4 түрін білуге міндетті: сөйлеу, тыңдау, оқу және жазу.

Оқу: оқудың негізгі ережелерін білу, дауыс ырғағын дұрыс келтіру, сөздікпен және сөздіксіз оқу; қажетті ақпаратты табу, оқылған мәтіннің мазмұнын түсіну.

Жазу: емленің негізгі ережесін білу, жазбаша жұмыстарды орындай білу.

Тыңдау: лексикалық минимум көлемінде монологтік және диалогтік сөйлеуді меңгеру.

Сөйлеу: өз ойын, пікірін қазақ тілінде жеткізу, сұрақтар қоя білу және оларға жауап қайтара білу, полилогке қатысу.

1.4. Постреквизиттері: Әлеуметтік қоғамдық пәндердің ішінде жалпы білім беру пәндерінің бірі болып саналатын қазақ тілі пәні осы факультетте жүргізілетін барлық пәндерге қажет.

1.5 Курстың қысқаша мазмұны: 1-курсқа 161,6 сағат, 2-курсқа 763,1 сағат көлемінде 1, 2 семестрге арналған бағдарлама.

Әлеуметтік қоғамдық пәндердің ішінде жалпы білім беру пәндерінің бірі болып саналатын қазақ тілін оқытудың мақсаты: магистранттардың кәсіби және қарым-қатынас құзіретін қалыптастыру; лингвистикалық, дискурстық және әлеуметтік–мәдени компетенциясын интегративтік негізде қалыптастыру.

Белгілі бағдарлама көлемінде оқытылатын тілдің фонологиялық, грамматикалық, лексикалық құбылыстарын білу және оларды қарым-қатынас және кәсіби әрекеттерінде пайдалануы лингвистикалық құзірет мазмұнына кіреді.

Магистранттардың тіл нормаларын, тіл құралдарын білуі, дағдылануы және оларды сөйлеу түрлеріне (баяндау, сипаттау, монолог және диалог) сәйкес қарым-қатынас және кәсіби әрекеттерінде, мәтіндер мен өз ой-пікірлерін құрастыруда пайдалануы дискурстық компонентке жатады.

Магистранттардың ұлттық тіл құбылыстарының ерекшеліктерін оқытылып отырған тіл құбылыстары мен сол елдерге тән ерекшеліктермен салыстыру әлеуметтік–мәдени компонентті құрайды.

Курс міндеттері сөйлеу әрекетінің: сөйлеу, тыңдау, оқу және жазу сияқты барлық түрлері дискурсты қабылдау мен тудыру (диалогтық қарым-қатынас), медиацияға (арнайы мәтіндерді аудару) байланысты талаптармен анықталады.

Пән бойынша қазақ тіліндегі тәжірибелік курс бағдарламасы төмендегідей тапсырмаларды қамтиды, яғни болашақ магистранттардың білім алуы мен іскерлік талабын қамтамасыз етеді:

- оқу ролінің негізінде сөйлеу әрекеттерінің барлық түрлерін қазақ тілінде іске асыру;

- келешектегі кәсіптік қызметті жетілдіру үшін жоғарғы оқу орнында, жоғары оқу орнынан кейінгі алған білімін және іскерлігін өз бетінше арттыру;

- тілді тұрмыстық, кәсіптік, іскерлік байланыс мақсатында пәнге берілген сағат бойынша лексика-грамматикалық, фонетикалық минимум (ең аз шама мөлшерінде) негізінде меңгеру және тұрмыстық, кәсіби және іскерлік қарым-қатынаста пайдалану.

Магистрант семестрдің соңында өзін таныстыруда, тұрғылықты орнын, айналасындағы адамдарды суреттеуде қолданатын белгілі фразалар мен ілікпе сөздерді күнделікті қарым-қатынас ситуацияларында пайдалана білуі керек және оқулықпен, анықтама материалымен, құжаттармен, мерзімді баспасөз, әдебиеттермен жұмыс істеуге дағдылану керек.

Оқу:

1. Оқу тәсілдерін меңгеру;

2. Оқулық мәтіндерді, жарнамаларды, маңдайша жазуларды, нұсқауларды оқудың дыбыс-графемалық және дауыс ырғағы нормаларын ескеріп, дауыстап және ішінен оқу. Мәтіннің түпнұсқасын түсінуге тырысу;

3. Таныса және зерттеп оқу элементтерін меңгеру;

4. Анықтама әдебиетпен өз бетімен жұмыс істеу.

Жазу:

1. Графика мен орфографияны меңгеру;

2. Диктант, бланктарды, сауалнамаларды және декларацияларды жаза білу.

Тыңдау:

1. Оқытушы мен магистранттың арасында қарым-қатынастың қарапайым деңгейін қамтамасыз ету үшін оқытушының нұсқауларын дұрыс түсіну;

2. Оқылған тақырып көлемінде қазақ тілінде айтылған сөйлемдерді түсіну.

Сөйлеу:

1. Диалог-сұраудың, ақпаратты алуға арналған диалогтің әр түрлі функцияларын меңгеру;

2. Ілікпе фразаларды пайдаланып, әңгімені жалғастыра білу, ақпарат алуды, өзін-өзі таныстыруды, дәлелдеуді, бас тартуды, алғыс айтуды, кешірім сұрауды, ақпаратты анықтауды, қарсы қойған сұрауды, байланыс аяқталғанын білдіретін іскерлік құрылымдарды меңгеру;

3. Монологтық сөйлеуді меңгеру (сипаттау, хабарлау);

4. Басты және жанама ақпаратты белгілеуді немесе мәтінді қысқартуды (компрестей) білу керек.

Курстық сабақтар сіздің алдыңызға қойған мақсаттарға жетуге көмек ретінде жоспарланған:

- қысқаша жазба жұмысы, яғни үй тапсырмасын орындау, құжаттарды толтыруда жазу дағдыларын, мәтінді сыни талдау дағдысын, критикалық оқу және жетілдіруге көмектеседі.

Дәрісханадағы ситуацияларды дамытуда қойылған сұрақтар және алынған жауаптар, талдау дағдысына, сыни оқу дағдысына, сөйлеу дағдысына және құжаттарды толтыруға;

- талдау кейсі қазақ тілінде сөйлеу, ойлау әрекетін дамытуға, лексика-грамматикалық талдауға, сөйлеу үрдісінде өзінің пікірін жалғастыруға серіктесімен өзара талдауға;

- жеке және топтық жобаға қатысу зерттеу жұмысын және презентацияны жүргізу, сол сияқты талдау, дербес ойлау дағдыларын дамытуға көмектеседі.



Жұмыс түрлері және оларды орындаудың тізімі.

а) нақты оқу ситуациялары (Case study) – магистранттарға көптеген ситуацияларды ұсынады, оларды дамытып, сұрақтарға жауап беріп, мәселеге байланысты көзқарасын білдіру және өзінің кейсін жазу;

б) жылдам оқу (Skim) – оқу бағдарламасына (Syllabus) байланысты берілген деректерді оқу;

в) тақырып бойынша шолу жасау (Review) – Интернет, ақпараттық қор және мерзімді баспасөз материалдарынан алынған қосымша деректер мен берілген тақырыпқа 1-2 бет қысқаша әдеби шолу жасау;

г) глоссарий (Glossary) жасау – орыс тіліндегі терминдер және түсініктемелердің қазақ тіліндегі аудармасы мен қысқаша түсіндірме тақырып бойынша орындалады;

д) таныстыру - өзін таныстыруда магистрант кез келген тақырыпты таңдауына болады және кез келген аспект бойынша өзінің түсінгенін немесе түсінбегенін білдіре алады. Таныстыру уақыты – 8-10 мин. Таныстыру бойынша бағаланады: қаншалықты тақырып ашылғаны, аудиторияның көңілінен шығуы магистранттың мәселені қаншалықты кәсіби қарастыруы;

е) аударма сайма-сай, толық, логикалық байланысты, мағынасы бойынша барабар болуы керек;

Талап және нәтиже.

Магистрант өз қызығушылығын жеткізе алу қажет. Барлық тапсырмалар берілген мерзімге дейін орындалуы тиіс.

Тақырыптарды талдап, қажетті сұрақтар қою, мәселелерге сын көзбен қарап, оларды шешу үшін сіз сабаққа жақсы дайындықпен келуге міндеттісіз. Сонымен қатар, курс бойынша өзара жұмыс істеуге, сіз өзіңіздің оқуыңызға жауапкершілік алуыңыз қажет.
1.6 Пән бойынша тапсырмаларды орындау және өткізу кестесі




Жұмыс түрі

Пайдала

нуға ұсыныла

тын әдебиет

тер

Тапсырманың мақса ты және маз мұны

Орын

дау мерзімі

Балдар (рейтинг тік шкалаға сәйкес)

Бақы

лау түрі

Тапсыру уақы

ты

1

Тәжірибелік

сабақтар бойынша ауызша жауап



Ұсыныл

ған әдебиетті тәжірибелік сабақтар

ға дайын-дыққа пайдала-ну


Тәжірибелік сабақтар

жоспары


бойынша

семестр бойы сабақ кестесі

мен оқу жоспарына сай



Әр сабақ

бойынша


ауызша

жауап 20 балл



Ағымдық

(ауызша жауап

пен жұмыс бағаланады)


Тәжірибе-

лік сабақ кестесі мен оқу жоспарына сай



2

МОӨЖ

бағдарламасында қарастырылған тақырыптар

бойынша тапсырмаларды және келесі жұмыс түрлерінде орындау (кейсті талдау, интервью, талқылау)


МОӨЖ

дайындалуға әдебиеттерді пайдалану



МОӨЖ

жоспарына сай



3 семестр бойы сабақ кестесі

мен оқу жоспарына сай



Тәжірибелік сабақтың әр тақырыбының ауызша

жауабына, баяндамаға, рефератқа

15 балл


Аралық

бақылау


МОӨЖ-де

ауызша және жазбаша жауаптарымен жұмыс бағаланады



МОӨЖ сабақ кестесі мен оқу жоспарына сай

3

МОӨЖ және МӨЖ кезінде жазбаша жұмысты дайындау

МОӨЖ және

МӨЖ дайындауға ұсынылған әдебиетті

пайдалану


МОӨЖ және

МӨЖ жоспарына сәйкес



3 семестр бойы

оқу


жоспарына сай

Жазбаша жұмыстың қорытындысын ауызша

қорғауға


20 балл

Аралық

бақылау,


жазбаша жұмысты дайындау және нәтижелерін қорғау бағаланады

МОӨЖ және СӨЖ сабақ кестесі мен оқу жоспарына сай

4

МӨЖ бойынша

(ауызша және


жазбаша жауап, баяндама, реферат, шығарма және т.б.) дайындау

МӨЖ ұйымдастыруға ұсынылған әдебиетті

пайдалану



МӨЖ жоспарына сәйкес

3 семестр бойы

оқу жоспарына

сай


Әр тақырып бойынша

жазбаша және ауызша жауапты (баяндама,

реферат және шығарма) дайындауға 10 балл


Үй жұмысы МОӨЖ МӨЖ, тәжірибелік сабақтарға дайындалу

дың деңгейі бағаланады



Тәжірибе

лік сабақтар оқу жоспарына сай



Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Мамандығына арналған Сұлтанмахмұттану ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Студенттерге арналған оқу әдістемелік кешені
umkd -> ПӘннің ОҚУ Әдістемелік кешені 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған «Ұлы отан соғысы және соғыстан кейінгі жылдардағы қазақ әдебиетінің тарихы (1941-1960)» пәнінен ОҚытушыға арналған пән бағдарламасы
umkd -> «Балалар әдебиеті» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 2013 жылғы №3 басылым 5 в 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті»
umkd -> ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешенінің
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет