ПОӘК «Ауылшаруашылық дақылдары» пәнінеіне арналған оқу-әдістемелік материалдар



бет5/5
Дата26.08.2017
өлшемі9,53 Mb.
#29545
1   2   3   4   5

Ботаника-биологиялық ерекшеліктері. Жер алмұрты мен күн түйнегі кіндік тамырлы. Тамыры тереңге бойлайды. Орталық тамырынан көпшілік ірілі-ұсақты тамыршалары жан-жаққа жайылып өседі және олар топырақ қабатының 10-30 см қабатында орналасады. Өсімдіктің жер астында 15 см тереңдікте сабақтары (столоны) пайда болып, оның ұшында түйнектер байланады. Түйнектердің пішіні дөңгелекше, алмұрт тәріздес, түйреуіш немесе ұзынша келеді. Салмағы 10 грамнан 100 грамға дейін болады. Түйнектерінің сыртқы қабаты нашар дамуына байланысты ол ұзақ сақталмайды.


Сабағы біржылдық, тік, шеңбер тәріздес түктері қатты және жақсы бұтақтанған. Биіктігі 1,5-4,0 м дейін өседі.

Жапырағы қарапайым, сағағы ұзын, пішіні жұмыртқа тәріздес, қалың түктілі. Жапырағының саны орта есеппен 20-30 дана.

Гүлшоғыры – себет тәрізді, гүлдері түтікше келген. Гүлінің желектері сарғыш немесе қызғылт-сары түсті. Өздігінен, не болмаса айқас тозаңданады. Жемісі - қара сұр тұқымша. 1000 тұқымның массасы – 7-9 г.

Жер алмұртының түйнектері +4-6º0С жылылықта өсе бастайды да оның қалыпты өсуі + 8-120С жүреді. Өскіні мен қалыптасқан өсімдігі жылуды аса қажет етпейді және – 60С шыдайды. Жер бетінде орналасқан түйнегі – 100С дейін суыққа шыдайды. Оның осындай суыққа шыдамды қасиетін құрамындағы инулин мен аздап қант болуымен байланыстырады. Және де бұл өсімдік ыстыққа да біршама шыдамды.

Ылғалды аса қажет етпейтін өсімдік. Ауаның құрғақшылық кезеңдерінде өсіп-өнуі жалғаса береді. Бірақ тамырына түйнек байланған кезеңінде суды көп қажет етуіне байланысты оны құрғақ аймақтарда өсіргенде суару тиімді. Топырақ ылғалдылығы толық ылғалдылықтың 50-60% деңгейінде болуы керек. Жамбыл және Алматы облыстарында бұл дақылдарды суармалы жерлерде өсірген тиімді.

Қысқа күннің өсімдігі. Күннің ұзақтығы оның гүлдену кезеңін ұзартады. Сондықтан оңтүстік аймақтарда жер алмұрты кеш гүлденіп, тұқымы піспей қалуы мүмкін. Өсу кезеңінің басында ғана жарықты көбірек қажет етеді.

Жер алмұрты мен күн түйнегі барлық топырақ түрлерінде өсе береді. Қышқыл, тұзды және батпақты жерлерде өсіп оңбайды.

Бұл өсімдіктер бейтарап және сәл қышқылдау құнарлы да жақсы қопсытылған, су сіңіру қабілеті жоғары топырақтарда жақсы өсіп, мол өнім береді.

Аурулар мен зиянкестерге төзімділігі орташа. Әсіресе ылғалды және қышқыл жерлерде көбірек залалданады. Көбінесе ақ шірік, бактериоз, склеротина аурулары кездеседі.

Зиянкестерден – жалған сымтәріздестер кездеседі, және мамыр қоңызының личинкасы түйнектерін зақымдайды.

Бұл өсімдіктердің аурулармен және зиянкестермен залалдануын төмендету үшін оның өсіру агротехникасының шарттарын бұлжытпай орындаған абзал.

Қазіргі кезде жер алмұртының мына сорттары шығарылып аудандастырылды: Находка, Вадим, Белая урожайная, Волжская 2, Киевская белая, Ленинградская, Скороспелка. Бұл сорттар – сүрлемдік, түйнектік және аралық болып бөлінеді. Оның көпшілігі мал азықтық сорттар.



Өсіру агротехникасы. Жер алмұрты мен күн түйнегін ферма жанындағы ауыспалы егісте, не болмаса одан тыс танаптарда өсіреді. Ең жақсы алғы дақылдар көпжылдық шөптердің қыртысы, күздік бидай болып есептеледі.

Себуге жер дайындау жұмыстары күзде танапты жақсылап (27-30 см тереңдікте) жыртудан басталады. Жыртудың алдында танапқа органикалық (30-40 тн/га) және фосфор-калий (P30K60) тыңайтқыштарын шашады. Көктемде культивацияның алдында әр гектарға 2,0-3,0 ц суперфосфат, 1 ц калий тұзын және 1 ц азот селитрасын берген тиімді.

Түйнекті ең қолайлы отырғызу кезі ерте көктем, яғни түйнек өсіп-өнгенге дейін. Тұқымдық материалды көктемде егіс танабын аудара жыртып түйнектерді жинап сұрыптау арқылы дайындайды. Отырғызуға майда (10-20 г) түйнектер де пайдаланылады.

Тұқым отырғызу әдісі кеңқатарлап (60-70 см) және қатардағы арасы 40-50 см.

Түйнекті шаршы-ұялап (60x60 немесе 70x70 см) отырғызуға да болады. Майда түйнектерді тұқымдыққа пайдаланғанда оны жиі отырғызған дұрыс.

Түйнек отырғызу картоп отырғызу сеялкаларымен, не болмаса қолмен, соқа немесе культиватор жүріп өткен ізге отырғызылады.

Түйнектің отырғызу тереңдігі 5-7 см, ал жеңіл топырақта 2-3 см тереңірек отырғызылады.

Гектарына отырғызу мөлшері түйнектің салмағына қарай 3 центнерден 8-10 центнерге дейін болады.

Жер бетіне өскіні көрініп шыққаннан кейін қатараралығы арамшөптерге қарсы 2-3 қайтара өңделеді (бұтақтану фазасына дейін). Екінші қопсыту кезінде әр гектарына 2 ц азот селитрасы шашылып қоректендіріледі.

Екінші және одан кейінгі пайдалану жылдары жер алмұрты мен күн түйнектерінің егістігі ерте көктемде тырмаланады және керек болған жағдайда 28-30 см тереңдікте аудармай жыртады. Осы әдіспен егістіктің орташа тығыздығын қалыптастырады да оның пайдалану ұзақтығын анықтайды.

Көк балаусасын жинауға сүрлем жинайтын комбаиндарды пайдаланады. Өсімдік 20-30 см биіктікте орылады. Өйткені, орылғаннан кейінгі сабағының түбіндегі пластикалық заттар түйнектің өнімін жоғарылатуға әсер етеді.

Түйнегін картоп қазатын, картоп жинайтын комбаинмен жинайды, не болмаса күзде және ерте көктемде соқамен жыртып жинайды.



Картоп

Шаруашылық маңызы және таралуы. Картоп (Solanum tuberosum L.) алқа тұқымдасына жататын тамақтық, техникалық және малазықтық дақыл. Картоп халық шаруашылығында қоректілігі және таралуы бойынша ерекше орын алады. Картопты шикізат ретінде крахмал және спирт өндірісінде кеңінен қолданады. Картоптың түйнегінде 25% құрғақ зат, 20% крахмал және ақзат пен витамин С кездеседі. Картоп шырынды мал азығы тобына жатады. Оның қоректілігі өте жоғары: 100 кг түйнегінде 30 а.ө. және 0,9 кг қорытылатын протеин бар. Картоптың түйнегі мен пәйегі сүт бағытындағы малдарға және шошқаларға өте бағалы азық. Картоптың өнімі табиғи және шаруашылық жағдайларына байланысты әр гектардан 250 ц жоғары (58-сурет).

Қазақстанда картоп барлық аймақтарда өсіріледі, бірақта негізгі көлемі (60%) Солтүстік және Шығыс Қазақстанда орналасқан. 2009 жылы картоптың республикадағы көлемі 150 мың га.



Ботаникалық және биологиялық ерекшеліктері. Картоптың отаны Оңтүстік Американың батыс бөлігі. Картоп көпжылдық шөптесін сабақты өсімдік. Тамыр жүйесі шашақты жіңішке тамыршалардан тұрады, 70 см тереңдікке бойлайды. Жерастындағы хлорофильсіз өркендерінің жеке столондарында түйнек құрады. Түйнектердің пішіні – домалақ, сопақша, ұзынша және түсі – ақ, қызғылт, қызыл, көкшіл. Картоптың өсімдігінде, әсіресе пәйегінде, жас өркенінде, түйнегінде глюкозид соланин улы заты кездеседі. Бірақта картопты пісірген кезде соланин жойылады, сол себепті оны малға бергенде булап қайнатып берген тиімді.

Картоптың сабағы үш-төрт қырлы, жақсы бұтақтанған. Сабағының биіктігі 40см-ден 120 см-ге дейін жетеді, әр түпте 4-8 дейін сабақ болады.

Жапырағында 2-6 дейін сызат бөліктер бар. Сабақтарының бойында иректеніп өседі. Гүлшоғыры 2-3-4 жапырақшалы біріккен тостағаншадан тұрады. Ол ақ, көк, қара көк, қоңыр көк, күлгін түсті келеді. Жемісі шырынды, екі ұялы, көп ұрықты, дөңгелек немесе сопақша пішінді. 1000 тұқымның салмағы 0,5 г.

Картоп жылу сүйгіш дақыл. Түйнек +6-70С өне бастайды. Өну үшін +13-150С қолайлы келеді. Түйнек пайда болу үшін топырақтың ең қолайлы температурасы +16-190С. Жаздың құрғақ кезінде ауа температурасының көтерілуі картоп өнімінің қалыптасуына қолайсыз болады. Ерте немесе орташа мерзімде пісетін картоп сорттарына вегетация кезеңінде керекті температура жиынтығы 1000-14000С тең, ал кеш пісетін сорттарына – 1400-16000С тең.



Картоп ылғалды қажет ететін дақыл. Өсіп дауының түрлі кезеңдерінде ылғалды әртүрлі пайдаланады. Өскіні пайда болып пәлегі қалыптасқан кезде ылғал аса көп қажет болмайды. Ылғалды ең көп қажет ететін кезеңі жапырақ алақанының ауданы толықтай қалыптасқанда – бүршіктену және гүл жару кезеңдері. Картоп үшін топырақтың қолайлы су сиымдылығы 75% тең.


58 сурет. Картоп
Картоп жарық сүйгіш өсімдік. Күн сәулесі жеткіліксіз болса, картоптың сабағы сидиып биік өседі де түйнектің бірқалыпты өсуін қамтамасыз ете алмайды.

Картоп өсірілетін танапты таңдағанда оның құнарлылығын, топырақтың механикалық құрамын, топырақ бедерін, ылғалмен қамтамасыз етілуін ескеру керек. Ең қолайлысы картопты өзен алқаптарында, көл маңайында өсіру.

Картоп ауа қаныққан борпылдақ топырақта жақсы өсіп-өнеді. Оған құмайт және жеңіл саз балшықты құнарлылығы жоғары топырақтар қолайлы. Картоп үшін сортаң топырақтар қолайсыз. Өсімдік бір қалыпты жақсы өсуі үшін ең қолайлы топырақ реакциясы әлсіз қышқыл (рН – 5-6) болуы керек.

Картоп қоректік заттарды көп қажет ететін дақыл. Көптеген тәжірибе деректері бойынша картоп 1 тонна өнімімен және соған сәйкес пәлегімен (0,4 т/га) топырақтан 48,4 кг N, 22,4 кг Р, 103,4 кг К сіңіреді екен.

Картоптың өсу-даму кезеңі оның сортына, топырақ – климат және агротехникалық жағдайларына байланысты 60 күннен 180 күнге дейін созылады.

Өсіру технологиясы. Картопқа жақсы алғы дақылдар отамалы дақылдар, бақша дақылдары, көпжылдық және біржылдық шөптер. Картопты сүрі жерге себу де өте тиімді.

Картоптан мол өнім жинау үшін топырақты өңдеу жұмыстарының маңызы зор. Картоптың тамыр жүйесі топырақ бетіне жақын орналасуына байланысты оның ылғалдылығы жеткілікті, арамшөптерден таза болуы керек. Күзде сүдігер жырту ерте 30-35 см тереңдікте жүргізіледі. Қыста картоп себетін танапқа қар тоқтату жұмысы орындалуы керек. Көктемде жер дегдісімен-ақ негізгі өңдеуге көлденең тырма жүргізіледі. Түйнекті отырғызар алдында танапты тереңдетіп культивация жіберіп қопсытады немесе 18-20 см аудара жыртады. Көктемгі өңдеу алдында танапқа органикалық (20 т/га) және минералды (N60 Р60-90 К90-180) тыңайтқыштарды сіңіру арқылы картоптың өнімін 50%, кейде одан да жоғары көтеруге болады. Картопты топырақ 8-10 см тереңдікте +7-80С жылығанда отырғызады. Солтүстік және Шығыс Қазақстан облыстарында картоп отырғызудың ең қолайлы мерзімі мамырдың орта кезі.

Отырғызу әдісі көп жағдайда аймақтың топырақ-климат жағдайына байланысты. Көбінесе оның қатараралығын 70 см, ал түйнек араларын 15 см-ден 40-45 см дейін етіп алады. Картоп тегіс топыраққа, немесе алдын-ала жасалынған жалға отырғызылады. Соңғы кездері отырғызуға Голландия әдісін қолдануда. Оның артықшылығы танапта су-ауа, жылу режимдері жақсарады.

Әр гектарға картоп отырғызу жиілігі суарылатын танаптар үшін 55-60 мың, орташа немесе кеш пісетіндердікі 45-50 мың болуы керек. Тәлімі жерлерде тиісінше 40-45 және 35-40 мың түп. Түйнек отырғызу тереңдігі топырақ құрамына қарай 6-12 см.

Картоп егістігін күтіп-баптау жүйесіне өскіні пайда болғанша тырмалау және өскіні толық шыққасын өсімдіктердің қатараралықтарын өңдеу, арамшөптерге, ауруларға және зиянкестерге қарсы күрес жатады. Қатараралықтарды өңдеу роторлы тырмалармен, культиваторлармен (КРН-4,2, КОН-2,8, КОР-4,2 т.б.) жүргізеді. Қатараралықтары 3-4 рет қопсытылады (10-12; 6-8 см тереңдіктерде).

Топырақтың ылғалдылығын 70% жеткізу үшін 3-4 рет суарады (500м3/га). Бірінші рет суаруды уақытында жүргізудің маңызы өте зор.

Картопты жинау пәлегі қоңырланып кебе бастағанда жүргізіледі. Ол үшін тракторға тіркеген қазғыштарды және комбайндарды пайдаланады. Картоп жинайтын машиналардың жұмысын жақсарту үшін жинауға 5-6 күн қалғанда пәлегін орып алады (УБД-3, КИР-1,5) да мал азығын дайындауға пайдаланады.

ҰСЫНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

Негізгі әдебиет:


  1. Қ. К. Әрінов, Қ.М. Мұсынов, А.Қ. Апушев, Н.А. Серекпаев, Н.А. Шестакова, С.С. Арыстанғұлов «Өсімдік шаруашылығы» , Алматы-2011жыл

  2. М.М. Жанзақов. Өсімдік шаруашылығы. Алматы, 2007 жыл

  3. М.И. Кондрашкина Лабороторно-практические заниятия по растениеводству, Москва-2006 г

Қосымша әдебиеттер

  1. И.А. Абугалиев. Справочник агронома. Алма-Ата, Қайнар,1985 ж

  2. В.Ф. Белик. Бахчевые культуры. М., Колос,1980 г

дәріс 13

Бақша дақылдары

Мақсаты: Студенттерге Бақша дақылдары туралы және оларды өсіру технологиялары туралы уйрету

Міндеті: Бақша дақылдармен таныстыру түсіндіру

Түйінді сөздер: Бақша дақылдары

Дәріс жоспары:

  1. Бақша дақылдары туралы жалпы мағлұматтар

  2. Асқабақ

  3. Шаруашылық маңызы және таралуы

  4. Ботаникалық және биологиялық ерекшеліктері

  5. Өсіру технологиясы

Бақша дақылдары

Асқабақ

Шаруашылық маңызы және таралуы. Асқабақ (Cucurbіta) асқабақ тұқымдасына жататын біржылдық өсімдік. Оның жемісі жас күйінде малға жақсы азық. Асқабақты сабақтарымен бірге немесе басқа астық қалдықтарымен сүрлемге салуға болады (59-сурет).

Асқабақ жеңіл қорытылуымен және жоғары қоректілігімен ерекшеленеді. Оның 100 кг жемісінде 16 а.ө. және 0,4 кг қорытылатын протеин бар. Құрамында көмірсулары, витаминдер және минерал тұздары кездеседі. Қант мөлшері 12% дейін жетеді және бақша дақылдарының ішінде асқабақта ғана крахмал кездеседі. Витаминдерден С1В1В2РР, Е және каротин жеткілікті мөлшерде кездеседі. Минерал заттардан калий, фосфор және кальций, микроэлементтерден – мыс және кобальт бар. Асқабақ ірі қараларға, шошқалар мен құстарға бағалы азық болып есептеледі. Қазақстанда асқабақты барлық жерлерде өсіруге болады. Тамыржемістілерге қарағанда асқабақ өсіруге шығындар аз жұмсалады. Суармалы жерлерде асқабақтың әр гектардан жемісінің өнімі 200-400 ц дейін жетеді.





59 сурет. Асқабақ
Ботаникалық және биологиялық ерекшеліктері. Асқабақтың үш түрі тараған: мал азықтық іріжемісті (C.maxіma), мускатты асханалық (C.mochate L.) және кәдімгі қатты қабықты (C.pepo L.). Мал азығына алдынғы екі түрі өсіріледі.

Тамыры кіндікті, жақсы дамыған, топырақтың 2-3 м тереңдігіне дейін өседі. Жанама тамырлары күшті дамыған, көбінесе жырту қабатында орналасады. Асқабақтың өздеріне тән ерекшеліктері: тамырларында көптеген шашақшалары болуында және соның көмегімен топырақтан қоректік заттарды, суды қарқынды сіңіреді.

Сабағы жерге төселіп өседі, ұзынсабақтылары 15 м дейін. Орталық сабақтарынан 1ші; 2ші және одан кейінгі бұтақтары тарайды. Іріжемісті асқабақтың сабағы цилиндр тәрізді, кәдімгі асқабақтыкі қырлы келеді. Жапырағы қарапайым, сағақты, түкті, іріжемістілерінде шетінде ойықтар болады, кәдімгі асқабақтыкі бесқалақты келеді.

Жапырақтар қойнында бұтақша мұртшалары болады және олардың басқа өсімдіктерге жабысуы арқылы сабақтың беріктігін сақтайды. Асқабақтың бір өсімдігінің жапырақ алақаны 32 м2 дейін жетеді.

Асқабақ бірүйлі, дара жынысты өсімдік. Гүлі жеке-дара ірі күлтелі, бесжапырақты. Жемісі – көптұқымды қабықты шырынды.

Ірі жемісті және кәдімгі асқабақтың жемісі домалақ, түсі боз және сары-қызғылт, шырыны сары немесе қызылдау-сары, массасы 10 нан 30 кг дейін. Жемісінің ішкі қуыс жолдарында тұқым салынады. 1000 тұқымның салмағы 180-210 г.

Асқабақ – жылу сүйгіш өсімдік. Тұқымы топырақтың тұқым сіңіру қабаты +12-130С өне бастайды, оптималды температура +33-350С. ең жақсы өсіп-даму температурасы +20-250С тең. Көктемгі бозқырауға өте сезімтал, -10С төмендегенде асқабақ қатты зақымданады.

Асқабақ ыстыққа біршама төзімді, қарбызға қарағанда салқынды жақсы көтереді. Асқабақтың транспирациялық коэффициенті 750-800 тең, бірақта осыған қарамастан ол құрғақшылыққа төзімді келеді, ксерофитті өсімдіктерге жатады. Өйткені асқабақтың тамыр жүйесінің жер бетіне жайыла орналасуына байланысты суды сіңіру қабілеті жоғары болып келеді. Асқабақ саздақ топырақтарда жақсы өнім береді.



Өсіру агротехникасы. Асқабаққа ең жақсы алғы дақылдар тың және тыңайған жерлер, көпжылдық шөптердің қыртысы, күздік астық және бұршақ тұқымдас дәнді дақылдар. Күзде негізгі топырақ өңдеу алдында танапқа толық минерал тыңайтқышын (N60Р60К30-40 кг/га ә.з.), не болмаса органикалық тыңайтқыштар (20-30т/га көң) шашады.

Тұқым сепкен мерзімде және өсімдіктер гүлдеген кезінде үстеп қоректендіреді (N30Р40кг/га ә.з.). Көктемде танапты тырмалайды және тұқым себер алдында 1-2 рет қопсытады (культивациялайды). Танап арамшөптерден неғұрлым таза болса, соғұрлым асқабақтың өскіндері біркелкі жақсы қалыптасады.

Себер алдында тұқымды +30-350С жылылықта 3-5 тәулік қыздырады, жылы суда бөрттіреді (20-30 мин). Мұндай тұқымдар 8-10 күннен кейін көктеп шығады. Тұқымды топырақ қабаты (5-10 см) +120С жылығанда жүгері сепкіштерімен ленталы әдіспен себеді (1,4 х 2,1м х 0,7 х 1,4м).

Себу мөлшері 3-5 кг/га өнгіш тұқым. Танапты жазда күтіп-баптау жұмыстарына мыналар жатады: көктегенге дейін тырмаланады, қатараралықтары өңделеді (1ші-12-15 см, 2ші-3ші-8-10 см тереңдікте жүргізіледі). Суармалы егістіктерде өсіру тиімді. Вегетациялық кезеңде егістіктің орналасу жағдайына, аймағына қарай 3-8 рет (500-700м3/га) суарылады: 1ші көктегеннен 17-20 күннен соң, келесілері әрбір 10-15 күн сайын.

Асқабақты күзгі бозқырау түсердің алдында бір-ақ рет жинайды және жемістері +2-50С жылылықтағы қоймаларда бүлінбей ұзақ сақталады.
ҰСЫНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

Негізгі әдебиет:


  1. Қ. К. Әрінов, Қ.М. Мұсынов, А.Қ. Апушев, Н.А. Серекпаев, Н.А. Шестакова, С.С. Арыстанғұлов «Өсімдік шаруашылығы» , Алматы-2011жыл

  2. М.М. Жанзақов. Өсімдік шаруашылығы. Алматы, 2007 жыл

  3. М.И. Кондрашкина Лабороторно-практические заниятия по растениеводству, Москва-2006 г

Қосымша әдебиеттер

  1. И.А. Абугалиев. Справочник агронома. Алма-Ата, Қайнар,1985 ж

  2. В.Ф. Белик. Бахчевые культуры. М., Колос,1980 г


дәріс 14

Сұрыптау және селекциялық материялдарды бағалау әдістері.

Мақсаты: Сұрыптау және селекциялық материялдарды бағалау әдістерін уйрету
Міндеті: Сұрыптау және селекциялық материялдарды бағалау әдістері таныстыру түсіндіру

Түйінді сөздер: селекция бағалау

Дәріс жоспары:

  1. Селекциялық материялдар.

  2. Селекциялық материялдарды бағалау тәсілдері.

Селекциялық материял деп барлық селекциялық жұмыс процесінде алынған белгілерімен сорттарды айтады. Сорттық немесе селекциялық номірдіңбасты корсеткіші-олардың өнімділігі мен сапасы. Бұл өте күрделі көрсеткіштер болып табылады. Белгілі бір климаттық жағдайға байланысты жүргізіліп жатқан селекциялық жұмыстың барысында сол дақылдың өнімділігімен сапасының қандай болатынын селекционер алдын ала болжап, көре білуі тиіс. Бұл көрсеткіштер негізінен дақылдың әр түрлі өнімділігіне, климаттық жағдаға ауруға төзімсіздігіне және т.б байланысты болып келеді.
Әрбір алынған және өндіріске өндірілген жаңа сорттатжыл сайын жоғары өнім беріп, сапасы жақсы болу үшін, селекциялық материялдарды мынадай негізгікөрсеткіштер бойынша бағалайды:

  1. Өнімділігі

  2. Қолайсызклимат жағдайына төзімділігі.

  3. Ауруға төзімділігі

  4. Егу, күту, жинау жұмыстарына техниканы пайдалануға бейімділігі

  5. Сапасына

Селекция әдеттегі жағдайда жүргізіледі. Қарастырылған материялды екі түрлі белгісі бойынша бағалайды. Оларды тура және жанама деп атайды. Тура бағалау сорттар мен селекциялық нөмірлер, есептеу, өлшеу және т.б. жолдармен бағаланады. Ал, жанама тәсіл сорттардың кейбір қасиеттерін, биохимиялық және технологиялық көрсеткіштерін анықтауға негізделген. Көп жағдайда жаңа сортты бағалағанға қолайсыз жағдайға төзімділігі зерттеледі.

Селекциялық материялдықы далалық тәсілмен бағалағанда құрғақшылыққа төзімділігі,аурулар және зиянкестермен зақымдалуы, жатып қалуы, т.б. белгілері есепке алынады. Селекциялық материялды сынаған кезде жан-жақтылық, дәлділік және бағаны тез уақыттың ішінде беру негізгі талап болып табылады.



Материялдарды бағалау тәсілдері:Материялдарды бағалау тәсілдерін 6 түрге бөліп қарастыруға болады.

  1. Өнімділігін бағалау

  2. Қысқы суыққа төзімділігін бағалау

  3. Құрғақшылыққа төзімділігін бағалау

  4. Ауруға төзімділігін бағалау

  5. Тат ауруына төзімділігін бағалау

  6. Зиянкес жәндіктерге төзімділігін бағалау

Өнімділігін бағалау:

Өнімділік- бұл бір өсімдіктен алынған орташа өнім. Белгілі бір көлемдегі егістіктің өнімі екі түрлі көрсеткішке байланысты анықталады. Олар: өнімділігі және өсімдіктің орташа саны.


Астық тұқымдастарының анықтағанда әдетте, бір масақтағы дәннің орташа саны мен 1000 дәннің салмағын негізге алады. Көп жағдайда бұл көрсеткіштер сорттың өнімділігіне дәлірек баңа береді.

Қысқы суыққа төзімділігін бағалау:Күздік дақылдардың қысқы төзімділігі көп жағдайда сорттың агротехникалық және тұқым қуалаушылық ерекщеліктеріне байланысты болып келеді. Қыстап шығу кезінде өсімдіктің өлуі әр түрлі жағдайға байланысты болады. Өсімдік қыстың алғашқы кезеңінде қар қалдығының аздығыныі немесе жетіспеуі салдарынан үсіп кетуі мүмкін. Сонымен қатар ерте көктемдегі төмен температурада әсер етеді. Күздік дақыл үшін күннің қыстағы кенеттен жылуы мен суып кету өте қауыпты. Сонымен өсімдіктің қыстап шығу қасиеті немесе төзімділігі биологиялық қасиеттерге байланысты өте күрделі белгі.
Қысқы суыққа төзімділігін бағалаудың егістік тәсілі. Селекциялық жұмыста қысқа төзімділікті бағалауда әр түрлі егістік тәсілдер қолданылады. Қысты күні мындай егістікте қолдан әр түрлі қолайсыз жағдайлар, мысалы : бөлшекке қарды жинау немесе қардан тазалау , бетінде мұз қату үшін су құю сияқты жұмыстар жүргізіледі.

Құрғақшылыққа төзімділігін бағалау: Құрғақшылық біздің елімізде жиі болатын құбылыс. Кейбір жылдары ол үлкен жер көлемін алып, барлық ауыл шаруашылық дақылдарының өнімділігін төмендетеді. Құрғақшылықпен күресудің бірден-бір жолы- оған төзімді сорттар егу болып табылады.
Өсімдіктің құрғақшылыққа төзімділігі дегеніміз-жоғары тепературада, ауаның төменгі ылғалдылығын да , топырақта ылғалдылықтың жетіспеу кезінде өз бойындағы судың пайдалану алқылы сапасы жақсы, жоғары өнім беру мүмкіндігі.Құрғақшылық үш түрде кездеседі.

  1. Топырақтағы құрғақшылық;

  2. Ауадағы құрғақшылық.

  3. Аралас құрғақшылық

Құрғақшылыққа төзімділікті бағалаудың егістік тәсілі: Егістік тәсілдің көмегімен сорттар қолдандың құрғақшылыққа төзімділігін тек қана құрғақ жылдары бағалауға болады. Өсімдіктің құрғақшылыққа төзімділігін анықтау “қолдан жасалған құрғақшылық” тәсілін қолданыды. Зерттеуге алынған сорттарды қолдан құрғақшылық жасау арқылы бақылаймыз.

Ауруға төзімділігін бағалау: Ауруға қарсы күресте агротехникалық және химиялық жолдармен қатар, төзімді сорттар шығарудың да маңызы зор. Селекциялық материалдардың ауруға төзімділігін зерттегенде, көбінесе, оларға қолдан ауру егу тәсілі қолданылады. Сорттарды бағалағанда арнайы ауру жұқтыратын питомниктерде өршіту тәсілін пайдаланады.

Тат ауруына төзімділігін бағалау: Белгілі бір климаттық жағдайда тат ауруы жиі, әрі өте қатты байқалса, сорттың төзімділігін оның шалдығу тәрежесі бойынша егіс алқабында анықтауға болады. Егер мұндай жағдай болмаса, қолдан ауруға шалдықтыру бетінде тат дақылдарының көлемін пайызбен есептеу арқылы анықтайды.

Зиянкес жәндіктерге төзімділігін анықтау: Өсімдіктің зинкестерге төзімділігі дегеніміз- оның жәндіктермен залқымдаған мүшелері мен ұлпларын қалыпқа келтіру мүмкіндігі немесе зақымданбас қасиеті. Ауылшаруашылық дақылдарының әр түрлі зорттарының зақымдану ерекшеліктері мынадай себептерге байланысты.

  1. Анатомиялық-морфологиялық ерекшелігі

  2. Өсіп-жетілу ерекшеліктері

  3. Сорттардың зақымданған мүшелері мен ұлпаларын қалыпқа келтіру мүмкіндігі.

  4. Өсімдіктердің ұлпалары мен мүшелерінің биохимиялық құрамы жөніндегі ерекшелігі.

Көптеген өсімдіктердің жекелеген органдары мен ұлпаларының өзінің құрылысы бойынша жәндіктердің қоректенуіне немесе зақымдануына кедергі келтіретін мүмкіндігі бар. Сонымен қатар, кейбір сорттар өзінің өсіп-өну кезеңінде жәндіктердің көбею уақытынан кеш немесе ерте өсіп, аз зақымданады. Мысалы, арпа немесе жаздық бидай сорттары өзінің шығуы және түптену кезеңі бойынша швед шыбынының жұмыртқа салу уақытынан ерте өсіп өтеді де, бұл зиянкеспен аз зақымданады.

Жатып қалуға төзімділігін бағалау:Дәнді дақылдың жатып қалуы оны механиқалық жолмен жинаудың қиындатуымен қатар, көптеген шығынға ұшырады. Интенсивті сорттар үшін бұл көрсеткіш міндетті талап болып табылады. Дәнді дақылдардың жатып қалуын екі түрге бөлінеді:

  1. Дақылдардың сабақтан жатып қалуы.

  2. Тамыр түйінен жатып қалуы.

Бірінші жағдайда масақ өзінің бойынан майысса, екінші жағдайда сабақтың түбінен майысады.

Дәннің төгілуіне төзімділігін бағалау:Сорттың төгілуге төзімділігін анықтайды өте қарапайым, әрі кең тараған тәсілі-оны егіс алқабында , өсіп тұрған кезінде бағалау болып табылады. Ол үшін әрбір 5,10 және 15 күн сайын зерттеу жүргізілген бөлімшеден масақтар алып, ондағы төгілген дәнді есептен пайызын шығарады.

Өнімінің сапасын бағалау.Кез келген сорттың шаруашылықтың құндылығы тек қана белгілі бір жерден алынған құндылығы өнімнің көлеміне емес, сонымен қатар оның сапасымен анықтайды.Ұн шығаруға арналған астық тұқымдастарының дәндері (бидай, қара бидай және т.б.) жақсы ұндық-нандық қасиетке ие болуы тиіс. Оларды бағалау үшін 1000 дәннің салмағы, пішіні, өзіндік салмағы, пішіні, мөлшерлігі, нан пісіретін сапасы сияқты белгілерін пайдаланады. Ұнның нан пісірлік қасиетін бағалағанда 100г ұннан шыққан нанның мөлшері, піскен нанның сыртқы кескіні, түсі, дәмдік сапасы бойынша анықтайды. Бидайдың барлық сортары дәннің сапасы бойынша мынадай үш топқа бөлінеді:

А-ең жоғарғы сапа;

В-орташа сапа;

С-төменгі сапа.

Тамыр жемістілер мен түйнек жемістілерінің сапасын бағалағанда түйнектегі крахмалдың пайызы, дәнде ұзақ сақталуы, қант қызылшасында қанттыңқұрамы есепке алынады.


Бақылау сұрақтары:

ҰСЫНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

Негізгі әдебиет:

  1. Қ. К. Әрінов, Қ.М. Мұсынов, А.Қ. Апушев, Н.А. Серекпаев, Н.А. Шестакова, С.С. Арыстанғұлов «Өсімдік шаруашылығы» , Алматы-2011жыл

  2. М.М. Жанзақов. Өсімдік шаруашылығы. Алматы, 2007 жыл

  3. М.И. Кондрашкина Лабороторно-практические заниятия по растениеводству, Москва-2006 г

Қосымша әдебиеттер

  1. И.А. Абугалиев. Справочник агронома. Алма-Ата, Қайнар,1985 ж

  2. В.Ф. Белик. Бахчевые культуры. М., Колос,1980 г


дәріс 15

Мемлекеттік сорт сынау және сорттар мен будандарды аудандастыру.

Мақсаты: Мемлекеттік сорт сынау және сорттар мен будандарды аудандастыруды уйрету
Міндеті: Мемлекеттік сорт сынау және сорттар мен будандарды аудандастыруды тусіндіру және болашақта білікті маман шығару

Түйінді сөздер: будандастар, сорт санау.

Дәріс жоспары:

  1. Мемлекеттік сорт сынау жолдары және басты міндеттері

  2. Жаңа сорттарды мемлекеттік сорт сынауға енгізу тәртібі.

Мемлекеттік сорт сынаудың басты міндеті – ауылшаруашылығы дақылдарының барлық сыналатын сорттарымен будандарын аудандастыру және өндіріске енгізу. Сорт сынау телімдерімен сорт сынау станцияларының жүйелері топырақ – климат жағдайларының барлық түрлерін қамтиды.

Жұмыстарының түріне қарай мемлекеттік сорт сынау телімдері мынадай түрлерге бөлінеді: Егістік дақылдар телімдері, көкеніс дақылдар телімдері. Көптеген сорт телімдерінде дәнді дақылдар сортын өсімдіктердің татпен, шаңмен, қара күйемен жасанды зақымдануы кезінде бағалайды.

Мемлекеттік сорт сынау кезінде сорттардың агротехникасына көп көңіл бөлінеді. 500-ден аса сорт сынау телімдерімен сорт сынау станциялары болашағы бар және аудандастырылған сорттарды ауыспалы егістің әртүрлі алғы дақылдарына байланысты себу мен қоректендіруді, себу мерзімдерін, тыңайтқыштардың зерттеу нормаларын анықтайды.

Сорт сынау мен жаңа соттарды көбейту үшін, шаруашылықта тұрақты жер телімін бөледі, оған өзінің ауыспалы егісін енгізеді. Барлық жұмысты а\ш дақылдарының сортын сынау жөніндегі мемлекеттік комиссия бекіткен біріңғай әдіс бойынша жүргізеді. Сыналатын сорттарды осы облыстағы (аймақтағы) ең жақсы аудандастырылған сортпен салыстырады, ол сорт бақылаушы (стандарт) қызметін атқарады. Тәжірибелердегі қайталану 4-6 рет. Мөлдектің есептеу алаңы қағида бойынша 100м2. Шағын габарттті техниканы пайдаланған кезде мемлмкеттік сынау әдістемесі дақылдар қатары бойынша мөлдектер мөлшерін 25, тіпті алты рет қайталану кезінде 10 м2 дейін қысқартуға мүмкіндік береді және мемлакеттік сортсынауға берілетін сорттарды бір мезгілде, ірі топырақ климат аймағының барлық сынау телімдерінде тез сынауға мүмкіндік береді.

Сорттар шаруашылық – биологиялық қасиеттерінің жиынтығы бойынша былай бағаланады : өнімділігі, өнім сапасы, аурулар мен зиянкестерге төзімділігі, тыңайтқыштарға реакциясы, механизацияны пайдалануға жарамдылығы. Сорттарды бағалау әдісі әр жыл сайын жетілдіріліп отырады.

Мемлекеттік сорт сынау әрбір сорт сынау теліміне 3 жылдан кем болмайды. Негізгі сорт сынаумен бір мезгілде мөлдектерде ең жақсы, анағұрлым болашағы бар сорттарды 2-3жыл ішінде өндіріс жағдайларына сынайды. Бұдан кейін бағалы сорттарды аудандастырады, ал болашағы жоқ сорттарды әрі қарайғы сынаудан алып тастайды. Кейбір ерекше жағдайларда бағалы сорттар екі жылдық сынаудан кейін аудандастыруға рұқсат етіледі.

Өндіріс үшін болашағы бар сорттардың жарамдылығын дұрыс және тез анықтау өндірістік сорт сынау жолымен жүргізіуі мүмкін. Мөлдектерге 1-2жылдық сорт сынау нәтижелері бойынша сорт сынау телімі өз аймағының шаруашылықтарында жаңа болашағы бар сортты аудандастырылған стандартты сортпен салыстыра отырып сынауды ұйымдастырады. Дәнді дақылдар үшін мөлдек алаңы 2-4, картоп үшін 1-2 гектар болады. Сорт сынау телімдерінің басым көпшілігі төңірегіндегі шаруашылықтар үшін, егіншілік мәдениетінің үлгісі қызметін атқарады.



Жаңа сорттарды мемлекеттік сорт сынауға енгізу тәртібі.

Егер селекциялық тәжірибе мекемесінде жаңа шығарылған сорт өзінің өнімділігімен сапасы жөнінен ең жақсы аудандастырылған сорттан асып түссе, онда ол мемлекеттік сорт сынауға берілуі мүмкін. Сонымен бірге тағы мынадай негізгі бағалы шаруашылық белгілерімен биологиялық қасиеттеріне ерекше назар аударылады: өнімнің сапасы мен өнімділігі, қысқы суыққа, құрғақшылыққа төзімділігі, интенсивті технология бойынша егіп өсіруге жарамдылығы.

Жаңадан шығарылған сорттарды ғылыми зерттеу мекемесі үш жылдық конкурстық сорт сынау мен 1-2 жылдық өндірістік сорт сынау мәліметтері бойынша оған сипаттама ұсынылады, онда санау санау нәтижелері келтіріледі және сорттың агротехникаға қоятын талабы көрсетіледі.

Ғылыми зерттеу мекемесі жаңа сортты мемлекеттік сорт сынауға берген кезде бірнеше сорт сынау телімдеріне жіберу үшін өндірістік сорт сынауға қажетті оның тұқымдарының белгілі қорын жинауы керек. Бірінші жылы барлық сорт телімдері жаңа сорт тұқымын оны шығарған ғылыми зерттеу мекемесінен тікелей алады. Кейінгі жылдары өздігінен тозаіданатын сорттардың тұқымын сорт сынау телімінде өсіреді. Айқас тозаңданатын дақыл сортының тұқымдардың сорт сынау телімдері жыл сайын өз облысының селекциялық тәжірибе мекемелерінен алады немесе оларды көбейту жұмысы сорт сынау телімдерінің бірінде ұйымдастырылады. Әрбір сорт сынау участкесі барлық сыналатын сорттардың өзінің тұқымдық және қамсыздандыру қорларын жасайды.

Мемлекеттік сор сынау жүйесінің жұмыстары сорттардың егілетін аудандарын белгілеумен және оларды аудандастырумен аяқталады.

Дүние жүзі елдерінің көпшілігі халықаралық сорт сынауды жүргізіп отырады. Мысал, Нидерландыда шығарылған қант қызылшасы мен картоп сорттары Ұлыбританияның, Франияның, Италияның, Португалияның, Жапонияның кптеген сорт сынау телімдерінде сынақтан өтті. Олар өздері сынайтын барлық а.ш дақылдарының жоғары өнім беретін сорттарын шығарады. Сондықтан да, еліміздің сорт сынау телімдерінде дәнді дақылдардың орташа өнімділігі басқа шаруашылықтрға қарағанда екі еседей жоғары.



Бақылау сұрақтары:

  1. Сорт сынаудың селекциялық тәжірибеде алатын орыны қандай?

  2. Сорт сынау дегеніміз не?

  3. Сорт сынаудың ғылыми зерттеу жүргізуде алатын орыны қандай?

  4. Дүни жүзі елдерінде сорт сынау қалай жүзеге асырылады?

ҰСЫНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

Негізгі әдебиет:

  1. Қ. К. Әрінов, Қ.М. Мұсынов, А.Қ. Апушев, Н.А. Серекпаев, Н.А. Шестакова, С.С. Арыстанғұлов «Өсімдік шаруашылығы» , Алматы-2011жыл

  2. М.М. Жанзақов. Өсімдік шаруашылығы. Алматы, 2007 жыл

  3. М.И. Кондрашкина Лабороторно-практические заниятия по растениеводству, Москва-2006 г

Қосымша әдебиеттер

  1. И.А. Абугалиев. Справочник агронома. Алма-Ата, Қайнар,1985 ж

  2. В.Ф. Белик. Бахчевые культуры. М., Колос,1980 г.

Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Мамандығына арналған Сұлтанмахмұттану ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Студенттерге арналған оқу әдістемелік кешені
umkd -> ПӘннің ОҚУ Әдістемелік кешені 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған «Ұлы отан соғысы және соғыстан кейінгі жылдардағы қазақ әдебиетінің тарихы (1941-1960)» пәнінен ОҚытушыға арналған пән бағдарламасы
umkd -> «Балалар әдебиеті» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 2013 жылғы №3 басылым 5 в 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті»
umkd -> ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешенінің
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет