Пиза тапсырмасы бойынша мәтіндер Мәтін -1 Абайдың сыны Әңгімені оқыңыз. Түсініңіз


/ ..., ..., .... , ..., ..., ..., ..., ... /



бет4/16
Дата07.03.2022
өлшемі43,21 Kb.
#134428
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16
Байланысты:
PIZA ОКУ САУАТТЫЛЫГЫ мәтіндер (4) (2)
Акушерия 676-730, Интерпретация 2, 7С ҚТЖ қазақ т
/ ..., ..., .... , ..., ..., ..., ..., ... /



  1. Шаруа базарда аралап жүріп, өзінің атын көреді.

  2. Шаруаның ақылды ісіне барлығы қайран қалды.

  3. Бір күні бір ұры қораға кіріп, атты ұрлайды.

  4. Сатушы қателеседі.

  5. Бір шаруаның әдемі аты бар еді.

  6. Шаруа сатушыдан аттың қай көзі көрмейтінін сұрайды.

  7. Шаруа атының ұрланғанына қатты қайғырады.

  8. Аттың ер тоқымы ауыстырылып, сатуға шығарылған еді.

  9. Сатушы сол көзі көрмейтінін айтады.

2. Мәтін мазмұны бойынша дұрыс (+) және дұрыс емес (-) сөйлемдерді белгілеңіз.








Сөйлемдер

Дұрыс

Дұрыс емес

1

Бір шаруаның екі әдемі аты бар еді.







2

Ол өзінің атын жақсы көретін.







3

Бір күні бір ұры қораға кіріп, атты ұрлайды.







4

Шаруа атының ұрланғанына қатты қуанады.







5

Базарда аралап жүріп, өзінің атын көреді.







6

Шаруа өз атын танымай қалады.







7

Аттың ер тоқымы ауыстырылып, сатуға шығарылған еді.







8

Сатушыдан аттың қай көзі көрмейтінін сұрайды.







9

Сатушы аттың екі көзі де көрмейтінін айтады.







10

Шаруаның ақылды ісіне барлығы қайран қалды.







11

Шаруа өз атын алып үйіне қайтады.







3. Қалай ойлайсыз осы оқиға бойынша қандай мәтел айтуға болады? Жауабыңызды осы әңгімемен байланыстырыңыз. Ақылды адам қор болады ма?
Мәтін -3
Жұмбақты жұмбақпен шешу.

Қазыбек би қасына бір жолдасын ертіп, Төле биге сәлем бере барады.


Әңгіменің бір кезінде аға биден жұмбақтап сұрайды:
- Алысыңыз қандай?-деп сұрайды.
- Алысым жақын болды ,- деп жауап береді Төле би.
- Тәттіңіз қандай болды?
- Тәттім шырын болды.
- Несиеңіз қандай ?
- Несием, шүкір, өсіп жатыр.
Бұл жұмбақтың шешуін Қазыбек бидің қасына еріп барған жолдастары да, келгенде олардан естіген өз әкесі де түсінбейді.
Жұмбақтың шешуін Қазыбек бидің өзі былай түсіндіреді:
- «Алысыңыз қандай?» деген - «Көзіңіз қалай көреді?» деген, «Тәттіңіз қандай?» деген - «Ұйқыңыз қалай?» деген, «Несиеңіз қандай?» деген - «Балаларыңыз қалай қарауда?» деген едім.
Төле би менің сұрақтарыма:
«Көзім нашар көретін болды. Ұйқым келмейді. Балаларым өсіп жатыр», - деп жауап берді дейді.



  1. Сұрақ. Қазыбек би нені сұрады? Сәйкестендіріңіз.




  1. Алысыңыз қандай?







А .Ұйқыңыз қалай?

  1. Тәттіңіз қандай?







Ә. Көзіңіз қалай көреді?

  1. Несиеңіз қандай ?







Б. Балаларыңыз қалай ?

2-сұрақ. Төле бидің жауабын Қазыбек би қалай түсінеді?



  1. Алысым жақын болды







А. Балаларым өсіп жатыр.

  1. Тәттім шырын болды.







Ә. Ұйқым келмейді.

  1. Несием өсіп жатыр.







Б. Көзім нашар көреді.

3-сұрақ. Әңгімедегі «Алысыңыз қандай?», «Тәттіңіз қандай?», «Несиеңіз қандай?» деген сұрақтарды сіз қалай түсінер едіңіз? Сіздің ойыңызша, бұл сұрақтардың астарында Қазыбек би не туралы сұрамақ болған еді?


Мәтін -4


Батылдық
1. Еңбек сенікі, өзің ал, - деп үлкендер бөріні Аманкелдінің өзіне қайтарып береді.
Аманкелді арланды сойып алып, ат сауырына салғанда, қасқырдың бір жағынан тұмсығы, бір жағынан құйрығы жер сызып отырыпты.

3. Осы кезде бұлардың үстіне қойды ауылға қарай қаптатып айдап келе жатқан бала жігіт Аманкелді тап болыпты.


Аманкелді айнала аңтарылып тұрғандардан істің мән-жайын сұрапты. Олар қасқырға батып бара алмай тұрғандарын балаға баяндапты.
-Тәйірі, тышқаннан қорқып барлығыңның бата алмай тұрғандарың ба? - деп, Аманкелді үстіндегі тонын шешіп, лақтырып жіберіп, қалың қардың үстімен қасқырға қарсы жүреді.



  1. Аманкелді жоқшылықтан құтыла алмай, Есжан деген байдың есігінде жүреді. Есжанның төрт түлігі Торғай өлкесіне сыймапты. Ол бір жылы қырдан Сырға құлап, Арыс құмын қыстап отырыпты. Алғашқы қар қалың түсіп сол күні бір топ адам Арыс құмынан арлан қасқыр қуыпты. Қасқыр қалжырап шаршаған соң, биік құмның қырқасындағы бір топ тікенектің арасына барып тілін салақтатып, көлденеңдеп жатып алыпты. Барайын десе үлкен кісілерді қар көтермепті. Ал жас жігіттер азу тісін сақылдатып, екі көзінен жалын шашып, айбат шегіп жатқан арланның айбарынан жасқанып жанына бара алмапты.

2. Жалғыз барған жас балаға тайыншадай қаһарын тігіп желкесі күжірейіп, көзінен от шашып, қарсы шабады. Аманкелді сілтеп бір қалғанда, қақ сойыл қасқырдың қара тұмсығынан барып тиеді. Қасқыр құйрығы қарға шаншыла барып құлайды. Аманкелді қасқырды сүйреп әкеліп, «Байлаңыздар», - деп ақсақалдардың алдына тастайды.


(С.Мәуленов)

  1. Мәтін бөліктерін дұрыс орналастырыңыз.




А

4,2,3,1

Ә

1,3,4,2

Б

4,3,2,1

2. Аманкелді «Тәйірі, тышқаннан қорқып барлығыңның бата алмай тұрғандарың ба?» деп қандай жануар туралы айтты?
А) жолбарыс
Ә) қасқыр
Б) қабан

3. Қасқырды сипаттаған жерлерін табыңыз, Аманкелдінің іс- әрекетіне қандай баға берер едіңіз?




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет