ПОӘК-042-14 05 20. 46/03-2011 №3 басылым 05. 09. 11ж


Өзін өзі тексеру сұрақтары



бет9/10
Дата10.06.2017
өлшемі2,5 Mb.
#18918
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

Өзін өзі тексеру сұрақтары

  1. Бейбіт кезіндегі ТЖ сақтандыру және оның салдарын жою үшін ТЖМ күштерінің әрекеттер жоспары.

  2. Жоспардың мақсаты, оған қойылатын талаптар, қажетті мәліметтер.

  3. Мемлекеттік ТЖ қызметінің жоспарлы істері, мазмұны

10 Тәжірбиелік сабақ. Мемлекеттік ТЖ қызметінің жоспарлы істері, мазмұны. Жоспардың мақсаты, оған қойылатын талаптар, қажетті мәліметтер.
Жоспар: ТЖ салдарын жою шараларын жоспарлауды ұйымдастыру. Ұйымдастырылатын шаралар жоспарын жасау, олардың мазмұны, орындалуын қадағалау реттері.
Төтенше жағдай салдарын жою төтенше жағдай аумағында және оған жататын аудандарда барлаудың барлық түрлерін және кезек күттірмейтін жұмыстарды жүргізу қамтиды. Сондай-ақ төтенше жағдай салдарын жою күштерінің құрамын және зардап шегуші халықтың тіршілігін қамтамасыз етеді. Төтенше жағдайды жоюды ұйымдастыру оның сипатымен көлеміне байланысты.

Төтенше жағдайды жоюдың негізгі ұйымдастырушысы – төтенше жағдай бойынша комиссия, атқарушы орган немесе экономика нысанын басқару органының функцианалдық құрылымы.

Азаматтық қорғаныс және төтенше жағдай бөлімшелері атқарушы биліктің органы болып табылады. Азаматтық қорғаныстың күнделікті жүргізу және бақылауға арналған және іс-шараларды орындау. Белгілі ведмоствалық ауданда мүмкін болатын төтенше жағдай туралы жорамал мәліметтерді пайдалана отырып Азаматтық қорғаныстың төтенше жағдай бөлімі төтенше жағдайды жою жоспарын құрады. Ол мынаны қарастырады:


  • апаттық аймақтың қысқаша сипаты (зақымдану ошағы);

  • төтенше жағдайды жоюдағы қолданылатын күштер мен құралдар;

  • жұмыс реттілігі;

  • төтенше жағдай аумағында қоғамдық тәртіп сақтау ережелері;

  • медициналық шараларды ұйымдастыру;

  • қауіпсіздікті қамтамасыз ету;

  • басқаруды ұйымдастыру;

  • материалдық техникалық сұрақтарды қамтамасыз ету:

Көптеген жағдайларда төтенше жағдайларды жою төтенше жағдайлардың жедел қимылдауына байланысты. Бұл жетекшілік және күнделікті басқару органдарының ТЖ пайда болуының ақпараты алына салысымен бірлесіп қызмет етуіне тәуелді.

Төтенше жағдай комиссия төрағасы ТЖ көлемі және сипаты бойынша мәліметтерді пайдаланып негізгі міндеттерді, құралдар мен күштер құрамын, жеке құрам қорғанысын, адамдарды құтқару тәртібін көрсететін шешім шығарады.

Апат аймағынан сенімді ақпараттар алу үшін маман химиктер, инженерлер, дәрігерлер, өрт сөндірушілерден құралған кешенді барлау ұйымдастырылады. Радиациялық және химиялық барлау бөлімшелері радиоактивтік ластану және химиялық зақымдану мөлшерін анықтайды. Инженерлік барлау бөлімшелері жолдардың, ғимараттардың коммуналды энергетикалық желілердің, үйінді түрлерін және сипатын бағалайды. Жұмыс көлемін және қажетті инженерлік техниканы анықтайды. Өрт сөндіру тобының барлау бөлімшелері өрт жағдайын - тұтас және жеке өрттер бөлігін, өрт сөндіру әдістерін, су көздері орындарынанықтайды. Медициналық барлау бөлімшелері санитарлық – гигиеналық жағдайларды, зардап шегушілер жатқан жерлерді табады. Оларға көрсетілетін медициналық көмек көлемін анықтайды. Қажеттілік туындағанда инфекция таратушы қоздырғыштарды зертханада анықтауға арналған үлгілер алатын маман- эпидемиологтарды бөлімшеге қосады. Ауылшаруашылығы өндірісінің нысандарында барлау жүргізгенде фитосанитарлық бақылау мамандары және ветеринарлар шақырылады.

Төтенше салдарын жоюда апаттық құтқару және басқа да қалпына келтіру жұмыстары кезінде сараптамасын жүргізу сатылап жүргізіледі және қысқа уақытта ретпен жүргізіледі.

Бірінші сатысында нысандар және халықты жедел қорғау мәселесі жүргізіледі және дайындық жасау қарастырылады. Ең алдымен халыққа және жұмысшыларға ТЖ туралы ескерту жүзеге асырылады.

Екінші сатысында негізгі міндет құтқару жұмыстарын тікелей жүргізу жүзеге асырылады. Сонымен қатар бірінші саты міндеттері қоса жүргізіледі. Алғашқы тәртіпті қорғаныс мекендеріне жолдар салу жүргізіледі. Жергілікті шамалы үйінділерде жол сынықтар мен қалдықтарды тазалау арқылы салынады. Жолдар, өткелдер салу үшін қолда бар механика, автокрандар, бульдозерлер қолданылады. Жол салу жұмыстары аяқталғаннан кейін өрт болып жатқан жердегі өртті сөндіру және адамдарды іздестіру құтқару жұмыстары, қорғаныс мекендерін тауып, оларға таза ауа жіберу жұмыстары жүргізіледі.

Газдан құтқару отрядтары газға толған нысандармен мекендерде жұмыс жүргізеді. Ең алдымен газ жолы табылып, шығу себептерін анықтайды, құтқару жұмыстарын жүргізеді.

Химиялық ластануда ҚХЗ таралуын шектеу мақсатында, топырақ, және топырақ асты суларының ластанбауы үшін келесі әдіс-тәсілдер пайдаланылады:



  • төгілген затты тасымалдау;

  • ҚХЗ таралуына бөгет жасау;

  • ҚХЗ табиғи үңгірлерге жинау.

Әртүрлі органдардан және арнайы кешендік барлаудан алынған мәліметтер негізінде төтенше жағдай бойынша комиссия төрағасы жағдайды бағалап шешім қабылдайды.

АҚҚ мен құрамалары қызметінің негізгі принциптері мыналар:

  • Төтенше жағдай туындаған кезде адамдардың өмірін құтқару мен олардың денсаулығын сақтау қ.о. қорғау міндеттерінің бақылауын көздейтін ізгілік пен қайырымдылық.

  • Төтенше жағдай жою жөніндегі құтқару жұмыстары мен шұғыл жұмыстарды жүргізудің міндеттілігі.

  • АҚҚ мен құрамаларында дара басшылық құтқару жұмыстары мен шұңыл жұмыстарды жүргізу кезінде өзін-өзі ақтайтын тәуелділік жөніндегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету.

  • АҚҚ мен құрамаларының төтенше жағдай жедел назар аударуға және құтқару жұмыстары мен шұғыл жұмыстарды жүргізуге ұдайы әзірлігі.


Өзін өзі тексеру сұрақтары

  1. Мемлекеттік ТЖ қызметінің жоспарлы істері, мазмұны.

  2. Жоспардың мақсаты, оған қойылатын талаптар, қажетті мәліметтер.

  3. ТЖ салдарын жою шараларын жоспарлауды ұйымдастыру.

  4. Ұйымдастырылатын шаралар жоспарын жасау, олардың мазмұны, орындалуын қадағалау реттері.

11 Тәжірбиелік сабақ. Апаттық-құтқару жұмыстарына күшпен жабдықтарды пайдалану реті.


Жоспар: Апаттық-құтқару жұмыстарына күшпен жабдықтарды пайдалану реті. Құтқару жұмыстарын жүргізу үшін күштер мен жабдықты жұмылдыру. Оның кезегі, кезеңдері, пайдалану реті. Қауіпсіздік шаралары.
Төтенше жағдай аумағының апатты аймақтарында апаттық құтқару және басқа да кезек күттірмейтін жұмыстарды жүргізу құтқару жұмыстарының күштері мен құралдарының негізгі міндеті болып саналады. Зақымдану ошағында апаттық құтқару және басқа да кезек күттірмейтін жұмыстарды жүргізудің мақсаты: адамдарды құтқару және зардап шегушілерге медициналық көмек көрсету, аварияларды тоқтату, құтқару жұмыстарына кедергі келтіретін қирауларды жою, қалпына келтіру жұмыстарын жүргізуге жағдай жасау.

Апаттық құтқару жұмыстары зардап шегушілерді іздеу және үйінділермен қираған ғимараттар астынан алып шығу мақсатында, медициналық және алғашқы көмек көрсету, оларды зақымдану ошағымен су басу аумағынан емдеу мекемелеріне жеткізу мақсатында жүргізіледі.

Апаттық құтқару жұмыстарының мазмұны:


  • жұмыс бөліктеріне жету маршруттарының барлауын жүргізу;

  • жұмыс бөліктеріндегі өртті ауыздықтау және сөндіру;

  • зардап шегушілерді іздеп табу, оларды жанып жатқан ғимараттардан, үйінділерден, газдалған, суға және түтінге толған бөлмелерден алып шығу;

  • қираған, зақымдалған және үйіндіге арналған ғимараттарды аршу және сонда қалған адамдарды құтқару;

  • үйінді астында қалған қорғаныс мекендеріне ауа беру;

  • зардап шегушілерге алғашқы медициналық көмек көрсету, оларды емдеу мекемелеріне жеткізу;

  • адамдарды, олардың киімдерін, аймақты мекендерді, техниканы, азық түлікті, суды залалсыздандырып, санитарлық тазалаудан өткізу.

Апаттық құтқару жұмыстарын ұйымдастыру негізіне емдеу-эвакуациялық қамтамасыз етудің екі сатысы қойылуы керек:

  • апат ауданында көрсетілетін алғашқы көмек;

  • көрсетілетін арнайы көмек және станционарлы емдеу.

Зардап шегушілерді эвакуациялау үшін арнайы ережелер бекітілген. Ең бірінші ауыр жараланғандарды тасиды, сосын отырып жете алатын орташа ауырлықтағы жараланғандар, ең соңынан жеңіл жарақаттанғандарды тасымалдайды.

Алғашқы медициналық көмекті ұйымдастыруға қойылатын негізгі талап – оны қысқы уақытта бірнеше адамға көрсету мүмкіндігі.

Басқа кезек күттірмейтін жұмыстардың мазмұны:


  • үйінділерде және зақымдану аумағында соқпақ жолдар және коллоналармен өту жолдарын салу;

  • газ, энергия, су, канализация және технологиялық желілердегі апаттарды жою;

  • апаттық құтқару жұмыстарын қауіпсіз орындау үшін құлау мүмкіндігі бар ғимараттар мен нысандарды бекіту және құлату;

  • қираған байланыс және коммуналды –энергетикалық желілерін жөндеу және қалпына келтіру;

  • жарылыс қаупі бар заттарды тауып залалсыздандыру және жою;

  • зақымдалған қорғану мекендерін жөндеу және қалпына келтіру;

Апаттық құтқару және басқа да кезек күттірмейтін жұмыстарды жүргізу шарттары және көлемі көбінесе масштабына тәуелді болады. Төтенше жағдай салдарын жою жұмыстарының көлеміне байланысты әртүрлі күштер мен құралдар апаттық құтқару және басқа да кезек күттірмейтін жұмыстарды тоқтамай үздіксіз жүретіндей болып қамтамасыз етілуі тиіс. Жұмыстың үзілісіздігі тәжірбиені уақытында жетілдіруге уақытында алмастыруға, оларды материалдық заттармен толық қамтамасыз ету, тез жөндеу және бұзылған техниканың сапқа қайта қосылуына байланысты. Төтенше жағдай комиссия жоспарында апаттық құтқару және басқа да кезек күттірмейтін жұмыстарды жүргізу кезінде төтенше жағдай салдарын жоюға арналған күштер мен құралдардың бөлімшелерін құру қарастырылады. Жұмыстың үздіксіз жүруі үшін күштер бөлімшесі қалыптасқан алғашқы эшелоннан, екінші эшелоннан және резервтен тұрады. Алғашқы эшелон – алғашқы апаттық құтқару жұмыстары, әсіресе жұмысын тоқтатпаған нысандарда апаттық құтқару жұмыстарын жүргізуге арналған күштер мен құралдар жиынтығы. Екінші эшелон – апаттық құтқару жұмыстарын кеңейтуге, жетілдіруге, сондай – ақ бірінші эшелонды алмастыруға арналған. Резерв- күтпеген мәселелерді шешуге, әдістерді жетілдіруге, бірінші және екінші эшелон бөліктерін алмастыруға арналған. Эшелондардың және ауысымдардың құрамы зақымдану ошағындағы нақты жағдайдан, күштер мен құралдардың болуынан анықталады. Топтар зақымдану ошағына бөгетсіз жету үшін ТЖ АҚ комиссиясы шешімі бойынша қозғалысты қамтамасыз ететін отрядтар құрылады. Қозғалысты қамтамасыз ететін отрядтар құрамына қызметтері күшейтілген топтар кіреді. Қозғалысты қамтамасыз ететін отрядтар жолдардың көпірдің қираған жерлерін қалпына келтіреді., қажеттілік жағдайында айналып өтулерді, жолдарды залалсыздандыруды жүргізеді. Апаттық құтқару және басқа да кезек күттірмейтін жұмыстарды жүргізу табысты жүргізіледі, егер: барлау үзілісіз жүргізілсе және уақытында ұйымдастырылса; міндеттерді орындау үшін зақымдану ошағына кіруді тездетсе; жеке құрылымның рухани – психологиялық дайындығы жоғары деңгейде болса.

Барлау ТЖ салдарын жою, құтқарушылардың, зардап шегушілердің халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жұмыстарын жүргізудегі басты саты болып табылады. Төтенше жағдай түрін, көлемін, сипатын және т.б жақтарын анықтау Азаматтық қорғаныстың, төтенше жағдайдың ұйымдарының барлау құрылымдарының негізгі міндеттері. Бұл жұмысты Азаматтық қорғаныстың, төтенше жағдайдың штабтары, әскери бөлімдері, арнайы барлау органдары ұйымдастырып жүргізеді.

Барлау жұмысы зақымданған аудандарды, қарсы жақтың қай жерде, қандай қару қолданғанын радиация деңгейін, улы заттың түрін, қирау мөлшерін, өрттің алып жатқан көлемін, адамдардың, жан-жануарлардың, өсімдіктердің немен, қаншалықты дәрежеде зақымданғанын анықтайды. Барлау нәтижесіндегі мәліметтер Азаматтық қорғаныс немесе Төтенше жағдай ұйымдарының штабтары жұмысын ұйымдастыруға қажет. Штаб осы мағлұматтарды пайдалана отырып, халықты қорғау үшін қандай шаралар алу керек екенін, құтқару және кезек күттірмейтін қалпына келтіру жұмыстарын ұйымдастырып жүргізеді.

Құтқарушылар құтқару және кезек күттірмейтін жұмыстар жүргізуге қатысатыны анықталған соң оларды жұмыс орнына жеткізу қарастырылады. бұл кезде мыныларды есте ұстаған жөн:



  • отрядтың жұмыс орнының қашықтығы;

  • төтенше жағдай сипаты;

  • құтқарушылардың және қажетті техника мөлшері;

  • көлік құралдарының болуы.

Құтқарушылар және жүктерді жеткізудің негізгі құралдары – автокөліктер, поездар, ұшақтар және су кемелері. Құтқарушылардың осы көліктермен қозғалуы адамдар және тасымалдау ереже, нұсқаулармен сәйкес жүргізіледі.

Өзін өзі тексеру сұрақтары

  1. Апаттық-құтқару жұмыстарына күшпен жабдықтарды пайдалану реті

  2. Құтқару жұмыстарын жүргізу үшін күштер мен жабдықты жұмылдыру

  3. Оның кезегі, кезеңдері, пайдалану реті. Қауіпсіздік шаралары

12 Тәжірбиелік сабақ. Қ.Р.-«Апаттық құтқару қызметі және құтқарушылардың статусы» заңы. № 16 бабы


Жоспар:Авариялық-құтқару қызметi мен құрамаларының төтенше жағдайларды жоюға қатысуы.

Қ.Р.-«Апаттық құтқару қызметі және құтқарушылардың статусы» заңын оқып меңгеру


16-бап. Авариялық-құтқару қызметi мен құрамаларын төтенше жағдайларды жоюға тарту

1. Авариялық-құтқару қызметi мен құрамаларын төтенше жағдайларды жоюға тарту:

аталған авариялық-құтқару қызметi мен құрамалары қызмет көрсететiн объектiлер мен аумақтарда төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жоспарларына сәйкес;

басқа объектiлер мен аумақтарда төтенше жағдайларды жою кезіндегі өзара iс-қимыл жоспарларына сәйкес;

төтенше жағдайлардың пайда болуы мен өрiстеуi кезіндегі iс-қимылдардың белгiленген тәртібімен;

аумағында төтенше жағдайлар қалыптасқан немесе өкiлеттiгiне аталған төтенше жағдайларды жою жатқызылған уәкілетті органның  , ұйымдардың сұрау салуы негiзiнде, төтенше жағдайларды жою басшыларының сұрау салуы негiзiнде не аталған органдардың және төтенше жағдайларды жою басшыларымен келісім бойынша - аталған авариялық-құтқару қызметi мен құрамаларының қызметiне басшылықты жүзеге асыратын не соған Қазақстан Республикасының заңдарымен белгiленген өкiлеттiгi бар орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың, ұйымдардың лауазымды адамдарының шешiмi бойынша жүзеге асырылады.

Суда құтқару қызметтерін төтенше жағдайларды жоюға тартуды төтенше жағдайларды жою басшысы жүзеге асырады.

2. Кәсiби авариялық-құтқару қызметi мен құрамаларын соған уәкiлеттi лауазымды адамдардың шешiмi бойынша төтенше жағдайларды жоюға тарту объектiлер мен аумақтардың төтенше жағдайлардан қорғалуының Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлеген деңгейiн қамтамасыз ететiн шаралардың мiндеттi түрде қолданылуымен қатар жүргiзiлуге тиiс.

3. Авариялық-құтқару қызметi мен құрамаларының жеке құрамын, көлiк және техникалық құралдарын олардың төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі негiзгi мiндеттерiмен байланысы жоқ жұмыстарды орындау үшiн тартуға болмайды.

Өзін өзі тексеру сұрақтары


  1. Қ.Р.-«Апаттық құтқару қызметі және құтқарушылардың статусы» заңы. № 16 бабында көрсетілген негізгі ұғымдар

13 Тәжірбиелік сабақ. Құтқару жұмыстарын жүргізу үшін күштер мен жабдықты жұмылдыру. Оның кезегі, кезеңдері, пайдалану реті.
Жоспар: Өртке қарсы шараларды дайындау, өртті барлаудың мақсаты мен міндеті. Барлау бөлімшелерінің құрамы, олардың техникалық жабдықталуы. өрттің болу мүмкіндігі мен таралуын бағалау. Зақымданғандарды іздестіру және көмек көрсету. Зақым ошағында химиялық барлауды ұйымдастыру және атқару. Химиялық барлаудың мақсаты, міндеттері. Бақылау, барлау аспаптары. Барлау күштері мен жабдықтары. Радиоактивтік зақым аймағында дозиметрлік бақылау және радиациялық барлау жүргізуді ұйымдастыру және жұмыстарды атқару. Радиациялық барлаудың мақсаты, міндеті. Барлау күштері мен жабдықтары. Барлауды ұйымдастыру және жүргізу реті. Барлау әдістері мен жұмыс түрлері. Дозиметрлік бақылауды ұйымдастыру. Қауіпсіздік шаралары.
Өрт – бұл адамдардың, хайуанаттардың қаза болуына және материалдық құндылықтардың жойылуына алып келетін, бақылаусыз жану процессі.

Өрттің шығуына отты бейғам пайдалану, өрт қауіпсіздігі ережесін бұзу себеп болып табылады. Бүкіл аумақты қамтитын зілзала ретіндегі өрттің негізгі түрлері табиғаттағы өрт – ормандағы және даладағы өрт болып табылады. Өртті жайылтпаудың негізгі әдістері: Ормандағы және даладағы өртпен күресті жеке авиабазасы, өртхимия станциясы, бақылау-күзет нүктесі бар Мемлекеттік қызмет жүргізеді. Өрттің түрі мен орнына қарамастан оны сөндіру 2 кезеңнен тұрады: өртті тоқтату (және тоқтату әдістері көптеген факторларға байланысты: өрт түрі, ошақ көлемі, метерологиялық жайылтпау) - өрттің таралуын шектеу жөніндегі іс-әрекет және өрт ошағын тікелей жою.

Өртті жайылтпайтын жағдай, жердің сипаты, өрт сөндіру күшімен құралдарының деңгейі. Өрт ошағын жайылтпау үшін өрт сөндіретін заттар қолданылуы, кедергілердің жасалуы, газ алмасуы өзгерілуі мүмкін. Даладағы жойқын өртті ені 20 м дейінгі кедергі қондырғысымен бөгейді. Үлкен өртті сөндірудің басты әдістері: жалынның жолына кедергі қою немесе ор қазу( техникамен немесе жарылыспен) алдыңғы жағын өртеу, сумен немесе химиялық затпен сөндіру ( ұшақпен) және басқалар. Ормандағы төменде болған өртті топырақпен көмеді, оттың шоғын бұтамен өрт ошағына қарай сыпырады, маңайын күйдіреді

Өрт кезіндегі зардап шеккендерді іздеу және көшіру. Өрт адамдарға психологиялық тұрғыдан үлкен әсер етеді. Тіпті кіші-гірім өрттің өзінде адамдардың үрейленуі айтарлықтай құрбандықтарға алып келеді. Өзін - өзі ұстап үйренген адам қиын сәтте өз өмірін құтқарып қана қоймай басқа адамдарды, материалдық құндылықтарды да құтқара алады. Егер сіз орман өртін сөндіру жөніндегі топқа кірсеңіз панахана орны мен оған апаратын жолдарды жақсы білуіңіз керек. Қорғайтын киім пайдалануға тиіс, әр топта елді мекенді жақсы білетін жол серік болуға тиіс. Егер түтіндеу аймағындағы көру шегі 10 метрден аспаса, оған кіруге болмайды. Өрт қаулаған ғимаратта өзіңіздің және басқа адамдарды құтқару кезінде ауаның жоғарғы температурасы, түтінденуі, жанатын әртүрлі өнімдердің қауіпті концентрациясының болуы, құрылыс құрылғыларының ықтимал құлауы өте қауіпті болғандықтан жылдам қозғалуы қажет. Жанған ғимарат арқылы басқа ылғал мата жауып, түтінен жорғалай немесе тізерлей қозғалу керек.

Өртті барлау мақсаты мен міндеті. Төтенше жағдай аумағындағы өрт жағдайын нақтылау үшін және анықтау үшін жүргізіледі. Өрт ауданы және көлемі анықталған соң құтқару жұмыстары жүргізілетін жерге жетуді қамтамасыз ететін өртті сөндіру жолдары қарастырылады. Жанып жатқан ғимараттар мен нысандардан адамдарды құтқаруды өртке қарсы құрылымдар, құтқару құрылымдарымен және т.б. құрылымдармен бірігіп атқарады. Жұмыстарын аяқтағаннан кейін өртке қарсы құрылымдар зақымдалу ошағынан шығарылады. Құтқару құрылымдары механикамен, санитарлық бөлімшелермен жабдықталады. Олар зақымдалған адамдарды ізейді, үйінділерден шығарады, қорғаныс мекендерін аршып, зақымдалған және қираған ғимараттардан адамдарды құтқарып, оларға алғашқы медициналық көмек көрсетіп, көлікке тиеп емдеу мекемесіне жеткізеді.

Құтқару жұмыстарын жүргізуге бөгет жасайтын құлағалы тұрған ғимараттарды бекітеді немесе құлатады. Зардап шегушілерді үйінділер астынан шығарғанда үйіндіні қолмен тазалайды, ал үйінді астында қалған адамдарды қосыша жарақат алмауы үшін алдымен басы мен денесін босатады. Алып шыққан соң алғашқы медициналық көмек көрсетеді. Кіретін есіктерді, саты баспалдақтары қирап бүлінген ғимараттардан адамдарды құтқару арнайы жасалған жолдар арқылы немесе терезе, балкон, автокөтергіш және құтқару арқандары арқылы жүзеге асырылады. Үйінді астында қалған ғимараттан адамды құтқарғанда ең алдымен ол адамдармен байланыс құрылады, жай – күйін анықтайды.



Технологиялық газдар жанғанда жанғыш газ жанып біткенше жануды тоқтатуға болмайды, себебі олардан бөлінетін газ ауамен араласып жарылғыш зат түзуі мүмкін. Жанғыш газдардың газдармен араласуының алдын көмірқышқылынан, көбіктен, будан, судан, азоттан инертті бөгет жасау арқылы алуға болады.

Өрттен қорғау шаралары. Бұл халық пен шаруашылық объектілерін өрттен қорғау мақсатында жүргізілетін техникалық және ұжымдық шаралардың кешені. Өрттен қорғау шаралары мыналар:

  • ықтимал өрт сипатын, оның зардабын болжап, анықтау;

  • қалалардың, басқа елді мекендер мен шаруашылық объектілерінің өртке қарсы беріктігін көтеру жөнінде инженерлік – техникалық және өрттен сақтандыру шараларын жүргізу;

  • өрттен қорғау қызметі мен мөлшерін бағалаумен бақылауға алу;

  • өрт ошақтарын және адамдарды орналастыратын жерлерді бағалау;

  • өрттің алдын-алу және оның өршуіне жол бермеу мен сөндіру.

Зақым ошағында химиялық барлауды ұйымдастыру және атқару. Химиялық барлаудың мақсаты, міндеттері. Бақылау, барлау аспаптары. Барлау күштері мен жабдықтары. Химиялық қауіпті нысандарда ірі апаттар болған жағдайда АҚ мобильді күштерін, әскери және инженерлік әскерлер бөлімін жұмысқа тарту қажеттілігі туындауы мүмкін. Осы апаттың салдарын жою үшін келесі шаралар ұйымдастырылады:

  • зақымдау ошағын ажырату, кешенді барлау жүргізу;

  • халыққа қорғаныс құралдарын жедел жеткізу, малдарды айдауға, халықты эвакуациялауға көмек көрсету, апат аймағында коменданттық қызмет жасау;

  • жергілікті жерді, жабдықты, техниканы, өндіріс орындарын дегазациялау; ластанған топырақты, қарды жинау, шығару және оларды залалсыздандыру;

  • дегазациялайтын ерітінді, ҚХЗ бейтараптандыру үшін су жеткізу.

Химиялық барлау ауаның, су көздерінің, халық шаруашылығы нысандарының химиялық ластану деңгейін анықтайды. Ол химиялық барлаудың әскери құралдарын және халық шаруашылығы нысандарында индикациялау үшін қолданылатын құралдарды пайдалану арқылы жүзеге асады. Зақымдану ошағында химиялық бақылау жүргізгенде ӘКУЗ мөлшері әрбір 20-30 м сайын анықталады. Ауа үлгілері ӘКУЗ табылған жерлерден алынады. Химиялық барлау жүргізгенде ӘКУЗ көп жиналуы мүмкін жерлерге ( құдықтар, шахталар, қазандықтар ) аса назар аударылады. Барлау нәтижелеріне байланысты әрбір ғимарат, құрылыс, тұрғын үй үшін ластану картограммасы құрылады. Егер радиация деңгейі жоғары болса, мекен ластанған деп есептеледі. Улағыш заттардың әсеріне ұшыраған аумақ химиялық зақымдау аймағы болып табылады. ӘКУЗ шығаратын, сақтайтын, немесе пайдаланатын шаруашылық объектілері химиялық қауіпті объектілер деп аталады. Химиялық қауіпті объектілердегі апаттар мынадан болуы мүмкін: қондырғының жұмыс істемеуінен, қызметшілер қатесінен, пайдалану тәртібінің бұзылуынан. Химиялық зақымдану аймағына улы заттар төгілген орынмен улаушы концентрациядағы улы заттары бар бұлт тараған аумақ кіреді. Химиялық зақымдау аймағы зақымдалған бұлттың таралуының тереңдігі менжәне енімен сипатталады.

Химиктер – барлаушылар химиялық ластану ошағының қандай ҚХЗ мен уланғанын, ғимараттың, нысанның зақымдалу деңгейін анықтайды және ошақ шекарасын, оны айналып өту жолдарын белгілейді.

Залалсыздандыру топтары ең алдымен химиялық ластану ошағын оқшаулайды, нысандарға жету жолдарын дегазациялайды, зақымдалған орындардан адамдарды құтқару жұмыстарын жүргізед. ҚХЗ залалсыздандырылған кезде олардың кейбірінің дегазациялау заттарымен реакцияға түсіп, үлкен жылу мөлшерін бөлетіндігін есте ұстау керек, бұл өрттерге немесе жарылысқа әкелуі мүмкін.

Мұндай жағдайда залалсыздандыруды дегазациялайтын затқа құм немесе топырақ қосу арқылы жүргізеді. Өрт сөндіру топтары АҚ құрамаларымен бірге салынған жолдарды пайдаланып және бөгеттерді айнала жүріп өрт орындарына жетеді. Ең алдымен апаттық құтқару және басқада қалпына келтіру жүргізуге бөгет жасайтын бөліктердегі өрттерді сөндіреді. Одан ары қарай аппаратура орналасқан жоғары қысымды нысандардағы өрттерді сөндіреді. Химиялық өндіріс нысандарындағы технологиялық жабдық апаттары жанғыш сұйықтықтың ағуымен бірге жүреді. Бұның нәтижесінде өртке үлкен аудан ұшырауы мүмкін. Мұндай өрттерді сөндіргенде ең алдымен сұйықтықтың ары қарай төгілуінің алдын алу шаралары қолданылады. Апат кезінде ХҚО байланыс пен хабарлау құралы жұмысшыларды, қызметшілерді және төңіректегі халықты зақымдау қаупі туралы дер кезінде құлақтандыруға мүмкіндік беруге тиіс. Хабарлау үшін электр дабылдары, радиохабары мен теледидар желісі, ішкі телефон байланысы мен жылжымалы қатты сөйлейтін қондырғылар пайдаланады. Өз уақытында хабарлау мен ұйымдастыру жауапкершілігі АҚ және ХҚО ТЖ штабтарына, ТЖ жөніндегі басқару оргагдары мен олардың қызметтегі бастықтарына жүктеледі. Хабарлау үшін шешім қабылдау құқығы ХҚО ның кезекші диспетчеріне беріледі. Апатты тоқтату, адамдарды құтқару жөніндегі жұмысты тікелей басқарушы келгенге дейін объектіде кезекші диспетчер мен апаттық қызметінің кезекші ауысымының бастығы немесе жұмысты басқару үшін тағайындалған басқа адам басшылық етеді. Қала халқы, елді мекенді



Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Мамандығына арналған Сұлтанмахмұттану ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Студенттерге арналған оқу әдістемелік кешені
umkd -> ПӘннің ОҚУ Әдістемелік кешені 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған «Ұлы отан соғысы және соғыстан кейінгі жылдардағы қазақ әдебиетінің тарихы (1941-1960)» пәнінен ОҚытушыға арналған пән бағдарламасы
umkd -> «Балалар әдебиеті» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 2013 жылғы №3 басылым 5 в 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті»
umkd -> ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешенінің
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет