Практикалық ЖҰмыс #1: Ежелгі дәуір тіл білімі


Ежелгі Үнді тіл білімінде ең көп зерттелген салалар –



бет4/26
Дата16.12.2021
өлшемі46,91 Kb.
#101956
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26
Байланысты:
ЛИНГВ СОЗДЕР

Ежелгі Үнді тіл білімінде ең көп зерттелген салалар – морфология мен фонетика. Бұлар туралы зерттеген – Яска мен Пáнини.

Яска – Ежелгі Үнді тіл білімінің алғашқы өкілі. Ол - "Веда" тілінің 5 томдық сөздігін жасап, түсінік жазған. Зерттеу еңбегі - "Нирукта". Аталмыш еңбекте ол сөз таптарын есімдік, етістік, предлог, демеулік деп 4 топқа бөлген.

Пáнини - санскрит тілі мен "Веда"тілінің дыбыстық жүйесі мен грамматикасын зерттеп, 4000-нан астам грамматикалық ереже (немесе сутралар) ұсынған зерттеуші. Зерттеу еңбегі - "Аштадхьяи" (немесе санскрит тілінің грамматикасы). Панинидің еңбегін жалғастырушылар В.Катьяяна, Патанджали.

Үндістан тіл білімінің тарихын сөз ете келіп, В.Томсен: "Үндістан тіл білімінің көтерілген биігі ерекше. Бұл биікке, көп нәрсені үнділерден үйрене тұрса да, еуропалық тіл білімі XIX ғасырға дейін көтеріле алмады", - деп жазады.

Ал И.А. Бодуэн де Куртенэ "XIX ғасырдағы тіл ғылымы немесе лингвистика" деген еңбегінде: "Егер де үнді грамматистерінің ХҮІІІ ғасырдың аяғы мен XIX ғасырдың бас кезіндегі Еуропа зерттеушілерінің ақыл-ойына тигізген орасан зор әсері болмаса, салыстырмалы грамматиканың, тіпті Еуропа мен Америка топырағында пайда болған тіл ғылымының гүлдеп дамуы болмаған болар еді", - дейді.




  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет