ПОӘК 042-18-10 54/01-2014 11. 09. 2014ж. №2 басылым


– жұмыс. Тұздардың еру жылуын анықтау



бет61/75
Дата26.08.2017
өлшемі7,49 Mb.
#29733
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   75

2.1 жұмыс. Тұздардың еру жылуын анықтау


Жұмыс мақсаты: Тұздардың еру жылуын анытау.

Құралдар және ыдыстар: Калориметр, Бекман термометрі, пробиркалар, көлемі 400 см3 стакан.

Реактивтер: су, сусыз натрий карбонаты, натрий сульфаты.

Тұзды сұйықтықта ерту кезінде екі процесс байқалады: кристалдықтордың бұзылуы–эндотермиялық процесс және иондардың сольватациясы–экзотермиялық процесс. Осы жылулардың қатынасына байланысты (ол еріген заттың және еріткіш табиғатымен анықталады) еру жылуы оң да, (Н0) теріс те (Н0) мәнге ие болуы мүмкін. Еру жылуы интегралды және дифференциалды (парциалды) болып бөлінеді.

Интегралды еру жылуы–1 моль заттың таза еріткіштің біраз мөлшерінде еру жылу эффектісі. Дифференциалды еру жылуы – 1 моль заттың еріткіштің шексіз көп мөлшерінде еру жылу эффектісі. Бұл кезде ертінді концентрациясы шексіз аз мәнге ұмтылғандықтан ескерілмейді.

Калориметрлік тәжірибеде тек интегралды еру жылуын анықтайды. Дифференциалды еру жылуын есептеп табады.



Жұмыс реті.Тәжірибені жүргізу үшін калориметрлік стаканға 10 (сур. 2.1) 400 см3 дистилденген су құяды. Судың дәл мөлшерін (±1 г) стаканның бос және толтырылған масса айырымдары бойынша анықтайды.Пробиркаға4құрғақ, жақсы ұнтақталған тұз салады (± 0,01 г). 400 см3көлемге шамамен 5 - 10 г тұз салмағы сәйкес келеді.

Калориметр тұрақтысын анықтағаннан кейін 10 рет «алдын ала кезең» температурасын өлшейді.Кейін тұзы бар пробирканы4 тез суырып алып, воронка арқылы калориметрге тұзды төгеді. Пробирканы қайтадан калориметрқақпағына 8 орнатады. Тәжірибенің«негізгі кезеңі» тұзды төккеннен кейін 1-3 минуттан соң аяқталады. Кейін 10 рет «қорытынды кезең» температурасын өлшейді. Өлшеу нәтижелерін кестеге енгізеді. Аралыстырғышты тоқтады, пробирканың 4 сыртын сүзгішқағазбен сүртіп, өлшейді. Еріген тұздың дәл мөлшерін (±0,001 г) пробирканың тұзды төкенгенге дейінгі және кейінгі салмағының айырмынан анықтайды. Алынған нәтижелер бойынша график тұрғызып, калориметрлік тәжірибенің температура өзгерісін tк анықтайды. Белгісіз тұздың меншікті интегралды еру жылуынтеңдеу бойынша есептейміз:

мұндағы m–еріген тұз салмағы, г.


Бақылау сұрақтары

  1. Химиялық реакция жылу эффектісі дегеніміз не?

  2. Гесс заңы және оның салдарының анықтамасын айтыңыз .

  3. Стандартты түзілу және жану жылуы дегеніміз не?

  4. Стандартты жағдайда реакция жылу эффектісін түзілу және жану жылулары арқылы қалай есептейміз?

  5. Калориметр қондырғысын сипаттап беріңіз. Оның қандай түрлерін білесіз?

  6. Калориметр тұрақтысын қалай анықтайды?

  7. Тұздардың еру, гидраттану жылуы дегеніміз не?

  8. Бейтараптау жылуын қалай анықтайды?


Зертханалық жұмыс 3

Ертіндідегі гомогенді реакциялардың тепе–теңдігін зерттеу

Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Мамандығына арналған Сұлтанмахмұттану ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Студенттерге арналған оқу әдістемелік кешені
umkd -> ПӘннің ОҚУ Әдістемелік кешені 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған «Ұлы отан соғысы және соғыстан кейінгі жылдардағы қазақ әдебиетінің тарихы (1941-1960)» пәнінен ОҚытушыға арналған пән бағдарламасы
umkd -> «Балалар әдебиеті» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 2013 жылғы №3 басылым 5 в 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті»
umkd -> ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешенінің
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   75




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет