Практикалық жұмыс №1



бет4/5
Дата08.02.2023
өлшемі1,03 Mb.
#168046
1   2   3   4   5
Байланысты:
№1 Практикалық жұмыс
ОШ ФО Казахская литература 9 класс каз (1), ОШ ФО Казахская литература 9 класс каз (1), Введ.в лит.каз.407, 4-лекция, Механикалық тербелістер мен толқында1
1.8-сурет. Google Диск терезесі



  1. Терезенің сол жақ бұрышында Дисктің негізгі мәзір қатары орналасқан. Жеке Drive (Мой диск) бөлімінде бұлттық қоймаға жүктелген барлық файлдар мен бумалар, сондай-ақ бұлтта құрылған құжаттар тізімдері тұрады. Маған қолжетімді (Доступные мне) бөлімінде өзге пайдаланушылар бізге қолжетімдікті ұсынады, көруге, өңдеуге рұқсат береді. Соңғы (Недавние) бөлімінде жақында жұмыс істеген (ашылған, жүктеген, өңдеген және т.б.) файлдар мен бумалар, ал Сақтық көшірмелер (Резервные копии) бөлімінде сақтық көшірмелер жасаған тізімдер көрсетіледі.

  2. Пайдаланушыға берген қолжетімдіктің қараған уақыты мен күні. Ол құжаттың соңғы өзгертілген уақытымен тұрады.

  3. Файл немесе бума иесінің аты-жөні.

  4. Қаралмаған құжаттар, олар жартылай қою қаріппен ерекшеленеді.

Google Диск терезесін ашыңдар, ашылған терезеден Құру (Создать) батырмасы арқылы компьютер жадынан файлды Диск қоймасына жүктеңдер (9-сурет).





1.9-сурет. Google Диск-ке файл жүктеу

Жүктелген файлды Менің дискім (Мой диск) бөлімінен бақылаңдар және ерекшелеп, терезенің оң жақ бұрышында орналасқан ортақ қолжетімдікті құруға болатын батырмалардың барлық түрімен танысып шығыңдар.





1.10-сурет. Ортақ қолжетімдікті баптау.



  1. Бөлісуге болатын сілтеме алу (Копировать ссылку общего доступа);

  2. Бөлісу (Открыть доступ);

  3. Алдын ала қарау (Предварительный просмотр);

  4. Жою (Удалить);

  5. Қосымша әрекеттер (Другие разделы).

Жалпыға қолжетімділікті сілтеме немесе қолданушының электронды поштасын теру арқылы беруге болады (1.11-сурет). Ортақ қолжетімдікке рұқсат берудің 3 түрлі мүмкіндігі бар: Өңдеу (Редактор), яғни қолжетімдік берген пайдаланушы, құжатты өңдеу мүмкіндігіне ие болады; пікір мен ұсыныстар жазу, құжатты өңдей алмайды, тек пікір мен ұсыныстар қалдырады (Комментатор); қарау, оқу, бұл түрдегі қолжетімдік жұмыс барысын қарап, оқи алады (Читатель). Ортақ қолжетім- дікке рұқсат беретін пайдаланушының электронды пошта мекенжайын теріп, Жіберу (Отправить) батырмасын басыңдар.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет