Персоналды басқарудың мәні мен түсінігі


Персоналдың іскерлік мансабын басқару



бет11/38
Дата27.06.2020
өлшемі336,09 Kb.
#74601
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   38
Байланысты:
Персоналды басқару ГЭ

10. Персоналдың іскерлік мансабын басқару

Мансап - бұл адамның өз еңбегі жайлы субъективті түрде ұғыну бейнесі, өзін-өзі көрсетудің үміт жолдары және өз іс-әрекетіне канағаттангандық білдіру әсерлері. Бұл қызметтік сатыда үдемелі жоғарылауы, дағдылардың, қабілеттіліктердің, біліктілік мүмкіңдіктердің және адамның іс-әрекетіне байланысты сый-сыяпаттар көлемінің өзгеруі. Адамның өмірі жұмыстан тыс кезде де мансапқа айтар-лықтай әсері болады, сөйтіп ол мансаптың бір бөлігі болады. Бұл бір кездегі таңдап алынған іс-әрекет ету жолының алға қарай дамуы. Басқаша айтқанда, мансап - бұл адамның бүкіл өмір бойы жұмыс істеу кезіндегі еңбек тәжірибесі мен іс-әрекетіне байланысты өзі ұғынған көзқарасы және мінез-құлқы.

«Мансапты жасау» - демек, қоғамда жаңа беделді деңгей мен үлкен мүмкіндіктерге жету, жоғары мәртебе, абырой, билік, көп көлемдегі ақшаға ие болу деген сөз. Бұл жердегі абырой - кең қоғам ішінде кең тараған көзқарас.

Еңбек нарығы жағдайында мансап жасай отырып, біздің әрқайсымыз өзіндік жұмыс күшімізді құраушы да, сатушы да боламыз. Нарықтың конъюнктурасы мен оның заңдылықтарын біле отырып табысқа жетуге болады.

Әрбір адам өз өмірінде лайықты мансапты таңдау мәселесіне көп көңіл бөледі. Сонымен қатар әр адам өмірде белгілі бір табыстарға жеткісі келеді:

- қандай да бір шыңдарды алу;

- ең жақсы нәтижелерге жету;

- қандай да бір салада жетістіктер мен кәсіпқойлыққа ұмтылу;

- орындалған жұмыстан қанағаттанган сезім алуға ұмтылу.

Менеджерлерді шартты түрде үш категорияға бөледі:

- төменгі, машықтанушы деңгей;

- орта шеп;



- жоғары буын.




  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   38




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет