Pr, жарнама, үгіт-насихат және журналистиканың айырмашылығы



бет8/10
Дата16.02.2022
өлшемі324,18 Kb.
#131996
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
Көктеубай Ақерке курстық жұмыс
родтар чек лист новый
Қорытынды

PR (паблик рилейшнз) тіркесінің тура мағынасы «жұртшылықпен байланыс» дегенді білдіреді. Кейде оның баламасы ретінде «баспасөзге арналған материалдар» деген тіркес те жұмсалады. Оның мақсаты - субъектілер мінез-құлқын өз қажеттілігіне орай өзгерту.[10]


PR мамандары ақпараттың ақиқат немесе шын екендігін анықтап, ақпаратты дайындайды. Ал ол ақпаратты таратушы – БАҚ. БАҚ деп отырғанымыз - бұқаралық ақпарат құралдары. Жалпы БАҚ-қа радио,теледидар,газет,журнал,әлеуметтік желі және тағы басқалары жатады. PR мамандарының атқаратын қызметі басқаларына қарағанда күрделірек. Себебі, белгілі бір ұйым немесе компанияның шығыны мен құрылымы толықтай PR мамндарының қолында. Пиар мамандарының атқарған қызметтері тікелей мекемеге, ұйымға немесе компанияға пайда әкелуге бағытталуы тиіс. Және сол арқылы сол ұйымға деген халықтың көзқарасын қалыптастырады. Жалпы айтқанда мекеме, ұйым, компания жайлы ақпараттарды таратып, жұртшылықпен байланыстырады.Осы жағынан ол журналистика, үгіт-насихат және жарнамадан ерекшеленеді. Тағы бір айырмашылығы, Пиар қызметінің өзіне тән түрлері бар. Олар; жасыр пиар,қара пиар.сары пиар, ақ пиар және вирустық пиар деп аталады. Әрқайсысының атқаратын қызметтері әртүрлі. Ал жарнама, журналистика немес үгіт насихат түрлерге бөлінбейді.
Ал жарнама PRдың кіші бөлігі ғана болып саналады. Себебі, пиар мамандары өз жұмысында жарнамадан басқа да қызметтерді орындайды. Жарнаманың негізгі қызметі – халықтың қызығушылығын ояту. Жарнама жасау арқылы тауарды сатып алушылар мен қолданушылар санын көбейту.PR мамандарынан айырмашылығы да осыда.
Үгіт-насихат дегеніміз аты айтқандай адамды бірнәрсеге шақыру,үгіттеу. Жалпы айтқанда арбау. Көбінесе бұл қызмет халықты бір іс жасауға шақыру аясында қолданылады. Мысалы, интернетте кеңінен тараған Q-net туралы айтсақ болады. Халық оңай ақша тапқысы келетіндіктен осы пиармидаға кіріп кетіп жатады. Қазіргі таңда ол туралы жүргізілген үгіт-насихаттар өте көп. Олар оңай ақша табуға болатынын алға тартып, адамдарды сол ұйымға қосылуға үгіттейді. Бұл менің ойымша үгіт насихатқа жатады.
Журналисттер – жаңалық таратушылар. “Журналист - газет-журнал немесе радио мен теледидар] жұмысын атқарып, шығармашылық қызмет жасайды. Ол редакция жұмысында бірінші - ұйымдастырушылық, екінші - әдеби өңдеу, үшінші - шығармашылықпен айналысады. Бұл үшін оған білім мен қабілет керек.”[11] Мен бұл оймен толықтай келісемін. Себебі, журналисттер жаңалықты халыққа қысқа да нұсқа әрі түсінікті етіп,сонымен қатар қызығушылық оятарлық дәрежеде жеткізе білулері қажет деп ойлаймын. Ал мұндай жаңалық жаза білу үлкен дарын, үлкен қасиет. Олардың негізгі қызметі – өтірік ақпарттың таралуына жол бермей, шындықты халыққа жеткізу. Бұл маман иелеренің басқаларынан айырмашылығы ешұандай жарнама жасамауында. Атқаратын қызметінде ұқсастық болғанмен, журналисттердің өзіндік ерекше қызметі бар. Журналисттердің қоғамда қажеттілігі зор. Себебі халықты күнделікті ғана емес, әлемдік жаңалықтармен хабардар етіп отыру үлкен жауапкершілікті талап етеді.
Қорыта айтқанда, PR, жарнама, үгіт насихат және журналистика төртеуі төрт түрлі мамандық. Олардың қызметі де, міндеті де әртүрлі. Бір-бірінен айырмашылығы өте көп. Оларды шатастыруға болмайды, себебі, әрқайсысының жоғары да айтып өткендей еркекшелітері бар. Біз бұл курстық жұмыс арқылы осы төрт мамандықтың айырмашылығын зерттедік.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет