ПОӘК 042-14 05 20. 43/03. 2011 №3 басылым 05. 09. 2011 ж


Өзін-өзі тексеру сұрақтары



бет3/10
Дата06.07.2018
өлшемі0,81 Mb.
#47757
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

Өзін-өзі тексеру сұрақтары

  1. Ұғымы

  2. Ғылыми болжамдар, олардың түрлері

  3. ҒЗ идеясы және міндеттері, олардың түрлері.

  4. Ғылыми құжаттар және басылымдар

  5. Құжаттық топтастырылуы

  6. Ғылыми әдебиеттермен жұмыс істеу тәртібі


Дәріс №3. Шығармашылық және ғылымды танып білудің негізгі әдістемесі. Ғылыми білімге түсінік
Жалпы сұрақтар

  1. Ғылыми ақпараттық жұмыстарды ұйымдастыру

  2. Ғылыми болжамдар, олардың түрлері.


Ғылыми ақпараттық жұмыстарды ұйымдастыру. ҒЗЖ формалары. Маңызды болып табылатыны оқу үрдісіне енген түрлері. СҒЗЖ ең басты формасы – бұл зерттеу бөлігі бар шығармашылық бітіру жұмысы. Бітіру жұмысын орындаудың міндетті элементі – ғылыми-оқу семинар болып табылады. Бұндай семинарлар барлық курстарда ұйымдастырылады. Олар кафедраның ғылыми бағытына немесе кешенді ғылыми мәселелерге сай құрылған. Жетекшілерімен немесе пән мұғалімімен айына екі рет оқытылады. Көпсеместрлікке байланысты, бітіру жұмысымен қатар курстық ғылыми-зерттеу жұмысы орындалады.

СҒЗЖ формасына студенттің өз бетімен орындайтын зерттеу жұмыстарының барлық түрлері жатады. Соның ішінде реферат жазу, баяндама даярлау, т.б. Ғылыми ізденіс элементі бар зертханалық жұмыстар – бұл қорытындысында жаңа нәтиже шығуы тиіс эксперименттік зерттеу.



ҒЗЖ кезеңдері

  1. Зерттеудің тақырыбын таңдау – уақыттың талаптарына жауап беруге негізделген болуы тиіс. Жұмыс өзекті және жаңа мазмұнды болуы тиіс.

  2. Ғылыми-әдістемелік ақпараттарды іздестіру, өңдеу.

  3. Тақырыптың өзектілігін, оның тәжірибелік мазмұнын және құндылығын ашатын, тәжірибелік және теориялық мәселелерді шешуге бағытталған негізгі міндеттердің пайда болған нақты мақсаттарын алға қою. ҒЗЖ орындауға нысанның сапасы мен саны ғана зерттеліп қоймайды, соымен қатар нәтижесінде алынған білім мен қорытындыларды іс-тәжірибеде нәтижелі қолдануға мүмкіндік беретін ғылыми-тәжірибелік нұсқаулықтар жасалынады.

  4. ҒЗЖ ең басты кезеңі – зерттеудің әдістерін және құралдарын таңдап алу болып табылады.

  5. Техникалық – экономикалық негіздемесін қалыптастыру

  • ҒЗЖ күтілетін нәтижелердің қолданылу аясын анықтау;

  • Берілген салада оның тәжірибелік ұсынысының мүмкіндігі;

  • Жаңа техниканың қолданылу нәтижесі анықталады;

Зерттелген тақырыпқа сәйкес ғылыми – техникалық есептің отандық және шетелдік әдебиеттерінің библиографиялық тізімі құрастырылады, нақтылы зерттеуді қамтамасыз ететін нысандар мен үрдістер анықталады.

  1. Қолданылатын әдістері, сарапталатын жұмыстың ауқымы, қиыншылықтары мен уақыты көрсетілген жұмыс жоспары құрастырылады.

  2. Зерттеудің тәжірибелік орындалуы

  3. Теориялық және эксперимантальды зерттеу аяқталғаннан кейін алынған нәтижелердің жалпы қорытындысы шығарылып, алғашқы ғылыми болжамды сараптаудың нәтижесімен салыстыру жүргізіледі. Қажет болған жағдайда зерттеу қайталанып жүргізілуі де мүмкін. Ғылыми қорытындылар қалыптасады, есептер шығарылады

Ғылыми зерттеуді орындау келесі кезеңдерден тұрады:

  1. Мақсаты мен міндеттерін анықтау

  2. Теория мен әдістемені зерттеу

  3. Зерттеудің бірлігін, нысанын және оның себептерін анықтау

  4. Ақпарат алу және оның сенімділігінің, біртектілігінің, салғастырылғандығының , толықтығының бағалануы;

  5. Статистикалық-математикалық әдістерді қолдана отырып, мәліметтер жинақтау және талдау

  6. Талдау нәтижесінен қорытынды шығару

Зерттеудің мақсаты мен міндеттері – бұл ғылыми зерттеудің аса жауапты және маңызды кезеңі. Зерттеу қызметінің қорытынды нәтижесі, ғылыми негіздеменің қаншалықты дұрыс қалыптасқандығына байланысты, яғни соған тәуелді. Бұл үшін мәселені дұрыс түсіну және тұжырымдаманы түзетіп алу қажет, бұл мәселені шешуге көмектеседі. Оның қалыптасу жолы зерттеушінің саналы ойлауының қызметіне, оның ғылыми шығармашылығының өзіндік ерекшелігіне байланысты. Жаратылыстану ғылымдарының ғылыми зерттеулерінен айырмашылығы, қоғамдық-экономикалық ғылымдарда алдымен мәселені жүзеге асырудың ғылыми жағдайы құрастырылады, содан кейін өндіріске енгізе отырып, қорытынды шығарылады. Мәселенің қоғамдық-экономикалық түрде туындауы қоғамның., өндірістік күштердің дамуымен байланысты. Қоғам алдындағы экономист-зерттеушілердің жауапкершілігінің жоғары болуы және міндеттерінің күрделілігі осыдан шығады – оларда жоғары нәтижелі мақсатқа жету үшін тәжірибесін қолдану мүмкіндігі жоқ. Экономистердің сараптау нысаны- экономикалық ғылымнан ары қарай қалай даму керектігін көрсететін нұсқаулық алатын қоғам болып табылады. Экономистердің нұсқаулықтары жеке ұйымдардың, аудандардың, салалардың сынынан өтуі тиіс. Күтілген нәтижеге жеткен жағдайда, сарапшы тәжірибесін көпшілік өндіріске енгізуге болады.

Мәселенің мәнін түсінудің бірінші кезеңінде алғашқы ойдан мақсатты түрде алшақтаған дұрыс. Бұл өте қолайлы, өйткені зерттеушінің парасаты жекешеленген бөлшектерге сай орнықпайды

Мәселені шешудің бірнеше жолын атап өту, берілген тапсырманы сәтті орындауға әсер ететін мақсатты таңдап, парасат пен білім алу қажет.



Екінші кезеңі зерттеудің теориялық мәселесін және әдістемесін зерттеу болып табылады. Өзімізді қызықтырған құбылысты, процесті зерттеуге кіріскенде, алдымен біз оның теориялық мазмұнын зерттеуіміз қажет және оның көрсеткіштер жүйесімен танысу керек. Бұл сұрақты тарихилық жағынан зерттеу қажет, яғни бұл құбылысқа қатысты бұрыннан қалыптасқан көзқарастармен танысу керек, оның басқа да құбылыстармен қатынасын анықтап алу керек. Сонымен қатар, айтылған құбылыстың көрсеткіштерін есептеудің әдістемесін де зерттеу қажет, нақты тіршілік ететін құбылыстың қазіргі түсінігіне сәйкес, оның ғылыми дәрежеде қалыптасқан сенімділігін сыни түрде бағалау керек.

Қызықтырып тұрған құбылыстың жалпы ғылымилық түсінігін біз іргетас ғылымдардан табамыз: философия, политэкономия, т.б., ал көрсеткіші мен мәнінің нақытылығын – нақты жағдаяттардан. Әр зерттеуші өзін қызықтырған құбылысты талдаудың қалыптасқан әдістерін шығармашылықпен қолдану керектігі айрықша айтылады. Зерттеу әдістерін жетілдірудің жолдарын іздестіру зерттеуші жұмысында тұрақты болуы тиіс.

Біздің өмір туралы, қоғам туралы біліміміз біршама және ол әрдайым нақтыланып отырады, дамудың диалектикасы осындай. Сондықтан әр кезеңде талдау жүргізіп және пайда болған қайшылықтардың себептерін, даму тенденциясын және өзара қатынастарын түсіндіру қажет, әрдайым соны қатынас тауып және теориялық ережелері мен қалыптасқан әдістерін ойластырып отыру керек.


  1. Зерттеудің бірлігін, нысанын және оның себептерін атап көрсету кезеңі – алдыңғы екуіне негізделеді. Теория мен әдістеменің негізінде зерттеудің нысаны мен бірлігі және де толыққанды зерттеу жүргізуге қажетті себептерінің барлық өрістері анықталады. Құбылысты зерттеу оның өлшеміне негізделеді, өйткені құбылыстың сандық жағын танымас бұрын, оның сапасын анықтау мүмкін емес. Белгілі ғалым Д.И.Менделеев, тек бір нәрсені өлшей бастағанда ғана ғылым басталады деп жазып кеткен.

  2. Өлшем нысанын орнатып алғаннан кейін, өлшем бірліктерінің , талдау әдістерінің бірін таңдау қажет. Егер құбылыс сапалы біртектібірліктерден тұратын болса, онда оны табиғи бірліктеріне сай өлшеуге болады. Әрқилы бірліктер кездесетін қоғамдық-экономикалық құбылыстарда бір жалпылама көрсеткіш қажет. Алайда барлық теориялық ережелерді көрсеткіштерге жатқызуға болмайды. Мысалы, көптеген философиялық категориялар сандық өлшегішті қажет етпейді /әлемді тану, материяның бастаулылығы, т.б./

Өлшеу ұстанымдары теориялық концепцияның анықталған жүйесінен туындайды. Концепцияның өзгеруі, ескі түсініктерді ауыстыруды және жаңа өлшемдерді талап етеді. Мысалы, оңтайлы жоспарлау концепциясының тууы, жаңа түсініктер мен жаңа өлшеу тәсілдерін талап етті (оңтайлы бағалау, шегі бар өлшем, болжау және т.б.). Мамандандырудың салдарынан оның дәрежесін өлшеу қажеттілігі туындайды. Қазір халық шаруашылығын жетілдіру курсы ашылғандықтан, үдетудің сандық бағалануының қажеттілігі туындайды.

Зерттеу нәтижесінен алынған, әрі талдауға даяр мәліметтерге қойылатын талап мынада, ол мәліметтер әрі көпшілікке ортақ болуы тиіс.

Мәліметтердің толыққандылығы құбылыстың кеңістікті қамту толықтығы болып түсіндіріледі, яғни зерттеліп отырған құбылыстың мәнді қырларын белгіленген максимальды уақыт ішінде қамтуды толыққанды жүргізу үшін зерттеуге бақылаудың барлық бірліктері енуі тиіс. Мәліметтердің толыққандылығының аталған шарттарын сақтау ғылыми негізделген база алуға мүмкіндік береді. Қорыту үшін қолданылатын деректердің көптігіне байланысты, біз зерттеушінің тәлкектігінен, яғни деректерді анықтаудың субъектілігінен кепілдіміз.

Қорытыныды мәселелердегі ұсынылатын келесі шарт – бұл салыстырылу. Ол – талаптарды сақтаудың қатарын топшылайды. Уақытқа сай салыстырылу, яғни барлық деректер белгілі бір уақыт ішіндегі бақылау нышандарының кезеңдерін қамтуы тиіс. Әйтпесе алынған мәліметтерді қорытындылау мүмкін емес. Өлшеудің белгілі бір нышандарының жекеленген есебінде және есеп берудің біртекті әдістемесі қолданылғанда салыстырылуға жетеді. әдістеменің өзгеруі зерттеліп жатқан құбылыстың теориялық мәніндегі танымының өзгергендігін білдіреді. Ал бұл процесс үзіліссіз жүріп жатыр.

Сенімділік түбінде зерттеліп жатқан процестің не құбылыстың нақтылы мазмұнынан алынған мәліметтердің қамтылу дәрежесі түсіндіріледі. Құбылыс өлшемінің көпшілігі қателік жібереді. Мынадай өлшеуішті алсақ, мысалы, заводтағы цехтардың санында, әрине қателік болмайды. Қателіктер көбінесе өлшеуде көрініс табуы мүмкін. Адамдар кей кезде тіпті өлшеудің дәлсіздігіне күдіктенбеуі де мүмкін. Қателіктер құбылысты реттеу кезінде, өлшем бірліктердің кесектелуінде болып жатады.

Бесінші кезеңде өндірілген әдістемеге сәйкес, материалдарды қорытындылай келе, зерттеуші әр түрлі әдістерді, соның ішінде деректерді өңдеудің әдістерін қолданады, артынан басқа дереккөздердің ұқсастық көрсеткіштерімен өзара салғастырылатын көрсеткіштерді есептейді.

Кез келген ғылыми зерттеу шығармашылықтың элементтерін қамтуын тиіс. Жұмыстың шығармашылық стилі зерттеу процесінде пайда болған қайшылықтардың қатысымен сипатталады. Қайшылықтар дамудың дабылқаққыштық импульсы сияқты, өйткені кездейсоқ ауытқулар ертең көпшіліктің көрсетуіне ауысуы мүмкін.

Қорытындылар және ұсыныстар кез келген ғылыми зерттеудің қорытынды кезеңі болып табылады. Талдаудан дұрыс қорытынды мен ұсыныстар жасай білу іскерлігі – бұл теориялық және тәжірибелік білімнің қорытындысы. Осыған сәйкес, зерттеуші келесі шарттарды ұстануы тиіс.

Бірінші шарты – алынған нәтиженің осы уақыт аралығындағы ғылымда бар білім базасымен түсіндірілуі. Қорытындылар алдымен, мына сұрақтарға жауап беруі тиіс: біз әділ заңның талаптарын, өзіндік практикалық қызметінің заңдылығын қалай қолданамыз, яғни біздің тәжірибелік қызметіміз оның талаптарына сәйкес келе ме? Қоғамдық құбылыстарды талдаудың ғылыми негіздемесінің қорытындысы мен ұсыныстарының екінші шарты – олардың таптық, топтық сипаттамаларының есептелуін талап етеді. Экономикалық сұрақтар біздің барлығымызға тиетін болғандықтан, әрі саяси негізді қалайтын болғандықтан, ол қорытындылар мен ұсыныстардың болуын талап етеді.

Техникалық жобалардың экономикалық негізделуінде біз ерекше әділдік пен назар аударушылық танытуымыз керек. Халық шаруашылығы объектілерінің құбылысына келгенде, әлеуметтік – экономикалық қатынастар қаншалықты жоғалды. Бұл көптеген өзендер мен көлдердің опат болуы, орны толмас құнды жерлердің жоғалуы, табиғаттағы экожүйе мен биобаланстың бұзылуы.

Қорытындылар мен ұсыныстардың ғылымилылығының үшінші шарты –асыра сілтеуді болдырмау.

Зерттеуші анықталған кемшіліктер мен қателіктерді жалғастыруға тырысуы керек. Әсіресе экономикада кемшіліктер мен құателіктерді ашу талдаудың ең басты міндеті болып табылады.

Зерттеуші толық емес, жеткіліксіз және салыстырмалы базалы ақпараттарды қолданып үйренуі тиіс. Зерттеушінің өнері өзі беретін кез келген фактіден қажеттісін ала алу іскерлігіне байланысты. Зерттеуші қорытынды қалыптастырар кезде, алғашқы кездегі ақпараттың кемшіліктерін жасырмай, ескетпе жасауы тиіс. Ол берілген сұрақты шешу кезінде қандай мәселелер туындайтынын көрсетуі тиіс. Егер де автор өз жұмысын аяқталмаған деп қол қойса, бұл жағдайда зерттеудің қорытындысын мойындатуға қалай қол жеткізуге болады? Алайда, ақиқатқа қол жеткізу ғалымның іс-әрекеті мен ынтасының маңызды мазмұны болуы тиіс. Олардың зерттеулерінің қорытындысы жалпы қоғам мүддесінің ұстанымымен бағаланады. Демек, егер бірінші кезеңде автор ұстанымының ғылым мен тәжірибе талаптарына дұрыс жауап беретіндігін растайтын деректер маңызды болса, екінші кезекте автор бекітілген танымал жағдайларға бағынбайтын фактілерді айқындауы тиіс. Қарама-қарсы (кездейсоқ) фактілер берілген құбылыстың алдағы уақыттағы даму процесін аща түседі, бұл кездейсоқтықтағы артудың (өсудің) жаңа сапалы деңгейін қарастыру міндетті. Бұл өз кезеңінде қалыптасқан көзқарастарды қайта қарастыруды талап етеді. Демек, автор өзі қалыптастырған жағдайды мойындауды қамқорлығына алып қоймай, сонымен қоса ғылы мен өндірістің дамуына үлес қосуы тиіс. Өйткені теория - ақиқатқа жету жолының бір көрінісі сияқты.

Ғалым жұмысының сипаттамасы мен стилін анықтайтын табиғат пен қоғам дамуындағы диалектика осындай.


Ғылыми болжамдар, олардың түрлері. ҒЗЖ мақсаты. Бұл – белгілі бір процесті, нысанды немесе құбылысты жан-жақты зерттеу, оның құрылымын, байланысын және ғылымдағы қалыптасқан принциптер мен әдістемелердің негізінде оның қатысын тану, сонымен қоса адамзатқа маңызды қорытыныдылар алу және енгізу. Кез келген ҒЗЖ өзіндік нысаны мен мәселелері бар, объектісі материалдық және өмірден тыс жүйе. Мәселесі – бұл жүйе құрылымы, жүйе ішіндегі немесе оның сыртындағы элементтердің өзара әрекеттесу заңдылығы. Заңдылықтары мен дамуы, қасиеттері, сапасы, т.б.

Мақсаттты белгілеу үшін ғылыми жұмыстардың 3 түрі аталынып көрсетіледі:



  1. іргелі

  2. қолданбалы

  3. талдамалы

Ғылыми жұмыстың іргелі түрі – жаңа құбылыстар мен табиғат заңдылықтарын зерттеуге бағытталады. Зерттеудің жаңа принциптерін құрастырады. Бұндай зерттеулер танымал және танымал емес шекараларда жүргізіледі. Белгісіздік дәрежесін көптеп иеленеді.

Қолданбалы түрі - жаңаны құрудың табиғи заңдылықтарының қолдану түрлерін табуға және адамилық қызметтің қалыптасқан құралдары мен амалдарын жетілдіруге бағытталған. Мақсат - адамның тәжірибелік қызметінде терең зерттеу нәтижесінен алынған ғылыми білімді қолдану, бекіту. Қолданбалы зерттеудің қорытындысында ғылыми түсініктер негізінде техникалық түсініктер пайда болады. Қолданбалы зерттеулер өз кезегінде іздестірушілік, ғылыми – зерттеушілік және тәжірибелік - құрастырушылық болып бөлінеді.

Іздестірушілік түрі жолдарды іздестіру объектісіне әсер ететін факторлардың орнауына, іргелі зерттеудің нәтижесінен ұсынылған амалдар негізінде жаңа технологиялар мен техникаларды құруға бағытталған. ҒЗЖ нәтижесінен тәжірибелік қондырғылар, құралдар құрастырылады.

Тәжірибелік – құрастырушылық жұмыстарының мақсаты құрастырудың логикалық негізін анықтайтын құрастырушылық сипаттамаларды іріктеу болып табылады.

Іргелі және қолданбалы зерттеудің нәтижесінже жаңа ғылыми және ғылыми – техникалық ақпараттар қалыптасады. Өнеркәсіпті игеруге жарамды осындай ақпараттың құрылу мақсатына бағытталған процесс талдамалы деп аталады. Бұл жаңа техниканың, материалдардың және т.б. құрылуына бағытталған. Кез келген ҒЗЖ анықталған бағыттарға жатқызуға болады. Ғылыми анықтама арқылы ғылым немесе зерттеу жүргізілген орталықтың ғылыми кешені түсіндіріледі. Осыған байланысты мынадай бағыттары айқындалады:



  • техникалық

  • биологиялық

  • әлеуметтік

  • физико-техникалық , т.б.

Ғылыми бағыттың құрылымдық бірлігі кешенді проблемалар, тақырып пен ғылыми проблемалар болып табылады.Кещенді проблема мақсаттыр бір болып келетін мәселелердің біріктірілген жиынтығын қарастырады. Проблема – бұл қоғамда шешімін тапқан күрделі теориялық және тәжірибелік міндеттердің жиынтығы. Әлеуметтік – психологиялықұстаным, мәселе – бұл қоғамның тұтынушылық және оған қол жеткізу жолы арасындағы қарама-қайшылықтың көрінісі. Білім мен білімсіздік арасындағы қарама-қайшылық. Мәселе ауқымына байланысты ауқымды, ұлттық, аймақтық, салалық, салааралық болуы мүмкін. Жалпы және арнайы мәселелер деп те ажыратуға болады. Жалпылама түріне жалпығылыми, жалпы халықтық, т.б. проблемалар жатады. Арнайы түрі белгілі бір өндіріске байланысты сипатталады. Ғылыми зерттеудің тақырыбы мәселенің құрамдас бөлігі болып табылады. Тақырыпқа байланысты зерттеудің нәтижесінде проблеманың белгілі бір бөлігін қамтитын белгіленген сұрақтар қатарына жауаптар алынады. Тақырып бойынша нәтижелердің кешенді қорытындысы ғылыми проблемаға шешім табуы мүмкін.

Өзін-өзі тексеру сұрақтары

  1. СҒЗЖ формалары

  2. ҒЗЖ кезеңдері

  3. ҒЗЖ мақсаты

  4. Ғылыми зерттеудің түрлері


Дәріс №4. Ғылыми технологиялық шығармашылықтың әдістері және қағиданың элементтері
Жалпы сұрақтар

  1. Ұғымы, ҒЗ идеясы және міндеттері, олардың түрлері.

  2. Ғылыми эксперимент ұғымымен оның негізгі бағыттарымен танысу. Ғылыми эксперименттің негізгі жағдайлары.


Ұғымы, ҒЗ идеясы және міндеттері, олардың түрлері. Ғылым фактілерден басталады, фактілерді жинақтайды, салғастырады, бағалайлы, топтастырады, таптастырады, одан кейін ережелерге бағынады, ережелер заңнамаларға, одан теория қалыптасады. Егер фактілер мен қабаттанудан, бұрыштаудан және субъективті көзқарастан азат болған жағдайда, сол фактілер шынайы болып келеді: әдетте фактілер туралы ақпараттар жаңа фактілер мен ғылыми білім мазмұнына енген танымал фактілерді салыстыру арқылы сипатталады. Алайда барлық жағдайда жаңа фактілерді танымал не танымал емес түрлерімен салыстыра беруге болмайды. Әсіресе бұл оқу процесіне қатысты, сондықтан жаңа фактілерді бағалауда негізгісі себептерін және олардың пайда болуын түсіндіру. Фактілердің пайда болу және өзгеруінің себептерін тану. Кей жағдайда оынң мән – мағынасын анықтайды. Міндеттердің мұндай түрі ғылыми эксперимент арқылы шешіледі. Эксперимент латын тілінен аударғанда – тәрбие деп аударылады.

Эксперимент (сараптау) – бұл ғылыми негізделген және арнайы ұйымдастырылған зерттеу немесе зерттеліп жатқан құбылыстың белгілі бір жағдайларда есептелінетін құбылыс болып табылады. Эксперимент зерттеудің жағдайларын көрсететін арнайы жаңа жағдайлар қалыптастыратын, зерттелетін құбылысқа белгілі бір факторлардық белсенді әсерін сипаттайды. Сондықтан ҒЭ зерттеудің белгілі бір міндеттерін қоюға және шешімін тексеруге мүмкіндік беретін жасанды ұйымдастырылған жағдайда жүзеге асады. ҒЭ ғылым дамуының басты шарты. ҒЭ сапасы көбінесе оның өтілуіне деген дайындықтан анықталады, маңыздысы зерттеудің міндеттерін нақтылы анықтау және объективті нәтиже алуды жоспарлау.

Егер де эксперимент нәтижесі барлық ұқсас объектілерге дәлелді түрде таратылатын болса, онда олар жеткілікті әділ деп саналады. Эксперимент жүргізлген кезде оны міндетті жаққа қарай бағыттау керек. Зерттелу объектісінің жекеше тұстарын анықтау қажет, осы тұстарының жұмыс істеу қабілеттерін әлсірету немесе күшейту қажет. Ішкі факторларының объектіге әсер ету шарттарын өзгерту керек.

Эксперименттер ғылымының әр түрлі салаларына жатқызылуы мүмкін, сондықтан эксперимент ғылымының зерттеу саласының өзгешелігі анықталады. Сараптаудың бағдарламасы, міндеттері және жағдаяттары зерттеу арқылы анықталады.

Кез келген экспериментке қамтамасыз етудің 6 кезеңі енгізілген белгілі бір дайындықтар кездесуі керек:


  1. Өлшеуді жүргізудің тәсілдері мен құралдарын, бағалау критерийлерін анықтау

  2. Өлшеу тәсілдерінің селекциясы

  3. Өлшеудің сандық немесе шартты формада көрсетілуі

  4. Өлшеудің алдын-ала тексерілуі, заттардың нақтылығы мен объективтіліінің мүмкіншіліктері.

  5. Өлшеулердің жүргізілуі

  6. Міндеттелген көрсеткіштерді алған көрсеткіштермен салыстыру.

Ғылыми эксперимент ұғымымен оның негізгі бағыттарымен танысу. Ғылыми эксперименттің негізгі жағдайлары. ҒЭ жүргізудің шарттары

  1. Шектеу, яғни қаралатын және есептелетін процестер мен құбылыстар құрамын атап көрсету

  2. Өлшеу құралдарын таңдау және оның мүмкіншіліктері, әдістері, өңдеу жүргізудің амалдары, алынған мәліметтерді қорыту сияқты бекітілген өлшемдерді жүргізу.

  3. Дәлелдеулерді көрсетуі мүмкін және ұқсас құбылыстар мен процестерге жайылуы мүмкін көрсеткіштер мен белгілерді анықтау

  4. ҒЭ әдістеріне құбылысты, процесті немесе оқиғаларды зерттеуге мүмкіндік беретін ғылыми бақылаулар жатады. Сонымен қоса, алғашқы деңгейде көрсетілген бақылау кез келген ҒЭ енеді және оның құрамды белгісі болып табылады.

ҒЭ әдістеріне ойлау эксперименті жатқызылады, ол логикалық ойлау мен елестетудің біріктірілген ішкі эксперименттік формадағы қатаң логикалық ойлаулардың өтілуімен сипатталады. ҒЭ ғылыми болжамдарды таңдаудан және құрастырудан басталады, оның негізделуі, оны тексерудің басты жолдарының орнауы. Ғылыми болжам әрқашан болжам түрінде болуы тиіс. Бір эксперимент бірнеше болжамдар арқылы тексерілуі мүмкін. Ғылымда оң және теріс, пайдалы және зиянды, күшті және әлсіз орындар бар.
Дидактикалық эксперименттің (ДЭ) ерекшеліктері мен мүмкіншіліктері. ДЭ әдістерді, формаларды, құралдарды, оқытудың жаңа мазмұны мен қабылдау түрін анықтау мақсатында жүргізілетін зерттеу болып табылады. ДЭ негізігі дәлелі болып оқу процесінде білім сапасын жоғарылататын белгілі бір жетілдірілілерді енгізу болып табылады. ДЭ оқу процесін зерттеумен, талдаумен, бақылаумен және оқытушының жұмыс тәжірибесімен тығыз байланысты. ДЭ басты ерекшелігі оны оқу процесінде, сыныпта және студенттік топтарда өткізілетіндігінде.

ДЭ белігілі бір қорытындыға келу үшін көптеген фактілердің жинақталуын талап ететін сипаттамалардан тұрады. ДЭ үрдісінің 3 кезеңі белгіленген:



  1. Бастапқы деңгейі – мұнда сәйкес келетін дидактикалық құбылыстарды зерттеуге, фактілерді жинақтауға , оларды талдауға, педагог жұмысы мен оның тәжірибесімен танысуға аса көп көңіл бөлінеді. Бұл кезеңде алдын-ала зерттеудің ғылыми болжамы жасалынады.

  2. Тексеру кезеңі – бұл уақытта зерттеуші ғылыми болжамды нақтылайды, толықтырады, не өзгертеді және арнайы ұйымдастырылған сабақтар жүргізеді.

  3. Қорытынды (анықтау) кезеңі – бұл кезеңде келтірілген ғылыми болжамды жан-жақыт тексеру жүргізіледі. Сабақта ғылыми болжамдарға сәйкес оқуға енген жаңалықтарылың барлығы да тексеріледі.

ДЭ көрсеткіштері болып ауызша және жазбаша сұраудан, тура және жанама бақылаудан, салыстьырудан шыққан мәліметтер табылады. Сұрау интервью, анкета немесе тест түрінде жүргізіледі. Сұраудың әр түрлі сұрақтарды алдын-ала даярлауды қажет етеді. Өйткені оларда зерттеуге қажетті ақпараттар келтірілген. Ауызша және жазбаша сұрауға емтихандық , сынақтық және бақылау бағалары жатады.

ДЭ көрсеткіші ретінде белгілі бір жұмыстарды орындауға кеткен уақыттарды жұмсау көп қолданылады (мысалы: СӨЖ, бақылау жұмыстары, курстық).

ДЭ 2 типі көп кездеседі:


  1. Салыстырмалы (СЭ)

  2. Тәуелсіз (ТЭ)

СЭ екі топтық, сыныптық, т.б. жиындардың экспериметтері мен бақылауларын салыстыру кезінде өтіледі. Топтарды салыстыру кейбір шарттардың орындалуын талап етеді, олар:

  1. Алғашқы мәліметтермен тең дәрежеде болуы тиіс.

  2. Оқу жұмысы шарттарының тепе-тендігін сақтауы тиіс.

  3. Оқытушы тұлғасынан тәуелсіз болуы керек;

  4. Күнделікті жағдаймен салыстырғанда сабаққа табиғилық шарттар қойылуы тиіс.

ТЭ алға қойылған ғылыми болжамдарды тексеру аясында мәліметтерді жинақтау және салыстыру жолында, бақылауларын тексермей, көптеген топтардың тізбектерін зерттеу негізінде өтіледі.


Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Мамандығына арналған Сұлтанмахмұттану ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Студенттерге арналған оқу әдістемелік кешені
umkd -> ПӘннің ОҚУ Әдістемелік кешені 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған «Ұлы отан соғысы және соғыстан кейінгі жылдардағы қазақ әдебиетінің тарихы (1941-1960)» пәнінен ОҚытушыға арналған пән бағдарламасы
umkd -> «Балалар әдебиеті» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 2013 жылғы №3 басылым 5 в 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті»
umkd -> ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешенінің
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет