ПӘннің ОҚУ Әдістемелік кешені (ПОӘК)



бет4/11
Дата17.06.2018
өлшемі3,49 Mb.
#42638
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

Түлеу: ересек жануарлардың түлеуінің бастапқы белгілері сәуір айында, ал буаз аналықтарда сәл кешірек байқалады. Түлеу басталған кезде денесінің әр түрлі бөлігінде уыс- уыс жүндер пайда болады . Қыстық жүннің түлеуі бас және мойыннан басталады, кейін денесіне ауысады. Түлеуі тамыздың 2-ші бөлігінде аяқталады. Жас жануарлар қыстаудан кейін ересектерден бұрын наурыз айының ортасында түлей бастайды.

Таралуы: жанат Солтүстік Америка және Америкадан Панама каналына дейінгі бөлікті алып жатыр. Бұлардың санына табиғаттық жағдайлар өте көп қар жамылғысы әсер етеді. Бұл кезде жануарлар өздерінің азықтарын таба алмайды, сондықтан бұл фактор жанаттардың тірі қалуын анықтайды. Жанат азық тандамайды таралу аймағына байланысты өсімдік және жануарлармен қоректене береді. Құрт-құмырсқалардан басқа жабайы жүзім, құрма, долана т.б. қоректенеді. Батпақты Висконсин штатында жануар негізінен балық, андатыр, шаян, жүзім және жүгерімен қоректенеді.

Тәуліктік өмір салты: мінез-құлқы, жанат кешкі және түнгі уақытта белсенді жануар. Інінен күн батқанда шыққаннан түні бойы азық іздеумен болады. Жанат ағаштарда жақсы өрмелейді, бірақ азығын негізінен жерден аулайды. Судын жанынан тапқан олжасын суда шайқайды, содан кейін жейді, сондықтан шайқаушы атауын алды. Ұйқыға кетуі: қатты және қары мол қыста ұйқыға кетеді, аяз күндерінің ұзақтығына байланысты ұйқыға кету кезеңі 4 айға дейін созылады.



Көбеюі және өсіп дамуы. Жанаттар жылына бір рет туады. Буаз болу мерзімі 63 күнге дейін созылады. Шағылысу мерзімі ақпан, наурыз айларында басталады. Балаларын сәуір мамыр айларында туады, жетілуі туғаннан кейін 18-20 күн, 45 күнде тісі шығады және 2,5 айлығында анасымен бірге жорыққа шығады. Тәуелсіз өз бетімен өмір сүру салтын 6 айлығында бастайды, аналықтарының жыныстық жетілуі жасқа дейін, ал аталықтары 2-ші жылында ғана жыныстық жетіледі. Жанат көбінесе жұптасып өмір сүреді.

Халық шаруашылығындағы маңызы: жанат жүн өндірісінде бағалы аң және отаны Солтүстік Америкада көп мөлшерде ауланады. Зиянды құрт-құмырсқалармен, кемірушілерді жойып пайдасын келтіреді. Жанаттың еті өте дәмді және Америкада деликотес болып саналады. Жанат тектес иттікіне қарағанда жүні жоғары сапалы. Жанатты тұзақ құрып аулайды. Қазақстан мен Өзбекстанда жанат пайда болғанынан бастап ол өндіріс көзі болмады. Біздің ойымызша қар көп түсетін аймақтарда жанаттарды тек арнайы шаруашылықтарда өсіруге болады. Жанат – Қазақстан мен орталық Азиядағы орман, жаңғақты ормандар үшін өте пайдалы.

Сұрақтар:



  1. Жыртқыштар отряды, жанат тәрізділер тұқымдастарына сипаттама беріндер?

  2. Систематикасын атаңыздар?

  3. Халық шаруашылығындағы маңызы қандай?

  4. Көбеюі мен дамуы қалай жүреді?

Әдебиеттер: 1-9 (негізгі), 10-12 (қосымша)
1 Модуль Кеміргіштер, жыртқыштар, ескекяқтылар отрядының систематикасы

8 тақырып. Жыртқыштар отряды. Аю тәрізділер тұқымдасы.

Дәріс жоспары:

Аю тәрізділер тұқымдасына сипаттама.

Аю тәрізділер тұқымдасының систематикасы, таралуы, көбеюі, халық шаруашылығындағы маңызы.

Жыртқыштар отряды, аю тәрізділер тұқымдасына сипаттама.



Тұқымдастың кейбір түрлері жыртқыштар отрядының ең ірі өкілдері болып саналады. Аюлардың денесі үлкен, денетұрқы сәйкесінше қысқа және мықты. Басы үлкен, көздері кішкентай ұясына терең орналасқан, құлақтары домалақ және кей түрлерінде ұзыншақ, мойны қысқа жуан, жерге табанын тигізіп журеді 5 бармақты, жүрген кезде барлық табаны жерге тиіп жүреді, тырнақтары шетінен қысылған тартылмаған және сәл бүгілген, білегінде және табанында сүйелдері бар, құйрығы өте қысқа, жүні ұзын және қалың, тек малайлық аюдың жүні қысқа және сирек емшектері 1 – 3 жұп түсі біркелкі ақ бурыл немесе қара. Кеудесінде және мойнында ашық ақ дақтар және жолақтар болады, бас сүйегінің үлкен барабанды камералары тығыз. Бас сүйегінің беткі жағы ұзыншак, жақтары сәйкесінше ұзын және мықты. Жақтың төменгі бөлігінде кіші көлемді ішке карай қайырылған альвеолярлық өскіні бар тістері толық, бірінші 3 азу тісі немесе басқа тістері жоқ болуы мүмкін, сондықтан тіс саны 40 немесе одан аз болады. Азу тістері дөнестеу жалпақтау, жыртқыш тістері мықты. Тұқымдас ареалы Солтүстік Америка, Еуразия арктикалық босейінінен Солтүстік Африка және Оңт. Америка бөліктерінде таралған. Ареалдың азаюы антропогонезге байланысты. Аюлар жазық немесе таулы ормандарда таралған, ал ақ аю арктикада мекендейді. Түрдің көбі кез- келген азықпен немесе өсімдікпен, тек ақ аю ғана жануар қоректі. Кейбір аюдың түрлері қысқы ұйқыға кетеді. Күзде жиналған майлардың арқасында қыстап шығады. Жылына бір рет көбейеді. Балалары 1 – 2 – 3 болады. Түнде белсенді келеді. Көру қабілеті әлсіз есту қабілеті өте жақсы аюлар жануарлардың жоғарғы дамыған тобы. Кейбір түрлері қолға тез үйренеді. Көп аудандарда спорттық немесе аңшылықта пайдаланады. Ауыл шаруашылығына тигізетін кері әсері өте көп емес. Қазырғы кезде аюдың көп түрі қорғалады. Көп түрдің артқы жақ бөлігі көлемді келеді.

Систематикасы (жүйеленуі): тұқымдас 7 түр 4 туысқа біріктірілген.

Ubus туысында — 4 түр, Tremarctos туысында — 1 оңтүстік америкалық көзілдірікті аю, Meluisus туысында -1 — оңтүстік азиаттық ерінді аю және Helarctos туысында— 1 оңтүстік азиаттық малайлық аю. ТМД және Қазақстан фаунасында екі — Ursus arctos isabellinus — тяньшаньдік немесе ақ тырнақты, бурыл аю — кәдімгі бурыл аю. Көзілдірікті аю (Tremarctos ornatus). Сипаттамасы: орташа көлемді жануар денесінің ұзындығы 1,5-1,8 метр, салмағы 148кг., жүні сабалақ қара немесе бұрыл ренді. Таралуы: Оңт. Америкада таулы ормандарда бұталы жерлерде мекендейді қызыл кітапқа енгізілген.

Малайлық аю Ерінді аю (медведь губач)

Малайлық аю бирунаг деген атау тағы бар. Тұқымдастын ең кіші өкілі.



Сипаттамасы: ұзындығы 110-140см, салмағы 65кг. бұл қысқа мұрынды мықты жануар аяқтары ұзын, табаны жалпақ денесі қара қысқа жүнмен қапталған кеудесінде ақ немесе жирен түсті таға тәрізді белгісі бар таралуы Бирма, Үндіқытай, Тайланд мемлекеттерінде таралған. Ағашқа жақсы өрмелеуге бейімделген. Көбеюі және өсіп дамуы: моногамдарға жатады, аналық 2 бала туады. Қысқы ұйқыға кетпейді.

Ерінді аю (медведь губач).

Сипаттамасы: туыстағы жалғыз түр, малайлық аюдан үлкен, денесінің ұзындығы 1,4-1,8 метр, салмағы 130 кг. Аяқтары ұзын, тырнақтары үлкен, мұрыны ұзын, жүні қатты сабалақ әсіресе иық арасында, түн мезгілінде белсенді, күндізгі уақытта көбінесе ұйықтайды. Индостан ормандарынан Шриланкаға дейін таралған.

Көбеюі және өсіп дамуы: буаз болу ұзақтығы 7 ай. 1- 3 бала туады. Қызыл кітапқа кіргізілген.

Сұрақтар:

  1. Жыртқыштар отряды аю тәрізділер тұқымдасына сипаттама берініздер

  2. Систематикасын атаныздар.

  3. Халық шаруашылығындағы маңызы қандай?

  4. Көбеюі мен өсіп дамуы қалай жүреді?

  5. Аюлардың өзара ерекшеліктері қандай (медведь-губач (ерінді), медведь- очковый (көзілдірікті), бурый – медведь (бурыл аю))?

Әдебиеттер: 1-9 (негізгі), 10-12 (қосымша)

1 Модуль Кеміргіштер, жыртқыштар, ескекаяқтылар отрядының систематикасы

9 - тақырып. Жыртқыштар отряды. Сусар тұқымдасы (MUSTELIDAE).

Жыртқыштар отряды, сусар тұқымдастарына сипаттама

Дәріс жоспары:

Сусар тұқымдасына сипаттама.



Сусар тұқымдасының систематикасы, таралуы, көбеюі, халық шаруашылығындағы маңызы.




Шөл сусары Сарыкүзен


Тұқымдас дене тұрқы жағынан өмір сүру салтын әртүрлі жануарларды біріктіреді. Денесінің мөлшері 11 см (ақ тышқан) 150 см (калан) арасында. Денесі сәйкесінше ұзыншақ, аяқтары қысқа, табан және жартылай табан тигізіп жүреді, көбінің тырнақтары тартылмаған. Табаны мен білезігі түкпен қапталған, сирек жаланаш болады. Кейбір түрлерінің бармақтарының арасында жақсы жетілген жүзу жарғақтары болады, әсіресе артқы аяқтарында. Бас сәл созылынқы, мұрны үшкірлеу келген құлақтары кей түрлерінде үлкен, үшкірленген кей түрлерінде кішілеу, домалақтау, тағы бір түрінде тіпті қысқалау, есту жолдары тұйықталады. Мойны қысқа. Құйрығы өте ұзыннан қысқаға дейін өзгеріп отырады. Түкті жамылғысы қалың және жібек тәрізді, кейде сирек ұялаған болады. Түстері әртүрлі келеді. Жылына 1 немесе 2 рет түлейді. Түкті жамылғысы жиі түрлерінде қыс мезгілінде ақ түске ауысады. Емшегі 1-ден 4-ке жуық болады. Бас сүйегінің құрылысы жануарлардың көлеміне және тіршілік ету салтына қарай әртүрлі болады. Көп түрінің бас сүйегі көлемі бойынша үлкен емес, бет жағы қысқа, ми қабығы томпайып келген. Ірі түрлерінде айдар жақсы көрінеді. Жыртқыш тістері жақсы жетілген. Азу тістері қоректенуіне қарай өткір дөңестеу, ал кейбірінде жай дөңестеу болады. Сезу мүшелерінен есту қабілеті және иіс сезу қабілеті күшті дамыған. Жылына 1 ұрпақ береді мұнда 1-ден 10 бала және одан көп болады. Көп түрлерінде жасырын сатысы белгілі, ол бірінші күннен 7 айға дейін созылады .



Адаптация және жоғарғы экологиялық бейімділік сусар тұқымдасынан барлық ландшафта - тундырадан шөлге дейін және тау етегінен, альпі жайылымдарына дейін. Олар Австрияда, тынық мұхитының онтүстік бөлігінде және Факленд аралдарында мекендейді.

Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Мамандығына арналған Сұлтанмахмұттану ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Студенттерге арналған оқу әдістемелік кешені
umkd -> ПӘннің ОҚУ Әдістемелік кешені 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған «Ұлы отан соғысы және соғыстан кейінгі жылдардағы қазақ әдебиетінің тарихы (1941-1960)» пәнінен ОҚытушыға арналған пән бағдарламасы
umkd -> «Балалар әдебиеті» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 2013 жылғы №3 басылым 5 в 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті»
umkd -> ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешенінің
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет