ПОӘК 042-14 05 20. 43/03. 2011 №3 басылым 05. 09. 2011 ж



бет9/10
Дата06.07.2018
өлшемі0,81 Mb.
#47757
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




1. Студенттердің оқу-зерттеу жұмыстарының мақсаттары мен міндеттері.

Студенттердің оқу-зерттеу жұмыстарының (СОЗЖ) мақсаты студенттердің ғылыми- зерттеу жұмыстарының барлық кезеңдерінен іс-жүрзінде таныстыру болып табылады. Ол өзбетінше зерттеу жұмыстары дағдысын меңгерген, еліміздің халықшаруашылық үшін жоғары квалификациялы мамандарды даярлаудың ажырамас қурама бөлігі болып табылады.

СОЗЖ-ның басты міндеті- студенттердің өз бетінше теориялық және эксперименттік жұмыс бабына  сіңіру, оларды ғылыми-зерттеудің қазіргі әдіс-тәсілдерімен, эксперимент техникасымен, техника қауыпсіздігімен, өндіріс және ғылыми ортадағы  жұмыстардың шынайы жағдайларымен таныстыру.

СОЗЖ орындау барысында студенттер теориялық білімдерін іс-жүзінде қолдана білуді, ғылыми әдебиетпен жұмыс жүргізуді, рефераттар және шолу жасауды, жекелеген теориялық міндеттерді шешуді, өз бетінше эксперименттерді дайындау және өткізуді, лабораториялық құрал- жабдықтарды пайдалануды, өз еңбегінің және басқа авторлар еңбегінің нәтижесін баяндауды үйренеді.

Студенттердің оқу-зерттеу жұмыстарының табысты болуы нститут кафедралары өткізетін зерттеулердің өзектіо және тереңдігімен, бұл зерттеулерде профессорлар мен оқытушылардың көбірек қатысуымен аңықталады.

Нақты тұжырымдалған міндет, студент жұмысына басшылық тарапынан тұрақты көңіл бөлу жұмыстың қаржылығы мен сапалығына жағдай жасайды.

            

2.Студенттердің оқу-эерттеу жұмыстарын ұйымдастыру.

Студенттердің оқу-зерттеу жұмыстары бағдарлы (профилирующий) кафедраларда жүргізіледі.

Кафедралар студенттердің жеке қызығушылығын ескеріп және өтініштеріне сәйкес СОЗЖ-ға бөлуді ұйымдастырады.

СОЗЖ оқу жоспарына сәйкес жүргізіледі. СОЗЖ-нің орындау оқу сабақтарының басқа да түрлері секілді міндетті болып табылады. Мүмкіндігінше, студенттердің жұмысына сабақ кестесіне бір күн, яғни 4-6 сағаттан кем емес уақыт бөлінсе.

СОЗЖ-ге профессорлар, доценттер, оқытушылар, докторанттар, аспиранттар, ғылыми қызметкерлер басшылық жасайды.

Кафедрада СОЗЖ-ді ұйымдастыруға бір оқытушы жауапты болады.

СОЗЖ-ні орындайтын әрбір студент мүмкіндігінше жұмыс орнымен, аппаратурамен, инструмент, материалдармен қамтамасыз етілуі тиіс.

СОЗЖ –ді өткізудің жалпы әдістемелік мәселерін (бағдарламалар, нұсқаулар, экспетимент өткізуді сипаттау және т.б) СҒК Кеңесімен бірге кафедралар, университет, факультет Кеңесінің әдістемелік комиссиясы даярлайды және шешеді.

СОЗЖ-ні өткізуге жауапты және ғылыми жетекші студенттердің СОЗЖ-ні орындауына жүйелі бақылау жүргізеді.  Әрбір студент жұмыс дәптер арнауы тиіс.

СОЗЖ-ні ғылыми ізденістің элементтерін және оқу жұмысының барлық түріне ғылыми зерттеулерді  ендіре отырып, бірінші курстан бастап студенттің ЖОО-да оқуының барлық кезеңінде мақсатты түрде жүргізу керек.

СОЗЖ екі кезеңге(түрге) бөлінеді:

  Жалпыға білім беретін пәндерді меңгеру барысында төменгі курс студенттерімен жұмыс;

  Маман даярлайтын кафедраларда мамандандырылған жоғары курс студенттерімен жұмыс.

  Бірінші кезеңде (бірінші- екінші курс бойы) студенттерді  ғылыми-зерттеудің негізімен және   элементтерімен таныстырады, тағдаған мамандығына деген сүйіспеншілікті тәрбиелей отырып, іргелі ғылымдарды терең меңгерту бойынша өз бетінше жұмыс дағдылары дамытады. Бұл кезеңдегі СОЗЖ формалары төмендегідей болады;

  Меңгерген курстық жекелеген тақырыптарынан реферат дайындау;

  Белгілі тақырып боыйнша библиография жасау;

  Оқу-әдістемелік нұсқаулар даярлауға қатысу (кестемел, макеттер, модельдер);

  Кафедраның тапсырмасы бойынша сызбалар, схемалар, кестелер әзірлеу;

  Лекцияны демонстрациялауды дайындауға қатысу және т.б.

Қоғамдық ғылымдар бойынша мақсатты түрде әрбір курста бір рефераттап жазу. Екінші кезеңде студенттер зерттеу жұмысы на тікілей тартылады. Оларға нақты теориялық, эксперименттік немесе құрылымдық (конструкторлық) зерттемелер тапсырылады. 

Бұл зерттеулер маман шығаратын кафедраларда практикалық, лабораториялық, курстық және дипломдық жұмыстарды орындау, сонымен қатар өндірістік іс-тәжірибе барысында жүргізіледі.

Бұл кезеңде студенттер кафедра  отырысында тыңдалып, талданатын методикалық мәселелер бойынша ғылыми хабарлама және рефераттар дайындайды.

Студенттерді кафедраларда ғылыми жұмыстан бөлек студенттердің құрылымдық (конструкторлық) бюро жұмыстарына тарту ұсынылады.

Оқу уақытысынан тыс уақытта ғылыми үйірмелердегі студенттік ғылыми қоғамның жұмысын  СОЗЖ-нің екі кезеңдегі міндетті толықтырулар деп санауға болады.

Студенттердің ең үздік жұмыстарын студенттердің ғылыми- тезникалық конференцияларына, байқауларға, көрмелерге ұсыну керек.

СОЗЖ барлық мамандықтарың оқу жоспарына оқытушылардың жұмыс жоспарына және аудиториялық жалпы сағат саның аясында студенттердің сабақ кестесіне ендіріледі.

СОЗЖ кафедра, өзекті және салалық, ғылыми-зерттеу лабораториялары базасында өткізіледі.СОЗЖ-ның орындалуын материалдық қамтамасыз ету бюджеттік және шаруашылық келісім қаражатты есебінен жүзеге асады

3.  Студенттердің  ғылыми-зерттеу  жұмыстарын  жүргізу  формалары

СҒЗЖ орындалуының  негізгі  формасы – жетекші  жинақтап  бір қалыпқа  түсірген  тапсырмаларды  жеке-жеке орындауболып табылады. СҒЗЖ орындаудың  алғашқы  кезеңінде  студенттерді  зерттеудің  әдістері  мен  тәсілдеріне  үйрету  үшін  топтасып орындау  әдісін қолданады. Сонымен  қатар топтасып  орындау әдісін  жұмыс істеу  үшін ерекше  құрал-жабдықтар  қжет  болған  жағдайда  қолдануға болады.

ҒЗЖ-ына  арналған  тапсырмаларды  келешегі  бар тақырыптар  бойынша  алған  жөн. Берілетін  тапсырмалардың  көлемі мен  мәнін студенттердің жеткен  жетістіктері  мен  бейімділіктеріне  қарай  бөлу  керек.

Тапсырмаларда  алға қойған  мәселерді  шешу  үшін  қажетті  барлық  жұмыстар  көрінуі  қажет.

СҒЗЖ орындау  барысында  студенттерді  белгілі  бір  ғылыми топқа  бекітіп  қойған  жөн. Бұлай еткен жағдайда  студенттерге  белгілі  бір  тақырып  бойынша  жасаған  жұмысын  келесі  курстарда, іс-тәжірибе  барысында және диплом  жұмыстарын  жобалау  кезінде  әрі  қарай  жалғастыруға  мүмкіндік  туады,  оқытудың  қорытынды  кезеңдерінде  жоғары  сапаға  қол  жеткізе  алады.

Ғылыми-зерттеу  жұмыстарының  нәтижелері  кафедраның  алдыңғы  қатарлы  оқытушыларынан  тұратын  комиссия  мүшелерінің   алдында  есеп  беру  түрінде  қорғалады.

Есепте  орындалған тапсырма  бір жүйеге  түскен  түрде, теориялық немесе  есеп  беру  бөлімі, тәжірибе  схемасы, қол жеткен  нәтижелер  және  оларды  талқылау  туралы  қысқаша  баяндап  өтілуі  тиіс.

СҒЗЖ оқу  жұмыстарының  барлық  түріне – семинар,  лабораториялық  сабақтарға, практикаға, курстық  және  дипломдық  жобаларға,  студенттердің  өзінік  жұмыстарына  енеді.

Курстық  және  дипломдық  жұмыстар  немес  жобалар.  Студенттерге  кафедралардың,  лабораториялардың,  ғылыми  зерттеу  бағыттарының,  ғылыми  технологиялық  отрядтардың, студенттер  конструкторлық  бюроларының  тақырыптарымен  байланысты  шынайы  ғылыми,  өнеркәсіптік  мәселер  бойынша  жеке-жеке  тапсырмалар  беріледі.  Кешенді  ғылыми  тақырыптарды  бір  немесе  бірнеше  ұқсас  мамандықтар  бойынша  екі-бес  студенттен  құралған  бригадаларға  беруге  болады

Семинар  сабақтар.  Қоғамдық  және  негізгі  пәндерді  оқу  барысында  студенттер  ғылыми  рефераттар  дайындап,  семинар  сабақтарында  оқып,  талдайды.  Үздік  рефераттар  баспаға  және  байқауларға  ұсынылады.  Бітіруші  кафедраларда  үнемі  арнайы  студенттік  семинарлар  өткізіледі.  Семинар  барысында  студенттер  ғылыми   хабарламаларды, тезистерді,  рефераттар  дайындауды,  ғылыми пікір-таластарда  белсенді  атсалысуға,  өз  зерттеулерінің  нәтижесін  баяндау  және  қорғауды,  ғылыми  талдамалардың  орындалуына  бақылау  жасауды  үйренеді.  Семинарларда  рефераттар  мен  әдебиеттерге   шолу  жасалады,  зерттеу  жұмыстарының  жоспары  мен  әдістері,  орындалған  жұмыстар  т.б. туралы  есептер  тыңдалады.  Семинарлар алдын-ала  жасалған  кесте  бойынша  кафедра  меңгерушісінің  жетекшілігімен  өткізіледі.

Лабораториялық  және  практикалық  сабақтар

Лабораториялық  және  практикалық  жұмыстарды  орындау  барысында  студенттерге   ғылыми  зерттеу  жұмыстарының  элементтері  бар  жекелеген  тапсырмалар  беріледі.  Мысалы: Жаңа заттардың  синтезі мен  анализі; Жаңа  заттардың  құрамын  зерттеу; Құралдарды  жасау; Құрал-жабдықтардың  жобасын  талдау; Электр  схемасын  жасау; ЭЕМ үшін  бағдарламалар  жасау; Қондырғылардың  есебімен  монтажын  жүргізу;

Ғылыми  мақаларды  аудару  және  рефераттау.

Талдамалардың  нәтижелері  есеп  түрінде  беріліп,  кафедрада  қорғалады.  Үздік  жұмыстар  ғылыми  конференцияларға,  байқауларға және  көрмелерге  ұсынлады.

Өндірістік  іс-тәжірибе. Іс-тәжірибені  өту  барысында  студенттерге  жекелеген  тапсырмалар  беріледі.








Өзін-өзі тексеру сұрақтары

  1. Студенттердің оқу-зерттеу жұмыстарының (СОЗЖ) мақсаты

  2. Студенттердің ғылыми- зерттеу жұмыстарының кезеңдері







  1. Тәжірбиелік сабақтар

1 Тәжірибелік сабақтың тақырыбы: Студенттердің ғылыми зерттеу жұмыстары


Тәжірбиелік сабаққа арналған оқу-әдістемелік нұсқаулар №1

Жоспар: Студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарының   мақсаты мен міндеттері, жүргізу  формалары

Мақсаты: СҒЗЖ орындалуының  негізгі  формасы – жетекші  жинақтап  бір қалыпқа  түсірген  тапсырмаларды  жеке-жеке орындау болып табылады. СҒЗЖ орындаудың  алғашқы  кезеңінде  студенттерді  зерттеудің  әдістері  мен  тәсілдеріне  үйрету  үшін  топтасып орындау  әдісін қолданады. Сонымен  қатар топтасып  орындау әдісін  жұмыс істеу  үшін ерекше  құрал-жабдықтар  қажет  болған  жағдайда  қолдануға болады.

ҒЗЖ-ына  арналған  тапсырмаларды  келешегі  бар тақырыптар  бойынша  алған  жөн. Берілетін  тапсырмалардың  көлемі мен  мәнін студенттердің жеткен  жетістіктері  мен  бейімділіктеріне  қарай  бөлу  керек.

Тапсырмаларда  алға қойған  мәселерді  шешу  үшін  қажетті  барлық  жұмыстар  көрінуі  қажет.

СҒЗЖ орындау  барысында  студенттерді  белгілі  бір  ғылыми топқа  бекітіп  қойған  жөн. Бұлай еткен жағдайда  студенттерге  белгілі  бір  тақырып  бойынша  жасаған  жұмысын  келесі  курстарда, іс-тәжірибе  барысында және диплом  жұмыстарын  жобалау  кезінде  әрі  қарай  жалғастыруға  мүмкіндік  туады,  оқытудың  қорытынды  кезеңдерінде  жоғары  сапаға  қол  жеткізе  алады.

Ғылыми-зерттеу  жұмыстарының  нәтижелері  кафедраның  алдыңғы  қатарлы  оқытушыларынан  тұратын  комиссия  мүшелерінің   алдында  есеп  беру  түрінде  қорғалады.

Есепте  орындалған тапсырма  бір жүйеге  түскен  түрде, теориялық немесе  есеп  беру  бөлімі, тәжірибе  схемасы, қол жеткен  нәтижелер  және  оларды  талқылау  туралы  қысқаша  баяндап  өтілуі  тиіс.

СҒЗЖ оқу  жұмыстарының  барлық  түріне – семинар,  лабораториялық  сабақтарға, практикаға, курстық  және  дипломдық  жобаларға,  студенттердің  өзінік  жұмыстарына  енеді.

Курстық  және  дипломдық  жұмыстар  немес  жобалар.  Студенттерге  кафедралардың,  лабораториялардың,  ғылыми  зерттеу  бағыттарының,  ғылыми  технологиялық  отрядтардың, студенттер  конструкторлық  бюроларының  тақырыптарымен  байланысты  шынайы  ғылыми,  өнеркәсіптік  мәселер  бойынша  жеке-жеке  тапсырмалар  беріледі.  Кешенді  ғылыми  тақырыптарды  бір  немесе  бірнеше  ұқсас  мамандықтар бойынша  екі-бес  студенттен  құралған  бригадаларға  беруге  болады

Семинар  сабақтар.  Қоғамдық  және  негізгі  пәндерді  оқу  барысында  студенттер  ғылыми  рефераттар  дайындап,  семинар  сабақтарында  оқып,  талдайды.  Үздік  рефераттар  баспаға  және  байқауларға  ұсынылады.  Бітіруші  кафедраларда  үнемі  арнайы  студенттік  семинарлар  өткізіледі.  Семинар  барысында  студенттер  ғылыми   хабарламаларды, тезистерді,  рефераттар  дайындауды,  ғылыми пікір-таластарда  белсенді  атсалысуға,  өз  зерттеулерінің  нәтижесін  баяндау  және  қорғауды,  ғылыми  талдамалардың  орындалуына  бақылау  жасауды  үйренеді.  Семинарларда  рефераттар  мен  әдебиеттерге   шолу  жасалады,  зерттеу  жұмыстарының  жоспары  мен  әдістері,  орындалған  жұмыстар  т.б. туралы  есептер  тыңдалады.  Семинарлар алдын-ала  жасалған  кесте  бойынша  кафедра  меңгерушісінің  жетекшілігімен  өткізіледі.

Лабораториялық  және  практикалық  сабақтар

Лабораториялық  және  практикалық  жұмыстарды  орындау  барысында  студенттерге   ғылыми  зерттеу  жұмыстарының  элементтері  бар  жекелеген  тапсырмалар  беріледі.  Мысалы:

Жаңа заттардың  синтезі мен  анализі;

- Жаңа  заттардың  құрамын  зерттеу;

- Құралдарды  жасау;

Құрал-жабдықтардың  жобасын  талдау;

Электр  схемасын  жасау;

ЭЕМ үшін  бағдарламалар  жасау;

- Қондырғылардың  есебімен  монтажын  жүргізу;

- Ғылыми  мақаларды  аудару  және  рефераттау.

Талдамалардың  нәтижелері  есеп  түрінде  беріліп,  кафедрада  қорғалады.  Үздік  жұмыстар  ғылыми  конференцияларға,  байқауларға және  көрмелерге  ұсынлады.

Өндірістік  іс-тәжірибе. Іс-тәжірибені  өту  барысында  студенттерге  жекелеген  тапсырмалар  беріледі.

Зерттеудің  жаңа  тәсілдерін  ұсыну.

Рационализаторлық  ұсыныстарды  ойлап  табу;

Ғылыми-зерттеу  жұмыстарының  тақырыптық  жоспары (тақырып,  жұмыс  мақсаты, орындау  кезеңдері мен  аяқтау  мерзімі, ұсынылған  әдебиеттер, құрал-жабдықтар, орындаушылар  мен  жетекшілер);

Іс-тәжірибені,  курстық  және  дипломдық  жұмыстарды   орындау  барысында  орындалатын  жекелеген  ғылыми  тапсырмалар.

Кафедраларда  студенттердің  ғылыми  жұмыстарының  картотекасы  жүргізіледі
Өзін өзі тексеру сұрақтары


  1. Студенттердің ғылыми зерттеу жұмыстары мақсаты мен мазмұны

  2. СҒЗЖ орындалуының  негізгі  формасы

  3. СҒЗЖ оқу  жұмыстарының  барлық  түрлері

  4. СҒЗЖ оқу  жұмыстарының  барлық  түрлеріне анықтама беріңіз

2 Тәжірибелік сабақтың тақырыбы: Ғылыми зерттеудің мазмұны, мақсаты, зерттеу нысаны


Тәжірбиелік сабаққа арналған оқу-әдістемелік нұсқаулар

Жоспар: Курстың мазмұны, мақсаты мен міндеттері, оның халық шаруашылығына мамандарды даярлаудағы мазмұны.

Мақсаты: Оқытылатын курстың мазмұнымен, міндеттерімен, нысанымен танысу.

Ғылыми зерттеуді орындау келесі кезеңдерден тұрады:

  1. Мақсаты мен міндеттерін анықтау

  2. Теория мен әдістемені зерттеу

  3. Зерттеудің бірлігін, нысанын және оның себептерін анықтау

  4. Ақпарат алу және оның сенімділігінің, біртектілігінің, салғастырылғандығының , толықтығының бағалануы;

  5. Статистикалық-математикалық әдістерді қолдана отырып, мәліметтер жинақтау және талдау

  6. Талдау нәтижесінен қорытынды шығару

Зерттеудің мақсаты мен міндеттері – бұл ғылыми зерттеудің аса жауапты және маңызды кезеңі. Зерттеу қызметінің қорытынды нәтижесі, ғылыми негіздеменің қаншалықты дұрыс қалыптасқандығына байланысты, яғни соған тәуелді. Бұл үшін мәселені дұрыс түсіну және тұжырымдаманы түзетіп алу қажет, бұл мәселені шешуге көмектеседі. Оның қалыптасу жолы зерттеушінің саналы ойлауының қызметіне, оның ғылыми шығармашылығының өзіндік ерекшелігіне байланысты. Жаратылыстану ғылымдарының ғылыми зерттеулерінен айырмашылығы, қоғамдық-экономикалық ғылымдарда алдымен мәселені жүзеге асырудың ғылыми жағдайы құрастырылады, содан кейін өндіріске енгізе отырып, қорытынды шығарылады. Мәселенің қоғамдық-экономикалық түрде туындауы қоғамның., өндірістік күштердің дамуымен байланысты. Қоғам алдындағы экономист-зерттеушілердің жауапкершілігінің жоғары болуы және міндеттерінің күрделілігі осыдан шығады – оларда жоғары нәтижелі мақсатқа жету үшін тәжірибесін қолдану мүмкіндігі жоқ. Экономистердің сараптау нысаны- экономикалық ғылымнан ары қарай қалай даму керектігін көрсететін нұсқаулық алатын қоғам болып табылады. Экономистердің нұсқаулықтары жеке ұйымдардың, аудандардың, салалардың сынынан өтуі тиіс. Күтілген нәтижеге жеткен жағдайда, сарапшы тәжірибесін көпшілік өндіріске енгізуге болады.
Өзін өзі тексеру сұрақтары:

  1. Ғылыми зерттеудің мазмұны, мақсаты, зерттеу нысаны

  2. Ғылыми зерттеуді орындау келесі кезеңдері

  3. Зерттеудің мақсаты мен міндеттері

3 Тәжірбиелік сабақтың тақырыбы: Ғылыми жұмысты нәтижелі өңдеу
Тәжірбиелік сабаққа арналған оқу-әдістемелік нұсқаулар

Жоспар: Ғылыми есеп берудің баяндамалық жоспарын құру. СӨЖ бойынша әдістемелік ұсыныстар.

Мақсаты: СӨЖ тапсырмалары оқытушының қатысуынсыз және аудиториядан тыс орындалады. СӨЖ-дің негізгі міндеті семинарлық сабақтар мен дәрістерге дайындау. Семинарлық сабақтарда тақырыптың негізгі сұрақтары қарастырылады. Семинарлық сабақтың тақырыптық жоспары, негізгі және қосымша әдебиеттер тізімі, семинарлық сабақ тақырыптарына қатысты әдістемелік кеңестер не және қалай істеу керек деген сұрақтарға жауап береді. Семинарлық сабақ тақырыптарына қатысты әдістемелік кеңестерді мұқият талдап, семинарлық сабақтың тақырыптық жоспарының сұрақтарына жауаптардық өздерің дайындаңдар. Әрбір сұрақты дайындау барысында қысқаша әрі сызба жүзінде негізгі ережелер мен жауап тезистерін дайындап, формулалар мен символдарды СӨЖ дәптеріне жазыңыз. Дайындалып болғаннан кейін өзін-өзі тексеріге арналған сұрақтар көмегімен өз білімдеріңді тексеріңіздер. Өздерің талдай алмаған сұрақтарды жазып алып, дәрісте немесе СӨЖО процесінде оқытушыға қойыңыз.
СӨЖ формалары мен мазмұнын өңдеу.

СӨЖ формалары кең жиынымен байланысты. Бұл мынадай формалар:



  • оқытушы берген дәріс конспектілерін талдау;

  • семинарлық сабаққа негізгі оқулық бойынша дәріс конспектісін дайындау;

  • белгілі тақырып бойынша реферат дайындау;

  • реферат, эссе, баяндамаларды өзара рецензиялау;

  • курс терминдері бойынша сөздіктер мен сөзжұмбақтар құру;

  • аса жоғары есептерді шығару;

  • статистика мәліметтерін талдау;

  • кәсіпоын іс - әрекетін модельдеу;

  • топтық жобаға қатысу;

  • таңдалған тақырып бойынша презентация жасау;

  • глоссарий жасау;

  • тақырып бойынша шолу жасау.

Жоғарыдағылардың кейбіреулерінің мазмұны мынаған байланысты:

Тақырып бойынша шолу жасау – бұл дегеніміз басылым мен Интернеттің ақпарат ресурстарын тартумен ұсынылатын тақырып бойынша жазбаша 1-2 бет қысқаша шолу жазу дегенді білдіреді.

Глоссарий – қазақ және орыс тілдерінде, мүмкін болса шет тілдеріне аудару арқылы терминдер мен түсініктердің қысқаша түсіндірмесі; ол берілген тақырып бойынша орындалады. Глоссарийді құру макроэкономиканың түсініктілік аппараты білімінің қалыптасуына және оны пайдалану дағдыларының өңделуіне ықпал етеді.

Реферат, СӨЖ-дің неғұрлым кеңейтілген формасы бола отырып, әдебиетке міндетті түрде шолу жасау арқылы белгілі тақырыпқа баяндама жасауды немесе ғылыми жұмыс, кітап мазмұнын баяндауды білдіреді. Реферат неғұрлым қызықты да ғылыми жұмыс болып табылады. Осының нәтижесінде жұмысқа талдау жасау, пікір – талас жүргізу дағдысына ие болады.

Коллоквиум білімді, әңгімелесу формасында нақты оқытылатын пәннің түрлі тақырыптары бойынша дайындық деңгейін айқындауға мүмкіндік береді.

Өзін - өзі бақылауға арналған сұрақтар, тәртіп бойынша, ерекше құрылымға ие, сондықтан жауаптар жиналған материалды талдау негізінде ғана берілуі керек.

Эссе – бұл сын мен публицистиканың түрлі жанрларында өзекті әлеуметтік – экономикалық мәселелерге деген өз ойларын білдіру, баяндау.

Дәріс конспектілеріне талдау жасау, өткен материалды қайталау бағдарламалық материалды игеруге, теориялық білімдерді нығайтуға мүмкіндік береді.

Есептер мен сандық тапсырмаларды шығару. Оларды орындаудың мақсаты тәжірибелік сұрақтарды шешуде теориялық білімдерді пайдалану дағдысы мен ептілігіне ие болу болып табылады.

Мақсаттар бұтағын құру – ол үшін тыңдаушыларға тақырыпты таңдап, деңгейлер бойынша мақсаттарды белгілеу, барлық деңгейлердегі тапсырмалар мен жоспарларды анықтау, осы мақсаттарға қол жеткізуде кәсіпорындардың ұйымдастырушылық құрылымдарын анықтау, жұмыс сапасының өлшеуіштері мен тапсырманы бақылау формаларын таңдау ұсынылады.

Презентация – тыңдаушы өзінің презентациясы үшін кез – келген тақырыпты таңдап, презентацияда қарастырылатын кез – келген аспектіні түсінуін не түсінбеуін білдіре алады; презентация тақырыптың неғұрлым ашылғаны және сырт көздерден қаншалықтықызығушылық тудырғаны, сондай – ақ тыңдаушының қарастырылып отырған мәселені қаншалықты кәсіби деңгейде қарастыруы тұрғысынан бағаланады.

Оқытушылық нақты жағдайлар (кейстер) – тыңдаушыларға сұрақтарға жауап беру немесе мәселеге қатысты өз көзқарасын білдіру бойынша көптеген қарапайым да күрделі жағдайлар ұсынылады; неғұрлым дайындалған тыңдаушыларға өз кейсін жазуға болады.

Іскерлік ойындар тыңдаушыда болашақ кәсіби іс - әрекеті үшін қажетті дағдыны өңдеуге көмектеседі; кейбір ойындар бойынша үйде дайындалып немесе кітапхана мен өндірісте аяқтау қажет.

Топтық жоба (мысалы, кейстік жағдайды құру немесе шешу бойынша)– топта 3-5 адамнан артық болмауы керек, әрбір топ өз жобасын өңдеуі керек.

Жеке жоба – неғұрлым дайындалған тыңдаушылар өз қалауы бойынша орындайды; жұмыс тақырыптың әмбебаптылығымен, зерттеушілік сипатымен ерекшеленуі керек; жоба нәтижелері ғылыми конференцияда ұсынылуы мүмкін.
Өзін өзі тексеру сұрақтары

  1. СӨЖ формалары мен мазмұнын өңдеу

  2. СӨЖ формалары, олардың анықтамалары.

4 Тәжірбиелік сабақтың тақырыбы: Оқулық және ғылыми еңбектермен жұмыс


Тәжірбиелік сабаққа арналған оқу-әдістемелік нұсқаулар

Жоспар: Кітапханада католог пен жұмыс істеудің әдісін меңгеру.

Мақсаты: Ақпараттық ресурстарды сипаттайтын ақпараттық өнімнің құрылымының құрылымдық бірлігі ғылыми құжатты, оның негізінде оның сақталуы мен қолданылуына қатысты ғылыми техникалық ақпарат құрайтын материалдық объекттер түсіндіру.

Ақпараттық амалдарына байланысты құжаттар ажыратылады: Мәтіндік (кітаптар, журналдар, есептер, т.б.), Кестелік (сызбалар, сұлбалар, диаграммалар, т.б.)

Сонымен қоса, құжаттар бастапқы (олар зерттеудің нәтижесін, жаңа ғылыми мәсілметтерді, т.б.) және қайталама (бір не бірнеше бастаушы құжаттардың аналитикалық – синтетикалық және логикалық жағынан қайта жасалуын құрайды) болып бөлінеді.

Бастапқы құжаттар мен басылымдар. Бастапқы құжаттар болсын, қайталама құжаттар болсын басылған және басылмаған болып (басылым) бөлінеді. Бастапқы құжаттар – кітаптар мен кітапшалар.

Кітаптар бөлінеді: ғылыми, оқу, ресми құжаттар, ғылым танымал. Бір тақырыпқа айланысты жан-жақты мәселелрді қамтитын монографиялық кітаптар да маңызды роль атқарады.

Оқу мақсатында оқулықтар, оқу құралдары басылып шығады. Ғылыми немесе қолданбалы сипаттағы жүйелік мәліметтерді құрайтын мерсімсіз басылымдар оқытушыға ыңғайлы формада баяндалады.

Мемлекет немесе қоғамдық ұйымдар атынан басылатын ресми басылымдар да бар. Олар заңнамалық, нормативті және директивті сипаттағы материалдарды құрайды. Мерзімді басылып отыратын журналдар белгілі бір уақыт аралығында белгіленген жылы, айда, нөмірі көрсетіліп шығарылады. Мерзімді басылымдарға сонымен қоса, басылымның жалғасы жатады. Бұл уақыты белгіленбей шығарыла береді .

Техникалық басылымның арнайы түріне нормативті техникалық құжаттар жатады. олар ғылыми техникалық деңгейді және басылатын өнімнің сапасын көрсетеді.

Стандарт – нормативті – техникалық құжаттар норманы, ережелерді, объектіге қойылатын талаптарды , стандарттарды бекітеді.

ҒЗЖ құрастыру үшін құжаттардың мәнін айқындайтын жаңалықтар, өнертабыс, т.б. өндірістік жеке меншіктердің түрлері туралы мәліметтер беретін патентті құжаттардың мәні зор.

Патентті құжаттамалар ұқыпты экспертизаға жататындықтан, сенімділіктің жоғары дәрежесін иеленеді.

Бастапқы жарияланбаған құжаттар қатарына ғылыми-техникалық есептер, ғылыми аудармалар, құрачтарушылық құжаттамалар жатады.

Қайталама құжаттар мен басылымдар анықтамалық, шолу, рефераттық және библиографиялық болып бөлінеді.

Анықтамалық басылымдар теориялық қорытындылардың нәтижесі, әр түрлі мағыналары мен көлемдерді құрайды. Шолу басылымдары жүйелік, логикалық қорытынды мәліметтерді таңдаудан алынған нәтижелерінің ақпараттарын құрайды. Шолулар аналитикалық (ақпараттың аргументтік бағасын, оның қолданылуы туралы ережелерді құрайтын) және рефераттивті (сипаттамалық қырын көрсетеді) бөлып бөлінеді.

Реферативті басылымдар (реферативті журналдар мен жинақтар). Бастапқы құжаттардың қысқартылған мазмұндамасын және оның негізгі фактілік мәліметтері мен қорытындыларын құрайды.

Библиографиялық көрсеткіштер шығарылған басылымдардың библиографиялық сипаттамасын құрайтын кітаптық және журналдық мәтіндердің басылымдары болып табылады. Библиографиялық сипаттаманың орналасу принципіне байланысты көрсеткіштер жүйелік белгілі бір классификациялық жүйеге сәйкес техника және пәндік болып бөлінеді. Қайталама басылған құжаттарға тіркеу, ақпараттық карталар, диссертацияның есептік карточкасы және ақрараттық хабарламалар енеді.

Ғылыми ақпараттық жұмыстарды ұйымдастыру

Кез келген зерттеуші өзінің ғылыми жұмысына қажетті материалдарды, әдебиеттерді іздеп, әрі жинақтай білуі қажет, яғни библиографияның негізгі білімімен қарулануы шарт. Библиография алдына оқырмандарын өзінде бар басылымдар туралы ақпаратпен қамтамасыз ету міндетін қояды, сондықтан көрсеткіштер, каталогтар, шолулар жасайды.

Әдебиеттермен танысу процесін өзін қызықтыратын мәселе төңірегіндегі анықтамалық әдебиеттермен танысудан бастаған дұрыс (әмбебап және арнайы энциклолпедия, сөздіктер, анықтамалар). Содан кейін барып ҒТАИ (ғылыми – техникалық ақпараттар институты) – ның есептік – тіркелген басылымдарымен және іргелі кітапхананың библиографиялық көрсеткіштерімен танысу керек.

Қызықтырған проблема төңірегіндегі өзіндік библиография кітаптар, журналдар, мақалалар т.б. туралы мәліметтерден тұратын кітапханалық каталогтар негізінде құрастырылады. Кітап карточкасына оның авторы, тақырып, басылым түрі, басылым орны, баспахана, басылым жылы, беттің саны енеді. Журналдық мақалалар карточкасына авторы, тақырып, журнал атауы, басылым жылы, томы, шығарылған номері, бет саны көрсетіледі. Ал газет бетіндегі мақалалар карточкасында автор мен тақырыппен қатар, газетт атауы, жылы күні, айы көрсетіледі. Құжатқа қолданылған дереккөздер тізімін енгізген кезде библиографиялық көрсеткіштердің элементтері арасындағы тыныс белгілеріне назар аудару керек, және оларды карточкада көрсетілген күйінде қолдану керек.

Анықтамалық - нұсқаулық сипаттағы оқырмандар каталогі үш түрлі болады: алфавитті, жүйелік, алфавитті-пәндік.

Алфавитті каталогтің бұлай аталуы карточкасы шығарма авторының тегі немесе егер автор көрсетілмеген жағдайда, оның шығармасының атауы алфавитті тәріппен қойылады. Осының арқасында бір автордың барлық кітаптары бір орынға жинақталады.

Жүйелік каталог – бұнда карточкалар білім салалары бойынша орналасады. Бұл белгілі бір білім саласы бойынша әдебиеттерді таңдауға мүмкіндік береді. Каталог белгілі бір тақырып бойынша кітапханада бар кітапты, оның авторын, кітаптың нақты атауын анықтауға мүмкіндік береді. Жүйелік каталогта библиографиялық мәліметтер ЖОК негізінде білім жүйесіне енгізілген.

Жүйелік каталогтің кітлі болып алфавиттік-пәндік каталог табылады. Онда алфавиттік тәртіппен кітапханада бар барлық әдебиеттер тізбеленеді.

Проблема төңірегіндегі өзіндік библиография құрастыру кезінде кітап соңында көрсетілген әдебиеттер тізіміне, мақалаларға, т.б. анықтап назар аудару керек.


Өзін өзі тексеру сұрақтары

  1. Ғылыми ақпараттық жұмыстарды ұйымдастыру

  2. Әдебиеттермен танысу процесі

  3. Кітапханада жұмыс істеу ережесі

5 Тәжірбиелік сабақтың тақырыбы Студенттің өз бетінше зерттеу жұмыстарын шығармашылық тұрғыда шеше алу дағдысы


Тәжірбиелік сабаққа арналған оқу-әдістемелік нұсқаулар

Жоспар: Презентация, Пресс-конференциялар, дискуссия, дебаттарды ұйымдастыру ережелері

Мақсаты: Өз бетінше орындалатын жұмыстарының тақырып бойынша оқылған лекция материалдары мен көрсетілген әдебиеттерді пайдалана отырып, өз зерттеуін жүргізуді мақсат етеді. Зерттеу тақырыбының ішкі мазмұнын толық ашу осы мәселеге қатысты ғылыми еңбектер мен оқулықтардағы тұжырым, пікірмен танысып, жүйелеуді, көзқарастардағы қайшылықтар мен айырмашылықтарды талдап, топтастыра білуді қажет етеді.

Студенттің өз бетінше жұмысы оқулықта берілген материалдарды, білім қорын өз зерттеу жұмыстары негізінде жаңаша қорытындылап, кәсіби міндеттерді шығармашылық ьұрғыда шеше алатын дағдыға айналдыруды мақсат етеді.

Студент – белсенді, ойлау қабілетіне ие жеке тұлға. Оның кез келген мәселеге қатысты өз пікірі, өзінің дербес шешімі болуға тиіс. Ең бірінші, кітапханада католог пен жұмыс істеудің әдісін меңгеру қажет. Студент тақырыптық, алфавиттік каталогтерден өзіңізге қажетті әдебиеттер тізімін жасап, олармен танысу, қажетті ақпаратты жинауды үйренуге тиіс. 1) Оқулық және ғылыми еңбектермен жұмыс. Оқулық және ғылыми еңбектердің мазмұнынан өзіңізге қажетті тақырыпты тауып, онымен танысу шолып оқудан басталады. Мұнан соң зерттеу оқу орын алады. Зерттей оқу барысында қажетті тұжырымдар бойынша конспект жасалады.

«Дөңгелек үстел» әдісі ең біріншіден студенттердің өзара пікір алмасу формасы ретінде көрініс табады. «Дөңгелек үстел» барысында оның қатысушылары берілген бір мәселе бойынша баяндама жасап қана қоймай осы мәселе бойынша пікірлерімен алмасып, әрқайсысының позициясын айқындайды.

Презентация бұл – пайдаланушының осы затқа ерекше назарын аудартудың бір формасы.

Презентация нысаны белгілі бір ұжымның жеткен жетістігі, затты сипаттау даму тенденциялары мен жоспарлары. Презентациялар конференция мен семинарларда жүргізілуі мүмкін.

Презентация көмегімен семинар, курс тыңдармандарын оқытуға болады. Мұндай презентация пәнді көрнекі етіп, оны жандандыра түседі.



Пресс-конференциялар журналисттермен қарым-қатынас жасау формасы, ақпаратты ең бірінші алудың жолы. Пресс-конференцияда әдетте басшылық немесе көтерілген мәселеге құзырлы адамдар қатысады.

Пресс-конференцияны дайындау үшін: Пресс-конференция тақырыбы мен қатысушыларды анықтау, жүргізуші тағайындау. Өткізілетін орынды таңдау, жолын нұсқау. Пресс-конференцияға шақырылған БАҚ анықтау, факстерді тарату, БАҚ e-mail анықтау. Слайдтар көрсетілуін демонстрациялау, пресс-релиз тарату. Пресс-релизде келесі мәліметтер қамтылуы керек, орны, уақыты өту уақытын көрсету, контактілік телефон.

Дискуссия. Дискуссия мақсаты: Дискуссия қатысушыларының белгілі тақырыптар мен мәселелерге қатысты қызығушылығын оята алу, кереғар пікірлерге жетелейтін оқу мазмұнын әр қырынан қарастыру, мүмкін көзқарастарды анықтау.

Дискуссия барысы: Дискуссияны оқытушының немесе жүргізуші студенттің ашуы: талқылайтын тақырыптың мақсаты мен міндетін көрсету. Сөз алуға шақыру; Дискуссияны баяндамаларды тыңдаудан бастауға болады. Ең болмаса, бір альтернативті сұрақтың болуын қадағалау; жақтаушы және керіге шығарушы 3-5 аргументов шығарылады. Қатысушылар сұрақтар қояды, өз пікірін айтады, ұсыныстарын айтады; соңынан «ия» немесе «жоқ» деген пікірлер саналады.

Дискуссияның жағымды жақтары: Мәселелер әр қырынан талқыланады; Жүргізуші дискуссияны үйлестіріп отырады, өз пікірін ала алады, алайда пікірталастыруға міндетті емес. Оқытушы қорытындыны жинақтап түсіндіреді.

Дебаттар Егер дискуссия соңында топ екіге бөлініп кетсе, онда дебат өткізу жөн. Ол Бір бірімен айтысуға; Түрлі пікірлерді айтуға; Оппоненттерді тыңдауға үйретеді.

Дебат өткізуде қажетті нәрселер: Оппонент не айтқанын мұқият тыңдау. Әр 15 минут сайын студенттер дебаттарды тоқтатып, сенімді аргументтерді жазып алып отырады. түрлі пікірлерді тыңдап, олармен келісу яки керіге шығару. Соңында оқытушы аргументтерді қорытындылайды, маңызды сәттер мен қисынды қорытындыларды шығарады.
Өзін өзі тексеру сұрақтары


  1. СҒЗЖ оқу  жұмыстарының    түрлері (әрқайсысын жеке қарастырыңыз)

  2. «ТЖ облысындағы заңнамалық актілер» тақырыбы бойынша шолу жасау

  3. «Қазақстандағы болып жатқан табиғи сипаттағы төтенше жағдайлар, олардың салдары» тақырыбы бойынша презентация жасаңыз (10 бет)

6 Тәжірбиелік сабақтың тақырыбы: Дипломды жобалау және курстық жұмыстары орындау ережелері


Тәжірбиелік сабаққа арналған оқу-әдістемелік нұсқаулар

Бітіруші студенттердің көпшілігі зерттеу жұмыстарын факультеттің немесе кафедраның ғылыми тақырыбына байланысты орындайды. Әрбір бітіру жұмысында зерттеу жұмысымен қатар, ғылыми және тәжірибелік мазмұндағы нәтижесінің болуы маңызды. Әрбір студенттің заттар мен үрдістердің зерттелуінің қазіргі әдістерін белсенді қолдану дағдысын меңгеруі де маңызды, оның ішінде ЭВМ бағдарламасын қолдану.

Ғылыми – зерттеу жұмыстары (ҒЗЖ) студенттің алға қойғаны оқу- зерттеу жұмыстары. Курстық жұмыс студенттердің шығармашылық қабілеттерін танытады, педагогикалық ойлауын дамытып, ғылыми-зерттеу дағдыларын қалыптастырады. Курстық жұмыстың мақсаты- студенттердің логикалық ойлау, шығармашылық қабілеттерінің оқу-тәрбие үдерісіндегі дағдысын, ғылыми-зерттеушілік шеберлігінің деңгейін, теорияны практикамен ұштастыра білу мүмкіндігін практикада қолданып, қалыптастыру.

М.Р. Дружинин курстық жұмыстың орындалуына мынадай талаптар қояды:



  • курстық жұмыс жоғары теориялық дәрежеде орындалуы қажет;

  • курстық жұмыс зерттеушілік сипатта болуы тиіс;

  • курстық жұмыс педагогикалық бағытталған, яғни онда бірқатар педагогикалық міндеттер және студенттердің кәсіби дайындығына көмектесетін қазіргі мектеп мәселелері орын алуы тиіс;

  • курстық жұмыста талқыланатын мәселелер теориялық және ғылыми негізделген, оның тұжырымдары қазіргі педагогика мен психологияның даму деңгейлеріне сәйкес болуы тиіс;

  • курстық жұмыстың мазмұны мен құрылымы логикалық жағынан жүйелі болуы тиіс.

Дипломдық жұмыс жоғары оқу орнын бітірушінің кәсіби-педагогикалық дайындығының, ғылыми-теориялық, практикалық білімдерінің, кеңейтілген біліктіліктері мен дағдыларының негізінде жасалады.

Студенттің дипломдық жұмысы толық өз бетінше орындалатындықтан, курстық жұмыстан ерекшеленеді. Дипломдық жұмыс орындалған курстық жұмыстың жалғасы болуы тиіс.

Дипломдық жұмыс орындалғаннан кейін студентте оқу пәндерінің логикалық байланысы, сонымен қатар педагогикалық және өндірістік практикалардың өзара байланысы жөнінде ұғым қалыптасады.

Дипломдық жұмыс мазмұны кафедраның бекіткен тақырыптары бағдарында және кафедраның арнайы пәндер сипатында жасалады. Оның дәйектілігі қазіргі қоғамның жоғары оқу орындарына қойылатын талаптарынан, мақсаты мен міндеттерінен туындауы тиіс.

Жоғары оқу орындарында оқу және ғылыми-зерттеу жұмыстары мәселесі бойынша талдау жасай отырып, мынадай ерекшеліктерді анықтадық:


  • студенттің теориялық білім деңгейін арттырады;

  • теориялық білімін практикада қолдану дағдыларын бекітеді;

  • студенттің өз бетінше зерттеу біліктерін қалыптастырады;

  • оқу-зерттеу жұмыстарын жүргізе білу дағдысының қалыптасуына әсер етеді;

  • зерттеу нәтижелерін объективті бағалауға тәрбиелейді;

  • озат тәжірибелерді жинақтауға үйретеді;

  • талдай білуге және күтпеген жағдайларда жол таба білуге үйретеді;

  • мамандығына, пәнге, ғылыми ізденуге қызығушылығын оятады;

  • студенттің жеке «ішкі» қабілетін ашады; сөйлеу мәдениетін дамытады.

Студенттің пәнде оқылатын материалдарды меңгеруге арналған арнайы тапсырмаларды орындауын, сонымен қатар рефераттар жазуды студенттердің ғылыми-зерттеу жұмысына жатқызуға болады. Сабақтан тыс оқу залдарында, компьютерлік кластарда, үйде орындайтын танымдық тапсырмаларды орындау барысында оқулықтар мен оқу құралдарын, лекция конспектілерін, сонымен қатар ғылыми монографияларды және мерзімдік басылым материалдарын пайдаланса, онда ол дербес таңдау жасағаны. Мүндай студенттер ізденімпаздығымен ерекшеленіп, ғылыми-зерттеу жұмысына бейімділік танытады. Ал егер ол танымдық іс-әрекетті нұсқау және оның дұрыстығын бақылайтын ережелер арқылы жүзеге асыратын болса, онда оны дербестік емес, оның белсенділігі ретінде қарастыруға болады.

Демек, студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарын тек оқу-танымдық әрекет қана емес, болашақ мамандарды даярлаудың қажетті шарттарының бірі деп түсінуге болады.

Өзін өзі тексеру сұрақтары

  1. Студенттің ғылыми – зерттеу жұмыстары (ҒЗЖ) мақсаты

  2. Курстық және диплом жұмыстарының орындалу талаптары

  3. Курстық және диплом жұмыстарының орындалу кезеңдері

  4. Курстық және дипломдық жұмыстың мақсаты

7 Тәжірбиелік сабақтың тақырыбы: Өмір сүру ортасының жағдайы және жағымсыз факторлары
Тәжірбиелік сабаққа арналған оқу-әдістемелік нұсқаулар

Жоспар: Техносфераның жағымсыз көрсеткіштері. Өндірістік ортадағы жағымсыз факторлардың жіктелуі. Экология бойынша қазіргі заман талабына сәйкес өнеркәсіптің өндірістік қызметін ұйымдастыру негіздерін үйрену және олардың қауіпсіздігін эксплуатациялау. Өндірістік ортаның жағымсыз факторларының жіктелуі.

Мақсаты: Әдебиетке шолу нәтижесінде алынған мәліметтер негізінде өмір сүру ортасының жағдайы және жағымсыз факторлары жөнінде мәліметтер жинау.

Тіршілік қауіпсіздігі пәні бойынша газет, журналдармен жұмыс істеу барысында ғылыми ақпараттандырылған жұмыстарды ұйымдастыру. Әрбір зерттеуші өзінің жұмысына қажетті ақпараттарды іздестіріп және жинақтай білуі тиіс, яғни библиография негізінің білімін иеленуі керек.

Библиография оқырмандарын баспалық басылымдармен ақпараттандыру міндетін алға қояды, сол үшін көреткіштер, каталогтар, шолулар, т.б. құрастырылады. Өзін қызықтыратын мәселе төңірегінде әдебиеттермен танысу процесін анықтамалық әдебиеттермен танысудан бастау керек (әмбебап, арнайы энциклопедиялар, сөздіктер, анықтамалар). Одан кейін ҒТА (ғылыми-техникалық ақпараттар) мекемесінің есептік тіркелген басылымдары және іргелі кітапханалардың библиографиялық көрсеткіштері қарастырылады.

Қызықтырған проблема төңірегіндегі өзіндік библиография кітаптар, журналдар, мақалалар т.б. туралы мәліметтерден тұратын кітапханалық каталогтар негізінде құрастырылады. Кітап карточкасына оның авторы, тақырып, басылым түрі, басылым орны, баспахана, басылым жылы, беттің саны енеді. Журналдық мақалалар карточкасына авторы, тақырып, журнал атауы, басылым жылы, томы, шығарылған номері, бет саны көрсетіледі. Ал газет бетіндегі мақалалар карточкасында автор мен тақырыппен қатар, газетт атауы, жылы күні, айы көрсетіледі.

Анықтамалық - нұсқаулық сипаттағы оқырмандар каталогі үш түрлі болады: алфавитті, жүйелік, алфавитті-пәндік.

Алфавитті каталогтің бұлай аталуы карточкасы шығарма авторының тегі немесе егер автор көрсетілмеген жағдайда, оның шығармасының атауы алфавитті тәріппен қойылады. Осының арқасында бір автордың барлық кітаптары бір орынға жинақталады.

Жүйелік каталог – бұнда карточкалар білім салалары бойынша орналасады. Бұл белгілі бір білім саласы бойынша әдебиеттерді таңдауға мүмкіндік береді. Каталог белгілі бір тақырып бойынша кітапханада бар кітапты, оның авторын , кітаптың нақты атауын анықтауға мүмкіндік береді. Жүйелік каталогта библиографиялық мәліметтер ЖОК негізінде білім жүйесіне енгізілген.

Жүйелік каталогтің кітлі болып алфавиттік-пәндік каталог табылады. Онда алфавиттік тәртіппен кітапханада бар әдебиеттер тізбеленеді. Мәселе бойынша өзіндік библиография құрастырылғанда кітап соңында орналасқан әдебиеттер тізімін, мақалаларды, т.б. мұқият қарастырып алу керек. Әдебиетті оқу процесінде міндетті түрде жаңа деректер айқындалады, сондықтан әрқашщан материалдарды жүйелеу қажет және алға қойылған міндетерге сәйкес оларды тәртіпке келтіру керек. Оны жүзеге асыруға болады, мысалы: карточкалар мен бөлшектеулерден тұратын картотекалардың көмегімен 3 бөлшегін ұйымдастырған дұрыс: «Оқу», «Үзінді» және «Оқылды» . Бұндай картотекаларды қалыптастыру болашақ ғылыми басылымдардың негізін құрастыруға мүмкіндік береді. Бірақ алынған ақпарат белгілі бір жұмыстың нақты талаптарын арттырады. Бұлардың барлығы қажетті не қажетсіз дүниелерді алдын-ала анықтау қажеттелігіне әкеліп соғады.



Өзін өзі тексеру сұрақтары

  1. Техносфераның жағымсыз көрсеткіштері.

  2. Өндірістік ортадағы жағымсыз факторлардың жіктелуі.

  3. Тақырып бойынша әдебиетке шолу дегеніміз не?

  4. Әдебиетке шолу нәтижесінде алынған мәліметтер

8 Тәжірбиелік сабақтың тақырыбы: Берілген территорияның әр түрлі бөліктерінің ауасының шандану дәрежесін зерттеу


Тәжірбиелік сабаққа арналған оқу-әдістемелік нұсқаулар

Жоспар: Қауіпсіздік тұрғыдан таза, толыққанды қоршаған орта басқа факторлармен бірге адам денсаулығын сақтауда маңызды болып табылады.

Мақсаты: Жасыл желек микроклиматты реттеуде маңызды рөл атқарады: топырақты, үйлердің қабырғасын, жолдарды шектен тыс қызудан қорғап, ауаны ылғалдандырады және тазартады. Жасыл желек сонымен қатар, дыбыс толқындарын сіңіріп, сыртқы шуды ттөмендетеді. Олар ауадағы швң мен ағзалардың 70-80 % сіңіріп алады. Ыстық жаз күнінде жасыл газон жолында жер бетінен 1,5 м биіктегі ауаның температурасы асфальтты жолға қарағанда 2,50 С-ға төмен.

Қажетті құрал-жабдықтар. Мөлдір жабысқақ пленка

Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Мамандығына арналған Сұлтанмахмұттану ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Студенттерге арналған оқу әдістемелік кешені
umkd -> ПӘннің ОҚУ Әдістемелік кешені 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған «Ұлы отан соғысы және соғыстан кейінгі жылдардағы қазақ әдебиетінің тарихы (1941-1960)» пәнінен ОҚытушыға арналған пән бағдарламасы
umkd -> «Балалар әдебиеті» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 2013 жылғы №3 басылым 5 в 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті»
umkd -> ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешенінің
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет