Пікір жазғандар: педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент В. А. Жақсыбаева



Pdf көрінісі
бет14/162
Дата07.05.2023
өлшемі2,91 Mb.
#176228
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   162
Байланысты:
Педагогика Молдасан Қ. (1)
Жо арыж не (немесе) жо арыо уорнынанкейінгібілім беру йымдарына, Sauat ashu zhane zhazuga uyretudin teoriyasy men tehnologiyasy Karsybaeva
Қабылдау.
Көзге көрінетін көп мөлшердегі дара қасиеттер 
бізге бөлек-бөлек сияқты көрінгенімен, бір ғана іргелі бағдардың 
салдары болып табылады. Мәселен, кінәлілік немесе ұялшақтық 
сезімдердің үстемдігінің және айқын мазасыздықтың жоқтығы-
нан болады. Дәл сол арқылы сау адамдар мен неврозбен ауыра-
тын адамдардың арасындағы ерекшеліктер байқалады, соңғылар-
дың кез келген уақытта кінәлі болуы, ұялуы немесе уайымға 
салынуы мүмкін. Тіпті біздің мәдениеттің қалыпты өкілдері де 
керексіз жағдайда өзін кінәлі санайды, уайымдап, ұялады. Біздің 
қарамағымыздағы сау адамдардың өздері мен өздерінің көрініс-
терін уайымсыз қабылдап, тіпті кейде мәселелерге тым көңіл 
бөлмей қабылдайтын да мүмкіндігі бар. 
Олар адам табиғатын бар кемшіліктерімен еш мазасызданбай 
қабылдайды. Кейде өз-өзіне ризашылық туралы бұрыс түсінік 
пайда болуы да мүмкін. Дегенмен олар, табиғат құбылыстары 
сияқты, адам табиғатындағы кемшін қасиеттерді, күнәлар мен 
әлсіздіктерді де дұрыс қабылдай алады деген көзқарас анағұрлым 
әділ болатын сияқты. Ешкім де неге су сулы, тас қатты, ал ағаш 
жасыл деген сұрақ қоймайды ғой. Балалардың өмірге кінәсіз 


47 
көздерімен қарайтыны сияқты, кемелденетін адамдар да өз ар-
мандарының орындалуын талап етпейді. Өзін-өзі кемелденді- 
ретін адамдар шындықты, адам табиғатын нақты 
өз қалпында
кө-
реді... 
Бірінші және нақты көрінетін қабылдау деңгейі – ол жануар-
лық деңгей. Өзін-өзі кемелдендіретін адамдар – ол жақсы жан-
уарлар, олар өмірге уайымсыз қарайды және қуанады. Олардың 
тәбеттері жақсы, түс көрулері қуанышты және олар өздерінің 
физиологиялық құмарлықтарынан ұялмайды. Бұлар бәрін өз 
қалпында қабылдайды, себебі өзін-өзі кемелдендіретін адамдар 
адам табиғатымен есептеседі, оған қарсы шықпайды. 
Сау адамдар кінәні (уайым, мазасыздық, ұялу, қайғы) мына 
себептерден сезінеді: 
1)
кемшіліктер, бірақ оларды қалпына келтіруге болады 
(жалқаулық, өзін-өзі ұстай алмау, басқа адамдарға қайғы әкелу); 
2)
психикалық аурудың сарқыншақтары (қызғанушылық, 
көре алмаушылық); 
3)
ерекше мінез-құлыққа байланысты емес тым күшті әдеттер; 
4)
бұл адамдардың өздерін жатқызатын мәдениет немесе 
топтың кемшіліктері. Жалпы формула бойынша сау адамдар 
үшін не мүлтіксіз болуы керек және осы мезетте не бар, олардың 
арасында алшақтық болмауы керек 
(Adler, 1939; Ғrотт, 1947; 
Homey, 1950).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   162




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет