ПОӘК 042-14 05 20. 43/03. 2011 №3 басылым 05. 09. 2011 ж



бет5/10
Дата06.07.2018
өлшемі0,81 Mb.
#47757
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

СҒЗЖ кешенді жүйесі. Студенттерді ҒЗЖ айналысуын барлық оқу кезеңінде үздіксіз қамтамасыз етуге міндетті. СҒЗЖ негізгі маңызды қағидасы айналысу тәсілі мен түрінің курстан курсқа, кафедрадан кафедраға, бір оқу саласынан келесі біріне, бір оқу түрі мен тапсырмасынан екінші бір түріне негізделеді. Мұнда негізгі зерттеу жұмысының қиындығы студенттердің оқу үрдісінде зерттеу қиындықтарын біртіндеп жоғарылатып отыру. Мәселен, студент бірінші және екінші курстарда бүтін және негізгі жұмыстардың жиынтығы мен, жалпы ғылыми дайындық жасаудағы жаңашылдықпен, ғылыми жұмысты орындаудағы қабілеті мен қарапайымдылығымен, өз қабілеті мен ғылыми жұмысты орындалуға негізделуі тиіс. Мұнда рефераттық жұмыстармен лабораториялық жұмыстар шеңберінде орындалатын ғылыми зерттеу жұмыстары. Ал үшінші курста жалпы техникалық және арнайы дайындықтар, көлемі үлкен емес өзіндәк ғылыми жұмыстардың орындалуы және шығармашылық негіздегі тапсырмалар, жаңашыл ғылыми зерттеулерді негіздеу, зерттеу әдістерін тереңдету, техникалық құрал жабдықтар негізінде ғылыми зерттеулер жасау  және нәтижесін шығару . Бұл деңгейде міндетті түрде оқу орнының ішіәнде өткізілетін конференциялар, ғылыми жұмыстар негізінде өткізілетін жарыстар, ғылыми зерттеу жұмыстарының тапсырмалары мен түрлерінің қиындауы, ауқымының кеңейуі секілді жұмыстармен қамтамасыз етілуіә тиіс.  Мұнда жұмыс айқындала түседі.

Мазмұнды шығармашылық сипат алады. Жоғарғы курстарда білімді, дағдыны ары қарай қалыптастыру, жетілдіру және бекіту, шығармашылық ойлауды дамыту және нақты міндеттерді шешуге, өз бетінше шешім қабылдауға және жүзеге асыруға үйрену, алынған  білімді тәрбиеде пайдалану, жеке тапсырмалар бойынша студенттердің өз бетінше ғылыми зерттеу жұысы үдерісінде жүргізіледі. Содықтан олар барлық деңгейдегі конференцияларға, байқауларға қатысу, университет қызметкерлерінің жетекшілігімен  ҒЗЖ жүргізу, диплом жұмыстарының байқауына,  ҚРБҒМ байқауына, гранттар байқауына қатысуы керек.

Бұдан басқа ғылыммен айналысатын студенттердің сонғы курстарда оқытушылармен қызметкерлердің жетекшілігі мен студенттердің шығармашылық ұжымы жоғары оқу орынындарының лабораториялары мен өндірістерде зерттеумен, жобалау – конструторлық талдамалармен айналысатын, оның ішінде кешенді дипломдық және курстық жобаларды орындаумен, кейін нәтижесі қызығушылық танытқан өндірістерге енгізетін ғылыми-техникалық отрядтарға қатысуы міндетті болып саналады.Бұл студенттерге нақта міндеттермен,олардың шешімін, жобасын жасауға және өздерінің ұсыныстарын тәжірибеде жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

Гранттар беру ғылыми және басқа да шығармашылық қызметті қаржылық қолдаудың бір түрі болып табылады.Жоғарғы оқу орындарының оқытушылары мен ғылыми қызметкерлерге байқау нәтижесі бойынша нақты ҒЗЖ орындауға берілген грантқа студенттерге төлеу арқылы оларды қатысуға тарта алады (қатыстыра алады).Бұдан басқа қазіргі кезде талантты студенттер мен студенттердің кіші ғылыми топтарының, уақытша студенттердің еңбек ұжымы, ғылыми және техникалық қызметін қарджыландыру үшін байқау негізінде гранттар беру кеңінен дамуда.

Студенттер, сондай-ақ жоғарғы оқу орындарының ұжымдық шығармашылық және ұйымдасқан жұмыстардың дағдыларын үйрену мақсатында ұйымдастырылатын және де жоғары оқу орындарының лабораториялары мен кафедраларына,өзінің қызмет саласының ұйымдар мен мекемелеріне тәжірибелік көмек көрсететін ғылыми, техникалық, жобалау, экономикалық  және басқа да студенттік  бюролар мен ұйымдардың құрамында ғылыми-зерттеу жұмысын жүргізе алады.

Оқу үрдісін ұйымдастыру ғылымның қазіргі жетістіктерін,мәдениет,экономика, ғылым,техника мен технология салаларындағы өзгерістерді көрсететін білім берудің барлық қырларының жүйелі жаңаруын ескере отырып жүргізілуі керек.Бұл салада нақты нәтижелер алу үшін автордың жасына сәйкес түзетілген тәжірибеден өткізілген технологиялар,өзіндік ғылыми жұмыстар,мақалаларына енгізілген теориялық және практикалық оқудың синтезіне ерекше назар аудару керек.

Мамандықтар бойынша жоспар жасау қоғамдық ғылымдар,жалпы ғылыми,технологиялық мамандық пәндері,кафедралары  бітіруші кафедраларымен бірге жүргізледі. Жұмысты алдын-ала білімге, дағдыға, іскерлікке маманның сапасына нақты талаптар қоятын бітіруші кафедра бақылайды.

Студенттердің ғылыми зерттеу жұмысы міндетті есеп берумен, конференция, үйірме отырысында баяндаумен, курстық жұмыс және т.б жазумен аяқталады.

Студенттердің сабақтан тыс уақытта табысты орындалған және оқу бағдарламасының  таланттарына жауап беретін ғылыми-зерттеу, жобалау-конструкторлық және шығармашылық-орындаушылық жұмыстары сәйкес келетін курстық жұмыстар,лабораториялық жұмыстар,дипломдық жобалармен басқа тапсырмалардың орнына есептелуі мүмкін


  • Студенттердің ғылыми жұмыстары кафедралардың ұсынысымен жыл сайын сәуірде өткізілетін жоғары оқу орыдағы студенттердің конференциясында баяндалады.

  • Үздік «студенттік» жұмыстар АИУ СҒЗЖ бойынша ҒТК комиссиясының ұсынысымен аймақтық,республикалық байқауларға жіберіледі.

  • СҒЗЖ ұйымдастыру мен ғылыми-зерттеу жұмыстарындағы жетістіктері үшін студенттер мақтау қағазымен,ақшалай сыйлықпен марапатталуы мүмкін.

  • Ғылыми-зерттеу жұмыстарында улкен ерекшелік көрсеткен студенттер Академиялық Инновациялық Университетінің Студенттік қоғамына біріктіріледі.

Студенттердің ғылыми-зерттеу жұмысын қаржыландыру.

  • ҒЗЖ жүргізуге байланысты қажеті материалдық  шығындар (құрал жабдықтарға, материалдарға) ғылыми-зерттеу жұмыстарына университетке мемлекеттік бюждеттен бөлінген қаржы есебін және шаруашылық келісім жасалған тапсырыс беруші қаржы есебінен бекітілген тәртіп бойынша жүргізіледі.

  • Студенттерге байқаулар мен көрмелердегі жеңістері үшін берілетін бір жолғы ақшалай стипендияны төлеу бюджеттен тыс қаржыға немесе  ОҒЗЖ қаржыларына жүргізіледі. Қаржыны жұмсауды бақылауды университеттің Ғылыми кеңесі мен және СҒҰ Кеңесімен жүргізіледі.


Ғылыми зерттеудің объектісі мен субъектісі туралы ұғым

Ғылым анықтамасынан ғылыми білім қатаң жүйеге жинақталып, қорланатын ғылыми қызметтің өнімі болып табылады деген ой қорытындыланады. Егер білім мен ғылым ғылымды қалыптатыратын негізігі екі жүйе болып табылса, онда оның даму диалектикасы ғылыми білім мен ғылыми қызметтің бірлігі мен қарама-қайшылықтарынан тұрады.. Ғылыми білім жоққа шығарылады, өзгеріске енеді, ғылыми қызметпен толығып отырады, ал ол кезеңінде өте жоғары деңгейдегі ғылыми білімді қалыптастырады. Екінші жағынан, ғылым қызмет қолда бар ғылыми білімге негізделеді. Ғылыми қызмет ғылымның белсенді элементі болып табылады, алдымен жүйеге келтіріп, одан кейін жаңалықтарға қол жеткізу үшін қолдана отырып, ғылыми білімді қозғалысқа енгізіп отырады. Басқа ғылымдар сияқты, ғылыми қызметтің де объектілері мен субъектілері бар. Әрине, бұл жүйенің негізгі элементі ғылым субъектісі – адам болып табылады, ол белгілі бір білімнің иесі болып табылады және ол ғылыми қызметке даяр. Ғылыми зерттеудің объектісі мен субъектісі.



Ғылыми қызметтің объектісі табиғат және материяның қозғалыс формалары, оның үзіліссіз дамуындағы адамдар қоғамы, адам, оның психикалық және интеллектуалдық қызметі болып табылады, және әрине, біздің зерттеу пәніміз – жүйе ретіндегі ғылым.

Ғылыми қызметтің субъектісі – адам. Адам өмірден аттанатын болса, оның қызметі, соның ішінде ғылыми әрі жеке қасиеттері тоқтап қалады. Жеке адам дамуы тоқтағанымен, адамзат әрдайым даму үстінде болады. Сан сапаға алмасады – яғни, бір адамның дамуы адамзаттың үзіліссіз дамуына алмасады.

Бұлардың қатарынан ғалымдар, шығармашылық тұлғалар алынып тасталынбайды. Ол өзінің өлімі-жітімін мойындайды және ғылымға жаңа білім белестерін енгізу - өзінің парызы деп есептейді. Ол өз шәкірттеріне ғылымға енбеген ғылыми болжамдарды, мәселелерді үйретіп, бойларына дарытады. Міне сондықтан да танымал ғалымдардың ғылыми мектептері өте маңызды болып табылады. Олар ғылымның үзіліссіз дамуына, өзекті мәселелердің шешім табуына және ақпараттардың сақталуына, т.б. ықпалын тигізеді.

Адамның тәндік дамуы, соның ішінде өркендеуі, тірі табиғаттың танымал заңдылықтарына бағынады. Қазіргі адамдардың тас дәуіріндегі адамдардан көп айырмашылығы жоқ. Бірақ адамның миы өз дамуында көптеген өзгерістерді бастан кешірді. Бұл жоғары дәрежеде ұйымдастырылған материаның ерекші бір түрі - адамзат миының ауқымды мүмкіншіліктерін танытады. Ежелгі адамзат парасаты біздің заманымыздың адамдарынан төмен болса, онда ол жинақталған білім санының өзгешелігімен және ойлау амалдарының ерекшелігімен түсіндіріледі. Адамзат өз тәжірибелері мен білімдерін ұрпақтан ұрпаққа қалдыра алу қабілетімен ерекшеленеді. Адамның бұл қабілеті оның мәдени эволюциясын қалыптастырады.Адамның мәдени эволюциясы қозғалыстың бір формасы ретінде, ғылыми қызметтің маңызды объектісі болып табылады.

Өзін-өзі тексеру сұрақтары


  1. Ғылыми зерттеудің объектісі мен субъектісі туралы ұғым

  2. Адамның тәндік дамуы және оның өркениеті, олардың ғылыми зерттеуге талдау жасай білу қабілеттілігі.

  3. СҒЗЖ кешенді жүйесі


Дәріс №8. Ғылыми зерттеулердің тақырыбын, мәселесін таңдау бағыттары
Жалпы сұрақтар

  1. Орта білімде ҒЗ пайдалану және қолдану.

  2. Орта білімде ҒЗ пайдаланудың негізгі принциптерін анықтап алу


Орта білімде ҒЗ пайдалану және қолдану. Зерттеу – адамгершiлiк қарекеттері формаларының бірі. Оның негiзi өзгерту мақсатымен қоршаған ортаға деген белсендi көзқарас, білім құмарлық болып табылады. Бұл ғылыми зерттеуге де қатысты, дегенмен ғылыми зерттеуге тән ерекшелiктер бар. Ғылыми зерттеу - бағытталған тану. Ғылыми зерттеу нәтижелерi - ұғымдар жүйелері, заңдар.

Кез келген ғылыми жоба адамның жаңа бірдеңені білгісі келуінен басталады. Зерттеуші оқушы келесі жұмыстарды жасай алуға тиісті: зерттеу проблемасын танымдық есеп түрінде қисынға келтіру, зерттеу мақсатын анықтау, қажетті мәліметтерді жинау, басты бағытты айқындау, танымдық есеп шешуінің болжамын жасау, зерттеу объектісінің үлгісін жасау, зерттеу әдiстемесiн жасау; зерттеу жұмыстарын өткiзу, алған нәтижелерді сипаттап түсiндiру, алған бiлiмдердi қолдану туралы ұсыныс жасау, өз зерттеуiнiң нәтижелерiн жұрт алдында қорғау.

Осыған сүйене отырып оқушының зерттеу жұмысының технологиялық тiркесiн құрастыруға болады.

1-кезең. Зерттеу тақырыбын таңдау, шешiм талап ететiн мәселелердiң көлемін анықтау. Зерттеудiң маңыздылығын, өзектілігін және практикалық құндылығын анықтау. Зерттеудiң жалпы және аралық мақсаттарын, міндетін анықтау.

2-кезең. Зерттеу мәселесі анықталғаннан кейiн, жұмыстың әдiснамасы, бастапқы тұжырымдамасы, яғни ғылыми жұмыстың жоспары және болжанған нәтижелері анықталады. Зерттеу кезінде дәлелдеуді талап ететін ғылыми жұмыстың болжамын құру.

3-кезең. Зерттеу тақырыбы бойынша мәліметтер жинау. Зерттелетiн тақырып бойынша жасалған ұқсас жұмыстарды талдау. Зерттеу объектісін және затын анықтау.

4-кезең. Зерттеу әдiстерiн таңдау және ғылыми жұмыстың әрбiр кезеңiндегi бiрнеше әдiстердiң үйлесімін құру. Бiздiң жағдайымызда теориялық зерттеу әдiстерi: талдау, синтез, үлгілеу, салыстыру, жіктеу жиірек қолданылады. Жобаның орындалу алгоритмін жазу. Алгоритмді математикалық, бағдарламалық және жобалық шешiмдер түрінде iске асыру.

5-кезең. Ғылыми тәжірибені ұйымдастыру және өткiзу. Нәтижелердi талдау және жобаны жақсарту бойынша ұсыныстарды тұжырымдау.

6-кезең. Зерттеу жұмысының қорытындысы зерттеу нәтижелерiн ортақ талқылауға ұсыну болып табылады. Бұл мәселеде ең бастысы процесті дұрыс ұйымдастыру, жұмыстың барлық кезеңдерінде дұрыс координация жасау, ортақ идеямен бiрiккен мұғалiмдер және оқушылар ұжымының болуы.

Ең күрделiсі - зерттеу мақсаты мен тақырыбын анықтау. Жұмыс нәтижесi тақырыпты қаншалықты дұрыс таңдауға байланысты. Тақырыпта жаңалық, күтпегендiк, ерекшелiк болуы керек. Зерттеу мақсаттарына қойылатын талаптар: эксперименталды материалдың белгілі көлемi, деректердi өңдеудің математикалық аппаратының болуы және пәнаралық талдау. Бiз эксперименталды мәлiметтердiң талдау күрделiлiгiне байланысты есептерді практикум есептері, зерттеушi есептер және ғылыми есептер деп бөлемiз.



Практикум есептерi белгілі бір құбылыстарды иллюстрациялау үшін қажет. Осы жағдайда белгілі бір көрсеткіш (мысалы температура) өзгереді және оған байланысты өзгерiс (мысалы көлем өзгерісі) зерттеледi. Нәтижесі тұрақты және талдауды қажет етпейдi.

Зерттеуші есептер бiлiм беретiн мекемелерде қолданылатын есептер класына жатады. Мұнда зерттелетiн шама бiрнеше оңай факторларға тәуелдi болады. Мысалы, жердiң ластануы зауыт трубасына дейінгі қашықтыққа және ауа райына байланысты. Зерттелетiн шамаға әсер ететін факторлардың ықпалы талдауға ыңғайлы объектілер болып табылады.

Ғылыми есептерде зерттелетiн шамаға күрделi ықпал жасайтын факторлар көп. Мұндай есептердi талдау кең ой өрiсi мен ғылыми сезгiштiкті талап етедi. Сондықтан олар бiлiм беру процесінде қолданылмайды. Экология пәні бойынша жобаның тақырыбын таңдағанда ғылыми зерттеу бағытын және зерттеу мақсатының түрiн анықтау керек.

Тақырып тұжырымын таңдау – бұл бастапқы және кез келген зерттеудiң өте маңызды кезеңi. Тақырып өзекті, iс жүзiнде пайдалы және ғылыми жағынан қызықты болуы керек. Басы қысқа және оның мазмұны туралы толық мәлiмет беруi керек. Оқушы бiрнеше ережелерді қолдана отырып, зерттеу тақырыбын таңдауы қажет:

  • тақырып қызықты болып, оқушының бейімділігіне сәйкес келуi керек;

  • тақырып орындалатындай болуы керек, шешiмі нақты пайда әкелуi тиiс;

  • тақырыпта бірегейлілік, күтпегендiк, ерекшелiк элементтері болуы керек;

  • тақырып орындалатын, түсінерлік, әдеби көздер де қол жетерлiк болуы керек.

Кез келген зерттеудің бастапқы кезеңі таңдалған тақырыптың өзектілігін дәлелдеу болып табылады. Тақырыптың өзектілігін қысқаша түсiндiру керек. Бастысы – проблемалық мәселенiң негізін көрсету, зерттеудің не үшiн жүргiзiлетінін түсiндiру.

Зерттеу мәселесiн анықтау маңыздыны маңызсыздан бөлу, зерттеу заты туралы не белгілі және не әзірше белгісіз екендігін анықтау. Зерттеудiң мақсаттары, яғни жауап алу керек болған мәселенiң қойылуы. Сонымен бiрге ұсынылған мақсат нақты және түсiнiктi болуы керек. Оның нәтижелерi оқушының өзiне ғана емес басқа адамдарға да қызықты болуы тиiстi. Мақсатты анықтағаннан кейiн шешілуге тиісті нақты міндеттерді (зерделеу, сипаттау, анықтау, формуласын жазу) көрсетеді.

Зерттеу жасауға қойылатын шарттар – зерттеу объектiсін және затын анықтау.



Зерттеу объектiсі – проблемалық мәселені тудыратын және зерттеу бағыты ретінде таңдалған процесс немесе құбылыс.

Зерттеу заты - зерттеу объектiсіне кіретін белгілі бір аспектіде қарастырылатын процестер мен құбылыстар. Зерттеу заты танымды және сипатталатындай болуы керек.

Зерттеу болжамының ұсынылуы кез келген зерттеудiң қажеттi атрибуты. Болжам - қандай болмасын құбылыстарды түсiндiруге ұсынылатын ғылыми жорамал. Болжам мәселені шешудің мүмкін варианты ретінде туындайды. Содан соң бұл болжамдар зерттеу процесінде тексеріледі. Болжамдар жаңа мүмкiндiктердi ашып, мәселе шешiмiнiң жаңа варианттарын табуға мүмкiндiк бередi. Болжамдар мәселенi басқа жағынан көруге мүмкіншілік жасайды.

Жоғарғы оқу орнындағы ҒЗ пайдаланудың негізгі принциптерін анықтап алу. Қоғамның әлеуметтік – зкономикалық дамуы жас маманнан кәсіби құзыреттілігінің жоғарылауын, барлық мәселелерді шешуде өзіндік бағдарын, шығармашылығын, қоғамның қазіргі үздіксіз шарттарында өзіндік қалыптасу мен бейімделуді талап етеді.

Жоғары мектеп практикасының зерттеулері көрсеткендей болашақ мамандардың зерттеушілік құзыреттілігін көтерудің тиімді жолдарының бірі – студенттерді ғылыми-зерттеу жұмыстарына тарту болып табылады.


Студенттердің ғылыми-зерттеу жұмысы - алынған білімдерді, біліктер мен дағдыларды тәжірибеде қолдана алуға қабілетті, жоғары білімді мамандар даярлау сапасын арттырудың маңызды құралдарының бірі. Студенттерді ғылыми-зерттеу жұмысына тарту олардың шығармашылық және интеллектуалдық әлеуетін қазіргі ғылымның көкейтесті міндеттерін шешу үшін пайдалануға мүмкіндік береді.

Жоғары және орта арнаулы оқу орындарында студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарының түрлеріне: ғылыми баяндамалар, рефераттық жұмыстар, зертханалық және практикалық тапсырмалар, эксперимент жүргізу, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар жатады (сурет 1).



Ғылыми баяндамалар- аудиторияда оқылатын немесе мақала ретінде жарияланатын ғылыми-зерттеу мен тәжірибелік эксперимент жұмысының мазмұнын баяндайтын ғылыми құжат.

Сурет 1. Студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарының түрлері.


Студенттердің ғылыми-зертеу жұмыстарының түрлері

Ғылыми мақала, эссе жазу



Курстық жұмыс жазу

Ғылыми жоба дайындау

Рефераттық жұмыстар жазу



Дипломдық жұмыс орындау

Ғылыми баяндама, пікір жазу


Эксперимент жүргізу



Рефераттық жұмыс (латын сөзі referat-баяндама, refero-баяндаймын) - ғылыми еңбектер, ғылыми зерттеулердің қысқаша мазмұнын сипаттайтын, жазбаша немесе басылым түрінде берілетін жұмыс. Реферат ғылыми-ақпараттық бағытта болады. Тақырыпты объективті тұрғыда толық баяндаумен қатар рефератта ғылыми теориялар мен ғылыми қорытындыларға талдау жасалып, сын айтылады. Реферат ғылыми мекемелер мен жоғары оқу орындарында қолданылады.

Қойылған мақсаты мен мазмұнына қарай рефераттарды төмендегідей типтерге бөлуге болады:



  1. Ақпараттық рефераттар. Мұнда автор бір немесе бірнеше жұмыстың мазмұнын қысқаша баяндайды.

  2. Бағалаушы рефераттар белгілі бір проблема бойынша бірнеше ғылыми әдебиеттер негізінде жазылады және проблемаға түрлі көзқарастар, түрлі жұмыстардағы ғылыми тұжырымдамалардың сыни талдамасы келтіріледі, реферат авторының ұстанымы анықталады.

Зертханалық және практикалық жұмыс- кез-келген пән бойынша белгілі бір сұрақтарды немесе міндеттерді шешу барысында студенттер жүргізетін жеке, топтық, ұжымдық іс-әрекет.

Эксперименттік жұмыс- нақты жағдайды есепке ала отырып, педагогикалық үдерісті немесе белгілі бір құбылысты, мәселені зерттейтін ғылыми тәжірибе. Педагогикалық экспериментке сүйеніп, зерттеуші оқу-тәрбие үдерісінің тиімді жолдары мен әдіс-тәсілдерін, формаларын, мазмұнын тексере алады.

Эксперимент (лат. eksperimentum - тәжірибе ) -ежелден қалыптасқан ғылыми-зерттеу әдістерінің бірі болып табылады. Эксперимент алғашқы кезде адамдардың қоршаған ортаны бақылау, танып білулерінен бастау алды. Ол бақылау әдісімен тығыз байланысты. Алайда эксперимент пен бақылау бір нәрсе емес. Эксперимент барысында зерттеуші құбылысты жай ғана бақылап қоймай, сол құбылыстың өзгеруіне де мүмкіндік береді.

Курстық жұмыс студенттердің шығармашылық қабілеттерін танытады, педагогикалық ойлауын дамытып, ғылыми-зерттеу дағдыларын қалыптастырады. Курстық жұмыстың мақсаты- студенттердің логикалық ойлау, шығармашылық қабілеттерінің оқу-тәрбие үдерісіндегі дағдысын, ғылыми-зерттеушілік шеберлігінің деңгейін, теорияны практикамен ұштастыра білу мүмкіндігін практикада қолданып, қалыптастыру.

М.Р. Дружинин курстық жұмыстың орындалуына мынадай талаптар қояды:



  • курстық жұмыс жоғары теориялық дәрежеде орындалуы қажет;

  • курстық жұмыс зерттеушілік сипатта болуы тиіс;

  • курстық жұмыс педагогикалық бағытталған, яғни онда бірқатар педагогикалық міндеттер және студенттердің кәсіби дайындығына көмектесетін қазіргі мектеп мәселелері орын алуы тиіс;

  • курстық жұмыста талқыланатын мәселелер теориялық және ғылыми негізделген, оның тұжырымдары қазіргі педагогика мен психологияның даму деңгейлеріне сәйкес болуы тиіс;

  • курстық жұмыстың мазмұны мен құрылымы логикалық жағынан жүйелі болуы тиіс.

Дипломдық жұмыс жоғары оқу орнын бітірушінің кәсіби-педагогикалық дайындығының, ғылыми-теориялық, практикалық білімдерінің, кеңейтілген біліктіліктері мен дағдыларының негізінде жасалады.

Студенттің дипломдық жұмысы толық өз бетінше орындалатындықтан, курстық жұмыстан ерекшеленеді. Дипломдық жұмыс орындалған курстық жұмыстың жалғасы болуы тиіс.

Дипломдық жұмыс орындалғаннан кейін студентте оқу пәндерінің логикалық байланысы, сонымен қатар педагогикалық және өндірістік практикалардың өзара байланысы жөнінде ұғым қалыптасады.

Дипломдық жұмыс мазмұны кафедраның бекіткен тақырыптары бағдарында және кафедраның арнайы пәндер сипатында жасалады. Оның дәйектілігі қазіргі қоғамның жоғары оқу орындарына қойылатын талаптарынан, мақсаты мен міндеттерінен туындауы тиіс.

Жоғары оқу орындарында оқу және ғылыми-зерттеу жұмыстары мәселесі бойынша талдау жасай отырып, мынадай ерекшеліктерді анықтадық:


  • студенттің теориялық білім деңгейін арттырады;

  • теориялық білімін практикада қолдану дағдыларын бекітеді;

  • студенттің өз бетінше зерттеу біліктерін қалыптастырады;

  • оқу-зерттеу жұмыстарын жүргізе білу дағдысының қалыптасуына әсер етеді;

  • зерттеу нәтижелерін объективті бағалауға тәрбиелейді;

  • озат тәжірибелерді жинақтауға үйретеді;

  • талдай білуге және күтпеген жағдайларда жол таба білуге үйретеді;

  • мамандығына, пәнге, ғылыми ізденуге қызығушылығын оятады;

  • студенттің жеке «ішкі» қабілетін ашады; сөйлеу мәдениетін дамытады.

Студенттің пәнде оқылатын материалдарды меңгеруге арналған арнайы тапсырмаларды орындауын, сонымен қатар рефераттар жазуды студенттердің ғылыми-зерттеу жұмысына жатқызуға болады. Сабақтан тыс оқу залдарында, компьютерлік кластарда, үйде орындайтын танымдық тапсырмаларды орындау барысында оқулықтар мен оқу құралдарын, лекция конспектілерін, сонымен қатар ғылыми монографияларды және мерзімдік басылым материалдарын пайдаланса, онда ол дербес таңдау жасағаны. Мүндай студенттер ізденімпаздығымен ерекшеленіп, ғылыми-зерттеу жұмысына бейімділік танытады. Ал егер ол танымдық іс-әрекетті нұсқау және оның дұрыстығын бақылайтын ережелер арқылы жүзеге асыратын болса, онда оны дербестік емес, оның белсенділігі ретінде қарастыруға болады.

Демек, студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарын тек оқу-танымдық әрекет қана емес, болашақ мамандарды даярлаудың қажетті шарттарының бірі деп түсінуге болады.

Тұтас педагогикалық үдерістің құрамды бөлігі ретінде студенттердің ғылыми-зерттеу жұмысының мазмұны студенттердің оқу жұмысына қатысты алғанда қалыптасады және төмендегі негізгі формалар бойынша анықталады.



Бірінші саты – студенттердің оқу үдерісіне енгізілген ғылыми-зерттеу жұмысы.

Екінші саты – студенттердің оқу үдерісін толықтыратын ғылыми-зерттеу жұмысы.

Үшінші саты – студенттердің оқу үдерісінен тыс кездегі ғылыми-зерттеу жұмысы.

Оқу үдерісіне енгізілген студенттердің ғылыми-зерттеу жұмысы ғылыми зерттеулердің элементтері бар курстық және дипломдық жұмыстарды, тапсырмаларды, лабораториялық жұмыстарды орындауды; оқу үдерісінде немесе өндірістік практика кезінде ғылыми-зерттеушілік сипаттағы типтік емес тапсырмаларды орындауды; арнайы курстар шеңберінде ғылыми мәліметтерді өңдеуді, ғылыми экспериментті жоспарлауды және ұйымдастыруды, ғылыми зерттеулер әдістемесінің теориялық негіздерін оқып үйренуді қамтиды.

Оқу үдерісімен қатар жүретін зерттеу жұмысы студенттерді топтық немесе дара түрде мемлекеттік қаржыландыру немесе келісімшарт тақырыптарын орындауға қатыстырудан көрінеді.

Сабақтан тыс уақыттағы студенттердің зерттеу жүмыстарына ғылыми семинарлар, конференциялар, симпозиумдар, студенттердің оқу-зерттеушілік жұмыстарының байқау-конкурстары, пәндер және мамандықтар бойынша олимпиадалар, т.б. жатады.

Жоғары оқу орны студенттерінің ғылыми – зерттеу әрекетіне дайындығының моделін ұсыну үшін студенттердің «педагогикалық әрекетке дайындық» ұғымының біртұтас құрылымындағы үш компонентті бөліп көрсетуге болады:


  • мотивациялық құндылық: кәсіби мінез –құлықтың тұрақты мотивтерінің жиынтығы, еңбектің қоғамдық мәнін ұғыну, үнемі өз бетінше білім алу мен өзін -өзі тәрбиелеуге қалыптасқан бағдар, субъектінің педагогикалық әрекетке немесе жекелеген кәсіби функцияларды орындауға эмоционалдық ұнамды қатынасы

  • операциялық компонент: педагогикалық әрекеттің нақты бағытын өткізуге дайындық, педагогика ғылымының ұғымдарындағы өзінің күнделікті әрекетін ұғыну білігі;

  • когнитивті компонент: педагогикалық әрекеттің ерекшеліктері, оның міндеттері жайлы білу; өзінің әрекетін көрсете және болжай білуі.

«Педагогикалық әрекетке дайындық» ұғымына сүйене отырып, «жоғары оқу орны студенттерінің ғылыми – зерттеу жұмыстарына дайындығы» ұғымына төмендегідей анықтама берілді:

Студенттердің ғылыми – зерттеу әрекетіне кәсіби – тұлғалық дайындығы дегеніміз үнемі өзгеріп және жаңарып отыратын үдеріс ретінде қарауға мүмкіндік беретін педагогикалық әрекеттің шығармашылық аспектілерін терең тануға және қажетті зерттеушілік дағдыларды меңгеруге қалыптасқан позициясының (мотивінің, ұмтылысының, тұлғалық бағдарының) болуы.

Сондай-ақ мұнда жоғары оқу орнындағы кәсіби оқуды аяқтай мерзіміне дейін студенттердің ғылыми – зерттеу құзіреті саласындағы мүмкін табыстарының деңгейі де қарастырылады.

Бұл жерден туындайтын негізгі ой – студенттердің ғылыми-зерттеушілік қызметке дайындығы тек қана жай қажеттілік емес, сонымен қатар жаңа тұрпатты мектептің жұмысына сәтті бейімделу үшін міндетті шарт болып табылады. Диссертацияда –студенттерді ғылыми-зерттеу жұмысына сабақтан тыс уақытта тарту әдістері мен түрлері қарастырылды. Жоғары оқу орындарындағы студенттердің бойында ғылыми –зерттеу жұмысының дағдыларын сәтті қалыптастыру үшін төмендегі мәселелерді қарастыру қажет:



  • студенттердің бойында ғылыми –зерттеу дағдыларын қалыптастыру;

  • жоғары оқу орындарында кәсіби біліммен қатар болашақ педагогтардың бойында ғылыми – зерттеушілік әрекетінің дағдысы сатылы түрде қалыптасу қажет;

  • технологиялық құрамдас бөлігін (дәстүрден тыс түрлерін жасау және ендіру) молайту негізінде сабақта және сабақтан тыс ғылыми – зерттеу әрекетінің мүмкіндіктерін арттыру;

  • өндірістік практика және сабақтан тыс уақытта студенттердің ғылыми – зерттеу дағдысын қалыптастыру үшін арнайы тренингтер ұйымдастыру;

  • берілген зерттеу жұмысын орындау үшін студенттердің мүмкіндігі мен қабілетін ескеретін деңгейде ғылыми –зерттеу дағдысын қалыптастыру.

Аталған міндеттерді шешу мақсатында анықтаушы эксперимент мынадай бағыттарда жүргізілді:

  • жоғары оқу орнында кредиттік оқыту жүйесінде студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарымен айналысу жағдайы тексерілді;

  • студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарына қатысу себептері, студенттерді ғылыми–зерттеу жұмыстарына тарту деңгейлері анықталды;

  • оқудан тыс уақытта және ғылыми-зерттеу практикасы кезінде жоғары оқу орны студенттерінің ғылыми –зерттеушілік әрекетінің дағдыларын ғылыми және шығармашылық жобалар ұйымдастыру арқылы дамыту;

  • ғылыми-зерттеу жұмыстарының тиімділігін арттыруда оқытушылардың іс-әрекеті зерттелді.

Осы кезеңде көрсетілген бағыттар бойынша жоғары оқу орындарының педагогикалық мамандықтарында оқу және оқудан тыс ғылыми-зерттеу жұмыстарын, яғни реферат, баяндама, эссе жазу мен қатар курстық, дипломдық т.б. жұмыстар орындау деңгейлері зерттелді.
Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Мамандығына арналған Сұлтанмахмұттану ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Студенттерге арналған оқу әдістемелік кешені
umkd -> ПӘннің ОҚУ Әдістемелік кешені 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған «Ұлы отан соғысы және соғыстан кейінгі жылдардағы қазақ әдебиетінің тарихы (1941-1960)» пәнінен ОҚытушыға арналған пән бағдарламасы
umkd -> «Балалар әдебиеті» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 2013 жылғы №3 басылым 5 в 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті»
umkd -> ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешенінің
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет