Pr, жарнама, үгіт-насихат және журналистиканың айырмашылығы


PR мен жарнаманың негізгі айырмашықтары



бет7/10
Дата16.02.2022
өлшемі324,18 Kb.
#131996
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
Көктеубай Ақерке курстық жұмыс
родтар чек лист новый
2.3. PR мен жарнаманың негізгі айырмашықтары

  • Жарнама – тұтынушыларды тарту және сату көлемін ұлғайту үшін алдын ала төленген ақпаратты таратуға бағытталған маркетингтік қызметтің ерекше түрі.

  • Жарнама дегеніміз – тұтынушыға белгілі бір тауарды өткізу.

  • Жарнама ақпарат таратудың алдын ала төленген түрі болып табылады.

  • Жарнама – маркетологтар алдын ала әзірлеген ақпаратты әлеуетті тұтынушыларға жеткізудің ең тиімді тәсілдерінің бірі.[9]

Жарнама - ең төменгі баға бойынша жасалған және орналастырылған есептелген мақсатты аудиторияға арналған өнім мен қызмет туралы нақты орналастырылған хабарлама. Жарнама мен PR-дың ұқсастығы ақпараттық кампанияларды әзірлеу кезінде PR фирмалары мен жарнама агенттіктері аудитория мақсатын анықтау үшін ұқсас кезеңдерді және әдістерді қолдана алатындығынан және негізгі хабарламаларды тұжырымдай алатындығынан көрінеді. Болашақта бұл хабарламаларды жүзеге асыру үшін бірдей құралдардың үлкен жиынтығы пайдаланылады, олардың негізгілері бұқаралық ақпарат құралдары болып табылады. Дегенмен, айырмашылықтар осы жерден басталады:



  • Егер жарнама тікелей нақты нәтижеге бағытталған болса, онда PR – оған қол жеткізу үшін жанама арқылы қолайлы жағдайлар жасауға бағытталған.

  • Жарнаманың негізгі механизмі - клиент туралы ақпаратты орналастыру үшін газет кеңістігін және эфир уақытын ақылы пайдалану. Қоғаммен байланыс жөніндегі маманның міндеті – клиенттен келетін ақпараттың тек журналистер үшін де, олардың оқырмандары мен тыңдаушылары үшін де өзектілігіне байланысты орналастырылуын қамтамасыз ету. Яғни, жарнама жасаушылар клиент санын арттыру үшін, өздерінің ұсынған жарнамалары көп таралуы үшін газет-журналдарға және теледидарға ақылы түрде дариялайды. Ал PR мамандары сырттан ақпарат жинап, ақиқат немес жалған ақпарат екендігін анықтап, тек журналисттерге ғана емес барлық тыңдаушылары мен оқырмандарға түсінікті болуы үшін жұмыс жасайды. Қорыта айтқанда, жарнама жасаушылар тек өз мақсаттарына жету үшін тырысса, PR мамандары қоғаммен байланыс орнатып, нәтиже шығаруға тырысады.


  • Жарнамалық қатынастарға қарағанда қоғамдық қатынастар әлдеқайда аз дәрежеде ресімделеді. Жарнама - бұл сатушы мен сатып алушы арасындағы тауарды немесе қызметті сатушы ашық төлейтін қарым-қатынас, оның ресми белгілері, мысалы, «жарнама» айдары немесе заңмен реттелетін қатынастар.

  • Жарнама қол жеткізу және әсер ету тұрғысынан жауапкершілік пен бақылауға бейім болғанымен, қоғаммен байланыс қызметі әлдеқайда қиын, өйткені, біріншіден, тану, екіншіден, тиімділікті өлшеу. Яғни, жарнама қызметіне қарағанда, PR мамандарының қызметі күрделірек.

  • Егер жарнама «жақсы жаңалықтардың» белгілі бір дозасын қоғамдық кеңістікке шығару үшін уақыты мен көлемі шектеулі науқан болса, онда PR механизмі неғұрлым нәзік және әртүрлі әлеуметтік топтармен үздіксіз қарым-қатынас орнатуға бағытталған және әртүрлі себептермен, соның ішінде теріс жақтарымен де жұмыс жасауға бағытталған қызмет. Жарнамада тауардың немесе қызметтің тек жақсы жағы көрсетіліп жарнамаланса,PR саласында теріс жағында көрсетіп, соны түзетумен жұмыс жасайды. «Біз адамнан маймыл жасап, маймылдан адам жасап шығара аламыз»,-деп Батыс PR мамандары айтқандай, PR мамандары екі жақты да бірге алып жүру арқылы, екі жақпен де жұмыс жасайды. Бұл пікір арқылы PR мамандарының өз ісін жетік меңгерсе, ұандай үлкен қасиетке ие маман екендерін аңғаруға болады.

  • Жарнаманы ұйым қолданбауы мүмкін, бірақ әрбір ұйым PR жасайды. Мысалы, Фрэнк Джеффкинс айтқандай, өрт сөндіру бригадасы өртті де, оның қызметтерін де жарнамаламайды, бірақ оның қоғаммен байланысы бар

  • PR қызметтің барлығына қатысты, ал жарнама сатып алу мен сатудың нақты тапсырмаларымен шектеледі. PR ұйымның жалпы коммуникациясымен айналысады, сондықтан PR байланысы жарнамаға қарағанда кеңірек және жан-жақты. Осыған қарап, жарнама қызметін PRдың бір бөлігі ретінде қарастыра аламыз.

  • Кейде PR жарнаманы пайдалана алады, сондықтан PR жарнаманың бір түрі де, жарнаманың бір бөлігі де емес.

  • Жарнама жасау тек жақсы ақпараттар арқылы қызығушылық туғызуға бағытталса, PR қызметінің көп жақты жұмыс жасайтын түрлері бар. Мысалы, ақ PR негізгі мақсаты ретінде жарнаманы қойып, халыққа тек шынайы ақпарат таратумен айналысса, қара PR белгілі бір басшының немсе кел келген адамныңғ ұйым, мекеме, копанияның имиджін түсіру арқылы танымал болуға бағытталады. Қазіргі таңда көбінесе осы қара PR кеңінен қолданылады. Әлеуметтік желі арқылы табыс тауып жүрген блогерлер өздеріне қара PR жасау арқылы, халыққа тез танылады. Екінші жағынан өздеріне көп назар аударылырп, көп қаралым жинау арқылы табыс табады. Ал жарнаманың мұндай түрлері жоқ. Сол себепті бұл жағын айырмашылық ретінде қарастыруға болады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет