Pr, жарнама, үгіт-насихат және журналистиканың айырмашылығы


PR мамандығының журналистик саласынан айырмашылығы



бет6/10
Дата16.02.2022
өлшемі324,18 Kb.
#131996
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
Көктеубай Ақерке курстық жұмыс
родтар чек лист новый
2.2.PR мамандығының журналистик саласынан айырмашылығы


Көпшілік PR мамандарын журналистермен шатастырып жатады. Алайда, бұл мамандық иелерінің атқаратын жұмыстары да, міндеттері де мүлдем бөлек. ХХІ ғасырда жарнама қоғамның капиталы болып тұрған кезеңде дәл осы мамандықтың сұранысы кез келген мекеме, кез келген қызметке ауадай қажат мамандық. Себебі, беделді қалыптастыру, басқару ісімен дәл осы мамандар айналысады.[7]
Жазу қызметі журналистердің де, PR мамандарының да кәсіби қызметінің бөлігі болып табылады. Оның үстіне бұл екі мамандықтың ортақ тұстары көп. Журналистер де, PR мамандары да үлкен көлемдегі ақпаратты жинаумен және өңдеумен, сұхбат жүргізумен, басылымдарға мәтін жазумен айналысады. Шындығында, репортер уақыт өте келе қоғаммен байланыс жөніндегі маманға айналады.
Бұл жағдай көпшілікті журналистика мен PR арасындағы айырмашылық өте аз және мардымсыз деген қате тұжырымға әкеледі. Кейбіреулер үшін PR «резидент журналист» деп аталатын сөздің синонимінің бір түрі, яғни БАҚ емес ұйымда жұмыс істейтін журналист.Ал кейбіреулер үшін PR мен журналист егіз ұғым. Алайда, қоғамда мұндай теріс пікірлер қалыптаспас үшін, PR саласын кеңінен дамыту қажет деп ойлаймын.
Дегенмен, бірдей кәсіби әдістер қоғаммен байланыста да, журналистикада да жиі қолданылғанымен, екі мамандық түбегейлі ерекшеленеді:

  • Қоғаммен байланыс қызметі кеңес беруден бастап ұйымның ағымдағы саясатын ұйымдастыруға, сондай-ақ арнайы іс-шараларды дайындау мен өткізуге дейінгі көптеген құрамдастарды қамтиды. Жазу және бұқаралық ақпарат құралдарымен байланыс қызметі, қоғамдық қатынастардың маңызды бөліктерімен де жұмыс жасайды.

  • Журналистер өз аудиториясын жаңалықтармен қамтамасыз ету мақсатымен ақпаратты жинайды, содан кейін өңдейді. Журналистикада Дэвид Дозиера мен Уильям Эхлинг айтқандай, «коммуникация – өз алдына мақсат». PR қызметкерлері де өз аудиториясын ақпараттандыру үшін ақпарат жинаумен айналысады, бірақ олар өздеріне басқа міндет қояды. Қоғаммен байланыс жөніндегі маманның міндеті – аудиторияны хабардар ету ғана емес, сонымен қатар адамдардың пікірлері мен мінез-құлқын ұйымның мақсаттары мен міндеттеріне жету үшін қолайлы бағытта өзгерту.Яғни, қоғамның ойымен санасып,байланыс орнатып, қоғамға қолайлы дүние жасап шығару. Екі жақпен балансты тең дәрежеде ұстау.Бұл өте тиімді деп ойлаймын.Себебі, бір жағынан халықты ақпаратпен қамтамасыз етеді, ал екінші жағынан халықтың ой-пікірін біліп, қателіктерді жөндейді. Мұндай жағдайда ештеңе жоғалтпайды, керісінше кемшілікті түзету арқасында дамуға мүмкіндік алады.

  • Журналистер негізінен бұқаралық аудиторияға: оқырмандарға, тыңдармандарға немесе өздері жұмыс істейтін БАҚ көрермендеріне жазады. Бұқаралық аудитория – нақты белгіленген аудитория емес, деп жазады журналист қалың жұртшылыққа. Ал қоғаммен байланыс жөніндегі маман жалпы аудиторияны әртүрлі демографиялық және психологиялық ерекшеліктеріне қарай әртүрлі сегменттерге бөлу үшін мұқият зерттеу жүргізеді. Мұндай зерттеу оған өз хабарламасын неғұрлым адекватты және осы хабар жіберілетін аудиторияның қажеттіліктеріне, мүдделері мен мәселелеріне сәйкес келуіне мүмкіндік береді, яғни максималды әсерге жетеді.

  • Журналистердің көпшілігі өз аудиториясына бір байланыс арнасы, атап айтқанда өз өнімдерін жариялайтын немесе тарататын БАҚ арқылы хабарласады. Ал PR мамандары барлық хабарламаны алдын ала белгіленген мақсатты аудиторияға жеткізуді мақсат етіп, көптеген әртүрлі байланыс арналарын пайдаланады. Бұл жағдайда ақпарат құралдарының әртүрлі комбинациялары қолданылуы мүмкін: газеттер, журналдар, радиостанциялар, телеарналар. Сондай-ақ парақшалар, брошюралар, ақпараттық бюллетеньдер, тарату тізімдері, электрондық пошталар және арнайы іс-шараларды ұйымдастыру.

Қазіргі кезде PR мамандары барлық министрліктер, мемлекеттік және жеке ірі компаниялар және бірқатар ірі тұлғалардың жанынан көруге болады. Олар министрліктің немесе мемлекеттік жеке компанияның баспасөз қызметінде, қоғаммен байланыс департаментінде, жарнама және маркетинг бөлімінде, БАҚ-пен байланыс бөілімнде немесе жеке PR агенттігінде жұмыс істеуі мүмкін. Белгілі бір компания не болмаса фирмаға тиесілі тауар маркасының имимджін құрайды және сүйемелдеп отыруға жауапты маман болып саналады. Нақтырақ айтқанда адамдардың, компанияның қоғам алдындағы беделін, абыройын қалыптастыру, атын шығару. PR мамандығы шығармашылықты және ұйымдастырушылықты қатар алып жүретін мамандық. Оның басқа мамандықтардан ерекшелігі де осы.[8] Журналисттер ақпаратты халық үшін жинап, ақпарат таратуды көздесе, қоғаммен байланыс мамандары ақпаратты тарату арқылы имидж қалыптастырып, ұйымның беделін көтеруге тікелей әсер етеді.Сонымен қатар имидж қалыптастырып қана қоймай, халықпен байланыс орнатуға да ыңғай жасайды. Қорыта айтқанда, журналисттер бір ғана бағытпен жұмыс жасаса, қоғаммен байланыс мамандары екі бағытта да қызмет атқарады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет