Пәннің ОҚУ-Әдістемелік кешені "Отандық тарихтың қазіргі заман теориялық – методолгиялық іргелі мәселелері " пәні бойынша «6М020300»- тарих мамандығына арналған ОҚУ-Әдістемелік материалдары


Тақырып . ХVIII - ХIХ ғасырдағы Қазақ қоғамның әлеуметтік-экономикалық тарихы



бет10/17
Дата04.01.2022
өлшемі1,53 Mb.
#10938
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   17
9 Тақырып . ХVIII - ХIХ ғасырдағы Қазақ қоғамның әлеуметтік-экономикалық тарихы.

Жоспары 1 ХVIII Қазақ ғасырдағы қоғамның әлеуметтік-экономикалық тарихының сұрақтары .

2ХVIIIғ Қазақ қоғамның әлеуметтік-экономикалық тарихының байқауы.

Мақсаты. ХVIII Қазақстандағы социалды-экономикалық қоғамның дамуын ашып көрсету. Тарихнамасымен танысу

Өндірістік қатынастар. Рулық-тайпалық ұйымдасудың төменгі буындарында (ауыл, бөлімше) осы принцип арқылы өлгеннің артында қалған мүлкіне мұрагер болу және оның жас балаларын өсіп-жеткізуді міндетіне алу, әмеңгерлік құқығы, туған күніне, үйлену тойына, жерлеуге т. б. байланысты салт-жораларын материалдық жағынан қамтамасыз ету мәселелері реттеліп отырды.

Жоғарғы қамқоршы топтар (рулар, рулардың, жүздердің одақтастығы) дәрежесінде генеалогиялық байланыстар негізінен алғанда билік жүргізу, идеология мен саясат өрісінде үлкен рөл атқарды. Мұның себебі көшпелілер қоғамын мемлекеттік саяси орталықтандыру жағдайында генеалогиялық туыстық жүйесі әлеуметтік қарым-қатынастарды реттеп отырудың негізгі тұтқасы саналды. Қазақтардың өкімет құрылымы тайпалардың генеалогиялық иерархиясы (төменгі шендердің жоғарғы шендерге бағынуы тәртібі) тұрғысында көрінді.

Сонымен қатар, қазақтардың қоғамдық қатынастары жүйесінде өндірістік еңбек құралдары мен өнім өндіру процесінде адамдар арасында қалыптасатын қарым-қатынас белгілі рөл атқарды. Қазақтардың дағдылы құқында өндіріс құралдарына меншіктің бірнеше түрі айқындалған:

1) мал мен мал шаруашылығы өнімдеріне деген меншіктің жеке адамның дербес-отбасылық түріндегі меншік; 2) жерге немесе дәлірек айтқанда қысқы жайылымдарға қауымдық меншік; 3) кеңейтілген қауымның су көздеріне меншігі;4) қонатын аймаққа деген экономикадан тыс меншігі.

XIX ғасырда қазақтардың көшпелі қоғамындағы өндірістік қатынастарға тән сипат - әлеуметтік ұйымдардың (отбасы, қауым, қауымдар ассоциациясы) әртүрлі буындары арасында меншік құқының барынша шашыраңқылығы болды. Іс жүзінде оның құрылымдарының бір де біреуінің жер мен суға монополиялық құқығы болмады және оларға деген өз құқығын көшпелілер сол аймақта болған кезде ғана жүзеге асыра алады.

Сондай-ақ, дағдылы құқықта меншіктік қатынас түрлері өзінің нормативтік табиғатынан көрінетініндей міндетті түрде, құбылыстың тек сыртқы сұлбасын  бейнелейтінін және заттын түпкі мәні жөнінде толық әрі объективті түсінік беруге жарамайтындығын ескерген жөн. Мұндай жағдайда қазақ қоғамындағы өндірістік қатынастарға меншіктің негізгі және бастапқы түрі - малға жеке меншіктік тұрғысынан қараған аса маңызды.

Осы заманғы зерттеушілер шаруашылықтардың малмен жалпы камтамасыз етілуі мен табындардың түпкілікті құрамы арасындағы тікелей тәуелділікті айқындады. Малы көп байлардың табындарында (орта статистикалықпен салыстырғанда) неғұрлым ширақ жүрісті малдардың (жылқылар, түйелер, қойлар) үлес салмағы өте жоғары болды да, мүйізді ірі қара (сиырлар, өгіздер) мейлінше аз өсірілді. Бұған керісінше кедей шаруашылықтар мүйізді ірі қараны едәуір көп өсіргенімен, олардың жылқы, түйе, қойлары мардымсыз болды. Сондықтан, неғұрлым ширақ жүрісті малдары көп бай иеліктер өздерінің кедей ағайындарына қарағанда жайылымдарға әлдеқайда жылдамырақ көшіп барып, оның ешкім тие қоймаған соны шалғындарын бірінші болып пайдаланды. Ал күш-мүмкіндіктері шамалы малшылардың отбасыларына келсек, олар әлгілердің соңынан ілбіп, солардың малы жайылғандығы себепті оты кеміген жерлерде өз малдарын бағуға мәжбүр болды. Міне, осыған байланысты жағдайды өз көздерімен көргендер жазғы жайлауларға көшу кезінде оған «кім бұрын барса, сол ең жақсы өрістерді иеленді де, басқалар, кешіккендіктен де, енді өз пайдасын таба алмады» - деп атап көрсетті. Демек, көшіп-қону барысында да малы көп байлар ең жақсы жайылым мен су қорларын иеленуі арқылы нақты меншіктік қатынасқа тартылды және олар мұны «бірінші болып басып алу құқығы» түрінде жерге иелік жасау құқығын нақты іс жүзіне асырды. Бұл ретте қайсыбір отбасыларының мүліктік қамтамасыз етілгендігін бірден білдіретін мал табындарының сапалық-түліктік құрамы жанама түрде жер мен суды пайдалануда жеке адамдардың теңсіздігін танытты.

Қазақ қоғамындағы бай мал иеленушілерінің саны тұтас алғанда онша көп бола қойған жоқ, бірақ олардың меншігіндегі малдың үлесі айтарлықтай зор болды. XVIII ғасыр ортасының зерттеушісі И. П. Фальк өзінің жазбаларында «Бай қырғыздардың иелігінде бес, тіпті он мың жылқы болды. Мұндай байлар өзінің үйірлеріндегі жылқы санын тіпті дәлдеп білмейді де» - деп көрсетті. Кейбір қазақтардағы мал санының бұдан да көп болғандығын олардың С. Б. Броневский, А.И.Левшин, В. В. Радлов және басқа замандастары өз еңбектерінде атап өтті. Олардың келтірген мәліметтерінен XVIII – XIX ғасырдың ортасындағы қазақ қоғамының әлеуметтік-экономикалық дамуына малдың салыстырмалы түрде аздаған ғана жеке адамдар қолында шоғырландырылу процесі тән болғандығы көрінеді.

Алайда, көзбен көргендердің мойындауы бойынша қазақтардың көп бөлігі «өздерін асырау үшін жеткілікті малы болмаған кедей адамдардан» тұрды. Көшпелі халықтың бұл әлеуметтік тобы өздерініңс әлеуметтік-экономикалық жағдайына қарай тәуелді өндірісшілер қатарына жатқызылуы мүмкін. Өмірлік қажеттіліктерге қарай кедей малшылар өздерінің жұмыскерлік күшін сатуға мәжбүр болды, және сондықтан бай мал иеленушілермен әртүрлі экономикалық қарым- қатынасқа түсіп отырды.

Қаралып отырған кезеңдегі қазақ қоғамындағы қанаудың негізгі түрі қауым шеңберінде дүние-мүлкіне қарай сараланған жеке адамдардың, бірлескен еңбегінің тап өзі болды. Қауымға кірген әрбір үй қожалығы өзінің, жеке меншігіндегі малының үлесіне қарамастан қауым малын кезектесіп жайып бақты. Осы бірлесіп атқарған істегі теңдей жұмсалған еңбек пен оның өнімдерін иемдену мен тұтынудың жекелік сыйпаты арасындағы айырмашылық «біреулер үшін қосымша өнім мөлшерін және екіншілері үшін қаналу нормасын құрады».

Қанаудың кедей шаруашылықтарға неғұрлым бай шаруашылықтардың уақытша ұстауға мал беретін сауын сияқты түрі де пайдаланылды. Малды жайып бағуға алған кедей көшпелілер өз «қамқоршысының» табынын жақсылап күтуге, ал одан қандай да бір малы өліп қалған жағдайда, бұрын алған сонша малын төлімен бірге қайтаруға міндетті болды. Алайда, өз малын жайып бағуға беретін бай шаруашылықтардың аз болуы себепті сауындық қатынас қауым арасында кең таралым таба алмады.

Көшпелілер қауымынан сырт жерлерде кедейленген қазақтардың бай мал иелеріне, орыс қоныс аударушыларына және казактарға, тау кеніштеріндегі, тұз кәсіпшіліктеріндегі және аймақтың өнеркәсіп орындарындағы маусымдық жұмыстарға жалданып күн көруі етек алады.

Қауымның қатардағы мүшелері мен бай мал иеленушілер тек өзара бірлесіп белсенді іс-әрекет жасағанда ғана мал шаруашылығының қалыпты дамуы қамтамасыз етілетін. Себебі, бай көшпелілермен бірлесу кедейлерге күнделікті тамағын тауып жейтіндей, отбасын асырай алатындай қажетті күнкөрістік жағдай туғызды, ал бай жекешелер бұл бірлесу арқылы өзінің иелігіндегі мал санын көбейту мақсатындағы талпынысын іс жүзіне асыруға толық мүмкіндік алды. Осылайша қазақ қоғамының екі табы бір-бірлерін өзара толықтырып, бірыңғай әлеуметтік-экономикалық комплекстің құрамдас бөліктері ретінде көрінді.

Қазақ қоғамында еңбекті және әлеуметтік-экономикалық дифференциацияны қоғамдық бөлу процессі өзінің ұсынысымен қоғамдық пайдалы қызметтің құрылымында әртүрлі функциялардың және рөлдердің күрделі спектрінде көрінетін әлеуметтік институттар мен басқыштаушылықтарды ресімдеуде ие болды. Қазақ қауымының XIX ғасырдың орта шені аралығындағы қоғамдық топтарға бөлінуіне жеке адамдардың «ақсүйек» және «қарасүйек» дегендерге жатқызылуы ерекше тән болды. Бірінші әлеуметтік топ қоғамдық қатынастар құрылымында өздерінің әлеуметтік оңашаланғандығы мен жоғары қоғамдық мәнділіктерге қарай сырттан ешкім өте алмайтын жеке адамдардың артықшылықтармен пайдаланатын жабық корпорациясы тұрғысыңда танылды.

Төрелер қазақ халқының құрамына рулардан басқа, генеалогиялық қатынастарға түспейтін субэтникалық топтарға кіреді. Көшпелі ұлыстар ішінде субэтникалық топтардың пайда болуы, этностың жалпы конфигурациясына енуі қызық құбылыс. Субэтникалық деген ұғым этностан аздаған әлеуметтік-мәдени ерекшеліктері бар, өздерінің тілдік, территориялық оқшаулығы сезінген және ең бастысы өздерін бөлекше этнографиялық топ есебінде танитын этностың ішіндегі бөлшектерге қатысты қолданылады. Қандай дамыған этнос болмасын оның ішінде әртүрлі себептермен оқшау тұратын топтар кездесіп қалады. Сонымен қатар шығу тегі бөлек, бірақ көшпелі қазақ арасында өмір сүріп этникалық тіршілікке қатысып отырған кірме этностар да кездеседі. XVIII ғ. қазақ этносының құрамында осы айтылған екі топтың өкілдері мол. Көшпелі қазақ құрамына ертерек уақытта араласқан және этнос түзуші фактор қызметін атқарған субэтникалық топтардың бірі төрелер. Төрелер өз бастауларын сонау Шыңғысханнан, оның үлкен ұлы Жошыдан таратады. Қазақ хандығы қалыптасар ауыр кезеңде ұлыстарға билікті көбінесе Ұлы қағанның Орыс деген немересінен тарайтын тұқым жүргізді. Төрелер қазақ құрамында ақсүйек саналады, сұлтан мен хандар тек төрелердан сайланады. Этникалық жағынан төрелер жабық, яғни эндогамды, әлеуметтік жағынан бір бірімен тығыз байланысқан топ.

Ел арасында: «Қазақта хан Шыңғыстан басталып, Шыңғыспен аяқталды» деген сөз бар. Біріншісі ХІІ ғасырда өмір сүрсе, екіншісі ХІХ ғасырда тіршілік еткен. Шыңғыс хан (1115-1227) шыққан Қият тайпасының Боржігін руы- моңғол арасында «алтын ұрпақ» деп аталады. Өз аты Темучин, Есукей батырдың ұлы, моңғолдардың бірінші ханы Хабулдың шөбересі, анасы Өлең-Еке Меркіт руынан шыққан, 1206 жылы Онон өзеніндегі шонжарлардың құрылтайында біртұтас моңғол мемлекетінің ұлы ханы болып жарияланды да, «Шыңғысхан» лауазымын алды.

«Қарасүйектің» артықшылықпен пайдаланатын әлеуметтік топтары арасынан көшпелілер ұжымдарында сот билігін атқарушы билер сословиесі аса маңызды орын алды. «Би» деген сөздің, астары, - деп көрсетті Я.П. Гавердовский, - сөзге шешен, бай әрі шамдағай адамдар екенін біз ұғынуымыз керек». Қазақстандағы билердің артықшылықты жағдайы бәрінен бұрын құқықтық реттеудің, қазылықтың және жарастырушылықтың үлкен қоғамдық мәнімен айқындалды әрі мүліктік қатынастар жүйесінде айрықша құқықпен, соның ішінде кінәні іздестіру (билік жүргізу) ақысының оннан бірі түріндегі қосымша табысты иелену құқымен пайдаланатындығынан көрінді.

Көшпелі қауымның қойнауынан сұлтандарға қарама-қарсы өсіп шыққан әлеуметтік үстем топ ру старшындары - билер еді. Билер де қазақтардың арасында үстем жағдайға ие болды. Олар ерекше құқықтық және экономикалық артықшылықтарды пайдаланды. Ру старшындары әуел бастан-ақ қауымдық қоныстардың едәуір бөлігіне иелік еткен, бірақ XIX ғасырдың бірінші жартысында мал өсіру дағдарысының күшеюіне байланысты олар зорлық жасап, таңдаулы қыстауларды өздерінің жеке меншіктеріне ала бастады. Байыған ру старшындарының, яғни билердің кейбір ауылдары сұлтандардың ауылдары сияқты ру қауымдарынан бөлек көшетін болды. Сонымен бірге ру билері хандармен және сұлтандармен қатар сот-талап істерін қарап, кірісті бөлуге қатысты.

Тек «қарасүйектің» өкілдері ғана би бола алатын, шыңғыстықтар би болып сайлана алмайтын; бірақ сот істерін талқылауға бұлар да қатысатын. «Би» сөзінің қайдан шыққаны осы кезге дейін әлі толық анықталған жоқ. Құрбанғали Халид Оғлы «би» деген сөз «бек» немесе «биік» сөзінен шыққан деп дәлелдемек болады.

«Бек - кейбір чиновниктер мен лауазымды адамдардың атағы, патша әулетіне қызмет ететін адамдарға берілетін атақ, кейбір шетелдік өкілдерге берілетін атақ: Сефир-бек, Консулус-бек; автономиялы облыстардың әкімдеріне берілетін атақ. Бұл мағынада «бек» дегек атақ «ргіпсе» деген атаққа тең. Әдеттегі құқық нормаларын сақтаушы және түсіндіруші болғандықтан, билер қазақ қоғамыңда көрнекті орын алды.

ХVIII-ХІХ ғасырлардың орта шенінде Қазақстандағы батырлардың - әскери көсемдері әлеуметтік тобының үлкен беделі мен саяси ықпалы болды. Е.К.Мейендорфтың айқындауы бойынша қазақтар батыр деп батыл, әділ және тапқыр адамдарды айтады, соғыс кезінде – бұлар нағыз шабандоздар». «Батыр» атағы ешқашанда мұрагерлікке қалдырылған емес, оны әркім жеке басының ерлігімен алып отырды. Батырлардың үстем тапқа жатқызылуы қазақ қоғамындағы қарастырылып отырған тарихи кезеңдегі әскери-басқару құрылымының үлкен рөл атқаруымен, демек, әскери қарсыласу дәуірінде батырлар да көсемдер ие болатын зор билік ықпалымен анықталды. Қазақстанның шекараларындағы әскери-саяси жағдайдың салыстырмалы түрде тұрақтана бастауына байланысты XIX ғ. ортасында бұл жүйе өзінің маңызын жоғалтып, бірте-бірте екінші қатарға ығысты.

Әлеуметтік категория ретінде батырлар институтының қалыптасуы әскери-феодал шонжарлардың пайда болуымен тығыз байланысты. Ал «батыр» терминінің өзі қазақтарда өте ерте заманда пайда болған.

«Батыр» деген сөз «багадур» және «бакхатур» деген түрік сөздерінен шыққан. Қазақ халқы тарихының сонау алғашқы дәуірінде-ақ қазақ даласы сыртқы жаулардың шапқыншылығына ұшыраған кезде, оларға қарсы күресу үшін өздерінің қолбасшылары бар арнаулы жасақтар құрыла бастады. Осы жасақтардың шайқастарда ерекше көзге түскен жетекшілерін қазақтар «батыр» деп атады. Қазақ және басқа түркі тілдерінде «батыр» сөзі «күрескер», «қаһарман», «ер», «ержүрек», «жаужүрек» деген мағыналарды білдіреді.

Қазақ қоғамында күрделі этникалық процестердің негізінде пайда болған этнографиялық топты төлеңгіттер деп атайды. XVIII ғасырда дәстүрлі қазақ қоғамының этноәлеуметтік организмінің бір жүйесі ретінде қалыптасқан құбылыс — төлеңгіттер институты болып табылады. Көшпелілер мемлекеттілігіндегі дәстүр талапқа сай «ақсүйектердің» маңайына шоғырланған төлеңгіттер, саяси билікті нығайтудың ерекше құралы ретінде қызмет атқарады. Қолда бар деректерден аталмыш кезеңде төлеңгіттер хандар мен Ұлыс сұлтандарына өте сенімді адамдары екенін дипломатиялық және орда ішіндегі маңызды істерді тындыратының, осылардың ең бастысы әскери қызметшілері болғанын көреміз.

Төлеңгіттер – Қазақ хандығындағы әлеуметтік топ, ханның жансерігі, хан билігі сүйенетін әскери жасақ. Төлеңгіттер көмегімен хандар мен сұлтандар халықтан салық жинаған, жайылымдарын қарап жүрген. Сонымен қатар төлеңгіттер дипломатиялық бұйрықтарды орындап отырған. Төлеңгіттер көбінесе жаугершілік кезінде қолға түскен тұтқындардан құралған.

Аңыздар төлеңгіт деп халқымыз алғашқыда Хан мен сұлтандардың қолына тұтқынға түскен Алтай телеуіттерін және олардың бірте-бірте төренің айналасындағы күтушілеріне айналуын атап кеткен сияқты. Дегенмен ғалымдарымыздың келесі бір жағы «төлеңгіт» сөзінің мән — мағынасы қазақ тіліндегі «төреңді күт» деген ұғымды білдіреді деп айтады.

Саяси-әлеуметтік ұйымдасу. Жер пайдаланудан, көшпелі маршруттан, қауымаралық қақтығыстардан әртүрлі қауым қауымдастығының көршілес мемлекеттермен және халықтармен арасындағы өзара іс-қимыл жасасу қатынастарын үйлестіру және реттеу қажеттілігі қазақ қоғамында құрылымдық әлеуметтік-саяси ұйымның пайда болуын анықтады. Оның сипаттамалық ерекшелігі  бір институттың әртүрлі қоғамдық (арнайы, сот, әскери-саяси және т.б.) функцияларды жүзеге асыруы болып табылады, яғни бірінші кезекте көшпелі қоғам жағдайында қондырғы элементтерінің дамымағандығымен түсіндіріледі. Бұл ретте, қарым-қатынастың әрбір үлгісі танымал дербестікке ие болды, нәтижесінде барлық құрылым құпиясыз сипатқа ие болды.

Қазақ қоғамында әлеуметтік-саяси ұйымдастырудың негізгі тетігі екі үлгідегі құрылым: оның шеңберінде сыртқы экономикалық реттеу және қоғамдық қатынастарды үйлестіру жүзеге асырылатын әлеуметтік организмдер және әскери-саяси функцияларды орындайтын құрылымдар болып табылды.

Жерді пайдалану, малдың жайылымын ұйымдастыру, көшпелі маршруттар, жайылым жерлерінің жүйесін қауымаралық қатынастар деңгейінде реттеу функциясы қауымның қауымдастығына шоғырландырылды.

Тәжірибеде ол ханның, сұлтандардың, старшиндердің-ру басылары құқығында көшпелі жүйені реттеумен көрінді.

Қауым қауымдастығының өзге маңызды функциясы сыртқы экономикалық қатынастардың барлық спектрін түбегейлі реттеу, атап айтқанда арбитраж және бақылау, кінәлілерді жазалау, қауым арасындағы қайшылықтарды және қақтығыстарды өзге қауымдармен бірге шешу, қорғанысты және шабуылды, соның ішінде барымтаны және тағы басқаларды ұйымдастыру болды.

Жазғы кезеңде әртүрлі үлгідегі қауымды біріктіретін және көшпелі циклдың басқа маусымында олардың ыдыраған бөліктерін құрайтын осы қауымдастық құрылыммен бірге құрылымдық ұйым болды, олардың функцияларына көшпелілер арасында және олардың тысында әскери-саяси қарым-қатынастарды реттеу кірді. Негізінен орын алған ішкі және сыртқы саяси мәселелерді шешуді саяси және әскери құралдармен жүзеге асыруға болатын еді, кейде барлық функциялар қарсы тұру кезеңінде бір қолға (хандарға, сұлтандарға немесе батырларға) шоғырландырылды, ал бейбітшілік кезеңде ыңғайластырылды.

Қазақтардың әскери-саяси құрылымы рулардың өте күшті әскери және саяси қарым-қатынасының басқалардан басым болу нысанында құрылды. Бұл ретте осы ұйымда алғаш рет ядро жасақталды. Мәселен, Абай секілді ірі мемлекет қайраткерінің күші мен беделі – Орта жүз құрамындағы ірі ру – арғындардың құдыретімен негізделді; көшпелі шекті және төртқара күшінде – Қайып хан; наймандарда – Барақ хан; қыпшақтарда – Кенесары Қасымов және т.с.с. осы негізде  мемлекеттік құрылым – хандық құрылды.

Әскери-саяси ұйымның құрылымы әдетте орташа алғанда 10 мың адамды қамтыды және Кенесары Қасымовтың қозғалысы жылдарында олардың саны 20-25 мың адамды құрады.

Көршілес мемлекеттер тарапынан (мысалы, Жоңғария) үлкен көлемді басқыншылық болған кездер ерекшелік болды, ол кезде әскери әрекеттерге ересек ер адамдар тобы басым қатысты.

Қазақтар өздерінің қарым-қатынастарын отырықшы – жер иеленуші мемлекеттермен (Ресей, Қытай, Орта Азия хандықтары) ұдайы реттеп отыруға мәжбүр болған, көшпелі әлемнің қашық болуы әскери-саяси ұйымда үлкен рөлге ие болды. Көшпелі және отырықшы-жер иеленуші әлемінің тоғысқан жерлерінде қазақтардың мемлекеттік-саяси құрылымдарының орталықтары, атап айтқанда Түркістан қаласында қазақ хандығының резиденциясы орналасты.

Тұйықтық және табиғи-тұтынушылық бағытта көшпелі мал шаруашылығының жүйесіне әскери-саяси ұйым әрекетінің аясында қауым қауымдастығының деңгейінде айрықша әлеуметтік институттар тартылды, сол уақытта қауым құрылымының өзі және жаппай қаттардағы малдар осы ұйымның қол жетімсіздігінде қалды.

Азын-аулақ бекіністер және дифференциалдылық салдарынан әлеуметтік-саяси басқарудың әртүрлі салаларында биліктер шашырап кетті, ол барлық қазақ қауымының және оның мемлекеттік құрылуының орталықсыздандырылуына әкеп соқтырды.




Каталог: ebook -> umm
umm -> ПОӘК 042-18-29 8/03-2013 №1 басылым 05. 09. 2013
umm -> Жалпы және заң психологиясы терминдерінің қысқаша сөздігі. І бөлім. Жалпы психология пәнінің терминдері
umm -> 6М 011700- «Қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы» Магистранттарға арналған
umm -> ПОӘК 042-14-5-05. 02. 20. 22/2013 № басылым
umm -> 6М 011700- «Қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы» Магистранттарға арналған
umm -> «Ежелгі дәуір әдебиеті» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 2013 жылғы №3 басылым 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті», 5В012100- Қазақ тілінде
umm -> Оқытушы үшін «Қазақстан тарихы»
umm -> Әбікенова Гүлнафис Төкенқызы Қазақ тіліндегі эпистолярлық стильдің лингвистикалық сипаты
umm -> Педагогика кафедрасы


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   17




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет