Пікір жазғандар: педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент В. А. Жақсыбаева



Pdf көрінісі
бет2/162
Дата07.05.2023
өлшемі2,91 Mb.
#176228
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   162
Байланысты:
Педагогика Молдасан Қ. (1)
Жо арыж не (немесе) жо арыо уорнынанкейінгібілім беру йымдарына, Sauat ashu zhane zhazuga uyretudin teoriyasy men tehnologiyasy Karsybaeva
ӘОЖ 37.0 
КБЖ 74.00 
ISBN 978-601-04-3626-8 
© Молдасан Қ.Ш., Бектұрғанова Ж.М., 20
20
© Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, 20
20



КІРІСПЕ 
 
 
 
Елдің жарқын болашағын қамтамасыз етуде жас ұрпаққа 
озық білім мен адамгершілік мұраттарына негізделген ізгілікті 
тәлім-тәрбие беру ісін жүйелі ұйымдастыра білу өте маңызды. 
Осыған орай, бүгінгі таңда педагогика ғылымының ғана емес, 
педагогикалық білімнің де маңызы артып, педагог мамандарға 
деген сұраныс өсіп отыр. Ғылыми-педагогикалық мамандарды 
даярлауда білім алушыларға педагогикалық білімдерді ұсыну, 
оларға педагогикалық білім беру, педагогикалық қабілеттерін 
шыңдап, педагогикалық қызметпен айналысудың қыр-сырына 
баулу – өзекті мәселе.
Педагогикалық білім берудің артуымен бірге, педагогикалық 
білім көздерін дидактикалық мақсатта жинақтап ұсыну мәселесі 
де туындап отыр. Осыған орай, ұсынылып отырған оқу құра-
лының мақсаты – ғылыми-педагогикалық бағыттағы оқу үдерісін 
кредиттік оқыту технологиясы талаптарына сай педагогикалық 
білімдерді жинақтау және білім алушылардың өз бетімен оқу, 
қосымша іздену жұмыстарын ұйымдастыру болып табылады.
Осы талапқа сай оқу құралында педагогикалық білім беру 
сабақтастығы мен бірізділігі ескерілді.
Оқу құралында кеңестік және оған дейінгі кезеңдердегі 
ғылыми еңбектерден үзінділер алынып, әлемдік педагогиканың 
алтын қорына енген үздік педагогтардың еңбектері енгізілді. 
Кейбір зерттеулер түпнұсқадан аударылып алынып, жаңа нұсқа-
да берілді. Бұл зерттеулердегі ғылыми тұжырымдар мен талдау-
лар қазіргі білім беру және оқыту технологиялары туралы зерт-
теулердің негізіне алынып жүр. Мысалы, А. Маслоудың қажет-
тіліктер теориясы оқу мотивтері, Ж. Руссо, И.Ф. Гербарттың,
И.Г. Песталоццидің ойлары оқудың мәнін айқындауда басшы-
лыққа алынса, В.В. Давыдов, А.Н. Леонтьев, Л.В. Занков,
С.Л. Рубинштейн, П.Я. Гальперин, Н.Ф. Талызинаның зерттеуле-
рі дамыта оқыту теориясы, іс-әрекет теориясы, ойын теориясы, 
ақыл-ойды сатылай қалыптастыру теориясының негіздері сипат-
талды. Сондай-ақ басқа да ғалымдардың зерттеулері қазіргі 



педагогика үшін өзектілігі тұрғысынан сұрыпталып алынды. 
Мысалы, А. Адлер, Э. Берн зерттеулеріндегі адам психология-
сына қатысты кейбір мәселелер білім алушылар үшін маңызды 
болады деп ойлаймыз. М. Махмутовтың қазіргі күнде өзекті 
болып отырған проблемалық оқыту, проблемалық жағдаят, проб-
лемалық сұрақ туралы зерттеулері педагогикамен айналысатын 
әрбір ізденушіге қызықты болатыны анық.
Тәуелсіздікке қол жеткізген егеменді еліміздің мәдениеті 
ұлттық мүдде тұрғысынан қайта қаралып, ұлт болашағы жас-
тарды қай бағытта, қандай рухта тәрбиелейміз деген мәселе 
туындағаны белгілі. Еліміздің мемлекет ретінде қалыптасуы 
халықтың ұлттық менталитетіне сай, әсіресе жастар арасындағы 
тәрбие мәселесі, жаңа ақпараттық қоғамның өркениетті бағыт-
бағдарына сай терең білімді, тәрбиелі тұлға тәрбиелеу − өзекті 
болып табылады. Тәрбиенің негізгі мақсаты − жеке адамды қа-
лыптастыру және оны жан-жақты дамыту. Ал бұл міндеттердің 
нәтижелі болуы жеке адамның қалыптасуына қандай жағдай-
лардың ықпал ететінін білумен байланысты. Қазіргі таңда қоғам-
ның әлеуметтік-экономикалық жағынан дамуда бар әлеуметтік 
сұраныс негізі жан-жақты дамыған жеке тұлғаны қалыптасты-
руды қажет етеді. Оның бүгінгі жаңа қоғам мүддесіне лайықты, 
жан-жақты жетілген, белсенді іс-әрекеті мен ғылыми саналы 
көзқарасын қалыптастыру, бойында ұлттық сана, ұлттық мінез-
құлқы қалыптасқан ертеңгі қоғам иегері боларлық парасатты 
азамат тәрбиелеп өсіру, соңғы жылдары өріс алған ұлттық мәде-
ниетіміздің педагогикалық негізінде оның өркениеттік сипаттары 
мен үрдістеріне терең бойлауға бағытталған ізгілікке тәрбиелеу – 
барша халықтың міндеті. Жаһандану үрдісінде отандық білім бе-
рудің әлемдік білім кеңістігіне енуі, жаңа ақпараттық техноло-
гиялардың дамуы, жеке тұлғаның жалпы коммуникативті мәде-
ниетін қалыптастыру білімнің халықаралық дәрежесінің жоғары-
лауына мүмкіндік береді. Замана жетiстiктерi негiзiнде жас ұр-
паққа сапалы бiлiм берудi мақсат ете отырып, жаңа қоғамға 
лайықты өмірден өз орнын табатын, адамгершілік қасиетті бойы-
на дарытқан жеке тұлғаны тәрбиелеу − бүгінгі күннің басты 
талабы. Республикамызда жеке тұлғаны тәрбиелеуде адамның 
ішкі жан-дүниесін, рухани әлемін дамыту, жетілдіру бағытында 
үлкен ізденістер қолға алынуда. Сондықтан бүгінгі педагоги- 



калық білім берудің мақсаты мен мазмұны қазіргі заман тала-
бына сай білім беру жүйесін реформалау арқылы жоғары кәсіби 
педагогикалық білім жүйесінің құрылымдық және мазмұндық 
өзгертілуін талап етеді. 
Педагогиканың сан салалы тарихының, оның қалыптасу 
арналарының бір оқу құралы көлемінде дидактикалық мақсатта 
білім алушылардың қосымша оқу, іздену іс-әрекетін ұйымдас-
тыруға лайықталып ұсынылуы – осы оқу құралының басты ерек-
шелігі деп атап көрсетуге болады. Сонымен қатар оқу құралында 
ОЖСБ бойынша тест сұрақтары және бақылау сұрақтары берілді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   162




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет