Практикалық жұмыс №1



бет1/5
Дата08.02.2023
өлшемі1,03 Mb.
#168046
  1   2   3   4   5
Байланысты:
№1 Практикалық жұмыс
ОШ ФО Казахская литература 9 класс каз (1), ОШ ФО Казахская литература 9 класс каз (1), Введ.в лит.каз.407, 4-лекция, Механикалық тербелістер мен толқында1

Практикалық жұмыс №1.




Тақырыбы: Бұлттық сервистер. Жалпыға қолжетімділікті құру.


Мақсаты: Студенттерді жалпыға қолжетімді файлдар құруға және қашықтан бірлесіп өңдеу үшін бұлттық сервистермен жұмыс жасауға дағдыландыру.
Қазір қажетті файлдарды тасымалдаушы құралдар арқылы (CD-ROM, DVD-ROM, флешжады, қатқыл диск т.б.) үнемі алып жүрудің және оның қауіпсіздігіне алаңдаудың қажеті жоқ. Көмекші құрал ретінде қажетті құжаттарды арнайы бұлттық қоймаларда сақтауға болады.
Бұлттық деректер қоймасы (cloud storage) – онлайн қойманың үлгісі, арнайы сатып алынған немесе жалға алынған жеке сервер- лерде деректерді қауіпсіз түрде сақтау моделі. Демек, бұлттық сервис түрлерін пайдаланып, кез келген деректерді қорғалған желіде сақтауға және сақталған ақпарат қауіпсіздігіне алаңдамау- ға болады. Бұлттық деректер қоймасын құру алдымен, бұлттық сервис түрлері ұсынған қойма көлеміне байланысты. (1-кесте).



  1. кесте. Бұлттық деректер қоймасы






Қызмет түрлеріне қарай ұсынған бұлттық дерек- тер қоймасының атауы

Шектеулі түрде тегін берілетін көлемі

1

Mega

50 ГБ

2

Mail бұлт

25 ГБ

3

Google компаниясынан Google Диск

15 ГБ

4

Яндекс компаниясынан Яндекс.Диск

10 ГБ

5

Box.net

10 ГБ

6

Microsoft компаниясынан OneDrive

5 ГБ




7

Apple компаниясынан iCloud Drive

5 ГБ

8

SugarSync Inc компаниясынан SugarSync

5 ГБ

9

OpenDrive

5 ГБ

10

Dropbox компаниясынан Dropbox

2 ГБ

Бұлттық деректер қоймасында жұмыс жасау тиімділігі:



    • техникалық құрылғылардың арнайы жадында деректерді сақтауды қажет етпейді, себебі бұлттық деректер қоймасының виртуалды жадында сақталады;

    • сақталған деректер көлеміне шектеулер жоқ, көрсетілген тарифтік жоспар бойынша қалаған көлемге ұлғайту мүмкіндігі бар (ақылы түрде);

    • ақпаратқа бірлесіп қолжеткізуге болады;

    • бұлттық қоймалардағы файлдарға қатынауды ашу, басқа пайдаланушылармен бірлесіп жұмыс істеуге мүмкіндік береді және барлық қызмет түрлерін нақты уақыт режимінде жүргізуге болады;

    • ақпараттарды вирустардан және рұқсатсыз қол сұғудан абсолютті қорғайды;

    • бұлттық деректер қоймасында сақталған мәліметтерге алаңдамауға болады, өйткені қауіпсіздік шаралары сақталған.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет