ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешені «Жалпы жертану» 5В011600 – «География»мамандығы үшін ОҚУ-Әдістемелік материалдары



бет3/11
Дата11.09.2017
өлшемі4,08 Mb.
#32044
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

Жердің фигурасы мен өлшемдері.

Жердің фигурасы мен өлшемдері жайында бақылаулар мен есептеулер негізінде бірте-бірте түсінік бола бастады. Ежелде Жер туралы түсініктін, дөңесті. диска ретінде кеңінен таралуы адамдардың көргенімен түсіндіріледі, олар горизонт сызығынын дөңгеленіп түрғанын көрген, одан барып кемелердің

біртіндеп горизонт сыртына жоғалғанын, немесе керісінше горизонт сыртынан шығып келе жатқанын байқаған. Біздің эрамыздан жеті ғасыр бүрын Жердің дөңгелек екені белгілі болған, сол кездін өзінде-ақ оны өлшеуге әрекет жасалған. Біздің эрамызға дейінгі IV ғасырда Аристөтель сол кезде Жердін шар

тәрізді екендігі жөніндегі деректерді жинақтап, негізін қалаған. Ал біздін, эрамызға дейінгі II ғасырда Эратосфен Киренский Асуан (Сиена) мен Александрия аралығындағы меридианнын. кесіндісін (доғасын) градусын (бүрыштық қашықтығы) жергілікті жерде өлшеп, меридианнын, бір градусының

ұзындығы 110,6 км тең екендігін есептеп шығарған. Мүның өзі шын орташа өлшеміне (111,2 км) жақын келеді. Содан бері Жердің шар тәрізді екендігі жөнінде жақа дерек Күн тұтылғанда жерді дөңгелене қара көлеңке басып- жердің үстіңгі бетінде жұлдыз аспанының . өзгеруі болатындығын Аристотельдің жүргізген бакылауы дәлелдеп отыр.

Жердің радиусы 6371,7 км тең. Алайда көп үзамаңй Жердің шар еместігі дәлелденді. И. Ньютонның айналып түрған дененің фигурасы міндетті түрде шардан ауытқиды дегені дұрыс болды. Бүл жайында Ришенің сағатпен (1672 ж.) жүргізген белгілі тәжірибесі анықтады, Парижде (48°5Г с. е ) онын. маятнигі Кайендегіге (бб' с. е.) қарағанда тезірек жүрді. Кайендегі сағат Париждегідей жүруі үшін маятникті қысқарту керек болды. Қоңыржай ендіктен экваторлыққа ауыстырған кезде маятниктін, жүруінің бәсеңдеуі осы бағытта оның Жердің центрінен қашықтығының артуынан екендігі анықталды.

Ньютон Жердін, сығылу себебін түсіндіріп қана қойған жоқ, ол оны есептеп шығарды. Ньютонның есебіне қарағанда Жердің полярлық жартылай осі экваторлыққа қарағанда 24 км қысқа болып шықты. : Жер айналмаған жағдайда ғана шар тәрізді болар еді. Онда. бүкіл жер бөлшектері өзара тартылыс күшінің ңәтижесінде жал-пы тартылыс фигура центрінің айналасында біркелкі орналасқан болар еді. Шардың бетінде тартылыс күші барлық жерде бірдей және центрге бағытталған. Бүл тепе-теңдіктің беті. Дене айналған кезде центрден тебу күші пайда болады, ол айналу жылдамдығыньщ квадратына тура пропорционал және айналу осьпен қашықтыққа кері пропорционал Центрден тепкіш күштің бағыты айналу осіне перпендикуляр. Орталықтан полюсте айналу жылдамдығы О-ге тең болса, тепкіш күш те 0 болады; экваторда айналу жылдамдығы көп болса (жер үшін 464 м/сек) тепкіш күш те көп болады.

Центрден тепкіш күш тартылыс күшін азайтады. Осы екі күштің біркелкі әсер етуі ауырлъщ күші деп аталады. Полюстен экваторға қарай салмақ күші азаяды. Полюстерде және экваторда оньщ бағыты радиус бағытымен (яғни фигура центріне)

сай келеді Полюс пен экватор аралығыңда бұл сияқты сай келу болмайды. Беттің тепе-теңдіғі бұзылады, оны қалыпқа келтіруге тырысушылық массалардың зкватор бағытына ауысуын тудырады. Бұл ауысу бет тепе-теңдікке (ауырлық күшін бағытына перпендикуляр) жеткенге дейін созылады. Массалардьщ полюстен «шығып» экваторға «қосылуы» бірінші кезекте беттің тө-мендеуін (радиустың қысқаруын), ал екінші кезекте оның көтерілуін (радиустың ұзаруын) болдырады. Сығылу пайда больш фигура айналу эллипсоидына ауысады. Массаның (ағуы нәтижесінде полюсте бетінен центрге дейінгі қашықтықтың қысқаруы салмақ ' күшін арттырады, экваторда керісінше, ол азая түседі. Полюс пен экватордың арасындағы салмақ күшінің өзгеруі тең, мүнымен бірте массаның ағысына және центрден есептегенде қашықтықтың өзгеруіне кетеді. Жер айналымы жылдамдығыньщ әрбір өзгерісі оның поляр-лық сығылу дәр'ежесіне (массаның ағуы жағдайына байланыс-ты) әсер етуі тиіс. Планеталардьщ фигуралары олардық айна-лу жылдамдығына оәйкес келеді. Осінен айналу жылдамдығын 17 есе арттырған кезде 1,4 сағ. ішінде бір айналса біздің планетамыздыд күл-талқаны шығуы керек. :

Эллипсоидтық айналу — тығыздығы біркелкі тарағ.ан неме-се біртекті дене айналған кезде түзілетін дүрыс фигура. Геоид-ті неміс ғалымы И. Листинг 1873 ж. үсынған. Жер фигурасы-ның нақты шартты аты («геоид» жер т'әріздес). Геоидтің бетінің ауытқуы эллипсоидтың бетінен әрі кеткенде ± 100 м аспайды. Геоид дүрыс геометриялық дене емес. Оньщ формасын анықтау үшің арнаулы елшеулер қажет, ал эллипсоид үшін оның бір ме-ридианының қисығын өлшеудің өзі де жеткілікті.

Геоидтің беті Мүхиттың тыныш жатқан бетіне сай келеді, ал материктерде ол ауырлық күшін өлшеу нәтижесіне қарай шамалас анықталуы мүмкін. Жердің бетіне әсерін тигізетін, ішкі және сыртқы күштёр оның деңгейлік беттен ауңтқуын болды-рады. Олардьщ әрекеті тоқтаған кезде судың беті тез деңгейлік қалыпқа келеді,. ал қүрылық бетінің тегістелуі салыстырмалы баяу келеді. Біз көретін жердің беті сыртқы және ішкі процестердің әрекетімен күрделенген және ол Жердің нақты физикалық бетін құрайды. Ол зллипсоидтын, бетінен кейбір жерлерде бірнеше километр ауытқиды.

Ауырлық күші унемі нақты физикалық бетті тегістеуғе, оны деңгейлік бетпен теңестіруге бағытталған. Алайда геоидтін, беті де өзгеріссіз қалмайды: оған Жердің айналу жылдамдығыньщ өзгеруі және жер массасының қаіта бөлінуі әсер етеді.

Геоид 1 : 298,2. сығылумен эллипсоидқа ете жақын. Оньщ эллипсоидтан ауыт:қуы заңды ақиқат. Оңтүстік полюс облысына қарағанда солтүстік полюс облысындағы геоид эллйпсоидтан 20—30 м жоғары екен. Эллипсоидтан әсіреее қашықтай түсетін экваторлық белдеудің учаскелері: 6—10° б. б., 174—170° ш. б. Осы бағытта геоидтің үлкен экваторлық осі орналасқан." Геоид полярлық қана еыес, еонымен бірге экватор бойымен сығылған г екі ості емес, үш ості эллипсоидқа жақын түратындығы анық-талды.

Жер эллипсоидьщың өлшемдері:

экваторлық радиусы (үлкен жартылай осі) а = 6378,245 км;

полярлық радиусы (кіші жартылай осі) 6 = 6356,863 км;

орташа радиусы = 6371,110 км

меридианның үзындығы = 40 008,550 км; экватордың.ұзындығы = 40 075,696' км жер бетінің ауданы 510,106 км2;

Жердің көлемі = 1,083- Ю12 қм3. .

Жердің фигурасы мен мөлшерін анықтауда жасанды спутниктер зор ррль атқарады.

Осы келтірілген Жер өлшемдері СССР-де қабылданған. Олардың үш ості эллипсоиды Ф. Н. Красовский эллипсоиды атанған.

Жердің фигурасы мен мөлшерінің географиялық маңызы ете зор. Жер фигурасы экватордан полюстерге қарай бағытта күн сәулелерінің жер бетіне түсу бүрышын заңды түрде азайтып отырады. Сол бағытта жер беті қабылдайтын күн энергиясынын, мөлшерінін, азаюы және географиялық қабықтың баеты. заңдылығы — енді зоналылығы сонымен байланысты. Жердің мөлшері географиялық қабықтын, мөлшерін, онда болып жатқан процестердің кеңістіктегі масштабтарын анықтайды.


    1. Жер құрылысы.

Жердің қүрылысы қабықтардан тұрады. Ядронын, төңірегінде қабықтың дұрысқа жақын шеңберлі қабаттары — орналасқан, олардын,әрқайсысының өзіне тән қүрамы мен қасиеттері. бар. Жердің сыртқы газ қабығы — атмосфера, онда барлығы 5,1-1015 т зат (Жердің массасынын, миллиардтай бөлігіне жуық) бар; атмосфераның үстіңгі шекарасы бірден білінбейді. Жердің мөлшерін және орташа тығыздығын анықтаған кезде бүл қабық есепке алынбайды. Жердін сұйық қабығы — гидросфераның 1,4-1018 т массасы бар. Оның орташа қалындығы 4000 км шама-

сында. Жердін, қатты денееінің тікелей бақылауға берілетін тереңдігі 8 км жер радиусымен салыстырғанда соншалықты мардымсыз келеді. Сейсмикалық гравита-циялық, магниттік, электр магниттік, термикалық, ядролық және басқа да зерттеулер мәліметтеріне қарағанда жердің ядросы (жер көлемінін. 1,6% және. массасы 31,5%), оны қоршаған қальң қабығы — мантиясы (Жер-діқ көлемі 83% және массасының 67%), оның бетінде жүқа жер қыр тысы (көлемі 1,2%, массасы 0,5%) бар. Жер қыртысы Мохоровичич бөлімі арқылы мантиядан ажыратылған. Мохоровичич белімі биік таулардың астында 80км тереңдікке түседі, жазықтықтар астында 30—40 км тереңде салыстырмалы бірыңғай орналасады, мүхит түбінде 10 км-ге дейін көтеріледі. Орташа жер қыртысының қалыңдығы қонтиненттермен салыстырғаңда мұхит астында бес есе аз. Мұхиттың және континенттік қыртыстың айырмашылығы бір ғана қалыңдықта емес. Мұхит қыртысы екі қабатты: қүрамы базальтқа жақын (ортаща тыыздығы 2,85 г/см3 жуық тау жынысы қабаты, оның бүкіл дерлік беті шегінді жыныстармен жамылған. Қонтийенттік қыртыста базальтты қабатпен шөгінді жыныстар арасында гранитті қабат бар, яғни ол үш қабатты.



Мантия — Мохоровичич белімінен төмен 2900 км тереқдікке дейін орналасқан. Ғалымдар мантиянық температурасы бетінде 100—150° С-тан ядронын, шекарасында 3800° С-қа, дейін деп болжайды. Заттьщ тығыздығы тереңдеген сайын үздіксіз еседі: 3,5 г/см3-ден 5,2 г/см3-ке дейін.' Жоғарғы мантияда континенттің астындағы 100—200 км, мүхиттьщ астындағы 50—60 км терең-7дікте астеносфера (әлсіз сфера) ж.атыр. Астеносферада темпе-ратура балқу температурасына жақын, бірақ үлкен қысым заттың балқуына мүмкіндік бермейді. Бұл зат өте түтқырлы болғандықтан қысымньщ салдарынаң баяу ағуы да мүмкін. Астеносферадан жоғары жатқан қабаттар: мантияның кристалды жыныстардан түзілген ең жоғарғы бөлігі мен ж,ер қыртысы қосылып литосфера (тасты сфера) деп аталады. Жарылулар ар-қылы плиталарға бөлінген литосфера «аққан» астеносферамен бірге жылжуы мүмкін. Жарықтар бойымен плиталарды жылжыта отырып, астеносфера заттары кейбір жерлерде жер бетіне көтеріледі.

Жер ядросының (радиусы 3500 км шамасы) тығыздығы 12,3 г/см3, температурасы 4000—5000° С, қысьшы 3,6 млн. атм. Ядро бөлінеді: сыртқы ядро, аралық зона және радиусы 1280 км. ішкі ядро. Сыртқы ядросьі сүйық, ішкісі қатты деп болжанады. Күн системасынын, барлық планеталары сияқты түзіліп Жер үздіксіз дамып отырды: заттары өзгерді, араласты, оған қабаттар пайда болды. Бүл процестер аяқталған жоқ. Олар зор мелшерде энергия шығарып және жүтып отырғанда жүріп жатады. Жердің ішінде энерғия радиоактивті элементтердін, ыдырауынын, нәтижесінде бөлінеді, Жердід ааттарыыың тығыздалуы, оньщ сығылуынан гравитацияланады. Бүл ядролық әнергия, деформацияланған атом энерғиясы болуы мүмкін. Осы энергияның есебінен Жердін, ішкі бөлігінде жоғары температура болады. Жылына жердің 2-1020 қал мелшерінде жылуы оның беті арқылы кетіп жатады, Бір жыл ішінде жердін бетіне түсетін күн жылуыньщ мөлшері оның небары 1/1000-і геогра-фиялық қабыққа түседі, ол тек жоғарыдан ғана емес төменнен де келеді, бұл онда болып жатқан процестер үшін өте маңызды. Жердің тартылыс күші заттардын. тығыздығына планета массаеына байланысты. Егер Жердің массасы аздау болса ол қазіргі бар газ бен су қабықтарын ұстап тұра алмаған болар еді. Оның массасы зорырақ болса, ол сутек, метан сияқты газдарды көп мөлшерде ұстап тұрар еді және атмосфераньщ құрамы мен қалыңдығы да басқаша болар еді.

Жердің қабықтық қүрылысы, планетаның сыртқы бөлігіндегі қабықтардың әр түрлі құрамдағы заттарының бір-бірімен жанасуы және өзара сіңісуі, мөлдір атмосфера арқылы күн сәу-лелерінін, олардың контакт қабатына енуі комплексті қабықтьщ пайда болуына жағдай жасады, мұнда жаңа компонент ретінде тіршілік туып, дами түсті.



3. Жердің қозғалысы және оның салдары

Жер бір уақытта талай қозғалыстарға қатысады. Ол өз осінен айналады. Күн маңымен айналады, Айменен ортақ және бүкіл Қүн системасымен ортақ ауырлық центрінін, төңірегінде, Кун системасы қүрамында Галактика ядросы маңында қозғалады, бүкіл Талактикамен бірге Әлем кещстігінде айналады. Бірақ жерде болып жатқан процестерге тигізетін әсері жағынан бастысы — біздің планетамыздьщ осьтік және орбиталық қозғалыстары. Бүкіл қозғалыстар бір уақытта болатындықтан, олардың тигізетій әсері шатысьш жатады.

Жердің осінеи айналуы. Егер Жерге солтүстік полюс жағы-нан қарайтын болсақ, Жер батыстан шығысқа қарай сағат стрелкасына қарама қарсы айналып, 23 с 56 мин ішінде өз осінен толық айналып шығады. Жердің барлық нүктелерінің айналу бүрыштық жылдамдығы бірдей (15°/сағ). Айналудың сызықтық жылдамдығы жердің тәуліктік айналу периоды ішінде нүктенің өтетін қашықтығына байланысты. Жердің бетіндс осьтің шығуын беййелейтін нүкте ғана — географиялық полюстер (солтүстік және оңтүстік) қозғалмайды. Экватор сызығын-дағы нүктелер үлкең жылдамдықпен (464 м/сек) айналады. Экватор — екі полюстен бірдей қашықтықта, айналу осіне пер-пендикуляр жазықтық Жерді қиюынан пайда болған үлкей шеңбер. Егер Жерді ойша экваторға параллель жазықтықтармен қиятын болсақ, жер бетінде батыстан шығысқа созылған сызықтар — параллельдер пайда болады. Параллельдердің ұзындығы экватордан полюскеқарай қысқарады, соған сай олар айналғанда сызықтық жылдамдық та азаяды Бір параллельдегі барлық нүктелердің айналуьша сызықтық жылдамдығы бірдей.

Жердің айналу осі арқылы Жерді жазықтықтармен қиятын болсаг оның бетінде солтүстіктен оңтүстікке қарай бағытта сызықтар — меридиандар (латынша — тал түстік) пайда болады. Бір меридиандағы бүкіл ңүктелердің айна-луының сызықтық жылдамдығы әр түрлі және ол экватор-дан полюске қарай азаяды..

Жердің өз осінен айналуына тербелу маятнигімен жасалған белгілі тәжірибе (Фуко тәжі-рибесі) айқын дәлел бола алады.

Механика заңы бойынша кез келген тербелу денесі тербелу жазықтығын сақтауға тырысады. Еркін ілініп қойылған тер-

белу маятнигі тербелу жазықтығын езгертпейді, мүнымен бірге, егер Жер бетінде осындай маятниктің астына белу белгілері бар шеңбер орнататын болса, онда осы шеңберге қарағанда, жердің бетіне қарағанда маятниктің тербелу жазықтығы өзгеретінін көреміз. Бүл тек қана маятниктің, астындағы жер бетінің айналатын жағдайында болуы мүмкін, Полюстерде маятниктін, тербелу жазықтығы-нын, өзгеруі сағатына 15° болады.

Жердін, осінен айналуының өте маңызды салдары бар. Жер айналғаң кезінде, планета фигурасы қалыптасуында әсерін ти-гізетін центрден тепкіш күштің ролі, оның ауырлық күшін түзу-дегі маңызы жайыйда жоғарыда қарап өтілді.

Жер айналымының ауытқыту әрекеті. Жердің осінен айна--луыньщ маңызды салдарының бірі — олардың қозғалысыньщ бағытынан дене ауытқыған тәрізді көрінуі. Инерция заңы бойынша кез келген қозғалушы дене дүние кеңістігіне қарағанда қозғалыс бағытын (және жылдамдығында) сақтауға тырысады. Егер қозғалыс жылжып.бара жатқан бет үстінде, яғни қазіргі жағдайда, айналған жерде болса, осы үстіңгі бетпен байланысты бақылаушыға, деңе өз қозғалысының бағытын ауыстырған тәрізді көрінеді. Шындығыңда ол ешқайда бұрылмастан белгілі бағыты бойынша қозғалады, оның астындағы беті жанына «кетіп» бұрылады. Жер айналымьшың ауытқу әрекетін Кориолис күші деп атайды.

Кориолис күші дене қозғалысына әр уақытта перпендикуляр бағытталған, егер айналым сағат стрелкасьша қарсы болса қозғалыс бағыттан оңға қарай, ал сағат етрелкасы бойынша б.олса, солға қарай бағытталған. Бұл күш дене қозғалысының жылдамдығына байланысты; қозғалыс тездеткен сайын ауытқу кө-бейе түседі. Егер дене қоз-ғалысыньщ бағытьі айналу осі бағытьшен дәл келетін болеа, ауытқу 0-ге тең. Ай-налу оеі мен дене қозғалы-сы бағытында бұрыш ұлғайған сайын ауытқу өсе түсе-ді. Айналу осіне қозғалыо перпеңдикуляр болғавда ауытқудьщ максимумы болады. Кориолис күші дене к,озғальісы'бет бойьшен бол-ғанда да, қүлап түскенде де әсерін тигізеді.

Полюстерде ғана дене еш-қайда ауытқымай тік түседі: оның қүлау бағыты жер осінін, бағытымен дәл келеді, Экваторда қүлаған дененін, қозғалу бағыты осьтің бағытына перпендикуляр, сондықтан да ауытқу көбірек болады. Өйткені, Жер ба-тыстан шьіғысқа қарай айналады, құлаған денелер шығысқа қарай ауытқуы тиіс.

Дене қозғалысы горизон-тальды жазықтықта болеа, ауытқудьщ максимумы кері-сінше полюстерде, ал минимумы экваторда болады. Солтүстік жарты шарда ауытқу оңға, онтүстікте — солға (егер оңтүстік полюс жағыкан қараса Жер сағат стрелкасы бойынша айнала-ды). Бүл меридиандар және параллельдер бойынша дене қозғадыстарының кез келген бағытында да дұрыс болады..



Уақыт. Жердін, осімен айналу периоды — тәулік — уақыт өл-шеудін, табиғи бірлігі. Біз жердің осімен айналуын сезбейміз, бірақ аслан күмбезінің бізге көрінетін қозғалысы бойьнша біз оны бақылай аламыз. Сондықтан да күн тәулігін қандай да болмасын жұлдыздың (жұлдыз тәулігі), немесе Күннің (нақты. күндік тзулік) екі кульминациялары арасыңдағы орташа уа-қытпен өлшеуге болады. Нақты Күндік тәуліктердің ұзақтығы әр түрлі болады (Жердің Кун төңірегінде ауысу жылдамдығы біркелкі еместігін еске түсіріңіз) және ол дәл уақытты өлшеуге жарамсыз. Практика мақсаты үшін орташа күндік тәуліктері қолданылады. Орташа күн уақыты — ойша алынған нүкте ор-таша Қүнмен өлшенеді, ол біркелкі ауысып, яғии жыл ішінде толық айналып жасайтын периодты нақты Күнді белгілейтін нүкте. Орташа күндік тәулік —орташа күн уақытының 24 саға-ты. Тәуліктщ бастамасы болып орташа Қүннің төменгі кульми-иация моменті, яғни түн ортасы алынады.

Тәулік барлық меридианда бір уақытта басталады. Әрбір меридианның өзіндік жергіліктіуақыты бар, ол шығысқа қарай орналасқан сайын, онда соғүрлым жаңа тәулік ерте басталады Жер айналасында әрбір сағат сайын 15°-қа бүрылады; сондықтан бір-бірінен 15° қалып қойған меридиандарда жергілікті уақыт 1 сағат айырма жасайды. Егер меридиандардың аралық қашықтығы 1° болса, уақыт айырмашылығы 4 мин. болады.



Дүние жүзілік уақыт ретінде бастапқы меридиан (гринвичтік) уақыты алынған. Жергілікті уақытты дүние жүзілікке болмаса керісінше келтіру үшін нүктенің бастапқы меридианнан бұрыштық қашықтығын — оныңбойлығын — білу керек. Дүние жүзілік уақыт астрономияда пайдаланылады, ал ол нақты өмірде қолданылмайды. Жергілікті уақыт көршілес пункттердің уақыттарының әр түрлі болуынан қолайсыздық туғызады, Сондықтан да XIX ғ. өзінде бүкіл Жер бетін әрқайсысы 15° есебімен 24 сағаттық бел-деуге бөліп бвлдеулік уақыт жүзеге асырылды. Белдеулік уақыт сол белдеудегі орта йеридиан бойынша есептелінеді Белдеу шекарасынан асқаң кезде уақыт 1 с. өзгереді.

Бастапқы немесе нольдік белдеуде гринвич меридианы уақыты болады, ол белдеуді қақ ортасьшан беледі. Бірінш белдеудің уақыты бастапқысының уаіқытынан 1 с, екінші 2 с және с. с. Айырмащылық болып отырады.

Белдеулердің шекаралары меридиандар бойынша емес, саяси, шаруашылық және басқа да шекаралар (сағаттық поястар картасын қараңыз) бойынша жүргізілді.

Совет Одағында тәулік ішінде электр қуатын бірқалыпты жұмсау және кешкі сағаттарда электр ,станциялардың артық жұмыс істеуш болдырмау мақсатында 1930 ж. үкімет декретімен сағат стрелкасы бір сағат алға жылжытылды. Сол себепті СССР территориясының бүкіл сағаттық белдеулерінде белдеудің шығыстағы келесі уақыты сияқты сағат бір сағат алда жү-реді. Бұл декрет уақыты саналады. Егер батыстан шығысқа ауысқан жағдайда, әрбір сағат белдеуінде сағатты жергілікті (белдеулік) уақыт бойынша, яғни олардың стрелкасын бір сағат алға жылжытатын болса, жер шарын айналған саяхаттын, аяғында ол 24 сағатқа алға жылжытқан болып есептелінеді, сөйтіп артық тәулік «пайда» болады. Шығыстан батысқа ауысқан жағдайда сағат стрелкасын кейін жылжыту керек, сонда саяхат аяғында бір тәулік «жоғал-тылған» болып табылады. Жүзу және үшу кезінде тәулік есебі дүрыс болуы, үшің шартты сызық — даталардың ауысу сызығы белгіленді, моряктар мен үшқыштар оны басьш өткенде бір тәулікті шығарып тастайды (бір сан), немесе батыстан шығысқа болмаса .шығыстан батысқа, бағытына қарай бір санды екі рег санайтын болады.

Күн мен түннің ауысуы. Жердің өз осінен айналуы жер бетінде шығыстан батысқа қарай күн жарығының ауысуын — күн мен түннін, ауысуын тездетеді.

Егер жер осі орбита жазықтығына перпендикуляр келетін болса жарық бөлетін, жазықтық (жерді жарық және көлеңке бөліктерге бөлетін жазық) барлык ендікті тең екі белікке бөлген болар еді де, барлық ендіктерде күн мен түн әр уақыіта бірдей тең келер еді.

Жердің осі орбитасыньщ жазықтығына көлбеу жағдайда күн мен түн бүкіл ендіктерде тең болу үшін, жер осі жарық бөлетін жазықтықта жатуы тиіс және жарық бөлетін сызық жарық бөлетін жазықтық (жер бетін кесіп еткенде пайда болған сызық) географиялық' полюстер арқылы етуі қажет. Жер осінің солтүстік шеті Күнге келбеу келгенде жарық бөлетін жазықтық жердің осін Жердің центрінде қиып өтіп, Жерді төмендегідей екі жартыға беледі, солтүстік жарты шардьщ үлкен бөлігіне жарық түседі де, ал кіші бөлігі көлеңкеде қалады. Оңтуетік жарты шардың, керісінше үлкен бөлігі келеңкеде болады. Егер Жердің осі оңтүстік шетімен Қүнге көлбеу келсе онтүстік жарты шарға, солтүстікке қарағаңда, жарық көп түседі. Жарық бөлетін сызық мұндай жағдайларда географиялық полюстер арқылы өтпейді.және бүкіл ендіктерді (0° басқасын). жарық және көлең-ке етіп тең емес екіге бөледі, күн мен түн, экватордан басқа, барлық ендіктерде тең емес. Күнге қар.ай көлбеу жарты шарда, күн түннен үзағырақ та, ал оған қарама-қарсы жарты шарда, керісінше, түн үзақ болады. Жарық бөлетін сызық кесіп өтпей-тіи ендіктерде және олар түгелімен Жердің жарық түскен неме-се жарық түспеген жағында, шамалы уақыт тұрып қалса, осы мерзім ішінде (полюстерде жарты жыл болғанға дейін) күн мін түнніқ ауысуы бол-майды.

Жердің Күнді айнала қозғалуы. Егер күн мен түннің ауысуы Жердің осінед айналуымен, ал олардық тең еместігі осінін, орбитаға көлбеулігімен анықталатын болса, экватордан басқа барлық ендіктерде күн мен түннің үзақтығыньщ үздіксіз өзгеруі — планета. Күнді айнала қозғалғанда жер осінін, езгеріссіз дерлік жағ-дайда тұратындығынын, нәтижесі.

Жер эллипстік орбита бойынша көрсетілген Күнді айнала қозғала ды, мүнымен бірге күнге дейін қашықтық афелийінде (5 июль) 152 млн. километрден перигелийінде (3 январь) 147 млн. километрге дейін өзгеріп түрады. Жер орташа 29,8 км/сек жылдамдықпен бүкіл орбитаны — 940 млн. километрді 365 тәу. 6 сағ. 9 мин 9,6 сек. айналыд өтеді. Бүл аралық жүлдыз жылы (сидерикалық) деп аталады.

Күнді айнала Жердің лшлдық қозғалысын аспанда Күннің орныньщ^үздіксіз өзгеруібойынша бақылауға болады; күннің тал түстегі биіктігі (әр түрлі( ендіктерде біркелкі емес) және оньщ шығу және бату жері өзгеріп отьтрады. Күннін. кезге кері-нетін жылдық жолы — аспан сферасында жасалатын үлкен шеңбер — эклиптика жер орбитасы жазықтығыньщ аспан сфе-расындағы қимасы болып табылады. Ол жердін, экватор жазық-тығыньщ аспан сферасымен қиылысқан сызығы — аспан экваторына 23°27' бүрышпен көлбеу. Эклиптика аспан экваторын Күн бір жарты' шардан екініііі жарты шарға ауысқан кезде көктемгі және күзгі күн теқесуі нүктелерінде кесіп өтеді.

Жыл мезгілдерінің ауысуы. Кеңістікте жер осінің белгілі (көлбеу) жағдайда Жердін, Күнді айнала қозғалысыньвд салдары — жыл мезгілдерінің ауысуы. Жъы мезгілдерінің ауысуын қараумен бірге Жердің өз осінен және Күнді айнала қозғалысы-ның тағы бір әсерін «комбинаңиясын» — күн мен түнніц тең еместігін және олардың ұзақтығының өзгерісін қарамауға бол-майды.

Солтүстік жарты шарда агроңомиялық жаздың басталуы 22 июнь (жазғы күн тоқырауы) болып саналады. Бүл уақытта оңтүстік жарты шарда астрономиялық қыс басталады. Жазғы күн тоцыраған күні Жер афелийге жақын болады. Жердің осі солтүстік шетімен Қүнге көлбеу болады және талтүсте күн сәулесі 23°27' ендікке — Солтүстік тропикке тік түседі. Бұл күні Қүн солтүстік жарты шардың барлық- ендіктерінің аспанында жылдыд ең жоғары биігінде тұрады. 66°33' с. е. (Солтүстік по-лярлық шеңберден) солтүстіктегі, ендіктер толығымен Жердің жарық түскен жартысында қалады, Мүнда Қүн горизонттан әрі .жалпы батпайды. Солтүстік полярлық шеңбер мен экватор аралығындағы барлық ендіктерде күн түннен ұзағырақ болады. Жазғы күн тоқырауы Күні солтүстік жарты шарда жарық түсуінің жыл іщіндегі ең көбі.

Оңтүстік жарты шарда жазғы күн тоқырау күні Күн гори-зонттан өте төмен тұрады. 6б°33' о. е.-тен (одтүстік полярлық шеңберден) —оқтүстікте полярлық түн болады, ол солтүстік жарты шардың сол ендіктеріндегі полярлық күннің үзақтығы-мен сай келеді. Оңтүстік полярлық шеңбермен экватор аралық-тағы оңтүстік жарты шардьвд барлық ендіктерінде күн түннен қысқа болады. Оңтүстік жарты шарда, жарық түсуінің жыл ішіндегі' ең азы.

Орбита бойынша үздіксіз жылжып отырып, Жер 23 сентябрьде қалпында тұрғанда, жарық белетін сызық географиялық по-.люстер аркылы етедідебүкіл Жердекүнмен түн теңеледі. Бүл күзгі күн теңелуі күні. Екі жарты шарда (солтүстік және оңтүс-тік) жарық бірдей түседі. 23 сентябрь — солтүстік жарты шарда аатрономиялық күздің басталуы да, ол оңтүстікте астрономия-лық көктемнің басталуы. -

Қысқы күн тоқырау күні, 22 декабрьде, Жер перигелийге жақын келеді. Күнге оңтүстік жарты шар қараған кезде, онда астрономиялық жаз басталады, ол солтүстік жарты шарда аст-рономиялық қыс орнайды. Оңтүстік тропикте (23°27' о. е.) тал-

түсте күн сәулелері тік түседі.

Оңтүстік полярлық шеңбермен (66°33' о е.) шектелген Оңтүстік полюс маңы облысында Күннің көзі батпайды; солтүстік жарты шардың сол сияқты облысында Күн шықпайды. Оңтүстіқ жарты шарда жыл ішінде жарық тү-суінін. ең көбі, солтүстікте ен, азы болады. 22 июньдегідей эква-торда ғана күн мен түн теқеседі.

Көктемгі күн теңелуі күні — 21 мартта Күн Жерге 23 сен-тябрьдегідей жарық береді; ол экваторда зенитте түрады және барльщ ендіктерде күн мен түн теңеледі. Солтүстік жарты шар-да астрономиялық көктем; оЕтүстікте күз түседі).

Жер орбита бойынша әр түрлі жылдамдықпен қозғалады . Ол Күнге бәрінен де жақьга келген, периодта, оның қозғалыс жылдамдығыньщ ең кебі (30,3' км/сек). Жердің Афелййді өткен кездегі жылдамдығы (29,3 км/сек), ең азы. Бұдан шығатын қорытынды, бүкіл жыл мезгілдерінің ішінде солтүстік жарты шарда ең үзағы жаз да, еқ қысқасы қыс болады, ал оңтүстік-те — керісінше. Қазіргі уақытта солтүстік жарты шарда көк-тем 92,8 тәулікке, жаз 93,6, күз — 89,8, қыс — 89,0 тәулікке со-зылады.


Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Мамандығына арналған Сұлтанмахмұттану ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Студенттерге арналған оқу әдістемелік кешені
umkd -> ПӘннің ОҚУ Әдістемелік кешені 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған «Ұлы отан соғысы және соғыстан кейінгі жылдардағы қазақ әдебиетінің тарихы (1941-1960)» пәнінен ОҚытушыға арналған пән бағдарламасы
umkd -> «Балалар әдебиеті» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 2013 жылғы №3 басылым 5 в 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті»
umkd -> ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешенінің
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет