Практикалық жұмыс Тақырыбы: БҚ бағдарламалық модульдерімен компоненттерін жинау рәсімдерін әзірлеу және орындау. Мақсаты: Python бағдарламасының негізін түсіну Теориялық бөлім



Дата27.10.2023
өлшемі1,02 Mb.
#188626
түріБағдарламасы
Байланысты:
Практикалық жұмыс 1
despotii vostoka, Зертханалық жұмыс 14, Практическая работа1 Создание аккаунта Google, 1569036783-SOR-Informatika-EMN-10-klass, 6, 11-сынып. С.Оразбаев. Өмірдің өзі театр. ҚМЖ-4.4-нұсқа, Информатика 11класс Раздел11.4А Цифровая грамотность Урок53 Цифровизация в Казахстане Дидактический материал Дифференцированные задания для индивидуальной работы, 4 Қосымша 2, Нурпеисова-Ж.С.-АЖ-дегі-мәліметтер-базасы, Тема 5 8.3

Практикалық жұмыс
Тақырыбы: БҚ бағдарламалық модульдерімен компоненттерін жинау рәсімдерін әзірлеу және орындау.
Мақсаты: Python бағдарламасының негізін түсіну
Теориялық бөлім
1.1. Python дегеніміз не?
Python — қазіргі таңдағы ең танымал бағдарламалау тілдерінің бірі. Python тілін 1991 жылы Гидо ван ȃоссум жазып шығарған. Python тілі келесі мақсаттарда кеңінен қолданылады: веб-әзірлеу (сервер жағында) бағдарламалық қамтамасыз ету математика тағы басқа төменде Python тіліне қатысты кеңінен тараған сұрақтарға жауап береміз.
1.2. Python тілі арқылы не істей аламыз?
Python веб-қосымшаларды жасау үшін қолданылады. Python дерекқор жүйелеріне қосыла алады. Ȅонымен бірге файлдарды оқып, оларды өзгерте алады. Python үлкен деректерді өңдеу үшін және күрделі математикалық амалдар орындау үшін пайдаланылады. Python жылдам прототиптеу үшін немесе өндіріске дайын бағдарламалық жасақтаманы әзірлеу үшін пайдаланылады.
1.3. Python тілін не үшін қолданамыз?
Python әртүрлі платформаларда жұмыс істейді (Windows, Mac, Linux, Raspberry Pi және т.б.). Python тілі ағылшын тіліне ұқсас қарапайым синтаксистік құрылыммен ерекшеленеді. Python басқа бағдарламалау тілдеріне қарағанда жазылуы қысқа әрі жеңіл болып келеді. Python тілі арқылы прототиптеу процесі өте жылдам жүреді. Python процедуралық және объектіге бағытталған немесе функционалды түрде жұмыс істей алады.
1.4. Білуге тиісті ақпараттар Python тілінің ең соңғы негізгі нұсқасы — Python 3.
Python 3 тілін осы оқулықта қолданатын боламыз. Дегенмен, Python 2 нұсқасы әлі де кеңінен танымал. Бұл оқулықта Python мәтіндік редакторда жазылады. Python тілін Thonny, Pycharm, Netbeans немесе Eclipse сияқты өзара біріктірілген даму ортасында да жазуға болады. ●ython тілі басқа бағдарламалау тілдеріне қарағанда, жазуға жеңіл әрі ыңғайлы.
Мысалы, экранға “Salem alem” мәтінін экранға шығаратын бағдарламаны Java, C++, Python тілдерінде жазып көрсетейік. Java, C++ бағдарламалау тілдерінде 5-6 жол керек болса, Python тілінде 1 ғана жол керек болады. Мысалы:
Java 1. class HelloWorld {
2. public static void main(String[] args) {
3. System.out.println("Salem alem");
4. }
5. }
C++ 1. #include
2.
3. int main() {
4. std::cout << "Hello World!";
5. return 0;
6. }
Python 1. print('Salem alem')
Өзіндік жұмыс





Бақылау сұрақтары:



  1. Python тілінің шығу тарихы

  2. Python тілін не үшін қолданамыз?

  3. Python тілінің басқа тілдермен ұқсастығы мен ерекшелігін ата


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет