ПОӘК «Ауылшаруашылық дақылдары» пәнінеіне арналған оқу-әдістемелік материалдар



бет4/5
Дата26.08.2017
өлшемі9,53 Mb.
#29545
1   2   3   4   5

45 сурет. Күздік қара бидай

Өсіру агротехникасы. Күздік қара бидайды Қазақстанның Солтүстік аймақтарында өсіру тиімді деп айтамыз. Оны таза парға себеді. Құрғақшылық аудандарда екпе парға орналастыру оның шығымын төмендетеді. Күздік қара бидайды мал азығына өсіргенде бір жылдық шөптен және жүгеріден кейін орналастырады. Ауа райының тұрақсыз аймақтарында алғы дақылды жинап алысымен топырақты тайыздау (10-12 см) етіп тілгішпен немесе дискімен өңдейді. Топырақ өңдеген кезде оған суперфосфат (P90-120) сіңіреді. Көктемде азот тыңайтқыштарымен (N40-45) қоректендіреді.

Күздік қара бидайдың қалыпты дамуы үшін жалпы температура жиынтығы күзде 450-5500 шамасында болуы керек, яғни оған 42-55 күн қажет болады. Сондықтан оны 5 тамыз бен 10 қыркүйек аралығында- солтүстік аудандарда ертерек, оңтүстік аудандарда-кештеу себу керек. Ылғалы жеткілікті аудандарда ең оңтайлы себу мерзімі- тамыздың екінші жартысы. Себу мөлшері құрғақ аймақтарда 3,5-4,0 млн/га өнгіш тұқым (85-110 кг/га), тұқым себу тереңдігі-4-7 см.

Күздік қара бидайды мал азығына-пішен алу үшін паялы дақылдардан кейін орналастырады. Ол үшін алғы дақыл жиналып алынғасын топырақты бірден 5-10 см тереңдікке культивациялайды немесе дискіленеді, беті тегістеледі. Тұқым қатарлап себіледі, себу мөлшері 4,0-4,5 млн/дана өнгіш тұқым (100-120 кг/га). Көктемде егістікті азот тыңайтқышымен (N40-45 кг/га ә.е.з.) үстеп қоректендіріледі.

ҰСЫНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

Негізгі әдебиет:


  1. Қ. К. Әрінов, Қ.М. Мұсынов, А.Қ. Апушев, Н.А. Серекпаев, Н.А. Шестакова, С.С. Арыстанғұлов «Өсімдік шаруашылығы» , Алматы-2011жыл

  2. М.М. Жанзақов. Өсімдік шаруашылығы. Алматы, 2007 жыл

  3. М.И. Кондрашкина Лабороторно-практические заниятия по растениеводству, Москва-2006 г

Қосымша әдебиеттер

  1. И.А. Абугалиев. Справочник агронома. Алма-Ата, Қайнар,1985 ж

  2. В.Ф. Белик. Бахчевые культуры. М., Колос,1980 г



дәріс 11

Сүрлемдік дақылдар

Мақсаты: Студенттерге Сүрлемдік дақылдар туралы жәнеоларды өсіру технологиялары туралы уйрету

Міндеті: Сүрлемдік дақылдармен таныстыру түсіндіру

Түйінді сөздер: сүрлемдік дақылдар

Дәріс жоспары:

  1. Сурлемдік дақылдар туралы жалпы мағлұматтар

  2. Сүрлемдік жүгері

  3. Күнбағыс

  4. Рапс


Сүрлемдік дақылдар
Мал азықтық өсімдіктердің барлық түрлерінен сүрлем дайындауға болады. Бірақта белгілі өсімдік топтары сүрлемдік дақылдар болып бөлінген. Олар көк балаусасының өнімі жоғары және тұрақты, қоректілігі жақсы, астық дақылдарының жиыны басталғанша сүрлемге салуға дайын болуы шарт. Негізгі сүрлемдік дақылдарға жүгері, күнбағыс, құмай, жер алмұрты, мал азықтық қырыққабат жатады. Бұдан басқа сүрлемнің қоректілігін көтеру үшін құнарлығы жоғары бұршақ тұқымдастарын (шығыстың ешкі шөбі, эспарцет, мүйіз бас шөп т.б.), картоп, мал азықтық сәбізді және де жаңа сүрлемдік өсімдіктерді (аю балдырғаны, құлқайыр, марал шөп тамыры т.б.) пайдалану өте орынды (А.Ахмет, 1996).

Өсіру агротехникасының ғылыми жетістіктерін сақтап өндіріске енгізе отырып аңыздық және шабыннан кейінгі себілген дақылдардан мол көк балауса өнімін алуға болады. Шабыннан кейінгі егістік ретінде көптеген сүрлемдік дақылдарды өсіреді. Оларды алғашқы үсік түскенге дейін жинайды. Біздің республикада, әсіресе оңтүстік аймақтарда, шабыннан кейін сүрлемге жүгеріні, күнбағысты, жер алмұртын, құмайды, мал азықтық қарбызды т.б. себуге қолайлы.


Сүрлемдік жүгері

Шаруашылық маңызы және таралуы. Жүгерінің сүрлемдік дақыл ретінде мал азықтық маңызы зор. Республикада сүрлемге негізінен жүгеріні өсіреді. Малға жүгеріні көк балауса, немесе сүрлем түрінде береді. Оның көк балаусасында 1,5-2,7% шикі протеин, 0,7-0,8% май, 4-5% қант және 5-6% клетчатка бар.

Жүгері дәнінің сүттене қамырланып піскен собығынан салынған сүрлемнің қоректілігі өте жоғары. Осындай собықтан дайындалған сүрлемнің 100 кг-да шамамен 40 а.ө., сабағы, жапырағы собығы араласқан сүрлем – 21,2 а.ө., тек қана сабағы мен жапырағынан дайындалған сүрлемде – 15,7 а.ө. бар. Жүгерінің сүттене-қамырланып піскен кезеңіндегі көк балаусасында каротин көп кездеседі. Оны көбінесе белокты мал азығына қосымша ретінде пайдаланып ірі қараға семіртуге қойғанда береді. Осындай әдістермен пайдаланған жүгері өнімін республиканың барлық аймақтарында өсіруге болады. Жүгеріні собығымен сүрлемге өсірудің интенсивті технологиясының үлгісі 9-кестеде келтірілген.

Сүттене-қамырланған собықтарымен салынған жүгері сүрлемі мал организмінде жақсы қорытылуымен ерекшеленеді. Мұндай сүрлеммен қоректенген сиырдың сүттілігі артады және малдың тәуліктік ет қосуы көтеріледі.

Дәні жинап алынғаннан кейінгі жүгері сабағын басқа шырынды дақылдармен бірге салынған сүрлемі өте дәмді келеді. Оның ұсақталған сабанын қызылша сығындысымен және картоп төпімен сүрлемге салған тиімді.


9-кесте. Құрғақ далалық аймақта жүгеріні дән түзілген кезінде сүрлемге салудың интенсивті технологиясы

Технология

Технологиялық операциялардың

Техникалар

1

2

3

1. Сыдыра жырту

Алғы дақылдан кейін 1-2 ізбен 8-10 см тереңдікте

БДТ-7, БДТ-3 т.б.

2. Органикалық және минерал тыңайтқыштарын беру

Сүдігер жырту алдында әр гектарға 30 т көң N100-150

P60-90 K45-60 кг ә.з. шашу немесе бөлектеп:

1) тұқым сепкен кезде;

2) бірінші қатараралығын өңдегенде;

3) екінші қатараралығын өңдегенде


РТТ-4,2

РМГ-4


РУМ-8

КРН-5,6


КРН-4,2

3. Сүдігер жырту

Күзде оңтайлы мерзімде 25-30 см тереңдікте, жеңіл топырақта – көктемде жырту – 20-25 см тереңдікте

ПЛТ-6-35

ПТК-9-35


4.Танаптың бетін тегістеу

Жер жыртқаннан кейін

Арнайы тегістегіштер

5.Қанықтырып суару

Ауыр топырақта суару мөлшері -1200-1700 м3/га орташа құмбалшықты топырақта – 100-1200 м3/га. Жеңіл топырақта және ыза суы жақын орналасқан жерде – көктемде суарады

ПА-3

ПН-4


6. Ерте көктемде топыраққа ылғал жабу

Ауыр тырмамен 1-2 рет

БЗСС-1,0

7.Тұқым себер алдындағы топырақ қопсыту

Тұқым сіңіру тереңдігінде (8-10 см) тырмалаумен бірге

РВК

8. Тұқым себу

Тұқым сіңіру тереңдігі (6-8 см) +8-100С топырақ жылығанда. Тұқым нүктелеп, қатараралығын 60-70см өсімдік саны 70-75 мың/га

СПЧ-6

СУПН-8


9. Гербицид шашу

Гербицид топырақ тұқым себер алдында өңдегенде шашылады немесе тұқым сепкеннен кейін шашылып тырмаланады.

ПОУ, ОВТ-1

ОПШ-15


10.Тұқым себер алдында және сепкеннен кейін тырмалау

Топырақ қабыршығы пайда болғанда немесе гербицид шашылғанда тырмамен жабады.

БЗСС-1,0

11.Вегетация кезеңінде гербицид шашу

Сақтандыру гербициды 3-5 жапырақ түзілгенде шашылады

ОВТ-1

ПО-4, ОПШ-15



12.Қатараралығын өңдеу

Қатараралығын культивациялау танап қамыспен т.б. ластанғанда жүргізіледі

КРН-4,2

КРН-5,6


13.Суару

Танапты суару шашақтануға дейін 70% (ТСС) шашақтану-гүлдену кезең-інде 80% (ТСС) мөлшерінде жүргізу. 3-5 рет суарылады

ДДА-100М «Днепр»

ДДН-70 т.б.



14.Жинау

Сүрлемге дәні сүттеніп-қамырланып піскенде салынады

КСКУ-6

КСК-100


Жүгеріні сүрлемге өсіргенде оның дәнінің толықтай пісуі қажет емес. Сол себепті оның кеш пісетін сорттарын сеуіп жоғары өнім алуға болады. Өсіру агротехникасын толықтай сақтап қолданған кезде жүгерінің әр гектарынан 400-500 ц-дей, ал суармалы жерлерде – 800-1000 ц-дей көк балауса жинауға болады.

Сүрлемге өсіруге жүгерінің суыққа және аязға төзімді сорттарын таңдайды.



Өсіру агротехникасы. Сүрлемге өсіретін жүгерінің көк балаусасынан жоғары өнім жинау үшін көп су керек. Сол себепті жүгері өсіру агротехникасының негізгі міндетіне топырақта судың көп қорын жасап сақтау. Жүгері құнарлы топырақтарда жоғары өнім түзеді. Сондықтан танапқа көң төгу мөлшері дәндік жүгеріден жоғары болуы тиісті (30-40 т/га). Сүрлемдік жүгеріні танаптық, малазықтық және ферма маңындағы ауыспалы егістерде өсіреді. Оңтүстік аудандарда сүрлемдік жүгеріні аңыздық дақылдар ретінде өсіріп жылына екі өнім алуға болады. Және де оны шабыннан кейінгі дақыл ретінде, малазықтық дақылдардан кейін өсіру технологиясы кең орын алған.

Кейбір жерлерде сүрлемдік жүгеріні тыс танаптарда өсіреді. Ресейдің мал азықтық ҒЗИ мәліметтерінен белгілі болғандай мұндай танаптарда сүрлемдік жүгеріні 8-10 жыл дара дақыл егісі ретінде өсіріп жүйелі қоректендірген жағдайда өнімін төмендетпеген.

Жүгеріні негізінен нүктелеп себеді, қатараралығын өсіретін топырақ-климат жағдайына байланысты 45-70 см.

Жүгеріні сүрлемге және көк азыққа пайдаланғанда әр гектардағы өсімдік тығыздығы дәнге өсіргенге қарағанда жоғары болады. Көк азық, немесе ерте кезеңінде сүрлемге салуға себілетін жүгері тығыздығы гектарына 120-200 мың және одан да көп өсімдік болуы мүмкін. Сүттене-қамырланып піскен кезеңінде сүрлемге салынатын жүгерінің әр гектарына 80-120 мың өсімдік болуы тиісті. Яғни әр гектарға 30 кг-нан 80-90 кг-ға дейін жүгері тұқымы себіледі.

Жүгеріні сүрлемге және көк азыққа бұршақ дақылдарымен, күнбағыспен, құмаймен қосып себу өріс алып келеді. Қоспа үшін бұршақ дақылдарынан оңтүстік аймақтарда май бұршақ, орталық және солтүстік аймақтарда – мал азықтық бұршақ, бөрі бұршақ, сиыр жоңышқа т.б. тиімді.

Күтіп-баптау жұмыстарына жүгері егістігін өскін бергенше және толық өскін алғаннан кейін тырмалау, қатараралықтарын өңдеу және гербицидтер шашып арамшөптерді жою жатады. Кеңқатарлап нүктелеп себілген жүгері егістігінде қатараралығын вегетация кезеңінде 2-3 рет өңдейді: 1ші өңдеу өсімдік үш-бес жапырақ салғанда, 2ші бірінші өңдеуден екі жұма кейін; 3ші өңлеу өсімдік биіктігі 60-70 см болғанда жүргізіледі. Жүгері егістігін негізінен суару арықтары арқылы, немесе жаңбырлатып суарады. Кейбір оңтүстік аудандарда осы екі әдісті бірге қолданады: бір-екі суару жаңбырлатып (суару мөлшері 400-500 м3/га) одан кейін қарықтармен суарады (суару мөлшері 700-800 м3/га).

Жүгеріні сүрлемге сүттене-қамырланып піскен кезеңінде 8-10 см биіктікте шабады. Собықтары мен сабақтарын бөлек сүрлемге салады. Күзгі суық түсу қаупы бар кездері жүгерінің өсу кезеңіне қарамастан сүрлем жинайтын комбайнмен шабады (СК-2,6 т.б.). Жүгеріні көк азыққа жинау шаруашылыққа тиімді мезгілде және өнімі толықтай қалыптасқасын жүргізеді. Айта кету керек жүгерінің шашақбасы гүлдеген кезінде көк азығының желінуі төмендейді.
Күнбағыс

Шаруашылық маңызы және таралуы. Күнбағыс (Helіenthus annuus L.) біржылдық күрделігүлділер (астра) тұқымдасына жататын өсімдік. Қазақстанда күнбағысты майлы және мал азықтық дақыл ретінде себеді. Оның тұқымында 47-52% дейін май және 16-17% дейін белок бар. \Өсімдік майы бірінші орынды алады, дәмінің сапасы жағынан ең жақсы майлар қатарына жатады (61-сурет).

Күнбағыс – бағалы сүрлемдік дақыл. Оны біржылдық бұршақ дақылдарымен қосып сепкенде көк балаусасының қоректілігі жақсы көтеріледі. Күнбағысты гүлдеген кезеңінде сүрлемге жинағанда көк балаусасында 70% су, 3% ақзат, 1% май, 17% көмірсулары, 50% мг дейін каротин болады. 100 кг сүрлемінде 16-17 а.ө. және 1,5-1,7 кг қорытылатын протеин бар. Күнбағыс сүрлемімен қоректенген малдың өнімділігі артады.

Күнбағыстан май сығып алғаннан кейінгі қалдықтары – күнжарасы бағалы мал азығы болып есептеледі. Оның құрамында 20-35% дейін ақзат бар және ол малдарға, әсіресе сауын сиырларға бағалы құрама жем. Қоректілігі жағынан ол астық дақылдарынан кем түспейді. 100 кг күнжарасында 93-115 а.ө., 35,7-37,3 кг қорытылатын протеин, 360-590 г кальций және 1200-1300 г фосфор бар. Және онда 2,5-7% дейін май, В топтарына жататын витаминдер кездеседі.

Күнбағыс дәнін жинап алғаннан кейінгі кәрзенкелері қосымша мал азығы. Оларды мал азығы ұндарын, түйіршіктерін дайындауға қолданады. Күнбағыс қалдықтарынан дайындалған азықтық ұнда бидай және арпа жемдеріне қарағанда май 10 есе, темір – 7 есе, мыс пен цинк – 3 есе, кобальт пен молибден – 68 есе, метионин, аргинин, валин, т.б. аминқышқылдары 15-20% көп. Мал азығы ұнында клетчатка мөлшерінің (20,7%) жоғары болуына байланысты оны ірі қараға, қойға ірі азық ретінде де пайдаланады.

Күнбағыс – жақсы балжинағыш дақыл. Оның әр гектарынан 100-120 кг-ға дейін бал жинауға болады. Күнбағыс көптеген дақылдар үшін жақсы алғы дақыл болып есептеледі, ал суармалы жерлерде фитомелиорант ретінде пайдаланады.

Қазақстанда күнбағысты барлық аймақтар өсіреді. Оның негізгі өсіру аймақтары республиканың солтүстік және шығыс облыстары. Күнбағыстың көк балаусасының өнімі әр гектар 600-800 ц-ге дейін.






61 сурет. Күнбағыс
Ботаникалық және биологиялық ерекшеліктері. Күнбағыс біржылдық жарықсүйгіш, қысқа күннің өсімдігі. Сүрлемге негізінен бойлап өсетін, жақсы жапырақтанған сорттары себіледі. Бүршіктену кезеңіне дейін оны көк балаусаға, бүршіктену – гүлдену кезеңінің басында сүрлем салуға пайдаланады. Тамыр жүйесі кіндікті, күшті дамыған. Орталық тамыры 2,5 м тереңдікке дейін өседі, жанама тамырлары 90 см тереңдікке бойлайды. Тамырының негізгі массасы (70%) топырақ қабатының 0-70 см орналасады. Сабағы тік өседі сүрлемдік сорттары жақсы бұтақтанған. Сабағының пішіні домалақ немесе қырлы, тығыз түктенген. Жапырағы қарапайым, ретті орналасқан, сағақты, пішіні сопақ, жүрек тәрізді, түктенген. Ерте пісетін сорттарының жапырақтануы кеш пісетін сорттарына қарағанда төмендеу. Бір өсімдікте жапырақтар саны 24-32 дана, жапырақ алақаны 3-8 мың шаршы см дейін болады. Гүлшоғыры – дөңгелек пішінді кәрзеңке, сорттарына қарай диаметрі 15-20 см және одан да жоғары. Оның негізін гүл тұғыры құрайды, шеттерінде жыныссыз ұзынша – тілді, ал ортасында – қосжынысты түтік тәрізді гүлдері орналасқан. Кәрзеңкеде гүлдену шетінен ортасына қарай жүреді. Бір кәрзеңкенің гүлденуі 7-10 күнге созылады.

Жемісі –шекілдеуік, ол жеміс қабығынан және тұқымнан құралады. 1000 шекілдеуіктің салмағы сүрлемдік сорттарда 35-55 г, майлы сорттарда 40-80г, қауыздылығы 28-35%. Күнбағыс тұқымы +4-50С жылылықта өне бастайды, ең қолайлы температура +16-180С болып есептеледі және осы жағдайда күнбағыс көгі 6-9 күнде пайда болады. Өркендері – 5-60С көктемгі бозқырауға шыдайды. Күнбағыс жылу сүйгіш өсімдік. Ол жоғары температураға 8-10 сағат бойы шыдайды. Оған керекті температура жиынтығы сорттарына қарай 1600-29000С аралығында. Ал сүрлемге өсіргендегі керекті температура жиынтығы 1200-14000С тең. Күнбағыс құрғақшылыққа төзімді өсімдіктер қатарына жатады. Оның транспирациялық коэффициенті 470-550 тең. Өсіп-өну кезеңдеріне қарай жалпы пайдаланатын судың шығыны былай бөлінеді: кәрзеңке түзілгенге дейін 20-22%, гүлденуінің соңына дейін 60-62%, піскенге дейін 18-20%. Орташа әр гектарға су пайдалану мөлшері 3000 м3 шамасында.

Күнбағыс – қысқа күнді, жарық сүйгіш өсімдік. Жарық аз түскен жағдайда өсімдіктің өсуі мен дамуы әлсірейді, өсіп-өнуі кезеңдері ұзарады.

Күнбағыс қара және қоңыр топырақты жерлерде жақсы өседі. Өзен алқаптарында жоғары өнім түзеді.

Қазақстанда сүрлемдік күнбағыстың егіс көлемі кезінде 160-200 мың гектарға дейін жетті, соның 100 мың гектары республиканың солтүстік облыстарында себілді. Күнбағыстың сүрлемге көптеген сорттары өсіріледі. Соның ішінде көп тарағаны В.С.Пустовойт атындағы Ресейдің (кезінде Бүкілодақтық) майлы дақылдардың ғылыми-зерттеу институтының (ВНИИМК) сорттары: ВНИИМК-6540, ВНИИМК-8883, Передовик, Армовирский-3497 және де Воронежский 154, Красноярский силосный сорттары. Біздің республикада күнбағыстың Передовик, Гигант 549-917, Богатырь сорттары өсіріледі.

Өсіру агротехникасы. Сүрлемдік күнбағыс егістік және мал азықтық ауыспалы егісте өсіріледі. Оған ең жақсы алғы дақылдар – күздік бидай, жаздық астық дақылдары, дәнді бұршақ дақылдары және көк балаусаға, сүрлемге өсірілген жүгері.

Жер өңдеу. Күнбағысты астық дақылдарынан кейін орналастырылған жағдайда күзгі жиыннан кейін аңызды сыдыра жыртады. Сыдыра жыртуды арамшөптермен ластануына және топырақтың беткі қабатының ылғалдылығына қарай әртүрлі тереңдікте жүргізеді. Егіс танабы тамыр-өркенді арамшөптермен қатты ластанған жағдайда топырақты екі қабатта жырту тиімді, бірінші – 16-18 см екінші – 30-32 см тереңдікте. Жел эрозиясы қаупы бар жерлерде топырақты сыдыра жыртады.

Тыңайтқыштар беру. Күнбағыс көп қоректік заттарды керек ететін дақыл. Әсіресе оған калий керек. Күнбағыстың 500 ц көк балаусасымен топырақтың әр гектарынан 150 кг азот, 45 кг фосфор қышқылы және 300 кг калий алынады екен. Күнбағысқа негізгі тыңайтқыш ретінде күзгі сүдігер жырту кезінде әр гектарға 20-30 т көң және сонымен қоса N45-60 Р40 К60 минерал тыңайтқышын береді. Жазда күнбағыстың қарқынды өскен кезінде азот тыңайтқышымен (N30) үстеп қоректендіру тиімді.

Тұқымды себуге дайындау жұмысының маңызы зор. Себуге кем дегенде 2-ші категориялы және 2-ші класты тұқым пайдаланылады. Себер алдында тұқымды жылы ауада ұстайды, ауруларға қарсы 65% фентураммен (немесе басқа) дәрілейді.

Тұқымды себу мерзімі топырақтың тұқым себу тереңдігі +8-100С жылығанда жүргізіледі. Бұл мезгіл астық дақылдарын сепкеннен кейін бір-біржарым жұма өткен кезге сәйкес келеді.

Себу тәсілін кеңқатарлап, қатараралығын 60-70 см етіп алады. Күнбағыс себілетін аудандардың жауын-шашын мөлшеріне байланысты күзгі жинау кезінде танаптың әр гектарында 60-100 мыңға дейін өсімдік болуға тиісті (ылғалды жерлерде – 80-100 мың; құрғақ далалық аймақтарда – 60-80 мың дана). Мұндай жиілікте қатардың әр метріне 8-12 өнгіш тұқым себілуі керек. Тұқым себу мөлшері 12-20 кг/га өнгіш тұқым, себу тереңдігі -6-8 см.

Егістікті күтіп-баптау. Егістік бетіндегі пайда болған қабыршақты тұқым сепкеннен кейін 5-7 күн өткесін тырмамен жояды. Екінші тырмалау күнбағыс өскінінде 2-3 жапырақ түзілгесін жүргізіледі. Күнбағыстың жаз бойы қатараралығын 2-3 рет қопсытады (культивациялайды). Арамшөптерге қарсы себер алдындағы топырақ қопсыту кезінде топыраққа гербицид (прометрин, трефлан, дуал т.б.) сіңіреді.

Суармалы танапта күтіп-баптау жүйесіне кезеңдік суару жұмыстары жатады. Күнбағыстан жақсы өнім алу үшін топырақтың ылғалдылығы толық су сиымдылығының 70% болуы тиісті. Суару мөлшері әр гектарға 600-800м3 шамасында.

Өнімді жинау. Күнбағысты сүрлемге жаппай гүлдегенде шабады (шілденің аяғы-тамыздың басы). Яғни жүгеріні жаппай жинау басталғанша күнбағыс жиналып бітуге тиіс. Күнбағысты сүрлем жинайтын комбайндармен шабады. Шабу биіктігі 8-10 см аспауы керек.

Рапс

Шаруашылық маңызы және таралуы. Рапс адамзатқа ерте заманнан белгілі болған дақыл. Декандольдың болжамы бойынша бұл дақыл біздің заманымыздан 4 мың жыл бұрын өсіріле бастаған. Рапстың отаны Голландия және Англия болып есептеледі. Сол жерден 16 ғасырдан бастап ол Европаға кең тараған.

20 ғасырдың орта кезінен бастап рапстың кейбір түршелері мал азығы ретінде Англияда, Америкада, Жаңа Зелландияда пайдаланыла бастады. Сол кезден бастап мал азықтық рапс біздің Одаққа әкелініп жерсіндірілді. Қазіргі кезде ол мал азығына Россияда, Белоруссияда, Прибалтикада, Солтүстік Кавказда кеңінен өсіріледі (62-сурет).

Рапс және де майлы дақылдардың ішіндегі өте кең тарағаны. Дүние жүзінде ол көлемі жағынан үшінші орында (майбұршақтан және арахистен кейін).

Қазіргі кезде рапс майлы дақыл ретінде Азияда, оның ішінде Индияда, Канадада кеңінен өсіріледі. Жыл сайын оны дүние жүзінде 10-12 млн. га жерге өсіреді.

Рапс жақсы сүрлемдік дақылдардың қатарына жатады. Оны көк балауса ретінде малға беруге және жайылым ретінде қара малға, шошқаларға пайдаланады.

Рапсты суыққа төзімділігіне байланысты солтүстік облыстарда кеңінен өсіруге болады. Рапс аңыздық егіске және шабыннан кейінгі егіске өсіруге тиімді дақыл. Оның күздік түрі жаздық түрінен өнімдірек. Ең жоғарғы өнім рапсты көктемде сепкенде алынады.

Бүкілодақтық ғылыми-зерттеу өсімдік институтының (ВИР) тәжірибе шаруашылығында рапстың әр гектарынан 600-800 ц көк балауса алынған. Ал қайталама егістегі өнімі 400-610 ц/га көк балауса болған. Оның Дубленский сортынан екі рет орғанда әр гектардан 700-970 ц дейін көк балауса алынған. Белоруссияда оның өнімі 400-600 ц/га аралығында болды.

Рапсты топырақ эрозиясымен (жел және су эрозиясы) күресу үшін де пайдаланады. Оның осы маңызды ерекшеліктері Краснодар аймағында жан-жақты зерттеліп анықталды (Р.Кузнецова, 1977).

Рапс жақсы алшынкөк береді. Оны вегетация кезінде 2-3 рет оруға болады. Оның көк балаусасы белокка бай. Рапстың көк балаусасының химиялық құрамы: су –87,9%, протеин-2,61, май-0,51, клетчатка-2,40, азотсыз экстрактивті зат- 4,83 және күл-1,74, каротин мөлшері-5,1 мг/кг. Сүрлемінде бұл көрсеткіштер 87,3; 2,4; 1,3; 0,7; 2,7; 5,0% және 1,9 мг/кг шамасында.

Сүрлемдегі протеин мен белоктың қорытылу коэффиценті 72 және 60-қа тең.

Рапстың 100 кг сүрлемінде 10,2 азықтық өлшем және 1,7 кг қорытылатын протеин бар.

1 азықтық өлшемде 170 г қорытылатын протеин болады. Рапстың 1 кг көк балаусасында 4,46 г калий, 2.58 кальций, 0,96 күкірт, 0,75 фосфор, 0,75 хлор, 0,28 магний және 0,23 г натрий кездеседі. Рапстың көк балаусасын басқа сүрлемдік дақылдармен қосып сүрлемге салған тиімді. Оның таза сүрлеміне қарағанда қоспа сүрлемін мал сүйсініп жейді.





62 сурет. Рапс

Рапсты мал азығына бірінші ору шілде айында жүргізіледі. Оның тұқымының өнімі әр гектардан 8-12 ц аралығында. Жаздық рапстың өнімі төмендеу 4,0-7,0 ц/га шамасында.



Ботаникалық және биологиялық ерекшеліктері. Рапс айқышгүлділер немесе қырыққабат тұқымдасына жататын біржылдық өсімдік.

Тамыры-кіндік тамырлы, жоғарғы жағы жуан, жан-жағына тамыршалары жақсы жайылған. Сабағы тік өседі, жақсы бұтақтанған, жапырақтануы орташа. Гүлдеген кезіндегі биіктігі 100-110 см.

Жапырағы ірі, ұзынша қауырсын тәріздес, сағағы қысқа, түсі ақшыл-жасыл.

Гүлшоғыры-ұзынша, сирек келген шашақгүл. Гүлінің желегі ақшыл-сары түсті. Тұқымы-бұршаққын, түзу, не болмаса ептеп бүгілген, ұзындығы- 3-10 см. Дәні домалақ, қара сұр немесе қара қоңыр, ұсақ. 1000 дәнінің массасы 4-5 г.

Рапс тұқымымен өсірілетін дақыл. Тұқымы 5-6 жылға дейін өнгіштігін сақтайды. Тұқым өнгіштігі жоғары.

Танапта өсіп-өнуі топырақ +2-40 жылығанда басталады. Жақсы өнгіштігі +80 байқалады.

Көктемде сепкенде өскіні 8-10 күннен кейін, жазда сепкенде-4-5 күннен кейін байқалады.

Рапс суыққа, аязға төзімді, ерте пісетін және суды көп қажет ететін, құнарлы топырақта жақсы өнім беретін өсімдік. Шаруашылықта күздік және жаздық түрлері өсіріледі.

Оның қысқа төзімділігі нашар. Сондықтан оның екі түрін де ерте көктемде сепкен дұрыс.

Рапс шілде айында гүлдеп, тұқымы тамызда піседі. Рапстың өскіні және дамыған өсімдігі зиянкестермен зақымданады (жер бүргесі, рапстың егеушыбыны, рапстың гүлжемісі). Сондықтан танапқа дер кезінде зиянкестерге қарсы химикаттарды (тиофос, полихлорпинен т.б.) бүркіп шашу керек.

Рапстың аурулармен (фузариоз, тамыр бактериозы т.б.) залалдануын азайту немесе болдырмау үшін оны жақсылап үстеп қоректендіріп қатараралығын қопсытып, арамшөптерді жойып және де ауыспалы егісте орналастыру қажет.

Өсіру агротехникасы. Рапс отамалы немесе ферма жанындағы ауыспалы егісте өсіріледі. Рапс үшін жақсы алғы дақылдар-отамалы дақылдар, картоп және де күздік астық дақылдары. Рапсты жазда сепкенде оны мал азығына жинайтын күздік қара бидайдан, сиыр жоңышқа мен сұлының қоспасынан кейін аңыздық дақыл ретінде себеді.

Топырақ дайындау жүйесі отамалы дақылдар сепкендегідей. Ең маңыздысы себер алдында топырақты өңдеу жұмыстары (қопсыту, тырмалау, тегістеу, тығыздау).

Күзде зябь жыртқанда танапқа әр гектарына 30-40 т органикалық тыңайтқышы 3,0-4,0 ц суперфосфат және 2,0 ц калий тұзы сіңіріледі.

Күздік рапсты мал азығына ерте көктемде себеді. Жаздық рапсты сүрлемге мамыр айының басында, ал күздік сүрлем алу үшін-шілде айының ортасында себеді.

Рапсты себу әдісі кеңқатарлап (45-50 см). Жаздық рапсты қатарлап себуге де болады.

Себу мөлшері: күздік рапсты кеңқатарлап сепкенде әр гектарына 3-4 кг; жаздық рапсты қатарлап сепкенде-10-12 кг өнгіш тұқым.

Себу тереңдігі 2-3 см. Сепкеннен кейін танапты міндетті түрде тығыздайды. Тұқым себуге ең бірінші көкөніс тұқым сепкішін (СОН-2,8) пайдаланады.

Танапты күтіп-баптау жұмыстары оның қатараралығын қопсытудан, арамшөптерді жоюдан басталады. Содан кейін зиякестермен, аурулармен күрес жұмыстары жүргізіледі. Үстеп қоректендіру рапсты бірінші орып алғаннан кейін жүргізіледі. Сол кезде танапқа сүйық тыңайтқышқа араластырып садыра (жидкий навоз) шашқан (5-10 тн/га) өте тиімді.

Рапстың тұқым шаруашылығын жүргізу қиыншылық тудырмайды. Ол өздігінен тозаңданатын және де кейбіреуі айқас тозаңданатын өсімдіктерге жатады.

Оның тұқымдық егістігін құнарлығы орташа құрғақ және бейтарап топырақтарда орналастырады. Жаздық рапстың тұқымын барлық аймақтарда, ал күздік рапстың тұқымын жылы аймақтарда өсіруге болады.

Тұқымдық рапстың өсімдік тығыздылығы жақсы болған жағдайда ол біркелкі және тезірек пісіп жақсы өнім береді. Сондықтан оны көбінесе қатарлап себеді. Себу мөлшері 10-12 кг/га.

Рапс біздің республикада келешегі мол дақыл. Оны мал азығына да, өсімдік майын алу үшін де себу тиімді. Осы дақылмен ғылыми жұмыстар жүргізу келешектің міндеті.


ҰСЫНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

Негізгі әдебиет:

  1. Қ. К. Әрінов, Қ.М. Мұсынов, А.Қ. Апушев, Н.А. Серекпаев, Н.А. Шестакова, С.С. Арыстанғұлов «Өсімдік шаруашылығы» , Алматы-2011жыл

  2. М.М. Жанзақов. Өсімдік шаруашылығы. Алматы, 2007 жыл

  3. М.И. Кондрашкина Лабороторно-практические заниятия по растениеводству, Москва-2006 г

Қосымша әдебиеттер

  1. И.А. Абугалиев. Справочник агронома. Алма-Ата, Қайнар,1985 ж

  2. В.Ф. Белик. Бахчевые культуры. М., Колос,1980 г

дәріс 12

Түйнек жемістілер

Мақсаты: Студенттерге түйнек жемістілер дақылдары туралы және оларды өсіру технологиялары туралы уйрету

Міндеті: Түйнек жемістілер дақылдармен таныстыру түсіндіру

Түйінді сөздер:Түйнек жемістілер

Дәріс жоспары:

  1. Түйнек жемістілер

  2. Шаруашылық маңызы және таралуы

  3. Ботаникалық және биологиялық ерекшеліктері

  4. Өсіру технологиясы

Түйнек жемістілер

Жер алмұрты

Шаруашылық маңызы және таралуы. Жер алмұрты астровые (asteraseae) тұқымдасына жататын көпжылдық түйнекті өсімдік.

Күн түйнегі жер алмұрты мен күнбағыстың түраралық буданынан пайда болған түйнекті мал азықтық өсімдік түршесіне жатады. Оның сыртқы пішіні жер алмұртына қарағанда ірі де қуатты, бірақ жапырақ саны мен мөлшері, сабағы мен бұтағының жуандығы жағынан жер алмұрты мен күнбағыстың аралығында (57-сурет).

Жер алмұртының отаны – Солтүстік Америка. Бұл жерде осы өсімдіктің жабайы түрі анықталған. Бұрынғы Одақ көлемінде жер алмұртын мал азығына бірінші рет Украинада, Солтүстік Кавказда және Беларуссияда өткен ғасырдың 30-шы жылдарында өсіре бастады. Соғыстан кейін (50-ші жылдары) алғашқы сорты шығарылып зерттеліп, өз бағасын алды.

Бұл екі дақылдың да сабағы мен тамыр түйнегін мал азығына пайдаланады. Сабағы жеке дара да, немесе басқа дақылдармен де қосылып сүрлемге салынады. Сүрлемі сапасы жағынан күнбағыстың сүрлемінен жоғары.

Жер алмұрты мен күн түйнегінің тез пісетін сорттары шошқаға көктем кезінде жақсы жайылым болып есептеледі.

Жас өсімдіктерінде көмірсулары, оның ішінде қант көп кездеседі де оны ұсақтап бергенде мал сүйсініп жейді. Көк балаусасында каротиннің мөлшері күнбағысқа және жүгеріге қарағанда көбірек. 1 кг көк балаусасында 180 мг каротин және 938 мг С витамині болады. 100 кг көк балаусасында 20-25 азықтық бірлік бар. П.П.Вавиловтың мәліметі бойынша жер алмұртының сорттарының көк балаусасында абсолютті құрғақ затында орта есеппен 5,2% каротин, 27,5% клетчатка, 3,4% май, 55,7% азотсыз экстрактивті зат, 7,1% күл болады.





57 сурет. Жер алмүрты

1,2 - өсімдіктің өскіні және қарқынды түйнек салу кезеңі; 3- сабағының бөлігі; 4 - гүлдері: түтікті (а) және тіл тәріздес; 5 - жемісі; 6 - түйнегі.
Сүрлемінде 2,1% протеин, 1,7% белок, 0,4% май, 3,1% клетчатка, 8,9% азотсыз экстрактивті зат, 1,9% күл болады.100 кг сүрлемінде 15 а.ө. бар.

Күлінің құрамында калий, натрий, фосфор, әсіресе темір көп кездеседі.

Жер алмұрты мен күн түйнегінің мал азығына әсіресе пайдалысы олардың тамырындағы түйнектері. Олардың сапалық көрсеткіштері картоппен бірдей. 100 кг түйнегінде 30 азықтық бірлік болады. Түйнегінде 6,2% протеин, 5,7% клетчатка, 5,6% май, 76,3% азотсыз экстрактивті зат, 55,0% күл болады.

Түйнектерінің нашар сақталуына байланысты оны күзде мал азығына және көктемде қазып алып малға берген тиімді. Түйнектері егістікте жақсы қыстап шығады. Сондықтан оны күзде жинап алмай-ақ, көктемде жинап малға беру тиімді. Қазақстанның оңтүстігінде және оңтүстік-шығыс аймақтарында түйнектерді күзде қыркүйек-қазан, көктемде наурыз-сәуір айларында мал азығына пайдалануға болады. Оны сабағымен қосып сүрлемге салып қыста да пайдаланады.

Бұл өсімдіктердің өнімі өте жоғары. Көпшілік сорттарының әр гектарынан алынатын көк балаусасының орташа өнімі 350-450 ц, ал ең жоғарғы өнімі – 850-900 ц/га дейін жетеді. Ең жоғарғы өнім Украинада, Беларуссияда, Латвияда, Москва мен Ленинград облыстарында алынды. Түйнегінің өнімі гектарына 45-60 ц, ал ең жоғарғы өнімі – 110-130 ц/га дейін жетеді.

Солтүстік Қазақстан облысында жер алмұртының әр гектарынан 277 ц көк балауса және 94 ц түйнек жиналды (Свешников А.М., 1979).

Өсіру агротехникасы дұрыс сақталған жағдайда оны бір жерде өнімін төмендетпей 8-10 жылға дейін және одан да ұзағырақ пайдалануға болады.


Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Мамандығына арналған Сұлтанмахмұттану ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Студенттерге арналған оқу әдістемелік кешені
umkd -> ПӘннің ОҚУ Әдістемелік кешені 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған «Ұлы отан соғысы және соғыстан кейінгі жылдардағы қазақ әдебиетінің тарихы (1941-1960)» пәнінен ОҚытушыға арналған пән бағдарламасы
umkd -> «Балалар әдебиеті» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 2013 жылғы №3 басылым 5 в 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті»
umkd -> ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешенінің
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет