ПОӘК 042-18. 18. 1-56/01-2015 №1 басылым 11. 09. 2015 80 беттің 2 беті


Географияның эллиндік дәуірдегі дамуы



бет5/7
Дата27.02.2020
өлшемі0,67 Mb.
#58733
1   2   3   4   5   6   7

Географияның эллиндік дәуірдегі дамуы


Эллиндік дәуірде Эратосфен өзінің «География» атты еңбегінде табиғатты зерттеулердің барлық бағыттарын біріктірмек болды[8].[9] Б.з.б. 1—2 ғасырдағы күрделі географиялық еңбектерге Страбонның «Географиясы» (ел тануы), Птолемейдің «География жөніндегі нұсқауы» (географиялық координаттары көрсетілген елді мекендер тізімі) жатады.

Орта ғасырларда география ҚытайдаПарсыда, Орталық Азияда және Араб елдерінде жақсы дамиды.

Тарихи қағида бойынша дәстүрлі әдістер (суреттеу, картографиялық әдістер) географияда XX ғ. 30-50 жылдары бастап пайдаланып келе жатыр. XX ғ. 60-80 жж. ғылыми-техникалық прогрестің дамуына байланысты көптеген жаңа мүмкіншіліктер пайда болды: ғарыштық, математикалық, модельдеу, геоақпараттық және т.б. Географиялық ақпараттық жүйе пайда болды. Қазіргі географиялық ғылыми-зерттеу әдістері:



  1. жалпы ғылыми тұрғылар мен әдістерді (тарихи, экологиялық, модельдеу, математикалық, жүйелік, тағы да басқалары);

  2. нақты ғылыми тұрғылар мен әдістерді (физикалық географияда — геохимиялық, геофизикалық, палеогеографиялық және тағы да басқалары әдістер; әлеуметтік-экономикалық географияда — экономикалық-статистикалық, техникалык-экономикалық, социологиялық және тағы да басқалары);

  3. ақпарат алудың жұмыс тәсілдері мен операцияларын (баланстық әдістер, дистанциялық әдістер; зертханалық әдістер, мысалы, споралық-шаңдық талдау, радиокөміртекті әдіс, сауалдама жүргізу, іріктеме әдіс, тағы да басқалары);

  4. ақпаратты тәжірибелік және теориялық қорытудың әдістерін (индикациялық, бағалау, ұқсастық, жіктеу, тағы да басқалары);

  5. алынған ақпаратты өңдеу әдістері мен техникалық тәсілдерін (перфокарталардың, электрондық есептеу техникасы арқылы, тағы да басқалары) қамтитын жүйе.


МОДУЛЬ 4. Тарихтағы жаңа методологиялық қадамдар- 10 сағат

10.Тарихи заңдылық-тарих ғылымының өзекті мәселелері-2 сағат



Жоспар:

1.Тарихи заңдар мен тарихи заңдылық туралы

2.Тарих категориялар: тарихи уақыт, тарихи кеңістік, тарихи қозғалыс обьектілері

3.Тарихи нақтылық және адамдар қызметі. Жанама факторлар

1. Тарих (көне грек. ἱστορία —сұрастыру, зерттеу) — адамзат баласының өткенін зерттейтін қоғамдық ғылым. Тарихтың негізгі пәні ретінде - адам рухы қарастырылады, соған байланысты тарихтың мақсаты адамдарға тек өткенін ғана білгізу емес, рухани дүниесін қалыптастыру екенін айта кеткен жөн. Тарих - үздіксіз даму үстінде болатын ғылым. Өткенін білмей қазіргісі мен болашағын бағалау мүмкін емес, қоғамның дұрыс бағытта дамуы үшін азаматтардың тарихи сауаттылы мен белсенділігі орасан зор маңызға ие."Тарихсыз - халық жоқ" деген нақыл бекерге айтылмаса керек. Тарихи зерделеу арқылы тарихи сана, мәдениет, дәстүр, ұрпақтар сабақтастығы қалыптасады. Тарих болып жатқан оқиғаларды жан-жақты әрі тереңінен көре білу қасиетін дамытады және болашаққа дұрыс қадам жасауға жәрдемдеседі.

Тарих сөзі көне грек тіліндегі "сұрастыру", зерттеу" ұғымынан пайда болған. Тарих оқиғалар мен фактілердің шынайылығын анықтау үшін қажет болды. Көне Рим тарихнамасында (қазіргі заманда тарихнама тарихты зерттейтін тарих ғылымының бір саласы) бұл сөз тану мақсатында емес, әңгімелеу мақсатында қолданылған. Кейіннен тарих деп барлық оқиға, факт, ойдан құрастырылған әңгімелерді айта бастады.

Тарихтың қалыптасып дамуы.Сонау ежелгі дүниеде де тарихи әңгімелерді есіне сақтап, елге айтып отыратын адамдар болған.Қазақ халқы оларды шежіре айтушылар немесе шежірешілер деп атаған. «Шежіре» сөзі – есте сақтау, жадыдағы білім, рухани қазына дегенді білдіреді.Жазба тарихтың негізін салушы б.з.б. 484-425 жылдары өмір сүрген ежелгі грек тарихшысы, жиһанкезі Геродот болып есептеледі.Ол алғаш «Тарих» атты еңбек жазып, Батыс әлеміне «тарихтың атасы» деген атпен белгілі болды.Ал Шығыста тарихтың атасы деп Сыма Цяньді атайды.Ол б.з.б. 145-86 жылдар аралығында өмір сүріп, 130 тараудан тұратын «Тарихи жазбаларды» ( «Ши цзи») қалдырды.Бір ескертетін мәселе, өзге патшалықтар сияқты Қытайда да жылнамалар жазу дәстүрі ертеден бар еді.Сыма Цянь солардың бәрін жинақтап, жүйеледі.Б.з.б. 3 мыңжылдықтан бастап, өз заманына дейінгі тарихты жазып шықты.

Көне замандардан бастап, ортағасырлық моңғол хандықтарына дейінгі тарихты жазып қалдырған тарихшылардың бірі Рашид ад – Дин болды.Ол кісі 1247-1318 жылдар аралығында өмір сүріп «Жами ат-тауарих» («Жылнамалар жинағы»,парсы тілінде) кітабын жазды.Бұл кітап Ұлы дала өркениетінің көшбасшылары Алаша хан, Уыз хан туралы аңыз-деректерден басталады.Тарихты жазудың құндылығын жекелеген елдерде патшалар мен хандар түсінді.Олар өз сараай маңында болған оқиғаларды жазатын арнайы адамдарды ұстап отырған.Мұндай адамдарды жылнамашылар деп атаған.Осылай жазбаша тарих дәстүрі қалыптаса бастады, ол тәрбие құралына, мектептерде оқылатын пәнге айналды. Тарихты оқып-білу не үшін қажет? Өз тарихымызды, өзге халықтар мен мемлекеттердің тарихын оқып үйрену біз үшін бұрынғы ата-бабаларымыз қандай болғанын, қазір қандай екенімізді біліп, жан-жақты саралау үшін қажет.Біз тарихымыз арқылы өте маңызды оқиғаларды есте сақтаймыз.Туған жер, ата-бабаларымыздың батырлық, ерлік дәстүрі, тыныс-тіршіліктерін тарихтан оқып білеміз.Өнеге алып, болашағымызды болжаймыз, қателіктерін қайталамауға тырысамыз.Өткен замандардағы дара тұлғалардың ерлік дәстүрін оқып-білген жас ұрпақтан ғана елім-жерім деген ерлер шығады.Тарих пен шежіре – ұлтжанды азаматтарды тәрбиелеп өсіреді.Сонымен бірге азамат баласының бүкіл тарихына ой жүргізетін жол.Біздің мақсатымыз беру-халқымыздың әлем тарихында алатын өзіндік орнын, атқаратын қызметін сезіну.

2.Тарих категориялары:

Кеңістік және Уақыт-Механикалық козғалысты карастырғанда біз дененің кеңістіктегі орнының уақыт өтуіне байланысты өзгеретінін сөз еттік. Бұл екі үғымның физикадағы маңызы өте зор. Оқиғаның бәрі әйтеуір бір жерде және кандай да бір мезгілде, баскаша айтқанда, кеңістік пен уақыт ішінде өтеді. Кеңістіктен орын алмай және кеңістіктен тыс өмір сүретін бірде-бір объекті болмайды, болуы да мүмкін емес, яғни кеңістік материямен тығыз байланысты.

Өтіп жаткан сан алуан окиғаларды қарастыра отырып, біздің санамызда кең және map, жуан және жіңішке, ұрзын және қысқа, алыс және жақын деген сияқты кеңістіктің салыстырмалы түрдегі сипатын кәрсететін ұғымдар қалыптасады. Кеңістіктің негізгі қасиеттеріне мыналар жатады: оның шынайы бар болуы, материямен біртұтастығы, шексіздігі, үш өлшемділігі (барлық физикалық объектілердің ұзындығы, ені және биіктігі болады).

Кеңістіктің бір кесіндісін, яғни ара кашыктықты өлшеу үшін сызғыштан бастап, әр түрлі ұзындык өлшеуіш кұралдар колданылады. Ұзындықтың негізгі өлшем бірлігі метр болып табылады. Ғылым мен техникада метрдің еселік және үлестік өлшемдері де пайдаланылады. дене козғалғанда өзінің орнын тек кеңістікте ғана өзгертіп қоймай, уақытбойынша да өзгертеді.Уақыт материямен, қозғалыспен, кеңістікпен тығыз байланысты.

Кез келген өзгерістің немесе окиғаның бастамасы және соңы болады (түзу кесінді сиякты). Кейбір өзгерістер көз алдымызда басталып, кө алдымызда аякталады (судың қайнауы); екінші біреуі көзді ашып-жүмғанша, лезде өтеді; ал үшіншілері бірден байқалмайды (мысалы, ағаштың өсуі). Алуан түрлі өзгерістерді салыстыра отырып, біздің уақыт жайлы көзкарасымыз калыптасады. Уақытқа катысты тез және ұзақ, болған және болады, қазіргі шақ және болашақ, бұрын және жуық арада және т.с.с. ұғымдар пайда болады.

Уақыттың негізгі қасиеттеріне мыналар жатады: шынайы бар болуы, үздіксіздігі, тәуелсіздігі, бір калыптылығы, бір бағыттылығы (уакыт тек алға карай, өткеннен болашакка қарай жылжиды). Уакыт арнаулы кұрал - сағаттың көмегімен елшенеді. Құрылысы жағынан сағат алуан түрлі болады. Уакыттың негізгі өлшем бірлігіне секунд алынады.

Кеңістік шексіз, уақыт үздіксіз болғандықтан, физикада кеңістіктің бір кесіндісі және кайсыбір уакыт аралығы өлшенеді.[

 Кеңістік пен уақыт, философияда – философиялық категориялар Кеңістік пен уақыт категориялары бір-бірімен тығыз байланысты, олардың бірлігі кез келген жүйенің қозғалысы мен дамуынан көрініс табады. Ежелгі дәуір философиясы мен ғылымында Кеңістік пен уақыт категорияларын жүйелеу принципі өзгешелеу болды. Ежелгі грек ойшылдары (Платон, Аристотель) физ. нысандар мен құбылыстарға матем. (геометриялық) сипаттама беру ықтималдығын жоққа шығарды. Орта ғасырлар ойшылы Ф.Аквинский матем. кеңістік пен ақырғы нақты физ. кеңістік (орын) арасындағы айырманы ажыратып қарады. Қайта өрлеу дәуірінде қиялдағы геом. фигуралар және олардың арақатынасы ретінде көрініс тапқан кеңістік ұғымы, атап айтқандакескіндеме өнерінің келешегі туралы ілімнің дамуына байланысты, алдыңғы қатарға шықты. Жаңа дәуір ғылымы мен философиясы схоластикалық дәстүрге қарама-қарсы бағытты ұстанды, кеңістік туралы бұрынғы түсініктерді жоққа шығарды.

 Спиноза тұрқылықты (протяженность) жалғыз құдайлық субстанцияның шексіз белгілерінің бірі деп қарастырды; оның пайымдауынша, мұнда адамның ақыл-ойы танып-білетін белгілі екі нәрсе ғана бар, олар: тұрқылық пен ойлау. Декарт та кеңістікті тұрқылыққа теңеді, оны ойлаумен бірге өздігінен бар тәуелсіз субстанция сипатындағы материяға ұқсастырды, яғни кеңістікті өзінің өмір сүруі үшін бірыңғай және жалғыз субстанция болып табылатын Құдайдан басқа ештеңеге мұқтаж емес мәңгі бар болу деп пайымдады. Декарттың түсінуінше, Құдай мен адамзаттың ақыл-ойы шексіздік пен шектілік сипатындағы рухани субстанция, ал күллі физ. нақты нәрсені Декарт қозғалыс арқылы жекелеген бөлшектерге бөлінетін біртекті қашықтыққа жатқызады. Декарт физ. заттардың кеңістігінен өзгеше басқа кеңістік бар деп мойындамады, сондықтан геом. нысандар нақ сол кеңістіктің өзінде орналасқан заттар ретінде қаралуға тиіс деп білді. Геом. кеңістікті физ. кеңістікке ұқсастыру Декарттың Галилейден кейін физ. денені математиканың заты деп қарауына, дене субстанциясы туралы матем. ғылымды, яғни механиканы жасауына мүмкіндік берді. Ньютонкеңістікті денелерге тәуелсіз және олардан бұрын өмір сүретін нәрсе деп қарады.



3 Тарихи нақтылық және адамдар қызметі: Кеңістік үздіксіз нәрсе, сонымен қатар мынадай қасиеттерге ие: кеңістік үш өлшемді, тең өлшемді және барлық бағыттарда шексіз көсіліп жатады, мәңгі және табиғаты бойынша өзгермейтін нәрсе. Кеңістіктің барлық бөліктері қозғалмайды және бір ғана қасиеттерге ие. Ньютонның пайымдауынша, шегі бар нәрсе кеңістіктің қайсыбір бөлігінде де болмай тұра алмайды; Құдай күллі шексіз кеңістікте бар. Ньютонның бұл пайымдауын 17 ғ-дың көптеген философтары мен теологтары, атап айтқанда, Т.Мор мен Дж.Рафсон қуаттады. Мыс., Мор тек қана Құдай мен кеңістікке тең түрде қатысты 20 қасиет бар деп есептеді, олар: бірлік, қарапайымдылық, қозғалмайтындық, мәңгілік, кемелдік, шексіздік, т.б. Ньютонда кеңістік – жаратылған физ. дүниенің өзінше бір субстанциясы. Ньютонды замандастары, атап айтқандаЛейбниц, осы үшін сынға алды. Лейбниц кеңістікті денелерден бөлек, өздігінен өмір сүрмейді деп есептейді. Ол кеңістік ұғымы тек физ. нысандардың қатар орналасуын ғана көрсетеді, шын құбылыстар мен заттардың да, ықтимал құбылыстар мен заттардың да қатынасы, өмір сүру реті ғана бар деп пайымдайды. Жаңа дәуірде кеңістік физ. денелермен байланысқан объективті нәрсе ғана емес, сонымен бірге сананың немесе қабылдаудың жемісі ретіндегісубъективті нәрсе деп те қаралды.

Соңғы түсінікті Т.Гоббс (1588 – 1679) ұстанды, оның пікірінше, кеңістік шын заттың қиялдағы бейнесі ғана. Джон Локк (1632 – 1704) те осы пікірде болды, оның ойынша, кеңістік субъективтік түсінік, заттарды сезімдік қабылдау арқылы алуға болады. Кант кеңістікті сезімділіктің ашық априорлық пішіні, яғни тәжірибеге дейінгі және тәжірибеге тәуелді емес, бірақ барлық тәжірибеге қажетті қатысушы пішін деп түсіндірді. Француз ғалымы А.Пуанкаренің (1854 – 1912) пайымдауынша, Евклид кеңістігінде мынадай қасиеттер бар: ол үздіксіз, шексіз, үш өлшемді, бір текті және изотропты (кеңістіктің қасиеттері бағытқа тәуелді емес). Кеңістікті тек заттық, табиғи құбылыстарға ғана тән деп қабылдау адамдардың күнделікті үйреншікті сезімдерінде, ойлау машығына берік бекінген. Егер біз бір нәрсенің тұрқын, енін, биіктігін, тереңдігін, шектілігін, шексіздігін, оңын, солын, алдын, артын, т.б. тікелей өлшей алмасақ, онда кеңістіктің белгісі жоқ сияқты болып көрінеді. Адамдардың әлеум., тех., рухани, т.б өмірі, оның түрлері болмыстың кеңістіксіз салалары болып шығатын тәрізді. Оларды метрлеп, километрлеп өлшей алмайсың. Сонымен қатар адамдар күнделікті ойлауында өзара қатынастарын, қоғамдасудың түрлерін, олардың ішкі құрылымын, т.б. жақтарын кеңістік түрлерінде қабылдайды, түйсінеді, сипаттайды. Бұлар соның үстіне адамгершіліктің сипаттамалары іспетті. Біз іс-әрекетті, қарым-қатынасты, тіпті ақыл-парасатты, ой-сананы, сезім-түйсікті биік-төмен, алыс-жақын, терең-таяз, т.б. деп, яғни физ. құбылыстардың қасиеттерін ондай қасиеттері жоқ қоғамдық қатынастарға көрнекі бейнелік қуат беру үшін ұқсастыра аламыз. Демек, кеңістіктік қатынастар әлеум. өмірге, рухани әлемге де тән.



Әлеуметтік кеңістіктің де, рухани кеңістіктің де өзіндік үлкен өзгешелігі бар. Әлеум. жүйенің де шеті, шегі мен орталығы, төм. және жоғ. жақтары, биігі мен ені бар. Оларда да шеңберлік немесе пирамидалық құрылымдар кездеседі. Мыс., қатаң бір орталыққа бағынатын басқару жүйесін пирамидалық деп атайды. Ол әншейін көрнекі бейне емес, ол әлеум. пирамида, оның басқару орталығы жоғары ұшында. Бұл, көбінесе, тоталитарлық жүйелерге тән. Сондықтан да қарапайым бұқара арасында тараған “Құдай биікте, патша алыста” деген мәтел олардың шын қатынастарын көрсетеді. Патша геогр. алыстықта емес, әлеум. алыстықта. Геогр. жағынан тіпті жақын тұрған патшаға қарапайым адамның жетуі қиынның қиыны, бәлкім, одан гөріжұмыр жерді он айналып шығу оңайырақ болар. Адамдар қоғамындағы дүниеге дәстүрлі көзқарасын, сол қоғамның әлеум. жүйесін, т.б. алып қарағанда, олардың негізінде жатқан құндылықтардың белгілі бір кеңістіктік қатынастарды туғызғанын көруге болады. Осы орайда түркі халықтарының байырғы тұрмыс-тіршілігін, дүниеге көзқарасын мысалға алып қаралық. Олардың “Тәңірі – Ұмай” жүйесіндегі байырғы нанымдары бойынша, Тәңірі(аспан) – әке де, Ұмай(жер) – ана. Түркілер солардың ұрпағы. Аспан дүниесі, ондағы денелер, әсіресе, Күн түркілердің айрықша қастерлеп, табынатын киелі нысандары. Аспан (тәңірі), әсіресе, Күн адамдарды тудырған, оларға нұр шашып, өмірді үнемі жандандырып, жайнататын күш. Одан қымбат, одан құнды ешнәрсе жоқ. Күннен кейінгі табынатын нәрсе – Ұмай (Жер-ана). Ал жер асты, оның қойнауы – өлілер дүниесі, адамдарға жат, қорқынышты, көбінесе, жамандық әкелетін жақ. Яғни түркілер үшін құндылықтың ең бастысы – Аспан, Күн. Ежелгі түркілер үйлерінің есігін үнемі шығысқа, яғни Күннің туатын жағына немесе Күннің ең қуатты жағы – оңтүстікке қаратқан. Түркілерде алдыңғы, артқы, оң, сол жақ олардың шығысқа қатынасына байланысты. Барлық уақытта алдыңғы жақ – шығыс жақ. Яғни адамдардың әлеум. ой-санасында кеңістіктің құрылымы, ұйымдасуы олардың ең түпкі құндылықтарына бағынады. Демек, әлеум. кеңістіктің де өз тұңғиығы, өзінің бет жағы, биігі мен төмені, өзіндік ауқымы бар. Сондай-ақ, рухани кеңістік, мәдени ауқым, саяси кеңістік деген ұғымдар да өмірде бар, шын нәрселердің көрінісі. Саяси кеңістік – тарихи жағдайларға байланысты дүниеге келген саяси жүйе таралатын немесе оның саяси ықпалы жүзеге асырылатын аумақ. Саяси кеңістік үш функцияны: 1) саяси өмірдің алғышарттарын; 2) мемлекеттердің саяси қызметінің (геосаясат) мақсаттарын; 3) саяси өмірдің алуан түрлі пішіндерінің тіршілік етуі мен дамуының экол. ортасын жүзеге асырады. Алғышарт ретінде ол саяси жүйенің аумақтық мөлшерін және шекарасын айқындайды, экологиялық-геогр. жағдайлардың саяси өмірді ұйымдастыруға, оның атқарушы билік тарапынан басқарылу дәрежесіне, орталықтың жергілікті жерлердегі билікпен байланысу дәрежесіне ықпалын сипаттайды. Мыс.,Еуропамемлекеттері шекарасының кеңістіктік ашықтығы Батыс Еуропадағы демократия жеңісі алғышарттарының бірі болды. Экологиялық орта ретінде саяси кеңістік саяси жүйенің нышандары арасындағы байланыстарды, осы байланыстардың сипатын ой елегінен өткізуге, мыс., отарлық иеленуді немесе ықпал ету аймағын қоса, көбінесе, ұлттық мемлекет шеңберінен шығатын мемл. басқару аумағы мен шекарасын тиянақтауға мүмкіндік береді. Саясат тілінде саяси кеңістіктің символикалық және метафоралық мәні бар. Мәселен, “қырғиқабақ соғыс” жылдарында“Батыс” сөзінің жай ғана геогр. мағынасы болып қойған жоқ, ол ең алдымен әскери-саяси бірлесу деген мағынаны білдірді. Қазір “Батыс” деген сөз әлемдік достастықтың аймақтық шекарасын, демокр. басқару пішіні мен нарықтық экономика құрамдас бөлігі болып табылатын қоғамдық-саяси дамудың белгілі бір үлгісін сипаттайды. Бұл үлгінің құрамдас бөліктері түрлі қоғамдар мен мәдениеттерге таралып сіңісуде. Жаңа мыңжылдықтың қарсаңы мен басында әлемдік саяси кеңістік қалыптасып келеді, ол түрлі саяси жүйелердің жақындасуымен, дамудың ең таңдаулы үлгілерінің іріктелуімен, тайталастан шығу және халықар. саясатта келісу жолдарын іздестірумен сипатталады, ал бұл жаңа әлемдік қоғамдастықтың қалыптасуын айғақтайды. Ежелгі дәуірдегі және ортағасырлық философияда уақыт адамның дүниені қабылдауының мағыналы өрісі түрінде ұғынылған. Грек философиясында уақыт проблемасы сократшыларға дейін-ақ қарастырылған: уақыттың оғаштықтары туралы алғашқы тұжырымдаманы айтқан элейлік Зенон. Ежелгі дәуірде уақыт ғарыш өмірімен байланыста қарастырылды, сондықтан кейде ол аспан күмбезінің қозғалысына ұқсастырылады. Платон уақыт ұғымына бүкіл бар болуды болмыс пен қалыптасуға ажырату тұрғысынан талдау жасайды. Алғашқысы мәңгі жасайды, екіншісі уақытша пайда болып жоғалады.

Уақытты талдауға байланысты Платон үш нәрсені ажыратады, олар: 1) мәңгі жасайтын нәрсе, тумаған және жасалмаған нәрсе; 2) әрқашан да жасайтын нәрсе (жасалған, бірақ өлетіні расталмаған нәрсе); 3) уақытша жасайтын (пайда болатын және өлетін) нәрсе. Алғашқысы – Жалғыз жаратушы; екіншісі – ғарыштың өзі; үшіншісі – өзгергіш, өткінші эмпирикалық құбылыс. 



Аристотель ішінара Платон ізімен жүріп, ішінара одан алыстап, өзінің “Физикасында” уақыт ұғымына кең талдау жасайды. Ғарышты мәңгі деп есептегенімен, Аристотель уақытты мәңгілікке жатқызбайды. Алайда Платон сияқты Аристотель де уақытты ғарыштың санымен және тіршілігімен, жалпы физ. қозғалыспен, ал уақыт өлшемін аспан күмбезінің қозғалысымен байланыстырады. “Уақыт дегеніміз – әлдебір қозғалыс пен өзгеріс”, – дейді ол. Аристотельдің пікірінше, қозғалыс уақытпен, ал уақыт қозғалыспен өлшенеді. Ортағасырлық схоластикадауақытты психологиялық талдауға, тарихилық сезімге жете мән берілмеді. Мұнда уақыт логикалық-онтологиялықтұрғыда қаралды. Аквинскийдің пайымдауынша, ұзақтықтың пішіні уақыттан өзгеше түрде шексіз, алайда мәңгіліктен өзгеше түрде ол бөлінбейтін бірлік емес, әрқашан да ұзаққа созылады. Аквинский ойын жалғастырған Ф.Суарес(1548 – 1617) ішкі уақыт (ішкі ұзақтық) идеясын өрбітіп, оғаш тұжырымға келеді. Ол ішкі уақытты сыртқы уақыттан бөліп алады. Орта ғасырларда адамзат субъектілігінің жемісі ретінде түсіндірілген уақыттың салыстырмалылық сипаты жаңа дәуір философиясында одан әрі дамытылды. Декарттың пайымдауынша, ұзақтық заттың бар болуымен үйлеседі және субстанция белгісі, уақыт тек біздің ойлауымызда ғана берілген.

Уақыт – қозғалыстың саны: заттың ұзақтығын анықтайтын жалпы өлшем болуы үшін біз тең өлшемді қозғалыстың, яғни аспан денелері қозғалысының ұзақтығын пайдаланамыз. Гоббс уақыт идеясын қозғалыс үстіндегі дененің бейнесінен шығарады, бұл бейне қабылдаушы санада қалады, бірақ ол дененің мәніне қатысты емес: “Уақыт заттардың өзінде емес, тек ойлауда ғана өмір сүреді”. Спиноза, схоластар сияқты, бар болуды екі түрге бөледі: “Мәңгілік – Құдайдың мәңгі өмір сүруіне көзімізді жеткізетін қасиет-белгі, керісінше, ұзақтық – жаратылған заттардың өмір сүретініне көзімімізді жеткізетін қасиет-белгі”. Алайда ұзақтық уақытқа ұқсамайды, ол заттардың өзінің қасиет-белгісі, уақыт “заттың күйі емес, ойлаудың модусы ғана, яғни ойдағы болмыс қана”. 17 – 18 ғ-ларда ұзақтық жаратылыстар туралы құдайлық ой-ниетпен, дүниенің жаратылуымен және сақталуымен байланыстырылады. Сондықтан Құдайдың қасиет-белгісі ретіндегі мәңгілік пен объективтілік ұзақтықты өлшеудің субъективті тәсілі ретіндегі уақыттың арасына орналасқан. Осы “аралық” сипатына қарай ұзақтықты бірде мәңгілікке жуықтатуға, бірде уақытқа ұқсастыруға бейім тұрды.Ньютонның абс. және салыстырмалы уақыт туралы іліміне осындай бейімделу тән: “Абсолюттік, шынайы математикалық уақыт өзінен өзі және өзінің мәні жағынан, әлдебір сыртқы нәрсеге ешқандай қатыссыз, тең өлшемде өтеді және басқаша ұзақтық деп аталады. Салыстырмалы сияқты немесе күнделікті уақыт не дәл, не өзгермелі, сезіммен көз жеткізуге болатын, қайсыбір қозғалыс арқылы жасалатын сыртқы, созылыс өлшемі, бұл өлшем күнделікті өмірде шынайы математикалық уақыттың орнына қолданылады, былайша айтқанда: сағат, күн, ай, жыл”.С.Кларктің түсіндіруінше, Ньютон абс. уақытты, яғни ұзақтықты бейнебір өзгермейтін, мәңгі деп ойлайды, сондықтан да ұзақтықты Құдайдан тыс өмір сүрмейді деп есептейді. Ньютоннан өзгеше түрде Лейбниц абс. уақыт пен кеңістікті де, абс. қозғалысты да мойындамайды: “Мен ... кеңістікті – қатар өмір сүру тәртібі, уақытты – тізбектілік тәртібі деп есептеймін”. 18 ғ-да метафизиканы сынаумен бірге уақыттың метафизикалық тұжырымдамалары да қайта қаралды. Олардың орнына психол. (Локк, Юм) және аңдаулық (созерцание, восприятие) (Кант) туралы тұжырымдамалар келді. Канттың уақыттың идеалдылығы туралы ілімін Фихтежаңаша түсіндіреді. Уақыттың иесі Фихтеде субстанцияемес. Канттан өзгеше түрде Фихте өзіндік зат ұғымын алып тастап, Меннен бүкіл жаратылыстың пішінін ғана емес, мазмұнын да шығарады. Ол болмысты қатынастарға телиді. Уақыт “жанның ұзақтығы”, ал қиял оның теориялық түсінігінің негізін құрайды; ұқсастық заңының – логика мен онтологияның негізгі заңының орнына Фихте қарама-қарсылықтардың күресі заңын қояды. Қатынас субстанцияның орнына қойылған кезде, уақыт жанның мәні болып шығады.

Дәстүрлер өмірдегі әрбір жағдайда, әр істі адамдардың қалай ұйымдастыруын, не атқаратынын бүге-шігесіне дейін тәптіштеп белгілеп қоюға тырысады. Қауымдық өмірдің осы ерекшелігінің негізінде адамдардың қандай негізгі құндылыққа ұмтылатындығы жатыр. Ол рулық-тайпалық қауымдасу, яғни қауымдасудың негізінде ата-аналардан тараған адамдардың бірлігі жатыр. Бұл олардың тіршілік етуінің негізгі жолы. Жетілгендіктің, жақсылықтың бәрі де өткенде қалды, сондықтан адамдар әрбір ісін, ойын өткеннің таразысымен өлшеп, соның көзімен қарап, өзін сонымен бірлікке жеткізуге тырысуы тиіс. Әрине, адамдардың күнкөріс әрекеттері, халықтың өсіп-өнуі, т.б. өзгеріс туғызбай қоймайды, бұрынғы қатынастарды ыдыратып, әлсіретеді, жаңа қатынастар келіп жатады. Қауымдық дәуірдің ішкі серпіні, негізгі құндылығы өткенде болса, жаңа дәуірде ол құндылық келешектен көрінеді. Бұл дәуірдің адамдары үнемі дерлік алға ұмтылуды ертеңге ұмтылу деп біледі. Дәлірек айтқанда, олар ертең деп кешегіні немесе бүгінгіні сақтап, нығайта түсуді емес, орныққан қалыптан оның өзгерген қалпына қарай ұмтылуды түсінеді. Уақыттың ағыны оның негізгі бағыты жағынан қарағанда бір түзудің бойымен тартылған, оралмайтын әрі қайталанбайтын қозғалыстай. Уақыт оралмайды дейтін түсінік осындай әлеум. қозғалыстың нәтижесі. Осындай ұмтылыстың ағынындағы адамдар үшін кешегі мен бүгінгінің бағасы әлдеқайда кемиді. Әрине, келешектің бейнесі адамдар үшін әр түрлі бола береді.

Ол енді бүгінге айналды. Ал шын құндылық, бірден-бір бағалы нәрсе – келешек. Сондықтан бүгінгіге айналған келешек өзінің мәнінен де, бағасынан да айрылады. Оның ақылға сиымсыздығы (парадокс) – келешектің айқын бет-бейнесі жоқ абстракцияға айналғандығы. Келешек, қанша ұмтылсаң да ешқашан қолға түспейтін бұлдыр сағым болып шығады. 20 ғ-дың басынан бастап физикада ашылған жаңалықтар Кеңістік пен уақыттың өзара байланысы, бір-біріне тәуелділігі жөніндегі жаңа көзқарастарға алып келді. Әсіресе, А.Эйнштейннің салыстырмалылық теориясыүлкен жаңалық әкелді. Ол микробөлшектердің кеңістіктегі қозғалысы сәуленің жылдамдығына (секундына 300000 км) жақындаған сайын оның массасы шексіз ұлғая беретіндігін және ол бөлшектің тұрқының да қысқара түсетіндігін дәлелдеді. Сонымен қатар биол., қоғамдық ғылымдардың жетістіктері қозғалыстың органик. және әлеум. түрлерінде кеңістік те, уақыт та, тіпті басқаша сипатта болатынын көрсетеді. Әлеум. өмірдің ырғағы біздің заманымызда әлдеқайда шапшаңдады. Өзгерістердің тым баяу өтуіне үйренген адамдар көп жағдайда жаңа дәуірдің екпініне бейімделе алмайды. Сондықтан Кеңістік пен уақытты да материя сияқты адамдардың дүниеге қатынасынан оқшау қарап, тек табиғаттағы адамға қатысы жоқ заттар мен құбылыстардың қасиеті деп түсіну – мәселені филос. тұрғыдан қарау емес, физика, т.б. жаратылыстану ғылымдарының тұрғысынан қарау болып шығады. Бұлай қараудың дүниеге көзқарастық мәні жоқ. Философиялық пайымдау кеңістік, уақыт, қозғалыс және болмыстың бірлікте екенін көрсетеді. Бұлар болмыстың өзіндік айқындықтары. Болмыстың ең жалпы, ең абстрактілі айқындықтарынан адам бұрынғыдан да гөрі нақтырақ, мазмұны күрделірек айқындықтарына өрлей береді. Соның негізінде айқындықтарды бейнелейтін ұғымдарды анықтайды. Бұл диалектикалық ойлау жолы.


11.Тарихи заңдылық: табиғаты мен ерекшелігі – 2 сағат

Каталог: ebook -> umm
umm -> ПОӘК 042-18-29 8/03-2013 №1 басылым 05. 09. 2013
umm -> Жалпы және заң психологиясы терминдерінің қысқаша сөздігі. І бөлім. Жалпы психология пәнінің терминдері
umm -> 6М 011700- «Қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы» Магистранттарға арналған
umm -> ПОӘК 042-14-5-05. 02. 20. 22/2013 № басылым
umm -> 6М 011700- «Қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы» Магистранттарға арналған
umm -> «Ежелгі дәуір әдебиеті» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 2013 жылғы №3 басылым 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті», 5В012100- Қазақ тілінде
umm -> Оқытушы үшін «Қазақстан тарихы»
umm -> Әбікенова Гүлнафис Төкенқызы Қазақ тіліндегі эпистолярлық стильдің лингвистикалық сипаты
umm -> Педагогика кафедрасы


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет