Пікірсайыс, ойын, тренинг технологиясы 15-апта осөж физиканы оқытудағы иновациялық технологиялар пікірсайыс дегеніміз не? Пікірсайыс



бет3/6
Дата26.05.2022
өлшемі1,25 Mb.
#145075
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
15 апта ОСӨЖ Инов тех
семинар 2
Ойын түрінде оқытудың мақсаты:
Жеке – қызмет түрінде білімді ,біліктілікті ,дағдыны меңгеруді қамтамасыз етеді
Мағынасы:
Оқу материалын ізденуге ,өндеуге меңгеруге бағытталған танымдық жеке қызметтер
Іске асыру құралы:
Оқушыларды шығармашылық қызметіне ойын әдістері арқылы қызықтыру
Міндеті:
Баланың қызығушылығын ояту, белсенділігін арттыру
Дидактикалық ойындар — балалардың білімдерін арттырудың құралы. Сабақта ойындарды қолданудың түрлі жолдары бар. Дидактикалық ойындар арнайы мақсатты көздейді және нақты міндетті шешеді. 
Ойындарды дене ( қозғалыс ),ой-өрісі (ақыл-ой),еңбек ,әлеуметтік және психологиялық қызметтер түрлеріне бөлу керек.
Ойындар ерекшеліктеріне қарай мына топтарға бөлінеді:
  • оқыту,жаттығу,бақылау және қорытындылау;
  • таным,тәрбие,даму:
  • еске алу,өнімділік,шығармашылық;
  • коммуникативтік,таным әдісі,кәсіпке бағдарлау және т.б

  • Ойын әдістемесі пән бойынша:
  • сюжеттік
  • рөлдік
  • іскерлік
  • еліктеушілік
  • драмалық ойындар

Ойын түрінде құрылған сабақ оқу процесінің басымдықтарын – жеке тұлғаның жан-жақты дамыту мен қалыптастыруға қарай өзгертеді. Бұл жағдайда білім мен біліктерді бүкіл сабақ бойы пайдалану талап етіледі.
Ойын арқылы оқыту процесінде қарым – қатынас стилі мен сипаты ,сондай-ақ педагог қызметі өзгереді ол сабақта ұйымдастырушы ,үйлестіруші және кеңесші ретін атқарады.Ойында бірде-бір оқушы елеусіз қалмайды,әрқайсысынан жаңа шығармашылық талап етіледі.
Ойын барысында жеке тұлғаның шығармашылық әлеуеті ашылып, жетілуі үшін, мен әртүрлі – зияткерлікті – эвристикалықты, байланыстырушы шығармашылықты шығармашылық тапсырмаларды пайдаланамын. Осы тәсілдерді пайдалану арқасында шығармашылықты жеке тұлға сапалары:әуесқойлық ,бақылағыштық,елес,қиялдары дамытылады. Бұл кезде жеке тұлғаның мүмкін қабілеттеріне әсерін тигізетін ойлауы ешкімге ұқсамайтын,дербес болады.
  • Ойын сабақтың басында – өткен сабақты еске түсіреді. 
  • Сабақтың ортасында – көңіл-күйін сергітеді, ерік-жігерін дамытады, сабаққа ынтасын арттырады.
  • Сабақтың соңында – тақырыпты бекіту, сабақта алған білімді жинақтау мақсатын көздейді.

Ойын – оқушылардың оқуға деген ынтасын арттыратын құрал. Сондықтан бастауыш, дайындық сыныптарында оқушылар сабақ үстінде ойынды көп қажет етеді. Оларға пайдаланылатын ойындар оқушылардың жас ерекшеліктеріне қарай күрделеніп отырады.
Сабақ үстінде жүргізілетін жұмыс түрлері, тақырыпқа сай алынған тәрбиелік мәні бар ойын элементтері оқушылардың ойлау белсенділігін керек етеді. Сондықтан мұғалім әр сабағында ойын түрлерін орнымен қолданып, оны қызықты ету арқылы олардың білімге ынта-ықыласын, пәнге деген сүйіспеншілігін қалыптастыруды мақсат етеді. Демек, мұғалім сабағын баланың қабілет-қарымына, психологиялық ерекшелігіне сай байланыста жоспарлау керек. Сонда ғана сабақ тартымды, жеңіл болады, оқушыларды жалықтырмайды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет