ПОӘК. 042-14-2-06. 01. 20. 68/02-2011 №2 баспа 09. 2011



бет32/48
Дата27.08.2017
өлшемі4,68 Mb.
#29919
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   48

Информатикаинформация қасиеттерін, оның көрсетілуі мен автоматы түрде өңдеу әдістерін зерттейтін және Интернет жүйесін пайдаланатын комплексті ғылым. ЭЕМ –нің техникалық мүмкіндіктерін пайдаланып информацияны жинақтау, өңдеу және пайдаланушыларға жеткізіп беру тәсілдерін информациялық не компьютерлік технология деп атайды (texne (техно) – шеберлік, loqos (логия) -ілім). Информацияны ЭЕМ-де өңдеп, нәтижесін талдауды ұйымдастыру үшін орындалатын әрекеттер:

-информацияны алып, өңдеуге мүмкіндік туғызатын үлгісін дайындау;

-оны өңдеу үшін жинақты түрде нұсқаулар тізбегін (алгоритмін) құру;

-машина түсіне алатын командаларды (командалар жүйесін) пайдаланатын бір программалау тілінде алгоритмді программаға айналдыру;

-программаны ЭЕМ-де орындап, нәтиже алу;

нәтижені зерттеу. Егер құрылған үлгіде, алгоритмде не программада қате кеткен болса, оны дұрыстау;

-керек кезінде пайдалану үшін берілгендер мен дұрысталған программаны тасымалдаушыларға тиеп, сақтау.



3. ЛАБОРАТОРИЯЛЫҚ САБАҚТАРДЫ ӨТКІЗУГЕ АРНАЛҒАН ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР.

«Электротехника, электроника және автоматика негіздері» пәні бойынша 15 сағат лабораториялық сабақтар жоспарланған.

Лабораториялық сабақтар тізімі:


  1. Айнымалы ток тізбегіндегі актив және сиымдылық кедергілер

  2. R және L тізбектей жалғанғандағы айнымалы ток тізбегін зерттеу

  3. Айнымалы ток тізбегіндегі қуат және ток күші мен кернеудің арасындағы фазалар ығысуы

  4. Трансформаторды оқып білу

  5. Индукциялық счетчиктің жұмысын тексеру

  6. Электрэнергиясы қабылдағыштарын жұлдызшамен қосу

  7. Жартылай өткізгішті диод стабилитронын зерттеу

  8. Катушканың өздік индукция коэффицентін анықтау

  9. Амплитудалық- модуляцияланған сигналды детектирлеу

  10. Үш фазалы токтың электрэнергиясы қабылдағыштарын үшбұрышпен қосу

1 лабораториялық жұмыс.



Айнымалы ток тізбегіндегі актив және сиымдылық кедергілер

Жұмыс мақсаты:

Актив және сиымдылық кедергіден тұратын тізбектің параметрлерін анықтай алуға, векторлық диаграммасын құрастыра алуға үйрену.


Жұмыстың орындалуы:

  1. R реостаттың көмегімен ток күшін 0,4-0,5 А келтіріп, вольтметрдің көмегімен толық, актив және конденсатордағы кернеуді өлшеу.

  2. Векторлық диаграмманың екі группасын құру:

а) C= const болғанда R өзгерісінің;

б) R= const болғанда C өзгерісінің;

3. Алынған нәтижелер бойынша қорытынды жасау және оны дәптерге жазу

Бақылау сұрақтары:


  1. Айнымалы ток дегеніміз не?

  2. Айнымалы токтың амплитудалық және әсерлік мәндері неге тең?

  3. Айнымалы ток тізбегіндегі актив кедергідегі кернеумен ток күшінің шамасы қандай?

  4. Айнымалы ток тізбегіндегі сиымдылық кедергідегі кернеу неге тең?

2 лабораториялық жұмыс.



R және L тізбектей жалғанғандағы айнымалы ток тізбегін зерттеу

Жұмыс мақсаты:

  1. Прибормен және оның техникалық мінездемесімен танысу

  2. Берілген схеманы құрастыру

  3. Ток күшінің әртүрлі мәндерінде P, U, I, U, U- ді анықтау

  4. Алынған нәтижелерді кестеге толтыру


Жұмыстың орындалуы:

Схема бойынша электр тізбегін құрастырып, мұғалімге көрсету

Алынған мәліметтер бойынша бүкіл тізбек үшін және тізбектің әрбір бөлігі үшін, келесі шамаларды есептеу:

а) Реостатты схемаға қосу және жоғарыда көрсетілген шамаларды R- дің екі мәні үшін есепте кестеге енгізуү

Әрбір тәжірибе үшін кедергі мен қуат үшбұрышының векторлық диаграммасын масштаб бойынша сызу.

Бақылау сұрақтары:


    1. Индуктивтілік кедергі дегеніміз не?

2. Айнымалы токтың амплитудалық және әсерлік мәндері неге тең?

  1. Айнымалы ток тізбегіндегі индуктивтілік кедергідегі кернеумен ток күшінің шамасы қандай?

4.Айнымалы ток тізбегіндегі индуктивтілік кедергідегі векторлық

диаграммалрды сыз.


3 лабораториялық жұмыс.
Айнымалы ток тізбегіндегі қуат және ток күші

мен кернеудің арасындағы фазалар ығысуы

Жұмыс мақсаты:

Айнымалы токтың әр түрлі тізбегіндегі актив қуатты және ток күші мен кернеудің арасындағы фазалар ығысуын өлшеу әдістерімен таныстыру


Жұмыстың орындалуы:

  1. Айнымалы ток тізбегіндегі әр түрлі жүктемелердегі актив қуатты өлшеңіздер. 1- сурет. Миллиамперметрдің шкала көрсеткішін 200 м А-ге әкеліп, шкала бөліктерінің құнын анықтаңыздар. Ваттметрдің шкла көрсеткішін 20- 40 ВТ- қа қойып, ваттметрдің шкаласының құнын анықтаңыздар.

  2. Приборларды 2- суретте кескінделген схемадағыдай жалғаңыздар, мұндағы Z 2- суретте кескінделген жүктемелердің бірі.Бірінші өлшеу кезінде кедергі ретінде реостат қолданылады.

Бақылау сұрақтары:

    1. Электродинамиканың ваттметрдің жұмыс істеу принципі?

    2. Реактивтілік кедергісі ғана бар айнымалы ток тізбегіндегі энергия шығыны болады ма?

    3. Индуктивтілік катушканың темір өзекшелері неліктен қызады? Темір өзекшелердің қайсысы қаттырақ қызады: тұтасы ма, әлде плсатиналардан құралғаны ма? Неліктен?

4 лабораториялық жұмыс.



Трансформаторды оқып білу

Жұмыс мақсаты:

Бірфазалық трансформатордың құрылысы және жұмысымен танысу, трансформатордың сипаттамасын жасау.

Трансформатор деп айнымалы жоғары (төмен) кернеуді төмен (жоғары) кернеуге түрлендіруші құралды айтады.


  1. тапсырма. Трансформатордың құрылысы және құжаттарымен танысу.

  2. Тапсырма. Бос жүріс тәжірибесі

  3. Тапсырма. Жүктемелі сипаттамалардың алынуы

  4. Тапсырма. Трансформатордың қысқа тұйықталуын және п.ә.к. есептеу


Бақылау сұрақтары:

  1. Жұмыс режиміндегі актив жүктеме кезіндегі трансформатордың векторлық диаграммасын сыз.

  2. Егер өзекшеде ауалы саңылау қалдырса, трансформатордың жұмыс істеу режимінде қандай өзгерістер болатынын түсіндіріңдер.

  3. Неге бос жүріс тәжірибесіндегі P қуат темірге кететін шығын қуатын анықтайды?

  4. Бір фазалы трансформатор U =380 В кернеумен желіге қосылған және U =380 В U =120 В кернеумен шамдарды қыздырады.

5 лабораториялық жұмыс.

Индукциялық счетчиктің жұмысын тексеру
Жұмыс мақсаты:

Айнымалы ток тізбегінде қолданылатын электр энергиясының өлшейтін индукцилық счетчиктің құрылысы және жұмысымен танысу



    1. тапсырма. Счетчиктің негізгі құрылысы және құжаттарымен танысу.

    2. Тапсырма. Бос жүріс тәжірибесі

    3. Тапсырма. Счетчиктің стандартқа сәйкестігін тексеру

    4. Тапсырма. Актив кедергіні индуктивтілік кедергімен алмасытырып, көрсетілген катушкадағы ток пен кернеу арасындағы ығысу бұрышын өлшеу


Бақылау сұрақтары:

  1. Индукциялық токтың жұмыс принципі қандай ?

  2. Егер мыс дискіні алюминиймен ауыстырсақ, индукциялық счетчик тұрақтысы қалай өзгереді?

  3. Қандай счетчик электродинамикалық деп аталады?

6 лабораториялық жұмыс.



Электрэнергиясы қабылдағыштарын жұлдызшамен қосу
Жұмыс мақсаты:

Электрэнергиясы қабылдағыштарын жұлдызшамен қосу схемаларымен танысу.



  1. Тапсырма. Жұмыс істеуге қажетті құралдармен танысу

  2. Тапсырма. 1- суреттегі схеманы жинау

  3. Тапсырма. Барлық бір қалыпты және бірқалыпсық жүктемелер үшін векторлық диаграммалар тұрғызу

Бақылау сұрақтары:

  1. Электрэнергиясы қабылдағыштарын жұлдызшамен қосу схемаларын келтір

  2. Бос жүріс кезіндегі жүктеме неге тең?

  3. 0- ші сымды қосқан кездегі әртүрлі кедергілердегі кернеу ток күші мәндерін анықта?

7 лабораториялық жұмыс.



Жартылай өткізгішті диод стабилитронын зерттеу
Жұмыс мақсаты:

Жартылай өткізгішті диод пен стабилитрондағы физикалық құбылыстарды зерттеу, вольт амперлік сипаттамалрын тұрғызу.



  1. Тапсырма. Жұмыс істеуге қажетті құралдармен танысу

  2. Тапсырма. 1- суреттегі схеманы жинау

  3. Тапсырма. Стабилитронның полярлығын өлшеу

  4. Тапсырма. Алынған мәліметтер бойынша стабилитронның вольт амперлік сипаттамаларын тұрғызу

Бақылау сұрақтары:

  1. Жартылайөткізгіштердің өткізгіштігі дегеніміз не?

  2. P-n ауысу механизмі қандай?

  3. Стабилитронның көмегімен аз кернеулердегі стабилизация механизмін түсіндір.

  4. Диодтың көмегімен кернеулердің стабилизатция механизмін түсіндір

8 лабораториялық жұмыс.



Катушканың өздік индукция коэффицентін анықтау
Жұмыс мақсаты:

Катушканың өздік индукция коэффицентін анықтау мен танысу.



  1. Тапсырма.Өзекшесіз катушканың өздік индукция коэффицентін анықтау

  2. Тапсырма. Темір өзекшесі бар катушканың өздік индукция коэффицентін анықтау

  3. Тапсырма. 1- суреттегі схеманы жинау

  4. Тапсырма. Катушканың Омметр арқылы кедергісін өлшеу.


Бақылау сұрақтары:

    1. Өздік индукция дегеніміз қандай құбылыс?

    2. Генри неге тең?

    3. Ток пен кернеу арасындағы фазалар айырмасы неге тең?

    4. Индуктивтік кедергі айнымалы ток жиілігіне қалай тәуелді?

9 лабораториялық жұмыс.



Амплитудалық- модуляцияланған сигналды детектирлеу
Жұмыс мақсаты:

Амплитудалық- модуляцияланған сигналды детектирлеу процесстерін зертеу, детекторлық сипаттамалармен танысу, детектродың кіріс кедергісін өлшеу.





  1. Тапсырма. Құралдарды іске қосу

  2. Тапсырма. Детектор шығысндағы кернеуді өлшеу

  3. Тапсырма. Детектор кірісіндегі сигналдың модуляция коэффицентіне тәуелділігін зерттеу

Бақылау сұрақтары:

  1. Детектирлеу процесін қалай түсінесіз?

  2. Ампилитудалық модулацияланған тербелісті детектирлеудің схемасын келтіріңіз.

  3. Сызықтық және квадраттық детектирлеу процесі дегеніміз не?

  4. R және C шамалары детектирдың кіріс кедергісіне қалай әсер етеді?

10 лабораториялық жұмыс.



Үш фазалы токтың электрэнергиясы қабылдағыштарын үшбұрышпен қосу
Жұмыс мақсаты:

Бірқалыпты және бірқалыпсыз жүктемелі үш фазалы токтың электрэнергиясы қабылдағыштарын үшбұрышпен қосумен танысу.



  1. Тапсырма. Құралдарды іске қосу және олардың сипаттамаларымен танысу

  2. Тапсырма. Берілген схема бойынша тізбек құрастыру

  3. Тапсырма. Бірқалыпты жүктемедегі кернеумен токтарды өлшеу

  4. Тапсырма. Бірқалыпсыз жүктемедегі кернеумен токтарды өлшеу және олардың векторлық диаграммаларын тұрғызу


Бақылау сұрақтары:

        1. Қай схемамен жүктемелерді қосқан тиімдірек?

        2. Қай қосу кезінде үлкен қуат бөлініп шығады?


4 СОӨЖ БОЙЫНША ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР
Студенттерге физикадан берілетін жеке үй тапсырмасы олардың осы пән бойынша орындайтын өзіндік жұмысының бір түрі болып табылады. Студентердің өзіндік жұмысы деп, олардың оқытушының тапсырмасымен және бақылауымен, бірақ оның қатысуынсыз, ол үшін арнайы бөлінген уақыт ішінде орындайтын жұмысын түсінеді. Мұнда студенттер ақыл-ой жігерін қолдана және ой мен қимыл әрекеттерін қандай да бір формада (мысалы, есеп шығарғанда оның мазмұнын талдау, мазмұнды қысқа ұтымды тәсілмен жазу, шешудің оңтайлы әдісін таңдап алу және т.б.)білдіре отырып қойылған мақсатқа саналы жетуге ұмтылады.

Біз студенттерге физика пәні бойынша жеке үй тапсырмасы ретінде физикалық есептер ұсынамыз. Мұнда студенттердің тапсырманы өз бетімен орындау дәрежесін арттыру мақсатында олардың әрқайсысына мүмкіндігінше әр түрлі есептерді жеке варианттар бойынша береміз.

Студенттерге есептер шығартудағы мақсаттар мыналар: жаңа білімдер алдырту, білімді өз бетімен игеру іскерлігін қалыптастыру, білімді пысықтау және анықтау, білімді практикада қолдану іскерлігін қалыптастыру, практикалық сипатты іскерліктері мен дағдыларын қалыптастыру, шығармашылық сипатты іскерліктер мен дағдыларды қалыптастыру.

Студент шығарған есепті бағалау өлшемін (критериін) анықтау үшін физика есептерін жіктеу(классификациялау) керек.

Физика есептері мына белгілер бойынша жіктеледі: мазмұн, мақсат, мәселені зерттеу тереңдігі, шешу тәсілдері , шарттың берілу тәсілдері, күрделілік дәрежелері және т.б.

Студенттер шығарған жеке үй тапсырмасын бағалау өлшемінің негізіне осы белгілердің бәрін алуға болады: физикалық құбылыстың негізгі мәселесінің мазмұнын құрайтын физикалық шамалардың, заңдардың молырақ қамтылуы; есептердің проблемалық (шығармашылық)деңгейі; мәселенің тереңірек талданып зерттелуі; шешу тәсілдерінің ең оңтайлысын таңдап алуы және т.б.

Әр студент орындайтын жеке үй тапсырмасына (бір жеке үй тапсырмасында физиканың бір бөлімі бойынша берілген 3-5 есеп болуы мүмкін) қойылатын максимал және миниамал баллдар силлабуста көрсетіледі. Әрбір жеке есептің шығарылуы бір есепке қатысты осы баллдар аралығында және айтылған өлшемдер (критерилер) бойынша бағаланады, сосын бүкіл тапсырмаға максимал және минимал баллдардың аралығында тиісті балл беріледі.

Максимал балл мысалы, «5» балл қатесіз және кемшіліксіз немесе бір ғана болымсыз кемшілікпен шығарылған есепке қойылады. Одан төменгі балл, мысалы «4» балл толық шығарылған, бірақ бірден аспайтын дөрекі емес және бір болымсыз қатемен немесе болымсыз қателер екіден аспаған жағдайда қойылады.

Одан төменгі балл мысалы «3» балл студент есептің тең жартысынан астамын дұрыс шығарғанда немесе дөрекі қатесі екіден (немесе дөрекі қатесі бірден және дөрекі емес қатесі бірден, сондай-ақ болымсыз қатесі бірден) аспаған жағдайда қойылады.

Тапсырма минимал баллдан төмен балмен бағаланған жағдайда ол студентке қайта шығару мақсатында қайтарылып беріледі.

Егер кейбір есептерді студенттің өз бетімен шығарғандығы күдік туғызса, онда одан оқытушы есепті қалай шығарғандығын түсіндіріп беруін талап ете алады. Бағаға көңілі толмаған студент оған қатысты оқытушыға тілегін білдіруіне болады.

«Электротехника, электроника және автоматика негіздері» пәні бойынша 30 сағат СОӨЖ сабақтар жоспарланған.

СОӨЖ тапсырмаларының тақырыптары мынандай:

№ 1 Электр және магнетизм. Электродинамика.

№ 2 Тұрақты ток тізбектері

№ 3 Бір фазалы ток

№ 4 Үш фазалы ток

№ 5 Электр машиналар

№ 6 Электр өлшеуіш приборлар

№ 7 Синхронды машиналар

№ 8 Көпканалды радиобайланыс

№ 9 РЭА элементтері

№ 10 Импульстік генератор


  1. СӨЖ БОЙЫНША ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР

Жоғарыда айтылғандай студенттердің өздік жұмыстары жан-жақты және қиын, көп еңбектенуді талап етеді. Ол мыналардан тұрады :

5.1. Лекция сабақтарына дайындалу жэәне әдебиеттерді пайдалана отырып өз лекция конспектілерін құрастыру, оларға лекция материалдры бойынша сұрақтар құрастыру. Силлабусты қара.

5.2. Практикалық сабақтарға дайындалу.СОӨЖ бойынша есптер шығаруға берілетін тапсырмалар жеке варианттар бойынша ұсынылады.

5.3. Лабораториялық сабақтарға дайындалу

5.4. Семинар сабақтарына дайындалу.

5.5. Бақылау жұмыстарына дайындалу.

5.6 Сынақ және эмтиханға дайындық. Жоғарыда аталған дайындықтардың барлығын қамтиды. Практикалқ және лабоарториялық жұмыстарға қатысты бақылау сұрақтары сәйкес әдістемелік нұсқауларда көрсетілген.

«Электротехника, электроника және автоматика негіздері» пәні бойынша 30 сағат СӨЖ сабақтар жоспарланған.

СӨЖ тапсырмаларының тақырыптары мынандай:

№ 1 Электр өлшеуіштер теориясының негіздері

№ 2 Тұрақты токтың коллекторлық қозғалтқышы

№ 3 Жылу энергетикалық комплексі

№ 4 RC- генераторы

№ 5 RL- генераторы
6. БАҚЫЛАУ - ӨЛШЕУ ҚҰРАЛДАРЫ
Студенттердің білімін бақылау төмендегідей түрлерде өткізіледі:

Практикалық сабақтарда сұрақтарға жауап беру ауызша жауап, жазбаша жауап, тест бойынша жауап;



  • лабараториялық жұмыстар бойынша онвң орындалуы, есеп құрастыру және жұмысты қорғау;

  • СОӨЖ бойынша ағымдық бақылау;

  • Қортқы-рейтинг балы 50пайыздан асқан студенттер ауызша немесе тст түріндегі қортынды бақылау (емтихан) кіргізіледі;

  • Емтихан-тест тапсырмалар ;


1

өрнегі нені анықтайды?

А) Электрлік ығысу векторын

В) Электр өрісінің энергиясын

С) Жазық конденсатордың сыйымдылығын

D) Сфералық конденсатордың сыйымдылығын

E) Цилиндрлік конденсатордың сиымдылығын


2

Жазық конденсатор тұрақты тоқ көзіне қосылып, содан соң сұйық диэлектрикке (диэлектрлік өтімділігі e). Конденсатордағы электр өрісі кернеулігінің диэлектрикке батырылғанға дейінгі (Е0) және кейінгі (Е) мәндерін салыстырыңыз.

А) Е0 = Е

В) Е0 = eЕ

С) Е0 = Е/e

D) Е0 = Е/e0e

E) Е0 = e0

3

Ампер заңының математикалық өрнегiн көрсетiңiз.



А) F=qvB sin a

В) F=IBl sin a



С) F=ma

D) F=kx


E)

Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Мамандығына арналған Сұлтанмахмұттану ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Студенттерге арналған оқу әдістемелік кешені
umkd -> ПӘннің ОҚУ Әдістемелік кешені 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған «Ұлы отан соғысы және соғыстан кейінгі жылдардағы қазақ әдебиетінің тарихы (1941-1960)» пәнінен ОҚытушыға арналған пән бағдарламасы
umkd -> «Балалар әдебиеті» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 2013 жылғы №3 басылым 5 в 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті»
umkd -> ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешенінің
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   48




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет