Пјн Информатика сынып 7в Дата



бет57/69
Дата05.02.2022
өлшемі1,25 Mb.
#18093
түріСабақ
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   69
Пайдаланылған әдебиеттер: 1) Н.Т. Ермеков, Н.Ф.Стифутина Информатика 7 сынып, оқулық;
2)Н.Т.Ермеков, С.Б.Пилипенко,Информатика, Әдістемелік нұсқау, 7 сынып.
3) Н.Т.Ермеков, С.Б.Пилипенко,Информатика, Дидактикалық материалдар, 7 сынып.


Сабақ барысы



  1. Ұйымдастыру кезеңі (2 мин):

а)оқушылар тізімі;
ә)кабинет жағдайы;
б)сабақ барысымен таныстыру.

  1. Үй тапсырмасын тексеру.(3-5мин)

Тест алу
3)Жаңа тақырыпқакіріспе (3-5 мин)
4)Жаңа тақырыпты түсіндіру(3-5 мин)
Редакторды іске қосқаннан кейін экранға WordPad мәтіндік редакторының терезесі шығады. Терезе келесі элементтерден тұрады:

  1. тақырып жолы

  2. меню жолы

  3. құрал-саймандар тақтасы

  4. пішімдеу тақтасы

  5. сызғыш

  6. жұмыс аймағы.

Терезенің көп бөлігін бос кеңістік – жұмыс аймағы алады, оған мәтін енгізіледі.
Терезенің тақырып жолында құжат аты және WordPad программасының аты көрінеді.
Құрал-саймандар тақтасында жиі пайдаланылатын командаларды шақыру батырмалары бар. әрбір батырманың міндетін білу үшін, тышқанның нұсқағышын сол батырманың үстіне орналастырыңдар, аз уақыттан соң ішіне батырманың қысқаша аты жазылған кішкене төртбұрыш шығады. Батырманың аты оның орындайтын қызметін көрсетеді.
Терезеде орналасқан екінші тақта – бұл Пішімдеу тақтасы. Бұл тақтада да мәтінді пішімдеу командаларына тез қатынау батырмалары орналасқан.


Жұмыс аймағы

Қалып-күй жолы



Мәтінді енгізу және редакциялау:
Мәтінді енгізгенде жолдар автоматты түрде төмен жылжытылып отырады.
Мәтінді теру кезіндегі кейбір пернелердің қызметі:
Enter - жаңа жолға көшу
Shift - бас әріптерді теру
СарsLоск - бас әріптер режиміне ауысу
Васкsрасе - меңзердің сол жағындағы символарды өшіру
Delete - меңзердің оң жағындағы символдарды өшіру
Мәтінді пішімдеу:
Мәтіннің әлпетін өзгерту және мәтінді беттердің шеттері бойынша тегістеу әрекеттері орындау мәтінді пішімдеу деп аталады.
Мәтіннің әлпеті: Ж- жартылай қалың, К - курсив, Ч - асты сызылған. Кәдімгі Пішімдеу құрал-саймандар тақтасындағы Ж, К, Ч батырмаларын шерту арқылы жылдам өзгертіледі.
Мәтінді тегістеу үшін Пішімдеу құрал-саймандар тақтасындағы сол жақ шеті, оң жақ шеті, ортасы бойынша тегістеу батырмалары қолданылады. Бұл әрекетті Формат - Абзац командалары арқылы да орындауға болады.
Сергіту жаттығулары (2 мин)
5) Жаңа тақырыпты бекіту (10-15 мин)
Тапсырмалар мен сұрақтар:

    1. WordPad. мәтіндік редакторының атқаратын қызметі қандай?

    2. WordPad. мәтіндік редакторын қалай іске қосамыз?

    3. WordPad.мәтіндік редакторының терезесінің бөліктерін атаңыз

    4. WordPad. мәтіндік редакторында құжат құру сатыларын атаңыз

    5. Мәтіннің қаріпін, өлшемін, әлпетін қалай өзгертеміз?

    6. Мәтінді тегістеудің қандай түрлері бар, олар қалай орындалады?


Каталог: uploads -> doc -> 02a5
doc -> Ғарыш әлеміне саяхат
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
02a5 -> Сабақтың тақырыбы: Батыр Бауыржан өмірі-ұрпаққа үлгі


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   69




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет