Сабақтың мақсаты: Білімділік: Оқушыларға тіршілік қабығы биосфера туралы,оның шекаралары туралы білімдерін кеңейту



Дата04.11.2019
өлшемі40,38 Kb.
#51148
түріСабақ
Байланысты:
Биосфера жоспар
Биосфера жоспар, «Мені рдастарым» жобасы Жобаны бірінші кезе і (1)
«Биосфера» сабақ жоспары

Орынлаған: ББб-2017-1 тобының студенті Ибадулла Айдана

Сабақтың  мақсаты: 

1.Білімділік:Оқушыларға тіршілік қабығы биосфера туралы,оның шекаралары туралы білімдерін кеңейту.

2.Дамытушылық:Оқушылардың  сөйлеу, ойлау ,есте сақтау шеберліктерін қалып тастырып пәнге деген қызығушылықтарын арттыру.

3.Тәрбиелілік:Оқушыларды қоршаған ортаны қорғауға,ұтымды пайдалануға , отансүйгіштікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Көрнекілігі: Интерактивті тақта ,үлестірмелі қағаздар,суреттер.

Пәнаралық байланыс: Экология,Биология

Сабақтың барысы :  

I.   Ұйымдастыру

II.  Үй тапсырмасын сұрау

III. Жаңа сабақ

IV. Бекіту

V   Қорытынды

I. Ұйымдастыру

1.Амандасу

2.Түгендеу,белгілеу

3.Оқушылар назарын сабаққа аудару.



II.Үй тапсырмасын сұрау.

  1. I. деңгейлік тапсырма.Ауызша сабақ сұра

  2. II. деңгейлік  тапсырма.Семантикалық карта      

  3. III. деңгейлік тапсырма. Топтастыру стратегиясын қолдану.

III.Жаңа сабақ

Жоспар

  1. Биосфера дегеніміз не?  Биосфераның шекаралары.

  2. Ағзалардың өзара байланысы? Биоценоз.

Биосфера

Биосфера – грекше биос - өмір және тіршілік, «Sphaira» (сфера) шар, қоршаған орта деген сөздерінен алынған, яғни жер шарындағы адамзаттың жан-жануарлардың, өсімдіктердің және басқа тірі организмдердің тіршілік ететін ортасы деген мағына береді.

Бұл терминді 1875 жылы бірінші рет Австрияның атақты геологы Э. Зюсс ғылымға енгізді. Бірақ биосфера және оның жер бетінде жүріп жатқан процестері туралы ілімнің негізін салған академик В.И. Вернадский болды. Осы ілім бойынша, биосфера +50 %-дан – 50 % -ға дейін температурасы болатын термодинамикалық қабат болып саналады.

Биосфера — Жер бетіндегі тіршілік кабаты болып саналады. Ол гидросфера қабатын түгелімен, атмосфераның төменгі бөлігін және жер қыртысыньң жоғарғы бөліктерін қамтиды.

Атмосфера жер шарын түгелден орап тұрады. Ол гректің «atmos» - бу, «sphairi» (сфера) сөзінен шыққан. Оның қалыңдығы 100 км-ге дейін жетеді. Атмосфераның негізгі құрамында оттегі (20,95 %), яғни 1,5 * 1015 тонна аргон (1,28 %), азот (75,50 %), яғни 3,8 * 1012 тонна және басқадай газдар кездеседі. Тропосфера – грекше «tropos» (тропос) – бұрылысы, «sphaira» (сфера) – шар. Өзгермелі қабат деген мағына береді. Жер бетіне тікелей жайласқан төменгі тығыз қабаты. 


Стротосфера – латынша «stratum» - төсем, тағы сондай сияқты теңіз деңгейінен 9-11 км жоғары жататын атмосфера қабаты. Гидросфера – табиғи су қоймаларынан (мұхиттардан, теңіздерден, көлдерден, өзендерден) құралады. Бұл құрлықтың 70 % алып жатырЛитосфера – жердің қатты қабатыЖоғарыда айтылғандай минералды қабаттардан басқа, жерді ерекше тағы бір қабат – биосфера қоршап тұрады. Ол тірі органимдер тараған аймақтардың бәрін қамтиды. Биосфераның пайда болуымен бірге, жер бетінде тірі организмдер өсіп-өніп, сыртқы қоршаған ортаның эволюциялық дамуына сәйкес Бактериялар атмосфералардың азон қабатында да өсіп-өнеді. Биосферада мол кездесетін микроорганизмдер жер бетінен 50-70 метрге дейінгі биіктікке ғана тарайды

Биоценоз – тірі организмдердің жануарлардың, өсімдіктердің, саңырауқұлақтардың, микроорганизмдердің,бір жерде бір-бірімен өзара байланыста тіршілік ету жағдайын айтамыз.

Биоценоз деген атауды немістің ғалымы Карл Мебиус 1877 жылы Солтүстік теңіз устрицларын зеріттегенде ең бірінші болып ғылымға енгізген еді.

IV.Бекіту

Ой толғау (шығармашылық жұмыс)

1. Биосфера қабығының маңызы

Сәйкестікті табу

V.Қорытынды. Сонымен қоршаған ортаны қорғау әрбірімізге парыз.



Табиғатқа, 
Тартпай қоймас - Адамдар, 
Суда балық, 
Көк жүзінде қыран бар. 
Жеңе алмайды, тірліктегі - бірлікті 
Ашылса да алты алауыз - арандар! 

VI.Үйге тапсырма:      

VII.Бағалау

Биосфера (гр. биос—тіршілік, өмір, гр. сфера — шар) — бұл ұғым биология ғылымына XIX ғасырда ене бастады. Ол кездерде бұл сөзбен тек жер жүзіндегі жануарлар дүниесі ғана аталатын. Кейінгі кездерде биосфера геологиялық мағынада да қолданылады. 1 слайд

Биосфера- жердің тіршілік қабаты. Географиялық қабық-литосфера, гидросфера, атмосфера, биосфераның өзара әрекеттесуі. Биосфераны ғылымға 1875ж Зюсс енгізді. Биогеография-организмнің географиялық таралу заңдылықтарын зерттейді. Биоценоз-өсімдіктер мен жануарлардың майда ағзалардың бірлестігі. Географиялық қабық- жекелеген табиғат кешенінен тұрады. Табиғат кешені-табиғат компоненттерінің ұштасуы. Табиғат компоненттеріне топырақ, өсімдік, жануар т.б жатады. Ең ірі табиғат кешені-географиялық қабық немесе материктер мен мұхиттар. 2 слайд

Табиғат зонасы-температурасы,жауын-шашыны, өсімдігі, жануары, топырағы өзара ұқсас ірі табиғат кешені. Табиғат зонасы 2 бағытта өзгереді: 1.Ендік зоналылық-табиғат зонасының ендік бағытта экватордан полюстерге қарай алмасып келуі. 2. Биіктік белдеулік-табиғат зоналарының тауларда биіктікке байланысты ауысып келуі. Биіктік белдеулерінің саны таулардың географиялық орнына және биіктігіне байланысты, 3 слайд

Биосфера — тірі азғалар өмір сүретін жер қабаты. Жер бетінен 10—15 км биікке көтерілгенге дейінгі және 2— 3 км құрғақтан немесе мұхиттардың 10 км түбіне дейінгі жерде азғалар тіршілік етеді. Бұл терминді 1875 жылы бірінші рет Аустрияның атақты геологы Э. Зюсс ғылымға енгізді. Бірақ биосфера және оның жер бетінде жүріп жатқан процестері туралы ілімнің негізін салған академик В.И. Вернадский болды. 4 слвйд

Биосфера бірден пайда болған жоқ. Ол өте көне заманнан бері қарай күні бүгінге дейін біртіндеп дамып келеді. Биосфераның ертеден бері қарай құралып келе жатқанын дәлелдейтін палеонтологиялық материалдар қарапайым тірі ағзалардың қалдықтары жер қыртысының әрбір қабаттарынан табылады. 5 слайд

6 слайд Биосфераның ең бірінші заманы Архей деп аталады. Бұл кезде биосфера қандай жағдайда дамығаны және қандай тірі азғалар болғаны туралы ешқандай деректер жоқ. Протерозой эрасы – биосфераның екінші дәуірі боп есептеледі. Бұл заман 700 млн жыл бойына созылған.

7 слайд Ауа райының бір мезгілде кенет өзгеруі өсімдіктер эволюциясында жаңа ароморфоз пайда болуына себеп болды. Бұларда көптеген жаңа прогрессивті белгілер жетіле түсті. Мәселен, аналықтың, сондай-ақ жеміс дамитын жотынның болуы, қосарлы ұрықтану, гүлдің пайда болуы және тағы басқа.

8 слайд Кайназой эрасы бұдан 70 млн жыл бұрын басталған. Осы уақыттан бері барлық эралар бойынша қазіргі кезден флораның қалыптасу процесі жүрді. Кайнозой эрасы екі дәуірге бөлінеді. Ол үштік және төрттік кезеңдер. Үштік дәуірде тау құрылу процесі дами түсті. Жер бетіндегі ең биік Альпы-Гималай таулары пайда болды. Осы кезде Қара теңіз бен Жер Орта теңіздері оқшауланып өз алдына бөлініп қалған.
1.  Жаратылыстану  қандай   ғылымдардың  жиынтығынан  тұрады?

2.Табиғатты  бақылаудың  қандай  әдістерін  білесің?

3. Табиғаттанушыларға  (натуралистерге)  арналған  сегіз  қағиданы   ата.

4.  Күн жүйесіне енетін  ірі ғаламшарларды ата.

5.  Сіз  білесіз бе?  Жер  шарының  солтүстік  және  оңтүстік  полюстерінде

     кімдер бірінші болған?

6.  Галактикалық  жыл  деген  не?

7.  Ғарыштық кеңістік дегеніміз не?

8.  Жаратылыстанушы ғалымдарды атап, олардың ашқан жаңалықтарын ата

9.  Күн сәулесі жер бетіне қалай түседі? Жер өз осінен айналғанда қандай

      өзгерістер болады?

 10. Ғарышты зерттеген қазақстандық және шетелдік ғарышкер атаңыз?

11. Ертеректе  Жердің  даму тарихында  материктер  мен  мұхиттардың саны.

12. Тау  жыныстары  дегеніміз  не?  Шығу тегіне қарай тау жыныстарының

      типтерін  ата.

13Кен деп нені айтады? Қандай түрлерін білесің? Қара металл кендерінен қандай металдар қорытылып алынады?

14.Топырақ қабаттары және топырақты өңдеу, тыңайту жолдары.

15. Су туралы қазақ халқының қандай аңыз-әңгімелерін білесің?

16. 1 тонна бидайды өсіру үшін қанша тонна су қажет?

17.Ауа райы және климаттың бір-бірінен айырмашылығы .

18. География ғылымынң атасы кім?

19. Жетісу, Ыстықкөл аймағының фаунасы мен флорасын зерттеген ғалым.

20. Жалпы ғылымдарды неше топқа білеміз.

Жауаптар:

1. Жаратылыстану – география, биология, физика, химия, астрономия,

    экология ғылымдарының жиынтығы.

2. Табиғатты оқып үйренудің негізігі үш әдісі бар. Олар : бақылау,  тәжірибе

    жасау (эксперимент), өлшеу.

3. Табиғаттанушыларға  (натуралистерге)  арналған  сегіз  қағида. Олар:

    шыдамдылық, қырағылық (байқампаздық), нақтылық, топтасып жұмыс

   жасау, қолжазба, колллекция жинау, бақылау дағдысы, қорыту, саралау,

   сұрақ қою.

4.Күн жүйесіне тоғыз ғаламшар кіреді – Меркурий. Шолпан, Жер, Марс,

    Юпитер, Сатурн, Уран, Нептун, және Плутон.

5.Жер шарының солтүстік полюске 1909 жылы ғана американ поляр

   Зерттеушісі Р:Пири алғаш ту тікті. Ал оңтүстік полюке барған Р. Амундсен

    одан бір ай қткен соң Р:Скотт экспедициясы жетті.

6. Галактика деп жеке жұлдыздар тобын айтамыз. Күн де басқа жұлдыздар

   сияқты Галактиканың орталық нүктесінен шамамен 250 миллион жылда

    айналып өтеді. Бұл уақытты Галактикалық жыл деп атайды.



  1. Ғарыштық кеңістік дегеніміз – әртүрлі пішінде қалыптасып, жер

     атмосферасынан тысқары жатқан өзіндік жұлдыздарары,  ғаламшарлары,

    астероидтары, кометалары мен шаң-тозаңды газдары бар ғаламшарлар,

    жұлдыз,  галактика  аралық  бос  кеңістік.

8. Герард  Меркатор  алғаш  болып  дөңгелек  жерді  тегіс  картаға қалай

   түсірудің жобасын жасады. Галилео Галилей 32 есе ұлкейтіп көрсететңн

   телескоппты ойлап шығарды. М. Бехайм алғаш глобусты ойлап шығарды.

9. Жер бетіне күн сәулесі тік, шашыранды, көлбеу, жанама түседі. Жер өз

   осінен айналғанда нәтижесінде күн мен түн ауысады.

10.Алғашқы қазақ ғарышкерлері Т. Әубәкіров және Т. Мұсабаев. Шетелдік

    ғарышкерлер Нил Армстронг және Эдвин Олдрин және Ю. Гагарин.

11. Жалғыз ғана Пангея деген құрлықпен Панталасса деген мұхиттан тұрды.

    Кейіннен Пангея Лавразия және Гондвана деген екі материкке бөлінген.

    Олардың арасында Теттис теңізі (мұхиты) пайда боды.

12. Тау  жыныстары — жер қыртысын өалыптастырушы тығыз және

     борпылдақ   массалар жиынтығы. Тау жыныстары үшке: магмалық,

    шөгінді,  метаморфты жыныстар бөлінеді.

13. Кен – металл мен олардың қоспалары алынатын тау жыныстары, қара және түсті металл, қара металл – темір, шойын, болат құрайды.

14. Топырақтың тіршілік қабаты, шайылу қабаты, шайылған заттар жиналған қабат, топырақ қабатының ең астында топырақ түзуші жыныстар жатады (құмды, құмайт, сазды, саздақты топырақ түрлері), тыңайту үшін «көң» — азот тыңайтқышы, калий тұзы, фосфорит ұнтағы қажет.

15. Су иесі –Сүйлемен. Зәмзәм су жайлы.

16. 1 тонна бидайды өсіру үшін 1500 тонна су қажет

17. Ауа райы тәулік ішінде, ал климат жыл ішінде жай-күй.

18. Эротосфен

19. Шоқан Уәлиханов

20.Жалпы ғылымдарды 2 топқа: жаратылыстану-табиғатты тану туралы ғылым;



      қоғамдық – қомтану туралы ғылым деп бөледі.

Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет