Практикум Астана 2017 Қазақстан республикасы ауыл шаруашылығы министрлігі



бет41/65
Дата12.09.2022
өлшемі3,86 Mb.
#149308
түріПрактикум
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   65
Байланысты:
genetika prnov. kaz (1)

Тапсырмалар
1. Неше түрлі және қандай гаметалар түзеді?:
а) АА генотипті организм;
б) ААВВ генотипті организм;
в) ааВВ генотипті организм;
г) а және в гендері бойынша рецессивті организм.
2. Неше және қандай гаметалар түзеді?:
а) моногибрид Аа (гетерозигота)
б) дигибрид АаВв (дигетерозигота)
в) үшгибрид АаВвСс (үшгетерозигота).
3. Мына организм неше түрлі гамета түзеді?:
а) бір жұп гендер бойынша гетерозиготалы
б) екі жұп гендер бойынша гетерозиготалы
в) төрт жұп гендер бойынша гетерозиготалы.
4. Неше және қандай түрлі гаметалар түзеді?:
а) MMnnSSRR генотипті организм
б) MmnnssRR генотипті организм
в) MmNnssRR генотипті организм
5. Иттерде жүннің қысқа болуы (L) ұзын жүннен (l) доминантты, жүннің қара түсі (В) қоңырдан (в), салпаң құлақ (Н) тік тұратын (h) құлақтан доминантты. Неше және қандай түрлі гаметалар түзеді:
а) ұзын жүнді, қоңыр түсті, құлағы тік тұратын аналық ит;
б) Түсі мен жүн ұзындығы бойынша гетерозиготалы және құлағы салпаң гені бойынша гомозиготалы қысқа жүнді қара түсті салпаң құлақты аталық ит;
в) LlBbHh генотипті тригибрид.
Бақылау жұмыстары
1. Егер асқабақ жемісінің ақ түсін анықтайтын А гені, сары түсін анықтайтын а генінен басым болса, мына төмендегі будандастырылған өсімдіктер қандай типті гаметалар түзеді? Бұл өсімдіктердің фенотиптері қандай? Олардың ұрпақтарының түсін анықтаңдар?
АА х Аа; Аа х аа; аа х аа; Аа хАаА.
2. Сұлы өсімдігінің қастауыш ауруына төзімділік белгісі төзімсіз формасынан басым.
Гомозиготалы ауруға төзімді сұлы өсімдігін, оның төзімсіз формаларымен будандастырғанда ұрпақтары қандай болады?
Бірінші ұрпақ ретінде будан өсімдігін ауруға төзімсіз формаларымен будандастырғанда қандай ұрпақ алуға болады?
Бірінші ұрпақ будандарын бір-бірімен будандастырғанда қандай ұрпақ алуға болады?
Бірінші ұрпақ буданын ата-аналарымен будандастырғанда қандай ұрпақ алуға болады?
3. Қызанақ өсімдігі жемісінің дөңгелек формасы, алмұрт тәріздесінен басым. Ұрпақтарында дөңгелек және алмұрт пішінді жемістері теңдей алынған өсімдіктердің ата-анасының генотипі қандай болмақ?
4. Қызанақ өсімдігі сабағының қалыпты биіктігі R, аласалы r-ге қарағанда басым.
Егер сабағының осы аталған белгілері бойынша ажырауының арақатынасы 1:1 болғанда;
3:1 қатынасындай болып ажырағанда өсімдіктер генотиптерін анықтау керек.
5. Жапонияда шыққан бір бұршақ өсімдігінің ақ-ала тұқымын бір-бірімен будандастырғанда алынған ұрпақтың ¼ қара-ала, ½ ақ-ала және ¼ аласыз болған. Белгілердің ажырауын түсіндіру керек. Қара-ала түсті тұқымды бұршақ өсімдігін аласыз өсімдікпен будандастырғанда қандай ұрпақ алуға болады?
6. Ірі қара малда мүйіздің жоқтығы басым белгі, ал мүйіздің барлығы (көрінуі) тәуелді белгі. Егер мүйізі бар бұқаны мүйіздері жоқ сиырлармен будандастырылғанда алынған F2 ұрпақтың генотиптері мен фенотиптерінің сандық арақатынастары қандай болады? Егер F2-ғы гетерозиготалы малдар шағылыстырғанда қандай ұрпақ алуға болады? Ал F1-ты өздерінің әкелерімен шағылыстырса ше?
7. Қоян тұқымдарының денесіне өсетін жүннің ұзын мөлшері, қысқа жүнге қарағанда доминантты белгі. Егер ұзын жүнді қоян тұқымдарын (гомозиготалы) қысқа жүнді тұқымдармен будандастырғанда Ғ1 және Ғ2-ның фенотиптері мен генотиптері қандай болады? Осы белгілер түрлерін әріптермен таңбалап қойылған сұраққа жауап беріңдер?
8. Күзендердің табиғи түрі қоңыр (А), ақ – альбинос түріне (а), қарағанда басым белгі. Егер гомозиготалы қоңыр күзен тұқымын, сыртқы түсі ақ (альбинос) күзен тұқыммен будандастырсақ Ғ1 және Ғ2-дың фенотиптері мен генотиптері қандай болады? Егер гетерозиготалы қоңыр күзенді альбиностармен шағылыстырса ше?
9. Шошқа тұқымдарының денесінің қара түсі ақ түсіне қарағанда доминантты белгі. Егер денесінің түсі ақ еркек шошқаны денелерінің түсі қара гомозиготалы аналық шошқалармен будандастырсақ Ғ1 және Ғ2-та қандай сандық арақатынасты алуға болады? Егер гетерозиготалы қара шошқаны, ақ шошқалармен шағылыстырса ше?
10. Дрозофила шыбындарының денесінің көп кездесетін екі түрі бар. Сұр және сұр гетерозиготалы особьтарды шағылыстырғанда 200 ұрпақ алынған. Бұл ұрпақтың көбінің түрі сұр болған. Қандай белгі басым болды? 200 ұрпақтың ішінде қанша қара түсті шыбын бар?
11. Қоян тұқымдарының денесінде өсетін жүннің ұзын мөлшері қысқа жүнге қарағанда басым белгі. Бір фермада гетерозиготалы қояндарды шағылыстырғанда 300 будан алынған. Осылардың арасында қанша қоян қысқа жүнмен сипатталынады?
12. Тауық тұқымдарында айдардың қызыл түрі басым белгі де жапырақ тәуелді белгі. Мына сұрақтарға жауап беріңдер:
- Ғ1 және Ғ2-ның фенотиптерімен генотиптері қандай?
- Ғ2-та 200 балапан алынса олардың нешеуінде жапырақ айдар болуы мүмкін?
- Егер екінші ұрпақтағы гетерозиготалы тауықтарды жапырақ айдарлы қораздармен шағылыстырса қандай нәтиже болады? Егер айдары қызғылт қораздарды жапырақ айдарлы тауықтармен шағылыстырғанда ше?
13. Қара түсті айғырды жирен түсті биелермен будандастырғанда Ғ1 қара түсті болады. Белгінің қай түрі басым? Ғ2-та қандай санаралық қатынас бар? Егер Ғ2-тың гетерозиготалы малдарын жирен айғырмен шағылыстырса нәтижесі қандай болады?
14. Ірі қара малда дененің қара түсі, қызғылт түске қарағанда басым белгі. Бір фермада қара бұқаны үш сиырмен будандастырғанда мынадай нәтиже алынды:
- қызғылт сиырдан қара бұзау туды;
- қара сиырдан да қара бұзау туды;
- қара сиырдан қызғылт бұзау туды.
Осы будандастыруға алынған бұқа мен сиырлардың генотиптері туралы не айтуға болады?
15. Адамның көзінің қара түсі көк түске қарағанда басым белгі. Ата-анасының көздерінің түсі қара болған көк көзді жігіт, қара көзді қызға үйленген, қыздың әке-шешесінің көздері қара. Осы некеден туған үш баланың көздері қара. Осындағы айтылған адамдардың генотиптері қандай?
16. Ит тұқымдарының денесінің қара тұлғасы сұр түсіне қарағанда басым белгі. Егер будандастырудың нәтижесінде алынған 8 күшіктің 2 сұр түсті болса, қандай қорытынды жасау керек? Екінші жағдайда – 8 күшіктің 4 қара, 4 сұр түсті болса, ата-аналарының генотиптері туралы не айтуға болады?
17. Тауық тұқымдарының жиі кездесетін сыртқы түстері ақ және қара. Егер қара тауықтарды ақ түсті қораздармен будандастырса Ғ1-тың сыртқы түсі көк-ала болады. Ал осы көк-ала тауық пен қораздарды бір-бірімен шағылыстырса қандай нәтиже алынады? Егер көк-ала тауықтарды өздерінің аталық және аналық тұқымдарымен шағылыстырса қандай нәтижеге жетуге болады?
18. Қой тұқымдарының құлақтарының пішіні көбінесе ұзын мөлшерлі болады, ал кейбір тұқымдардың құлақтары жоқ. Егер ұзын құлақты және құлақсыз қойларды бір-бірімен будандастырса Ғ1-та орта мөлшерлі (шұнақ) құлақ пайда болады.
- Егер шұнақ құлақты қойларды бір-бірімен шағылыстырса қандай нәтиже болады?
- Шұнақ құлақты қойларды олардың аталық және аналық тұқымдарымен будандастырса алынған ұрпақтың фенотипі мен генотиптері қандай болады?
19. Шортгорн тұқымында қызыл және ақ түсті малдарды будандастырса Ғ1-ші ұрпақтың сыртқы түсі қоңыр болады. Егер қоңыр түсті сиырлар мен бұқаларды шағылыстырса алынған ұрпақтың фенотипі мен генотипі туралы не айтуға болады? Ал қоңыр сиырларды ақ және қызыл түсті бұқалармен будандастырса ше?
20. Бір анадан туған екі шортгорн тұқымының сиырлары бір бұзаулағанда сегіз ұрпақ әкелген: екі қызыл, төрт қоңыр және екеуінің түсі ақ. Осы нәтиженің арқасында будандастыруға қатысқан сиырлармен бұқаның, ұрпақтың генотиптерін анықтауға болады ма?
21. Ұзын құлақты аналық қойларды құлағы жоқ қошқарлармен будандастырғанда алынған екінші ұрпақтағы 600 қозының 150-і ұзын құлақты, 300 орташа құлақты (шұнақ), 150 құлақсыз. Бұл белгінің ажырасу заңын қандай тұқым қуалау ережесімен дәлелдеуге болады? Егер Ғ2-ғы шұнақ құлақты аналық қойларды ұзын құлақты қошқарлармен будандастырса қандай нәтижеге жетуге болады?
22. Жылқы тұқымының сыртқы тұлғасының сары-алтын түске боялуы қоңыр және ақ түсті бие мен айғырлардың будандастыруға байланысты.
Егер сары-алтын бейнелі жылқыларды бір-бірімен шағылыстырса алынған ұрпақтың фенотипі мен генотипі туралы қандай қорытынды жасау керек? Ал сары-алтын түсті биелерді өздерінің аталық және аналық тұқымдарымен шағылыстырса ше?
23. Тауық тұқымдарының қара түсі ақ түске қарағанда басым белгі. Егер осы тұқымдарды бір-бірімен будандастырып Ғ2-та 600 балапан алынса, бұлардың генотиптері мен фенотиптері туралы қандай қорытынды жасауға болады? Екінші жағдай: қара және ақ түсті тауық тұқымдарын будандастырып 400 балапан алынған. Бұл 400 балапанның 200-і қара, 200-і ақ түсті. Осы жағдайды қандай будандастыру арқылы іске асыруға болады?
24. Жылқы малында тұқым қуалайтын тамақтың жұқпалы ауруы бар. Ауру биелер мен айғырлардан кейбір кезде ауырмайтын құлындар туады:
- Бұл ауру қандай белгі (басым ба, әлде тәуелді ме)?
- Ауру биелерді гетерозиготалы айғырлармен будандастырса қандай нәтижеге жетуге болады?
25. Ірі қара мал тұқымында асыл тұқымды бұқа өзінен туған 44 сиырмен шағылыстырылған. Осының нәтижесінде алынған 44 бұзаудың 11-і омыртқаларының өсіп-дамуының кемістігінен өліп қалған, ал 33 бұзаудың омыртқалары әдеттегідей дұрыс қалыптасқан.
- Будандастыруға қатысқан бұқа мен сиырлардың және олардан туған бұзаулардың генотиптері қандай?
- Омыртқаның кемістігі қандай белгі?
26. Германия қой тұқымдарында «скрепи» деген ауру малдардың 2 – 4 жасқа дейінгі уақытындағы өлімінің белгісі. Егер «скрепи» ауруына шалдыққан аналық қойларды, шыққан тегінде ауру малдар жоқ қошқарлармен будандастырса Ғ1- та ауырмайтын қойлар пайда болады. Ал, егер осы жоғарыда айтылған Ғ1-тың малдарын шағылыстырып Ғ2-та 600 қозы алынса, олардың нешеуі ауруы мүмкін және генотиптерінің сипаттамасы қандай?
27. Ірі қараның бейнесінің қара түске боялуы, мүйізінің көрінбеуі басым белгілер, ал қызыл бейне және мүйіздерінің көрінуі тәуелді белгілер:
- Егер гомозиготалы қара бейнелі, мүйізсіз сиырларды қызыл бейнелі, мүйізді бұқамен будандастырса, алынған ұрпақтың генотиптері мен фенотиптері қандай болады?
- Егер будандастыруға алынған малдардың генотиптері гетерозиготалы болса қандай нәтижеге жетуге болады?
28. Дрозофила шыбыны денесінің сұр түсі және қалыпты қанатты белгілерін доминантты гендер анықтайды, ал денесінің қара түсі мен жетілмеген қанатты белгілерін рецессивті гендер бақылайды.
Денесінің түсі қара, қалыпты қанатты екі шыбынды шағылыстырғанлда ұрпағының денесінің түсі түгел қара болып, ¾ қалыпты қанатты, ¼ жетілмеген қанатты болған. Ата-анасының генотипін анықтау керек.
29. Адамда алыстан көрмеушілік белгі көруі қалыпты белгіден басым, ал қой қөзді белгі көк көзді белгіден басымдылық көрсетіп тұқым қуалайды. Екі жұп гендер әр түрлі жұп хромосомаларда орналасқан:
а) екі белгі бойынша гетерозиготалы ерлі-зайыптылардан қандай ұрпақ алуға болады?
б) герерозиготалы еркек көк көзді, көруі қалыпты әйелге үйленгенде қандай ұрпақ күтуге болады?
30. Ірі қара малдың сыртқы түсінің қоңыр болуы, қара және ақ түсті малдарды будандастыруға байланысты. Ал, қара малдың ауруға төзімділігі ауруға шалдығуына қарағанда басым белгі. Егер, қоңыр түсті ауруға төзімді гетерозиготалы сиырлар мен бұқаларды будандастырса, келесі ұрпақта қоңыр түсті ауыратын бұзау туа ма, қара түсті ауыратын, ақ түсті ауырмайтын бұзаулар бар ма?
31. Германияның биязы жүнді қой тұқымында «скрепи» деген аурудан қойлар 2 – 4 жастың арасында жүйке жүйесінің кемістігінен өледі. Бұл тұқымның жүнінің ақ болуы ала түсіне қарағанда басым белгі.
- Егер, ауыратын ақ жүнді қошқарларды, ауырмайтын ала жүнді аналық қойлармен будандастырса Ғ2-та ақ жүнді ауыратын және ала жүнді ауыратын қозылардың үлесі қандай?
32. Шошқа тұқымында – денесінің ақ түсі, өсетін қылшықтың қысқа болуы басым белгілер, ал денесінің түсі қара және өсетін қылшықтың ұзындығы тәуелді белгілер.
Егер денесінің түсі ақ, қысқа жүнді еркек шошқаларды қара денелі ұзын қылшықты аналық шошқалармен будандастырса Ғ1 және Ғ2-дың фенотиптері мен генотиптері туралы не айтуға болады?
- Егер Ғ2-та 320 торай алынса нешеуі ақ түсті ұзын жүнді болады?
33. Алтай биязы жүнді қой тұқымында жүннің ақ түсі мен мөлшерінің қысқалығы басым белгілер, ал қара түс пен ұзын мөлшері – тәуелді белгілер. Егер жүндерінің түсі ақ, мөлшері қысқа гетерозиготалы қошқарлар мен аналық қойларды будандастырып 640 қозы алынса, осы табында неше қозы қара жүнді және жүндерінің мөлшері ұзын болады? Неше қозы жүнінің түсі ақ, ал мөлшері ұзын болады.
34. Тауық тұқымдарында аяқтарының қысқа болуы және салмақтарының ауыр болуы басым белгілер. Ал аяқтарының ұзын, салмақтарының жеңілдігі тәуелді белгілер.
Егер қысқа аяқты, салмағы жеңіл тауықтарды ұзын аяқты, ауыр салмақты қораздармен будандастырып, Ғ1 және Ғ2 алса, олардың фенотиптері мен генотиптерінің сипаттамасы қандай болады?
Егер Ғ2-ғы дигетерозиготалы тауықтарды ұзын аяқты жеңіл салмақты қораздармен шағылыстырса нәтижесі қандай болады?
35. Тауық фермаларында арнаулы қысқа аяқты құстарды өсіреді. Олардың тұмсықтары қысқа болып келеді. Ал қысқа тұмсықты тауықтар бау-бақшаға салынған өсімдіктерді шұқып бүлдіре алмайды. Бірақ, доминантты гомозиготалы генотипі бар қысқа аяқты балапандар жұмыртқаның қабығын жарып шыға алмай тұншығып өліп қалады. Егер қысқа аяқты тауық өсіретін құс фермасында 3000 балапан алынса, олардың нешеуі қысқа, нешеуі ұзын аяқты болуы керек.
36. Адамдардың көзінің реңі қара болуы, оң қолының іске ыңғайлығы басым белгілер, ал көзінің көк, сол қолының іске ыңғайлы болулары тәуелді белгілер.
Егер қара көзді оң қолының жұмысқа ыңғайлығы бар гетерозиготалы генотипті жігіт, көк көзді оң қолының жұмысқа ыңғайлығы бар гетерозиготалы қызбен некелессе, өмірге келетін ұрпақтары туралы қандай мәлімет беруге болады?
37. Өсімдіктің ААВвсс генотипі бар екені белгілі:
а) осы өсімдік қанша түрлі гамета түзе алады?
б) барлық жұп аллельдері бойынша толық доминанттылық болса, осы өсімдіктерді өзара будандастырғанда қанша түрлі фенотипті даралар түзіледі?
в) өсімдіктерді бір-бірімен будандастырғанда қанша түрлі генотипті класс түзіледі?
г) егер барлық жұп аллельдер бойынша аралық доминанттылық көрсетсе, өсімдіктерді өзара будандастырғанда қанша түрлі фенотиптік класс түзіледі?
38. Өсімдіктің АаВвСс генотипі бар екені белгілі:
а) осы өсімдік қанша түрлі гамета түзе алады?
б) барлық жұп аллельдері бойынша толық доминанттылық болса, осы өсімдіктерді өзара будандастырғанда қанша түрлі фенотиптік класс түзіледі?
в) өсімдіктерді бір-бірімен будандастырғанда қанша түрлі генотипті класс түзіледі?
39. Өсімдіктің ААВвсс генотипі бар екені белгілі:
а) осы өсімдік қанша түрлі гамета түзе алады?
б) барлық жұп аллельдері бойынша толық доминанттылық болса, осы өсімдіктерді өзара будандастырғанда қанша түрлі фенотипті даралар түзіледі?
в) өсімдіктерді бір-бірімен будандастырғанда қанша түрлі генотипті класс түзіледі?



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   65




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет