Персоналды басқарудың мәні мен түсінігі


Делегирлеу — мақсаттардың орындалуына толық жауап беретін адамға өкілдік пен шешімдерді жүзеге асыруды жүктеу. Жауапкерішілік



бет34/38
Дата27.06.2020
өлшемі336,09 Kb.
#74601
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   38
Байланысты:
Персоналды басқару ГЭ

Делегирлеу — мақсаттардың орындалуына толық жауап беретін адамға өкілдік пен шешімдерді жүзеге асыруды жүктеу.

Жауапкерішілік — алда тұрған мақсаттарды орындау жөніндегі міндеттеме және олардың қанағаттанарлық шешіміне ауап беру.

Делегирлеу тек қана өкілеттіліктер қабылданған кезде ғана жүзеге асады. Сондықтан жауапкершіліктің өзі делегирленуі мүмкін емес. Өкілеттіліктерді беру процесі екі тұжырымдамаға жүгінеді. Классикалық тұжырымдама бойынша, ұйым арасында өкілеттіліктер жоғарыдан төменгі буынға беріледі және бұл басқару деңгейін анықтайды. Қарама-қарсы немесе өкілеттілікті қабылдау тұжымдамасы кейбір жағдайда орындаушы ұйымдағы өз міндеттерін толық ұғынған кезде басшының берген өкілеттілігін қабылдамай тастайды деген ұғымға негізделеді. Дегенмен, кез-келген жағдайда өкілеттіліктер шектеулі болып келеді.

Өкілеттілік берудің, яғни басшының әз өкілеттігін нақты мәселелерді шешкен кезде бағынышты адамдарға артуының зор маңызы бар. Өкілеттілік беру дегеніміз — басқару қызметін бөлісу процесің етене дамыту, Ол басқару жүйесінің икемділігін күшей-теді және штат құрылымын өзгертпей-ақ, шаруашылық жүйесін жаңа проблемаларды шешуге, жедел реттеп отыруға мүмкіндік береді. Дегенмен, міндеттердің өкілеттілік пен жауапкершіліктіқ арасында дұрыс ара қатынастық болуы жалпы баскару буындарына және жеке қызметкердің еңбегіне үлкен әсер ететінін атап көрсетуіміз қажет.

Жауапкершілік аз, ал өкілеттілік көп болса, әкімшілік озбырлық, субъективизм, ойластырылмаған шешімдер жасалуы үшін жағдай туады. Өкілеттілік аз болған жағдайда жауапкершіліктің зор болуына да жол беруге болмайды, ол оралымды қимылдап, қажетті шешімдер қабылдау мүмкіндігін жояды. Мұндай жағдайда ең ынталы деген қызметкердің өзі көбінесе дәрменсіз болып шығады. Сондықтан әрбір орган үшін ғана емес, сонымен бірге, әрбір қызметкер үшін де өздеріне жүктелген міндеттерді мүлтіксіз және мерзімді орындауына жауапкершілікті берілген өкілеттілікке еәйкес белгілеу ұйымдастырудағы өзекті мәселе болып табылады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   38




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет