Пәннің оқу әдістемелік кешені (ПОӘК) 2003ж Алматы қ. Абай атындағы амудің «психология және әлеуметтік психология» кафедрасы дайындаған «Психология» типтік бағдарламасы негізінде құрастырылды


Дәрістің мазмұны : 1. Эмоционалдық стресс туралы түсінік



бет19/25
Дата28.01.2018
өлшемі1,62 Mb.
#34375
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   25

Дәрістің мазмұны :

1. Эмоционалдық стресс туралы түсінік


2. Сресс және дистресс

3. Стресстің физиологиялық механизмі

Соңғы жылдары әлемде болып жатырған көптеген катастрофаралар , төтенше жағдайлар , халықаралық және аймақтық конфликтілер , физикалық , психологиялық, сексуалдық зорланудың өсуі , әр түрлі жағдайларға байланысты қайғырушылар стресске ұшырайды. Стреске ұшыраған адам өзінің жәе туыстарының өмірлеріне қауіп тудыруы мүмкін. Психологиялық зардап шщеккен адамның физиологиялық және тұлғалық қызметтері , басқа адамдармен қарым қатынасы өзгереді, сонымен қатар стресске ұшыраған адам ортасына яғни достарына да әсер етеді. Ғылыми техникалық прогресс кезінде адам психоэмоционалдық стресске көп ұшырайды , оның өзін өзі басқару механизмі ол биологиялық ырғақтың өзгеріне әкеліп соқтырады., сонымен қатар ағзаның гормоналдық иммурдық қызметтері өзгереді және стресстіің әсерінен генетикалық ақпараттар , генофонд өзгереді. Біздің өміріміқз тұтас стресстен тұрады. Американ ғалымдары:Холмс пен Рэй стресстің балдық шкаласын ұсынды. Жақын адамдардың өлім-100балл, үйлену-50 балл, екі қабаттылық-40б, жұмыс бабымен көтерілу-39 б, ажырасу-75 б, түрмеге отыру-63 балл, ауыр ауру-53 б, қарыз алу-32 б, баланың дүниеге келуі-39 балл, басқа жерге көшу-20 б, демалу-13балл. Әртүрлі мәліметтерге сүйене отырып стресс жәй жөтелуден ракқа дейінгі арулар тудыруы мүмкіндігіі анықталды. Стресске дәл анықтама бері қиын. Дәрігерлер стрессті ағза каөтере алатын физиологиялық механизмінің жүктелуі, менджмент өкілдері әлуметтік факторлардың әсері десе, психологтар жағымсыз жағдайлар дағы эмоционалдық көңіл күй деген анықтама береді. Дегнмен алғаш рет стресс терминін Канада физщиогы Ганс Селье медицина тәжірибесінде анықтады. «Бүкіл ауру стресстен» деген жан-жақты теорияны ұсынды. Оның ойынша « Стресс-өмірдің әртүрлі жағдайларына ағзаның қорғаныштық, бейімделу реакциясы»Оның зерттеулері бойынша қорқу, шаршау, салқындық, ашу ағзада бір типті коиплексті реакция туғызады. Ғалым стрессті эустресс және дистресс деп бөлді. Эустресс пайдалы, пайдаыз болуы мүмкін оның нәтиежесінде бейімделуі пайда болады, ағза жұмылдандырылады, ал дистресс тек пайдасыз психологиялық ауруларға әкеліп соқтырады. Стресстің үш физиологиялық бөліп көрсетуге болады:Біріншіден, бас ми қабында интенсивті , тұрақты қозу ошағы пайда болады, доминант, ол ағзаның барлық іс-әрекетін, ойларын, қылықтарын өзіне бағындыралы. Екіншіден доминант кейін ерекше реакция дамиды.Мидың терең құрылымдарының бірі – гипоталамус қозады, ол өзіне жақын жатырған ерекше гипофиз безін қанға адринокортикотропты гормонның үлкен порциясын бөлуге көмектеседі. Үшіншіде н , стресстік ситуация өзінің өзектілігін сақтағандығына байланысты , бас ми қабына қайта импульстер келеді, олар доминанттық белсенділікті сақтап тұрады, ал қан стресс гормондарын бөледі.

21 Дәріс



Тақырып: Темперамент

Дәрістің мазмұны :


1. Темперамент туралы түсінік.

2. Темперамент түрлері мен психологиялық сипаттамалары.

3. Темпераментті іс-әрекетте есепке алу.

Темперамент туралы жалпы түсінік. “Темперамент” сөзі – “красис” грек сөзіне латынша темпераминтум деген сөздеріне шыққан. Мәні –нәрселердің немесе заттардың мөлшер шамаластығы деген түсінікті білдіреді. Бұл өзгешелік ең алдымен адамның эмоциялық сезіміндегі және жүріс – тұрысы мен қимыл-қозғалысындағы, сөйлеген сөзіндегі, өзге адамдармен қарым-қатынасындағы ерекшеліктері. Сонда, темпераментті жүйке жүйесінің табиғи типтік қасиеттеріне тәуелді, жеке адамға тән дара өзгешелік деп білеміз.

Адамның өзгешелігінің мәнін ашуға алғаш көңіл аударған, еңбек жазған-ертедегі гректің дәрігер ғалымы Гиппократ (б.з.д. 460-356 ж.ж.). Ол организм ерекшеліктері денедегі тіршілік шырындарына байланысты деп санады.

Темпераменттің физиологиялық негідерін ғылыми тұрғыдан түсіндірген – академик И.П.Павлов жүйке жүйесінің типтері ми қабығындағы қозу, тежелу процестерінің негізгі үш белгісі:



  1. қозу мен тежелудің күші

  2. олардың тепе-теңдігі

  3. қозғыштығы жиынтығынан құралады.

Жүйке жүйесінің типтері өзгеріп дамиды. Жүйке жүйесі іс-әрекетінің дамуы мен өзгеруі тек оның табиғи типтерін ғана билеумен шектеліп қоймай, организм тіршілігі өзгерістерінің барлығына әсер етеді.

Темперамент– адамдардың психикалық әрекетінің нақты динамикасын айқындайтын психикалық дара қасиеттерінің жиынтығы. Бұл психикалық ерекшеліктер адамның барлық іс - әрекетінде оның мазмұнынан, қарым – қатынасынан, сөйлеген сөзінен, сезім- эмоциясынан, ерік- жігерінен, жүріс тұрысынан, қимыл – қозғалысынан, ым-ишарасынан (жест мимика) т.б көрініс береді.

Сангвиник. Ақжарқын, ақкөңіл, әрекетшіл, күш жігері мол адам. Белсенді қозғалыс -қимылдары мәнерлі, шапшаң, көңіл – күйі тез өзгереді, сезімтал. Қабілеті жоғары, қандай іске де қаймықпай кіріседі. Бастамашыл, жаңаны тез қабылдайды, ортада өзін еркін ұстайды.

Холерик. Әрекетшіл, белсенді, ұстамсыз, тез ашуланады. Тәуекелшіл, алдына қойған мақсатына қалайда жетеді, қиындықтарды жеңе біледі. Көңіл күйі тез өзгереді. Тіке, ойына келгенді тез айтып тастайды. Кек сақтамайды, тез сөйлейді, ортаға тез бейімделеді.

Меланхоликтың эмоциялық көтерілуі табанды, күшті,тұрақты болады, сыртқы көрінісі әлсіз көрінеді. Әр нәрседен ауыр әсер алады, мінезі баяу өзгереді, көңілі көбінесе жабырқау, кейде қайғылы да болады. Сыртқы жағдайдан үрейленіп, сескеніп тұрады, кедергі кездессе уайымдап қажи түседі, қимыл қозғалыстары ақырын, баяу болады. Мәнерсіз, ақырын сөйлейді, сезім күйлері сыртқы қимылдарынан көрінбейді. Өзі тұйық, жасқаншақ келеді, кісімен көп араласпайды. Іске бірден кірісіп кетпейді, егер кіріссе, іс әрекетін толық аяқтап шығады.

Флегматик эмоциялық қозуы әлсіз болады, қызуланып желікпейді, елеуреп ашуланбайды, көңіл-күйлері байсалды, орнықты қалпында ұзақ сақталады, баяу өзгереді, жарқырап қуануы да, жабырқап қайғыруы да қиын, аз қозғалады, сылбыр, керенау қимылдайды, сезім күйлерін дене қимылдары білдіріп тұрмайды, мимикасы, өзге қимылдары мәнерсіз. Бір сарынды монотонды сөйлейді. Іс әрекетін байсалды, тиянақты орындайды, бастаған ісін қадағалап істейді, аяқтап шығады.

22 дәріс

Тақырып: Темперамент типологиялары


Каталог: dmdocuments
dmdocuments -> Семинар ожсөЖ 15 сағ. Емтихан 4 Барлығы 45 сағ Орал, 2010
dmdocuments -> Әдеби өлкетану Преподаватель Ақболатов Айдарбек Ахметұлы Вопросы: Вопрос №1
dmdocuments -> 2009ж. «Қазақ филологиясы» кафедрасы
dmdocuments -> Семинар ожсөЖ 5 сағ. СӨЖ 15 сағ. Емтихан Барлығы 45 сағ Орал, 2010
dmdocuments -> Жаратылыстану математикалық факультет
dmdocuments -> Барлығы – 45 сағат
dmdocuments -> 2007ж. Қазақ тілі мен әдебиеті және оқыту теориясы кафедрасы
dmdocuments -> Қазақ филологиясы кафедрасы 050205
dmdocuments -> Барлығы – 90 сағат


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   25




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет