ПОӘК 042-18-18 31/03-2013 №1 басылым 18. 09. 2013



бет4/7
Дата28.01.2018
өлшемі1,66 Mb.
#34668
1   2   3   4   5   6   7

Қылмыстық

  • Талап ету

  • Шағым айту

    Хандық билік жойылып, әкімшілік-саяси реформалар жүрді. Отаршыл саясат күшейді.

    Ендігі хан билігін жою Кіші жүзге қарай ауысты. 1797 жылы қарт Айшуақ ханнан кейін Жантөре хан сайланды. Осындай хандық таққа ұмтылғандардың бірі-Арынғазы Әбілғазыұлы. Ел ішінде сыйлы еді. Сондықтан Орынбор генерал- губернаторы П.К.Эссен одан қорқып, 1821 ж. Петербургке шақыртып, жолда Калугаға айдалды, 1833 жылы қайтыс болды. 1824 жылы «Орынбор қырғыздарының жарғысы» қабылданды. Оларда 3 буынды болды. Жарғы бойынша Кіші жүздің әкімшілік құрылымы мынадай болды.



    Реформаның салдары.

    • Орталық басқару нығайтылды

    • Табиғат байлықтарын кеңінен игеруге мүмкнідік туды

    • 1824 жылы соңғы хан Шерғазы Орынборға қызметке шақырылды, Кіші жүзде хандық билік жойылды

    • 1845 жылға дейін Бөкей Ордасындағы хандық билік сақталды.

    3. ХІХ ғасырдың екінші жартысында Ұлы жүз ру-тайпалыр Ресей қол астына кірді. ХІХ ғ. 50 ж. соңы-60 ж. басы Ресей мен Англия арасында Орта Азия үшін алауыздық пайда болды. 1860 жылы Алатау округінің билеушісі Г.А.Колпаковский әскері Ұзынағаш шайқасында қоқандықтарды жеңіп Жетісу Қоқан озбырлығынан құтылды. Осылайша Патша үкіметі жеткен табыстар мынадай болды.

    * Қоқан билігіне қарсы қазақ-қырғыздардың қарсылығын күшейтті.

    *Ресей құрамына 4 мың шаңырақ қоңырат, 5 мың шаңырақ бестаңбалы рулары кірді.

    *1864 жылы патша әскері Мерке, Әулие-ата, Түркістан бекіністерін алды.

    *1865 жылы Ташкентті 3 күндік шайқастан кейін алды

    *1866 жылы Бұхар хандығын орыс әскерлері жаулап, хандық иеліктері Түркістан генерал-губернаторлығының құрамына кірді.

    *1868 жылы Қоқан хандығына тәуелді қазақ жерлері Ресей құрамына еніп, Түрксітан генерал-губернаторлығына бағындырылды.

    1873 жылы Хиуа хандығының жеңілістері қазақтардың оларға тәуелділігін жойды.

    Қазақ елінің Ресейге қосылу процесі ХҮІІІ ғасырдың 30 жылдарынан бастап 1,5 ғасырға созылды. Бірақ бұл процестің басты маңызы сол- шаруашылық пен саяси қоғамдық қатынаста феодалдық-патриархалдық билік жойылып, ұлттық сананың оянуына әсер еткен жайттар пайда болды.
    3 сұрақ: 1812 жылғы соғысқа қазақтардың қатысу себептері:

    -әлеуметтік жағдайдың төмендеуі;

    -Орта және кіші жүздің қазақтары Ресейге өтіп, башқұрттар деп өзгертілді;

    - қазақ елінің шикізат көзі орыс үшін көп пайда әкелді;

    1812 жылғы соғысқа қазақтар қатысудағы мақсаты: жерді қайтару еді. Осылайша қатысушы қазақтар мынадай атақтарды иеленді.


    Атақ алған

    қазақ есімі



    Алған атақ

    Қандай ерлігі үшін?

    Майлыбайұлы, Зындағұлұлы

    Көгілдір ленталы медаль

    Бородино шайқасының Ертіс шебінің полкіндегі ерлігі үшін

    Мұрат Құлшоранұлы, Еріш Азаматұлы

    Хорунжий атағы

    Болото, Левия ұрыстарында

    Сағит Хамитұлы

    3-дәрежелі «Қасиетті Анна» ордені

    Вязьма ұрысындағы ерлігі үшін

    Нарынбай Жанжігітұлы, ақын-Әмен Байбатырұлы

    «Георгий» орденімен, император әскері

    Лейпциг, Глогау, Веймар, Франкфрут шайқасындағы ерліктері үшін

    Шоқынған қазақ -Яков Беляков

    жасауыл

    Польша т.б. әскер бөлімдерінде партизан корпусында болған

    Француздар қазақ мергендерін «Азиялық амурлар» деп атаған
    Тақырып 10. ХІХ ғ. екінші жартысындағы Қазақ жері

    1.1867-1868 жж реформа

    2.ХІХ ғғ соңындағы Қазақ жеріндегі отаршылдық реформалар
    1 сұрақ:. Хандық билікті іс жүзінде жойған 1822-1824 жж. Жарғылар жаңа капиталистік қатынастар өрістей бастаған кезде өлкенің шаруашылық даму талабына сай болмады. ХІХ ғ. 60 ж. қазақтарды басқару жүйесін өзгерту үшін И.И.Бутков басқарған комиссия құрылды. Ондағы мақсат қазақ даласын 2 обласқа бөлу еді. Батыс-орталығы-Торғай, Шығыс-орталығы-Сергиополь немес Қарқаралы. Ұсыныс қабылданды. 1865 ж. «Дала комиссиясы» құрылды. Басқарған –ішкі істер мнистрліліг кеңесінің мүшесі Гирс болды. ІІ Александр патша бұйрығымен қазақ жерін зерттеу сұрақтары дайындалды. Бұл мәселені зерттеуге Ш.Уалихановта қатысып, өз пікірлерін білдіріп, ұсыныстарын ұсынды:

    *халықтың өзін-өзі басқаруы негізінде қайта құру

    *әлеуметтік-экономикалық жаңалықтар енгізу

    Алайда ол ұсынытар енгізілмеді. Осылайша жаңа ережелер бекітілді. Олар: 1867 жылғы 11 шілде «Сырдария мен Жетісу облыстарын басқару туралы уақытша Ереже», 1868 жылғы 21 қазанда «Орынбор және Батыс Сібір генерал-губернаторлығындағы Дала облыстарын басқару туралы уақытша Ереже» бекітілді. Осылайша қазақ даласын басқарудың жаңа әкімшілік басқару құрылымы пайда болды.




    ІІ. ОБЛЫСТАР

    (басқарушы-әскери-губернатор-атаман) (Кесте -13)



    ІІІ.УЕЗДЕР (6 )

    (Басқарушысы-уезд бастықтары)
    ІҮ. БОЛЫСТАР

    (1-2 мың кейде 3 мың шаңырақ)

    (басқарушысы-болыс сұлтаны)
    Ү.АУЫЛДАР

    (100-200 шаңырақ)

    (басқарушысы- ауыл старшыны)
    Осылайша 5 сатылы басқару жүйесі құрылды. Реформаның түйінді жері-әскери және азаматтық биліктің генерал-губернатор қолында шоғырлануы еді. 1867-1868 жж. реформалар бойынша сот ісінде басқарудың жаңа құрылымы құрылды. Оған жатады: Әскери - сот комиссиялары

    1.Уездік соттар

    2.Билер мен қазылар соты

    Реформаның нәтижесі мен салдары:

    *Өлкенің табиғи байлықтарын игеруге қолайлы жағдайлар туды

    *капиталистік құбылыстар ене бастады

    *жатақтар пайда болды

    *отарлық басқару мен билік күшейді.

    *Қазақ жері Ресей үкіметінің меншігі болды.

    *орыс шаруаларын жаппай қоныстандыру басталды

    *реформа екі жылға белгіленседе ол 20 жылға созылған «тәжірибе» болды.

    1867-1868 жж. реформалар отаршылдық езгіні тереңдетті. Шаңырақ салығы 1 сомнан 3 сомға дейін көтерілді. Земство салығы 3 сом 50 тиынға жетті. Осындай шаралармен басқа да саяси қоғамдық жағдайларға байланысты қазақ даласында азаттық көтерілістер орын алды. 1869 жылы Жамансай көлі маңында 20 мың көтерілісші қатысқан 7 күнге созылған фон Штемпель тобына қарсылық байқалды. Сол жылы 3 мың шаруа феодалдарға қарсы 41 рет шабуылдады. Әрине қарулы патша әскерлері мен жергілікті ақсүйектердің қарсылығынан көтерілісшілер талқандалды. Себеп қарудың аздығы, ауызбірліктің немесе бірдей қимылдың болмауы, түпкі мақсатты шаруалардың жете түсінбеуі.

    1870 жылы Маңғыстауда шаруалар көтеріліс болды. Жетекшілері: Досан Тәжіұлы мен Иса Тіленбайұлы. Түрткі болған оқиға – жаулаушылардың адайлықтардың мекендеріне жақындауы. Әрине бұл көтірілсте жеңіліспен аяқталды. Себеп нашар ұйымшылдықтың болуы. Осындай оқиғалардан кейін қазақ даласына орыстардың қоныстандыру саясаты басталды.



    2-сұрақ:.ХІХ ғасырдың соңында қазақ өлкесіндегі саяси-экономикалық ахуал мынадай болды.

    Тау-кен өндірісі

    Кен орындары-Шығыста, Орталық Қазақстанда ашылды. Ірі өнеркәсіп орындары : Спасск мыс қорыту зауыты, Успен кеніші, Екібастұз, Риддер кәпісшілігі құрылды.1822 ж. Шымкентте сантонин зауыты, химия өнеркәсібінің бастамасы болды. Еңбек ететін әйелдер саны-12 пайызыды құрады. Балалар еңбегі пайдаланылды.

    Темір жол

    1893-1895 жж. Сібір темір жолы, Рязань-Орал, 1899-1905 жж. Орынбор-Ташкент темір жолы салынды. 30 мың жұмысшы болды. Өлкенің шикізатын кеңінен пайдалану кең етек алды. Ұлт-азаттық күрестер кезінде Ресейден қарулы күштерді тез жеткізу үшін темір жол қызмет етті.

    Ауыл шаруашылығы

    Балық аулау кәсіпшілігі-Каспий, Арал теңіздерінде, Балқаш көлінде пайда болды. Тұз өндіру, 1875, 1900 жылдары Верныйда темекі кәсіпорындары ашылды. Семей облысында 13 былғары, 9 сабын, 1 шарап, 1 май, 2 сыра ашытатын, 23 кірпіш зауыты пайда болды. Көкпекті, Семейде, Павлодарда тон зауыты жұмыс істеді. Жәрмеңкелер ашылды. Ресей мемлекеттік банк бөлімшілері пайда болды.

    Сауданың дамуы

    Сібірлік 57 сауда бөлімшесінің 7-уі қазақ өлкесінде жұмыс істеді. Кредиттік мекеме-Ақмола облысы. Қарқара уезінда жәрмеңке пайда болып, онда әнші Әміре Қашаубаев жиі барған. Қытаймен сауда жүргізетін іті орталық-Құлжа қаласы , Монголиямен сауда жасайтын орталық Семей болды.


    Тақырып 11. ХХ ғасыр басындағы өлкенің әлеуметтік, экономикалық және саяси жағдайы

    1.Қазақ АКСР-і және С.Меңдешев.

    2.Т.Рысқұлов және Түркістан Автономиялы Кеңестік Республикасы

    3.20-30 жылдардағы қазақ интелегенциясы: С.Садуақасов, С.Қожанов; Т.Жүргенов және т.б. саяси- тарихи рөлі туралы



    1 сұрақ: .Елдің шығысында бірінші Кеңестік ұлттық республика Түркістан кеңесінің 5 съезінде қабылданған Түркістан АССР болып табылды. 1918 ж.30 сәуірде қазіргі Қазақстанның оңтүстік облыстары Түркістан республикасының құрамына енді.

    1918 ж. аяғы мен 1920 ж. басында Қазақ Кеңес Автономиясын құруға интенсивті дайындық жүріп жатты. 1919 жылы 10 шілдеде Қырғыз (қазақ) өлкесін басқару жөніндегі революциялық комитет құрылды. Бсашысы- С.Пестковский болып тағайындалды. Мүшелеріне қазақ зиялылары: а.Байтұрсынов, С.Меңдешев, С.Сейфуллин, В.А.радус-Зенкович, Б.Қаратаев, Ә. Әйтиев, Х.Ғаббасовтар енді. Казревком міндеттері:

    *контрреволюция мен интервенцияға қарсы күресу,

    *өлкеде мемлекеттік шаруашылық, мәдени құрылыс үшін жағдай жасау,

    *өлке Кеңестерінің құрылтай сьезін әзірлеу,

    *1920 жылы Алашорданы тарату,

    *мәдени құрылыстағы іс-шаралар: - «Ұшқын» газетін шығару, - 300 мектеп ашу, -мұғалімдер даярлау, т.б. мәселелер қаралды.

    1920 ж.қараша айының басында Ақтөбеде Түркістан және Сібір қазақ аудандарының депутаттары қатысқан өлкелік кеңестік конференциясы өткізілді. 1920 ж. тамыз айының басында ұлттық істер халық комиссариаты жанында Қазревком, Сібір ревком және Турцик өкілдерінің жиналысы өтті, мұнда Ақмола және Семей облыстарын Қазақстанға беру мәселесі түбегейлі шешілді. Қырғыз (қазақ) Кеңес Автономиялық Социалистік Республикасын құру жайлы деректің үлгісі 17-тамызда қаралып, РСФСР ХКК қолдады, ал 1920 ж. 26 тамызда бұл деректер бекітіліп, заң күшіне енеді.

    1920 жылы 20 тамызда Қырғыз (қазақ) Автономиялы Кеңестік Социалистік Республикасын құру туралы декрет қабылданды. Астанасы-Орынбор қаласы болып бекітілді. Халық саны -5 млн. жуықтады.

    1920 ж. 22 қыркүйекте бүкіл ресейлік орталық атқару комитетімен жаңа деректері бойынша КАССР-інің құрамына Орынбор губерниясы қосылды. 1920 ж. 4-12 қазанда Орынборда Кеңсетердің құрылтайы өтті. Жоғарғы өкімет органдары сайланды. Орталық Атқару комитетінің төрағасы болып С.Меңдешев, Халық комиссарлары Кеңесінің төрағасы болып В.А.радус-Зенкович бекітілді. С.С.Мендешев басшылық еткен орталық атқару комитетінің және В.Радус-Зенькович басқарған халық комиссарлар кеңесін сайлаған Қазақстан кеңесінің құрылтай съезін өткізіп Қырғыз (қазақ) АКСР-нің құрылуының тарихи маңызы айтылды.



    1.Қазақ халқының ғасырлық арманы орындалуының көрнісі,

    2.отаршылдыққа қарсы күресі нәтижесі

    3.Ұлттық қайта өрлеу жолындағы алғашқы қадам деген тарихи баға берілді.

    Түркістан құрамына енген Жетісу және Сырдария облыстарын Қазақстанға қосу азамат соғысы кезінде туындаған. Бұл облыстарының қазақтары солтүстік ауданмен бір республикаға бірігу пікірін үнемі ұсынып отырған. 1921 жылы елде ЖЭС (жаңа экономикалық саясат ) басталды. 1924 ж. ТАССР жойылып Өзбек және Түркімен республикаларына бөлінді.Оңтүстік облыстар Қазақстанға қосылды.Қазақстанның астанасы болып Қызылорда жарияланды.



    2 сұрақ: Көшпелі қазақ мал шаруашылықтарын күштеп отырықшылдандыру және ұжымдастыру Қазақстан экономикасын құлдыратып төмен түсіріп жіберді. Республика экономикасының құлдырап төмендеуі 1932-1933 жылдардағы қуаңшылықпен тұтаса келді. Ел қолдан жасалынған аштықта көптеп қырылды. Қазақтар жартысынан айрылды. 1 млн.750 мың адамнан, яғни қазақ ұлтының 49 пайызы осы аштықта көз жұмған болатын. Республикада тұратын басқа халықтар да сан жағынан азайды.

    Қазақстанға Ф.И.Голощекиннің өлкелік партия комитетінің бірінші хатшысы болып келуі қазақ халқына адам айтқысыз бақытсыздық әкелді. Голощекин әміршіл - әкімшіл басқару жүйесіне арқа сүйеп, сұрқия саясат қолданып, қазақ зиялыларын бір-біріне айдап салды, «халық жауы» деп жала жауып, мыңдаған қазақ азаматтарының қанын төкті. Голощекиннің тікелей басшылығымен 1929 жылы – 31, 1930 жылы – 82, 1931 жылы – 80 жалған «контрреволюциялық ұйымдар» ашылып, бұл ұйымдардың мүшесі болды деген жаламен он мыңға тарта қазақтың бетке шығар азаматтары қамауға алынды.

    Сөйтіп, тарихшы ғалымдардың соңғы жылдардағы зерттеулері көрсеткендей, қазақ халқы аса ауыр шығынға ұшырады. Ашаршалықтан және онымен байланысты туған эпидемиялардың салдарынан, сондай-ақ өлім-жітімнің көп көп болуы, халықтың басқа республикаларға, Қытайға, Иранға, Монголияға т.б. елдерге ауа көшуі нәтижесінде Қазақстан бірнеше миллиондаған адамдарынан айрылды.
    3-сұрақ: 20-шы жылдардың екінші жартысынан бастап И. В. Сталиннің басқаруымен қалыптасқан тоталитарлық жүйе Қазақстанның мәдениетінің дамуына үлкен кеселін тигізді. Оның үстемдік етуі нәтижесінде Қазакстандағы мәдениет салалары Коммунистік партияның саясатына сәйкес жұмыс істеуге тиіс болды. Әсіресе бұл халыққа білім беру саласында ерекше көрініс тапты. Атап айтқанда, бұл кезде шығарылған оқулықтар, партия, комсомол және пионер ұйымдары, жас ұрпақтың санасы мен мінез-құлқына сталинизмнің догмаларын тықпалады. Мектептің қызметі де бұрмаланды.

    Бұл кезде халыққа білім беру ісінде, соның ішінде оқу орындарында партиялық әмір күшейді. Оқу-тәрбие процестерін идеологияландырудың үстіне жалпы көрсеткішті қудалау, оқу процестерін формальды жүргізу өрістеді. Тоталитарлық жүйенің күшеюі халыққа жоғары білім беру саласында да өз әсерін тигізді. Қазақстанның жоғары оқу орындары мен техникумдары халық шаруашылығының кадр жөніндегі қажетін қанағаттандыра алмады. Студенттер мен профессор-оқытушылар құрамында жергілікті халықтың өкілдерінің саны баяу өсті. 1936 ж. Қазақтың мемлекеттік университетіндегі 42 оқытушының 8 ғана қазақ болды.

    Партиялық-мемлекеттік құрылымның идеологияландырылған саясаты профессионалдық оқу орындарындағы істің жағдайына бәрінен де көп зиян келтірді. Ғалымдарды, жоғары оқу орындары қызметкерлерін қудалау мен жазалау шаралары 20-шы жылдарда басталып, Сталин өлгенге дейін жүргізілді. Осының нәтижесінде 30-шы жылдардың орта кезінде А. Байтұрсынов, С. Асфендияров, X. Досмүхамедов, Т. Жүргенов, О. Жандосов және басқа аса көрнекті қоғам қайраткерлер, ғалым, педагогтердің өмірі қиылып кетті.

    Жоғары оқу орындарының өмірі партиялық және таптык принциптер негізінде құрылды. Сондықтан университет пен институттардың және техникумдардың шет елдердің өздері сияқты оқу орындарымен байланысы жоқтың қасында болды. Көптеген оқу бағдарламаларының, көмекші құралдар мен оқулықтардың мазмұны еркін творчестволық ойлауды қалыптастырмады. Олардың мәні мен мазмұны ғылымның, техника мен технологияның жаңа жетістіктерін зерттеп білуге бағытталмады. Кадрлар және студенттер құрамын толықтыруда пара алушылыққа, жершілдікке және әлеуметтік әділетсіздіктің басқа түрлеріне жол берілді.



    Тоталитарлық жүйенің үстемдік ету жылдарында Қазақстанның көркем мәдениеті әлденше рет өрлеу мен құлдырау кезеңін басынан кешірді. Егер Қазан революциясыньщ жеңісі тұсында қазақ халқының әдебиеті мен сазгерлік мәдениетінің жеткілікті бай даму тарихы болса, бейнелеу, театр және кино өнері жаңадан кұрылу шағында немесе мүлде жоқ еді.

    Өнер қайраткерлерінің шығармашылық туындылары қазақ қоғамының таптык және идеялық-саяси жіктеуін айқын бейнеледі. Оның таптық принциптері жалпы-адамзаттық қазыналардан бағалы саналды.

    Қазақстанныің Орталық Азия елдерімен, Қытаймен байланысы үзақ Уақытқа тыйылды. Сондай-ақ, 1925 ж. Өлкелік партия үйы-мьіңьщ басшылығына Ф. И. Голощекин келгеннен кейін ескі кадр мамандарға, творчество адамдарына ілтипатпен Қарау, олармен іскерлік қарым-қатынас жасау салты бүзыла бастады. 1926 жылы БК/б/П Қазақстан өлкелік комитетінің III пленумында Ә. Бөкейханов, А. Байтұрсынов, М. Дулатов, С. Мендешев, Ж. Аймауытов, С. Қожанов және басқалар орынсыз сынға алынды. Кешікпей бұл сын ин-теллигенцияға қарсы ашықтан-ашық қудалауға және ай-ыптауға ұласты.

    1920-шы жылдардың соңынан бастап "жоғарыдан" берілген бұйрық бойынша одақтың көптеген республикаларын-да оларды мекендейтін халықтарды тарихи зердесінен ай-ыру үшін кең көлемдегі қатігездік шаралары жүзеге асы-рылғанын айту керек. Түрік тілдес шығыс халықтары мен Еділ бойын мекендейтін басқа да халықтардың (башқүрт, татар) сан ғасырлар бойы араб графикасының негізінде қалыптасқан алфавиті пайдаланып келгені белгілі. 1928 жылы араб әрпі латын әрпімен, ал 1940 жылы кириллицамен (орыс әрпімен) күштеп алмастырылды. Мүның кесірі-нен бір үрпақтың өмірі барысында қазақ, өзбек, түрікмен, башқүрт, татар, қырғыздардың басым көпшілігі араб жазу-ымен жарық көрген ата-баба мүрасын, рухани байлығын игеріп, пайдалануға қабілетсіз болып шықты. Ал мүның өзі көптеген халықтардың тарихи зердесін көмескілеп, олар-дың белгілі тобының мәңгүрт болуына әкеп соқты. Оның бер жағында, елдегі қазақтар Қытай Халық Республикасы, Ауғанстан, Иран сияқты елдердегі сауаттарын араб жазуы-мен ашып, кітаптарды осы графикамен шығарып келген шетелдік бауырлас қазақтармен хат жазысып, хабарласу мүмкіндігінен айырылды.

    1920-1930 жылдарда араб әрпімен шыққан басылымды пайдаланғандар "пантүркист", "панисламист", тіпті, "халық жауы" деп жарияланып, қудалауға ұшырайтын болды. Кітапхана қорларынан әкімшілдік-төрешілдік жүйенің теориясы мен практикасына мазмұнымен қайшы басылымдар, ең алдымен олардың ішіндегі араб әрпімен басылғандары аластатылды.

    Сонымен бірге дінге қарсы күрес сорақылықпен жүргізілді. Медреселер мен мешіттер жаппай жабылды. Шіркеулер мен мешіттер ғимараттарының мемлекет қарамағына зорлықпен алынуы, оларды қора-жайға, қоймаға, қосалқы жайға айналдырылуы, дінге сенушілердің ар-ожданын аяққа басу, азаматтык сан ғасырлық мәдени және рухани өмірінің құрамдас бөлігі болып келген дінді барша жұртқа құбыжық етіп көрсету халықтың орынды наразылығын туғызды. Жаппай бас көтерулер орын алды. Солардың қатарында қазақ зиялыларының барлығы бар еді.


    Каталог: ebook -> umkd
    umkd -> Мамандығына арналған Сұлтанмахмұттану ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
    umkd -> Қазақстан Республикасының
    umkd -> Қазақстан Республикасының
    umkd -> Студенттерге арналған оқу әдістемелік кешені
    umkd -> ПӘннің ОҚУ Әдістемелік кешені 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған «Ұлы отан соғысы және соғыстан кейінгі жылдардағы қазақ әдебиетінің тарихы (1941-1960)» пәнінен ОҚытушыға арналған пән бағдарламасы
    umkd -> «Балалар әдебиеті» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 2013 жылғы №3 басылым 5 в 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті»
    umkd -> ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешенінің
    umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
    umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
    umkd -> «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған


    Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   2   3   4   5   6   7




    ©www.engime.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет