Популяциялар генетикасы және эволюцияның генетикалық негіздері. Харди-Вайнберг заңы. Гендер дрейфі



бет2/4
Дата23.12.2022
өлшемі41,76 Kb.
#164108
1   2   3   4
Байланысты:
есеп ответ
7-тапсырма
ХАРДИ-ВАЙНБЕРГ ЗАҢЫ. Популяциялық генетиканың негізін Харди-Вайнберг заңы құрайды. Тұқым қауалаушылықтың корпускулдық теориясы жеке генетикалық факторлар ата-аналардан ұрпақгарға өзгеріссіз беріледі деп түсіндіреді. Осыны 1908 ж. ағылшьн математигі Дж-Харди және неміс генетигі Г.Вайнберг бір-біріне тәуелсіз дәлелдеді. Харди-Вайнберг заңы бойынша қарапайым эволюциялық процестің факторлары (мутация, сұрыптау, миграция жөне гендер арейфі) жоқ кезде популяцияның гендер (аллельдер) жиілігі белгілі тепе-тендікке тез жетіп, барлық келесі ұрпактар аралығында өзгермейді.
Харди-Вайнберг заңы мынадай жағдайларды керек етеді: біріншіден, популяцияға кіретін организмдер саны жеткілікті мөлшіерде көп болуын; екіншіден, әр түрлі генотиптердің көбею қабіеттілігі бірдей болуын және үшіншіден, популяцияда кездейсоқ шағылысудың сақталуын.
Кездейсок шағылысу немесе панмиксия деп популяция құрамына енетін организмдердің бір-бірімен еркін шағылысуын түсінеді, мұндағы шағылысудың барлық комбинацияларының жиілігі бірдей болады. Жеке алғанда, мысалы, генотипі АА ұрғашы организм генотипі АА, Аа немесе аа еркекпен ешқандай артықшылықсыз кездейсоқ шағылыса алады. Панмиксия гаметалар деңгейінде сақталады деп түсіну керек. Әрбір аналық жыныс клетка кез келген сперматозоидпен бірдей мүмкіндік жиілігімен ұрықганады деп есептеледі.
Харди-Вайнберг заңы формула арқылы өрнектеледі. Айталық белгілі бір популяциядағы екі - А жөне а - аллельдің жиілігі р және q-re тең делік (p+q=I). А аллелі бар гаметалар р жиілікпен кездеседі, ал а аллелі бар гаметалардың жиілігі — q. Гаметалардың зиготаға қосылуы кездейсоқ өтетін болса, онда генотипі АА зиготаның жиілігі р2-қа, генотипі Аа зиготаның жиілігі 2pq-ге жөне генотипі аа зиготаның жиілігі q2-қа яғни биномдық формуланың жіктелу мүшелеріне (pA+qa)2 =p2AA+2pqAa+q2aa) тең болады.
Келесі ұрпаққа гомозиготалы генотиптер гаметаның бір типін ғана береді, ал гетерозиготалы генотиптер - әр түрлі гаметалардың бірдей санын береді. Популяциядағы әрбір дарақ орта есеппен гаметаның бірдей санын берсе, онда әрбір гаметаның үлесі популяцияның әр түрлі фенотиптерінің жиілігіне байланысты болады, сондықган
Л-гаметаның үлесі: p21/2(2pq)=p(p+q)=p
а-гаметаның үлесі: p2+1/2(2pq)=(p+q)=q
Демек, сұрыптаудың не мутацияның әсері жоқ кезде бір ұрпақтан кейінгі еркін шағылысуда түзетілетін А және а гаметаларының жиілігі бұл популяцияның бастамасын беретін гаметалар жиілігіне тең болады. Бұдан генотиптер арақатынасы келесі ұрпақтарда да өзгермейді деуге болады.
Харди-Вайнберг заңынан мынадай қорытынды шығады: популяцияның бастапқы еркек жөне ұрғашы дарақгарында аллельдер жиілігі бірдей болса, онда кездейсоқ шағылысуда кез келген генотиптерінің тепе- теңдік жиілігі бір ұрпақ көлеміңде іске асады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет