Практикалық ЖҰмыс #1: Ежелгі дәуір тіл білімі



бет1/26
Дата16.12.2021
өлшемі46,91 Kb.
#101956
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26
Байланысты:
ЛИНГВ СОЗДЕР


ПРАКТИКАЛЫҚ ЖҰМЫС #1: Ежелгі дәуір тіл білімі

Тіл білімі – мифтік сана қалыптаса бастаған уақытта пайда болды. Ол – философия шеңберінде ұзақ уақыт дамыды.

Ежелгі дәуірдегі тіл біліміне қатысты мәліметтер – қазіргі тіл білімінің ірге тасы болып саналады.

Ежелгі дәуір тіл білімінде 2 мәселеге ерекше көңіл бөлінген, олар:

  • Атау, ат қою теориясы

  • Грамматикалық өнер мәселесі.

Ат қою теориясының мақсаты – зат пен оның атауы арасындағы байланысты зерттеу

Ат қою теориясының негізін салушы – Конфуций (551-479).

Грамматикалық өнер (жазу өнері) – тілді дұрыс қолдану ережесін белгілейтін сала.

  1. Ежелгі Қытай тіл білімі.

Қытай тіл білімін зерттеу 2 мың жылдық тарихты қамтиды. Қытай тіл білімі XIX ғ-дың соңына дейін аз ғана үнді тілінің ықпалыменен дербес, өз алдына дамыды. Қытай тіл білімі Жапония мен Қытайдың көрші елдерінің тіл білімдеріне айтарлықтай өз әсерін тигізді. Бірақ, оның әлемдік маңызы аз; ол европалық тіл біліміне ешқандай әсерін тигізе алмады. Қытай жазуы біздің дәуірімізге дейінгі 2 мыңжылдықтың ортасында пайда болды. Б. д. д. XIII-XI ғасырларға жататын иероглифтік жазулары бар сүйектер мен тасбақа қалқандарының 1899 жылы табылған.

Қытай жазуының негізгі графикалық единицасы иероглиф. Жалпы таңбаларының саны – шамамен 50 мыңды құрайды. Соның ішінде, 4-7 мыңға дейін таңба қазіргі қытай тілінде қолданылады.

Ежелгі және ортағасырлық Қытай тіл білімінде иероглифтің әртүрлі жақтарын зерттеу 3 бағытқа бөлінді, олар: 1. Ең көне бағыт – сюньгу (схолиастика). Бұл сала – ежелгі сөздерді түсіндірумен айналысады; 2. Жазуды зерттеу, иероглифтердің құрылымы мен этимологиясын зерттеу; 3. Функциональдық фонетика (б. з. д. 5 ғасырдан бастап).

Грамматика схолиастикадан XIII-XIX ғ-да бөліне бастады. Бұл дегеніміз қытай тіл білімінде зерттелген негізгі объект – сөз емес, иероглиф болды. Көне Қытай иероглифі уставтық, жартылай -уставтық, жылдам жазу деген стильдерге бөлінген.





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет