ПОӘК 042-18-18 31/03-2013 №1 басылым 18. 09. 2013


Тақырып 12: ХХ ғасырдың 50-80 жылдарындағы Қазақстанды өркендетудегі тарихи тұлғалар



бет5/7
Дата28.01.2018
өлшемі1,66 Mb.
#34668
1   2   3   4   5   6   7

Тақырып 12: ХХ ғасырдың 50-80 жылдарындағы Қазақстанды өркендетудегі тарихи тұлғалар

1.Қазақстан басшылығындағы тарихи басшының бірі-Шаяхметов Ж.

2.Қоғамның рухани өміріндегі жетістіктерді қалаушы қайраткерлер туралы
1-сұрақ: Ұлы Отан соғысы жеңіспен аяқталғаннан кейін Қазақстан еңбекшілері бейбіт құрылысқа қайта оралды. Соғыс Қазақстан экономикасына да үлкен зардаптарын тигізді. Өнеркәсіп өнімдерінің, әсіресе бұқара халық көп қолданатын тауарлар өндіру түрлері қатты қысқарды. Еңбек ресурстарының проблемасы едәуір шиеленісті. Ауыл шаруашылығының материалдық-техникалық базасы әбден төмендеді. Сондықтан Кеңес өкіметі, оның жергілікті басшы органдары халық шаруашылығын қалпына келтіруге айрықша көңіл бөлді, оның қарқынын шапшаңдатуда тиісті шаралар жүзеге асырыла бастады.

Елдің шаруашылық құрылысы мен мәдени саласына мемлекеттік бюджет пен күрделі қаржы қайта бөлінді. Әскери шығындар барынша қысқартылды. Республикада соғыс қажеттерін өтеуге жұмыс істеген жүздеген кәсіпорындар азаматтық өнімдер шығару үшін қайта құрылды.



  1. жылы КСРО Қарулы Күштерінің едәуір бөлігін запасқа шығару есебінен Қазақстанға 104 мың солдат пен офицер, ал 1947 жылдың 1-ші қаңтарына қарай 188,2 мың адам келді. Өнеркәсіпте 8 сағаттық жұмыс күні қалпына келтірілді. Соғыс кезіндегі мерзімнен тыс жаппай жұмыс істеу және демалыс күндерінде қызмет ету тоқталды. Жұмысшылар мен қызметкерлерге ақы төленетін демалыстары берілді.

  1. жылы 18 наурызда қабылданған төртінші бесжылдыққа арналған жоспар бойынша соғыстан бүлінген аудандарды қалпына келтіру, өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығының соғыстан бұрынғы дәрежесіне жетіп, одан едәуір асып түсу міндеті белгіленді. Сонымен бірге онда Қазақстан экономикасын өрге бастыруға үлкен мән берілді. 1947 жылы Республикада ауыр индустрияны жедел дамыту, сондай -ақ, женіл және тоқыма өнеркәсібін одан әрі өркендету көзделді. Тұрғын үй құрылысын және қалалар мен жұмысшылардың тұрақты аудандарында мәдени-тұрмыстық орындар жүйесін кеңейтуге ерекше көңіл бөлінді.

Өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығын өркендету негізінде республика еңбекшілерінің материалдық және мәдени тұрмыс дәрежесін одан әрі көтеру көзделді. Қазақстанға бөлінген күрделі қаржы көлемі одақ бойынша үшінші орынға шықты. Мұнда күрделі қаржы кәсіпорындарды қалпына келтіруден гөрі бұрынғыларын кеңейтіп, жаңа кәсіпорындар салуға бағытталды. Төртінші бесжылдықта бүкіл елде өнеркәсіп өнімі 1940 жылмен салыстырғанда 40 пайызға өсетін болып белгіленсе, Республикада ол 2,2 есеге арту көзделді.

Қазақстан халқы соғыстан кейінгі төртінші бесжылдық жоспардың көрсеткіштерін орындауға құлшына кірісті. Бұл кезде, әсіресе ауыр өнеркәсіптің қара металлургия және түсті металлургия саласы ойдағыдай дамыды.



Теміртаудағы қазақ металлургиялық қайта өңдеу зауытында екі мартен пеші, Ақтобе ферросплав зауытының үшінші кезегі іске қосылды.

1950 жылы металлургиялық процесстердің тұйық циклімен жұмыс істейтін Қарағанды металлургия зауытының құрылысына арналған дайындық жұмыстары басталды. Өскеменде қорғасын-мырыш комби-натының құрылысы одан ары жалғасты, 1947 жылы ол алғаш рет мырыш берді. Балқаш мыс қорыту зауытының қуатын арттыру женіндегі жұмыстар одан ары жүргізілді. Жезқазғанда аса ірі мыс балқыту комбинатының обьектілерінің кешенін салу жалғастырылды. Текелі қорғасын-мырыш комбинатының екінші кезегін іске қосуға әзірлік бас-талды. Шымкент, Риддер қорғасын зауыттары мен жұмыс істеп тұрған басқа да кәсіпорындар қайта қүрылып кеңейтілді.



Төртінші бесжылдық тапсырмаларын орындау барысында өнеркәсіп салаларында жаңа техника түрлері енгізіліп отырды. Қарағанды көмір бассейінде жұмыс істейтін алты жаңа шахта іске қосылды. Саран учаскесі пайдалануға берілді.

Көмір ашық әдіспен қазылатын Екібастұз кен орны пайдалана бастады. Бесжылдық аяғына таман көмірді шабу мен қопару және оны темір вогондарына тиеу толық механикаландырылды. Бірқатар мұнай кәсіпшіліктерінің, соның ішінде Қаратон, Мұнайлы және басқа кәсіпшіліктердің іске қосылуы мұнай өндіруді 1950 жылы соғысқа дейінгі кезеңмен салыстырғанда 52 пайызға көбейтуге мүмкіндік берді.

1950 жылы электр қуатын өндіру 1945 жылға қарағанда 2,3 есе өсті. Бесжылдық тапсырмасы бір жарым есе артық орындалды. Өскемен жылу электр орталығының бірінші кезегі, Алматы құлама су-электр станцияларының 6, 7, 8 ГЭС-тері, Тишин ГЭС-і, Құлсары ЦЭС-і және басқалар іске қосылды. Қарағанды ГРЭС-інде жаңа қуаттар орнатылды, жұмыс істеп тұрған көптеген электр станцияларының куаты арттырылды. Республикадағы аса ірі Өскемен ГЭС-ін, Жезқазған жылу-электр орталығын салу одан әрі жүргізілді.

Машина жасау өнеркәсібінде Ақмолада (Астана) бұрыннан жұмыс істеп тұрған "Қазақсельмаш" зауытын, Қарағандыда автомобиль жөндеу зауытын салу аяқталды. Химия өнеркәсібінде "Қаратау" кен-химия комбинатының, Жамбыл суперфосфат зауытының бірінші кезектері пайда-лануға берілді. Қостанай жасанды талшық зауыты алғашқы өнімдерін шығарды. Қарағанды синтетикалық каучук (сағыз) зауытында екі цех қатарға қосылды. Ақтөбе химия зауыты кеңейтілді.

Темір жолмен жүк тасу 1945 жылғымен салыстырғанда 1950 жылы екі есе өсті. Бұл кезде темір жолда Матай станциясы депосының аға машинисі М. Қаптағаевтың бастамасымен ауыр салмақты шапшаң составтар жүргізу үшін бесжүздікші машинистер қозғалысы өрістеді. Оның ізбасарлары локомотивтің тәуліктік орташа жүрісін 500 шақырымдық межеге жеткізді.

Тас жолдарының желісі үлғайды, автомобиль келігінің жүк тасу айналымы 1940 жылға қарағанда 1950 жылы 1,9 есе өсті. Қазақсташіың 21 қаласында автобустар жүре бастады. Әуе және өзен көлігі дамыды. Ұшақпен және өзен кемелерімен жүк пен жолаушылар тасу едәуір атты. Бесжылдықтың тек соңғы жылында 119 мың адам су жолдарымен қатынады.

50-жылдардың басында республикадағы кәсіпорын 65 ке- жетті. Маманданған жұмысшылар қатарының саны өсті.

- 1940 жылы – 634 мың жұмысшы, 912 мың шаруа;

- 1945 жылы – 1.044 мың, өнеркәсіпте 304 мың жұмысшы;

- 1950 жыл -1.403 мың жұмысшы,

- 1960 жылы 2,2 млн жұмысшы, 611 мың шаруа болды.
2 сұрақ : 1953 жылы 5 наурызда Коммунистік партия мен Кеңес Одағының басында 30 жылдан астам отырған И. В. Сталин қайтыс болды. 1953-1964 ж.ж. аралығындағы кезең Н.С.Хрущевтің атымен байланысты. Айтылып өткен кезең қазіргі тарих ғылымында «Хрущевтік жылымық» деп аталынды. Ол ең алдымен саяси режимнің әлсірегенін білдіреді. КСРО-ның Жоғарғы Кеңесі кешірім жасау жайлы Жарлық қабылдады.

Ауылды одан әрі қанаудың мүмкін еместігін түсінген Хрущев мемелекеттік салықты азайту аграрлы секторды инвистицияны ұлғайту тәрізді идеяларды партиялық шешімге енгізе бастады. Сталин өлгеннен кейін елде демократиялық қайта құру процесі қарқынды жүре бастады. Демократиялық өзгерістердің ықпалымен Кеңес өкіметі шамадан тыс орталықтандыруды босаңсытуға және одақтас республикалардың шаруашылық, саяси-мәдени құрылыс саласындағы құқықтарын кеңейтуге бағытталған кейбір шараларды жүзеге асыруға мәжбүр болды. Бұл кезде Қазақстанның бюджет құқықтары кеңейтіліп, оның көлемі едәуір өсті. Атап айтқанда, 1951-1955 жж. өнеркәсіпке жұмсалған қаржының жалпы көлемі 1941-1950 жж. салыстырғанда 2,3 есе артты.

Ал 1956 жылдан бастап табыстың кейбір түрлері бойынша республикалық бюджеттерге қаржы бұрынғыдан да көбірек бөліне бастады. Қазақстан бюджетінің шығыс көлемі - 1953-1960 жылдарда 7 еседен аса ұлғайды: 434, 9 млн. сомнан 3 млрд. 53 млн. сомға дейін жетті.

1954-1956 жылдарда одақтық министрліктерден республика қарамағына 144 ірі кәсіпорны, ал 1959 ж. түсті металлургияның барлық 29 кәсіпорындары берілді. Мұның нәтижесінде одақтық-республикалық өнеркәсіптегі өндіріс көлемі 2 еседен артық ұлғайды.

1954 ж. партияның ОК ақпан – наурыздағы Пленумы Еуразия далаларына зерттеулер жүргізіліп, жыртуға ұйғарылған «Елдегі астық өндіруді одан әрі ұлғайту мен тың және тыңайған жерлерді игеру жайлы» шешім қабылданды.

Тың және тыңайған жерлерді игерудің алғашқы жылдары қолайлы болды. 1956 жылы елде 125 млн. тонна рекордтық астық жиналды, оның елу пайызы тыңайған жерлерден алынды.

Бірақ экологиялық тепе - теңдіктің бұзылуымен жел эрозиясы 50-жылдары аяғында нақты проблемаға айналды. 1960-жылы Солтүстік Қазақстанда тыңайған жерлерді тиімсіз игеру нәтижесінде щаруашылық айналымнан 90 млн.га топырақ шығарылды.

Тың және ьыңайған жерлерді игеру тек Қзаақстанда ғана емес басқа да республикаларды да қамтыды. Бірақ бұл процессте халық еркімен емес, жоғарғы жақтың бұйрығымен жүрді.

Тың игеруге басқа республикалардан адамдар көшіріліп әкелініп, оларға көптеген жеңілдіктер жасалды:


  • Дүние-мүлкімен тегін көшірілді,

  • әр отбасы басшысына 500-1000 сом , әр отбасы мүшелеріне 150-200 сомнан қаржылай көмек берілді.

  • 10 жылға 10 мың сом несие берілді, оның 35 пайызын мемлекет төледі,

  • Мал сатып алуға 1500-2000 сом несие берілді,

  • Азық-түлік көмегі ретінде 1,5 ц. астық немесе ұн берді,

  • 2 жылдан 5 жылға дейін ауылшаруашылық салығынан босатылды,

  • Мемлекеттік қаржы көзі 20 млрд. Жетті

1954 жылы тамыздағы ақпарат бойынша жыртылған жер көлемі:

- КСРО-да 13,4 млн-ға жетті;

- Қазақстанда – 6,5 млн-ға жетті;

- 1954-1955 жж. 4,5 мың маман, 1959 жылы 15 мың маман келді;

- тәртіп бұзушылық, мемлекет мүлкін талан-таражға салу орын алды;

- табиғатқа көп зиян келтірілді т.б.

-1954-1962 жж. жасанды миграциялық шаралардан халық саны күрт өсті. Жиыны 2 млн адам келді.

1954-1962 жж. бұл поцес кезінде күшті ұжымдастыру жүріп, материалдық-техникалық база жеткіліксіздігі байқалды. Басты себеп-әкімшіл-әміршіл басқару жүйесінің ауыл шарашылығын жүргізудің сауатсыздығының салдарынан көп зардаптар әкелінді. Оған жауап мыналар еді.


Тың жерлерді игеру саясатының салдары:


Тың игеру процесінің

жағымды жақтары



Тың игеру процесінің

жағымсыз жақтары



  • Қазақстан-КСРО-ның негізгі астықты аймағы болды;

  • Экономиканың басқа салалары дамыды;

  • Қазақстан – көп ұлтты мемлекетке айналды

  • Еңбекшілердің ерен еңбегінің үлгісі жасалды;

  • Жаңа жолдар мен елді мекендер көбейді;

*Экологиялық жағдайларға ұшырады;

* Мал шаруашылығы төмендеді;

*Тың игеру экстенсивті әдіспен жүрді;

*Жер-су аттары орысшаланды

*Республиканың ұлттық ерекшеліктері ескерусіз қалды;

*Тілдік және демографиялық ахуал өзгеріске ұшырады;

*Тың игеру процесі 20 жылға жуық жүрді


60-шы жылдардың басында өнеркәсіп пен құрылысты экономикалық аудандардың халық шаруашылығы кеңестері арқылы басқару жүйесінің кемшіліктері бірден-бірге айқындала түсті. Өнеркәсіпті басқаруда халық шаруашылығы кеңестерінде толып жатқан жаңа бөлімдердің құрылуы өнеркәсіп салаларының бөлшектенуіне әкелді. Өндірісті басқарудың, жоспарлау мен экономикалық ынталандырудың түрлері мен әдістері елдің өндіргіш күштерінің жаңа, неғұрлым жоғары дәрежесіне сай келмеді, олардың дамуын тежеді.

Ауыл шаруашылығы өндірісін ойдағыдай дамытудың орасан зор мүмкіндіктері жете пайдаланылмады. Республикада қоғамдық және жеке мүдделерді ұштастыру, колхоз, совхоз еңбеккерлерінің егіншілік пен мал шаруашылығы өнімдерін арттыруға деген материалдық ынталылығы принципінің бұзылуына жол берілді. Жоспарлауда, ауыл шаруашылық дақылдарын орналастыруда елеулі кемшіліктер орын алды. Таза жер көлемінің азайтылуы тың жердегі егіншілікті жүргізу жүйесіне зиянын тигізді, егіс алқаптарының қалыптасқан құрылымы бұзылды. Осының салдарынан Қазақстанда астық өндіру төмендеп кетті.

Хрущев Қазақстанды сынақ алаңы ретінде пайдаланып, көптеген тың тәжірибелерді, оның ішінде келешегі жоққа тән тәжірибелерді республикада сынақтан өткізіп байқап көрді.

Гидропоникалық әдіспен өсімдік өсіру, жүгеріні жаппай егу, т. б. осы сияқты тәжірибелер Қазақстан шарушылықтарында байқаудан өтті. Оның айтуымен республиканың оңтүстіктегі аудандары көршілес республикаларға берілді, өлкелер құрылды. Көптеген қалалардың аттары өзгертілді. Сөйтіп, Ақмола - Целиноград атанды. Оңтүстік Қазақстан облысы - Шымкент облысы, ал Батыс Қазақстан облысы - Орал облысы болып өзгертілді.

КОКП Орталық Комитетінің 1965 ж. қыркүйек айында өткен Пленумының шешімдері бойынша өнеркәсіп салаларында жоспарларды жетілдіру, сондай-ақ, жаңа техниканы енгізу, материалдық ынталандыру бағдарламасын іске асыруға айырықша көңіл бөлінді.

Жаңа техниканы енгізу үшін әрбір кәсіпорында жоспар жасалды. Ірі кәсіпорындары мен құрылыстарда техникалық прогреске жәрдемдесу жөніндегі арнаулы комиссиялар құрылды. Олар өндірістік процестерді механикаландыру мен автоматтандыру жоспарларының іске асуына ықпалын тигізді. Соныңң нәтижесінде көптегеп кәсіпорындар, оның ішінде Қарағандының 2-ГРЭС-і мен Бұхтарма ГЭС-і техникалық-экономикалық көрсеткіштері жоғары станцияларға айналды. Екібастұз көмір разрезі өнімділігі жоғары механизмдермен жарақталған көмір өндіретін өркендеген кәсіпорын қатарына қосылды.

"Тоқырау" кезеңі дейтін 1971-1985 жылдар аралығында Қазақстан экономикасы бұрынғысынша техникалық прогреске қабілетсіз, қарабайыр әдіспен алға басты. Бұл жылдары өнеркәсіпті өркендетуге 40,8 млрд. сом немесе халық шаруашылығына бөлінген барлық каржының 32 пайызы ғана жұмсалды. Негізгі өндірістік қорлар 3,1 есе артып, оның ішінде химия және мұнай-химиясында 6,5 есе, машина жасауда 4 есе, отын өнеркәсібінде 3,8 есе өсті. 15 жыл ішінде өнеркәсіп өнімінің жалпы көлемі екі есе, ал машина жасау, химия өнеркәсібі сияқты салаларда үш еседен астам артты. Энергетикада электр қуатын өндіру одан ары шоғырланып орталықтандырылды. 1975 жылы республиканьщ барлық кәсіпорындары дерлік бір орталықтан энергиямен жабдықталды. Шевченко қаласында шапшаң нейтронға негізделген дүние жүзіндегі аса ірі атом реакторы жұмыс істеді.

Минерал тыңайтқыштар шығару тоғызыншы бесжылдық та 1,8 есе, сары фосфор өндіру 2,5 есе көбейді. Машина жасау және металл өңцеу саласындағы өсудің жылдық орташа қарқыны 12 пайызға жетті. Бұл көрсеткіштер оныншы және он бірінші бесжылдықтарда да кеміген жоқ. 1980 жылы 250-ге жуық кәсіпорын, ірі өндірістер мен цехтар қатарға қосылды, өндірістің жаңа салалары пайда болды. Дегенмен, осы жылдарда КСРО бірыңғай халық шаруашылығы жүйесіне әбден кірігіп кеткен Қазақстан экономикасы қалыпты да қарқынды дами алған жоқ.

Өндірістің теңестірілмеуі, нұсқау арқылы басқарылуы жағдайында жылдық, тоқсандық және айлық тапсырмаларды өзгертіп отыру үйреншікті іске айналды.

1981-1985 жылдары Қазақстанда әр түрлі министрліктер мен ведомстволардың жоспарлары 300-ден астам рет өзгертілген. Күрделі құрылыста "сақалды" объектілер берік орын алды, жоспарлы құрылыстардың орнына жоспардан тыс көптеген құрылыстар салынды, бітпеген объектілерді пайдалануға беру, қосып жазу, құрылыс материалдарын талан-таражға салу көбейді. 70-жылдарда құрылыста бригадалық-мердігерлікті дамыту қозғалысы басталды.

Бұл кезде Қазақстанда экономиканы дамытуда интенсивті жолға көшу және ғылыми-техникалық прогресті өрістетуге бағыт алынды.

Қызықты идеялар мен ұсыныстар аз болған жоқ, жаңашылдар мен өнертапқыштардың саны көбейді, тек 1981-1985 жж. жаңашыл ұсыныстар берген авторлардың саны 818,8 мың адамға жетті. Алайда, олар өндіріске ғылыми-техникалық прогрестің жетістіктерін енгізу практикасында аз ықпал жасады.



Көптеген кәсіпорындарда өндірістің бүкіл процесі емес, тек жеке учаскелері ғана автоматтандырылды, немесе комплексті механикалан-дырылды.

80-ші жылдардың орта кезінде өнеркәсіптегі жұмысшылардың үштен бірі, құрылыста жартысынан астамы ауыр қол еңбегін атқарды, олардың творчестволык белсенділігі төмен болды. Кәсіпорындарда социалистік жа-рысты ұйымдастыру формальды сипат алды. Ресми мәлімет бойынша бұл жылдары жарысқа жұмысшылардың 90 пайызы қатысқанымен, мұның өндірістің өсу қарқынына, еңбек өнімділігіне, өнімнің сапасын жақсартуға, өндірісті жетілдіруге ықпалы болған жоқ. Өндірісте немқұрайлылық, салақтык, ынта-жігерсіздік тағы басқа да келеңсіз керіністер үйреншікті әдетке айналды.


Тақырып 13: ХХ ғасырдың 90ж. Қазақстан Республикасын құрудың барысы

1.ҚР Егемендігі мен Тәуелсіздігі туралы Декларациялар

2.ҚР Конституциясы
1-сұрақ: 1985 жылғы сәуір айында Кеңестер Одағы Коммунистік партиясы Орталық Комитетінің пленумы болды. Онда Орталық партия Комитетінің Бас хатшысы М. С. Горбачев баяндама жасап, қоғамды демократиялық бағытта қайта құру жөнінде шешім қабылданды. Бірақ бұл шешім тек сөз жүзінде қалды. Іс жүзінде ол кеңес қоғамын ыдыратуды тездетті. Оны Қазақстанның партия, кеңес органдары қызметінен байқауға болады.

Тоқырау жылдарында Одақтың барлық аумағында, оның ішінде Қазақстанда да басқару ісінде жағымпаздық, парақорлық, рушылдық, жершілдік сияқты көптеген келеңсіз құбылыстар орын алғаны белгілі.

Бұл жылдары ұлт саясатында, әлеуметтік-экономикалық және кадр мәселелерінде көптеген ауытқушылыққа жол берілді. Жалпы барлық кеңес қоғамында бұл кезде қоғамдық ойдың мәні өзгеріп, сөз бен істің арасында алшақтық, қайшылық кең өріс алды. Кадр мәселелерін шешу партия комитеттерінің тек бірінші басшыларының айтуымен, солардың таңдауы-мен жүретін болды. Оларды іріктеуде тек туыстық, жерлестік, бастыққа берілгендік жағдайлар маңызды рөл атқарды. Бұл Коммунистік партияның, соның ішінде Қазақстан Компартиясының да барлық деңгейінде керініс тапты. Көптеген басшы партия қызметкерлері мен партия комитеттері ескіше қызмет етті.

Қазақстан Компартиясының Орталық Комитеті құрамында сапалық өзгерістер аз болды. Осыдан келіп, аса маңызды мәселелерді шешуде принципсіздік, тұрақсыздық, қоғамдағы жағымсыз жағдайларды жасыруға, аздаған жақсы істерді ерекше мадақтап, жоғары көтермелеп тек жақсы жағынан көрсетуге тырысты. Сол кездегі Республика Министрлер Кеңесінің төрағасы Н. Ә. Назарбаев 1986 жылғы ақпан айында өткен Қазақстан Компартиясы XVI съезінде жасаған баяндамасында және съезде шығып сөйлеген басқа да делегаттар осындай келеңсіз жағдайларды өткір сынға алды. Олар көптеген күрделі және маңызды мәселелерді партия комитеттерінің дер кезінде шешпейтінін, олардың қызметі ауқымынан тыс қалатынын, күрделі мәселелерді шешуге ескіше қараудың кеңінен орын алып отырғанын ешқандай бүкпесіз айтып берді.

Мұндай көсемнің Қазақстанда тұратын орыс халқы өкілдерінен де мүмкін екендігі айтылды. Міне, осындай күрделі жағдайда Г. В. Колбин партия Орталық Комитетінің бюро мәжілісін шақыртып, оған С. М. Мұқашев, Н. Ә. Назарбаев, 3. К. Камалиденов, О. С. Мирошхин, М. С. Меңдібаев А. П. Рыбников, Л. Е. Даулетова, В. Н. Лобов, т. б. катысты. Бірақ олар алаңға шыққан жастардың жүрегіне жол таба алмады.

Алаңда болып жатқан жағдай, республика басшыларының, соның ішінде Г. В. Колбиннің ойында қазақ жастарының арасында елдегі социалистік құрылысқа қарсы астыртын әрекет, ұлтшыл ұйым бар деген пайымдау мен арам пиғылды туғызды. Бірақ ондай ұйымның бар-жоқтығы кейін қанша тексерсе де анықталмады. Алаңда жиналған халық пен милиция және әскерлер арасында қақтығысулар жүрді. Ереуілге қатысушылар таспен, таяқпен қаруланып жазалаушыларға қарсылық көрсетті. Олар жастарға мұздай су шашып, алаңнан қуу үшін алаңға әкелінген бірнеше өрт сөндіргіш машиналарды өртеп жіберді. Қақтығысудың барысында Е. Сыпатаев және С. Савицкий деген азаматтар қаза тапты. Осыған байланысты үкімет органдары алаңға шығушыларға қарсы күш қолдана бастады. Алматыға басқа жерлерден арнайы әскери бөлімдер әкелінді. Осылайша тәуелсіздіктің тұғырын қалауға себепкер болға қазақ жастарының бейбіт шеруінің нәтижесінде тәуелсіз ел болдық.

1989 жылы наурыз айында Г. В. Колбин Халықтық бақылау комитетінің төрағасы болып тағайындалып Мәскеуге кетті. Оның орнына сол жылғы шілдеде Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің бірінші хатшысы болып Н. Ә. Назарбаев сайланды.

Мәселені әрі қарай тексеру үшін Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі жанынан арнайы қүрылған, Мұхтар Шаханов бастаған комиссия егжей-тегжейлі тексерді. Оның барысында, Қазіргі кезеңнің талабымен қарағанда, алғаш рет демократия және жариялылық жағдайындағы халықтың еркіндік үшін көтерген талабы мен ескі партиялық ойлау арасындағы қақтығыстың болғандығы ашып көрсетілді.

Бір ерекше айтып кететін жәйт, қайта қүру жағдайында бұқаралық хабарлама органдары елдегі, соның ішінде Қазақстанда болып жатқан жағдайларды, өзгерістерді ешқандай бүкпесіз ашық жариялап отырды.

Кеңестер Одағының құлауының саяси себептері туралы айтқанда, ондағы саяси-идеологиялық бірлік пен біртұтастық сол 80-ші жылдардың соңы мен 90-шы жылдардың басында-ақ көзден ғайып болғанын ерекше атап көрсеткен жөн. Бұл кезде бұрынғы Кеңес Одағы елдерінде бұрын болмаған ұлт толқулары күшейді. Ең қауіптісі - олар таза ұлттық сипат ала бастады. Сумгаиттегі, Таулы Карабахтағы, Вильнюстегі, Ферғанадағы оқиғалар ұлттық мәселелерді шешудің ешқандай бағыт-бағдары жоқтығын анық-тады. Кеңестік кезеңде қабылданған мәлімдемелер, тұжырымнамалар, бағдарламалар ұлтаралық қатынастар мен оны шешудің жолдарын нақты көрсетіп бере алмады. Ел басында отырған басшылар ұлт мәселесінің байыбын терең түсінбеді, оның теориялық базасы жасалмады. Ақыр соңында ұлтаралық қайшылықтар тартысқа, ал тартыс қантөгіске әкеліп тіреді. Бұған мысал ретінде Қазақстанда болған 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасын айтуға болады.

Сондықтан бірқатар ұлт республикалары Одақтан бөлініп шығу, өздерінің егеменді мемлекет болуы жөніндегі талаптарын қойды. Міне, осының нәтижесінде 1988 жылдың қараша - 1989 жылдың мамыр айлары аралығында Балтық жағалауындағы Эстония, Литва, Латвия республикалары өздерінің егемендігі туралы алғашқы құжаттарын кабыл-дады.



Сөйтіп, олар КСРО құрамынан шығып, жеке тәуелсіз мемлекетке айналды. Осыдан кейін, көп кешікпей-ақ, яғни 1989-1990 жылдары егемендік туралы Декларацияны КСРО-ның басқа республикалары да қабылдады. Сөйтіп, 74 жыл бойы өмір сүрген республикалар Одағы (бұрынғы КСРО -1936-1990 жж) ыдырады. Орнына Тәуелсіз Мемлекеттер Дстастығы (ТМД) құрылды (Алматы, 21 желтоқсан, 1991 жылы)

Қазақстан Республикасында егемендік алғаннан кейінгі бірінші кезектегі міндеттер егеменді мемлекет құру, азаматтық қоғамды қалыптастыру болды. Осы бағыттағы сапалы секіріс 1990 ж. 25-ші қазанында Қазақ ССР-нің мемлекеттік егемендігі туралы Декларацияны қабылдау болды және 1978 жылғы Қазақ ССР-нің Конституциясына сәйкес түзетулер арқылы президент институтын енгізді. Президент лауазымын енгізу нақты тәуелсіздік жолындағы, егемендікті қорғау және мемлекетті саяси және экономикалық дағдарыстан шығару жолындағы республика басшылығының дер уақытындағы қадамы болды.


1991 ж. 16 желтоқсаны республиканың саяси – конституциялық дамуының жаңа сатысы басталды және ұлттың жеке даралығына құқылығы, құқық пен жеке бас еркіндігі, саяси тұрақтылық, өкіметті бөлу, ұлтаралық келісім және т.б. сияқты негізгі демократиялық принциптерді білдірді. ҚР-ның конституциясы 1995 ж. 30-ші тамызда Бүкілхалықтық референдумда қабылданды.

1993 ж. Қазақстан Республикасы Конституциясының қабылдануы Қазақстанның демократиялық мемлекеттігінің қалыптасуының белгілі бір сатысы болды. 1994 ж. 7-ші наурызда Қазақстан Республикасындағы сайлау жөніндегі жаңа Кодекске сәйкес ХІІ-ші шақырылымының Жоғарғы Кеңеске сайлауы өтті.

Қазақстан егемендік алғаннан кейін зайырлы, демократиялық, құқықтық және әлемге ашық мемлекет құруға кірісті. Мұны іске асыруда еліміздің тарихи және отарлауда болған мұрасы, оның саяси мәдениетінің өзіндік ерекшелігі, мемлекет пен қоғамның өзара қарым-қатынасы жан-жақты ескерілді.

Елімізде саяси партиялардың және партиялық жүйелердің орнығуына, күшті заң шығарушы органның, тәуелсіз баспасөз және автономиялық жергілікті басқарудың дамуына көп көңіл бөлінді. Қоғамды демократияландыру барысында жаңа саяси институттар - парламент, 1993-ші және 1995 жылдардағы Конституциялар қабылдан-пы, тәуелсіз сот билігі қалыптасты.

1992 ж. 4-маусымда Қазақстан Республикасын мемлекеттік туы, елтаңбасы, әнұраны бекітілді.



Мемлекеттік символдардың тарихтың, мәдениетті бейнесі болып табылады, олар еліміздің қайталанбас өзіндігін паш етеді және оның азаматтарының сана сезімін білдіру еді. Қазақстан Республикасының мемлекеттік туының авторы Шакен Ниязбеков , мемлекеттік елтаңба, авторлары Жандарбек Мәлібеков және Шота-Аман Уәлиханов. Қазіргі мемлекеттік әнұранның сөзін жазған авторлар: Жұмекен Нәжімеденов Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев. Қазіргі ән ұранның тәуелсіз Қазақстан тарихына еніп шырқалуының басталған уақыты -2006 жылдың 11 қаңтары еді. Содан қазір бір ғана мемлекеттік тілде орындалуда. Бұл біздің Қазақ деген ұлы елдің тәуелсіздігінің тұғырының бекігендігінің бір нәтижесі.



Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Мамандығына арналған Сұлтанмахмұттану ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Студенттерге арналған оқу әдістемелік кешені
umkd -> ПӘннің ОҚУ Әдістемелік кешені 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған «Ұлы отан соғысы және соғыстан кейінгі жылдардағы қазақ әдебиетінің тарихы (1941-1960)» пәнінен ОҚытушыға арналған пән бағдарламасы
umkd -> «Балалар әдебиеті» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 2013 жылғы №3 басылым 5 в 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті»
umkd -> ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешенінің
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет