Практикум Астана 2017 Қазақстан республикасы ауыл шаруашылығы министрлігі


Жыныс тұқымқуалаушылық белгі ретінде. Жыныспен тіркесті белгілердің тұқым қуалауы



бет45/65
Дата12.09.2022
өлшемі3,86 Mb.
#149308
түріПрактикум
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   65
Байланысты:
genetika prnov. kaz (1)

4.2. Жыныс тұқымқуалаушылық белгі ретінде. Жыныспен тіркесті белгілердің тұқым қуалауы

Тұқымқуалаушылықтың цитологиялық негіздері тақырыбында ұрғашы және еркек жыныстардың бір – бірінен жынысты деп аталған бір жұп хромосомалармен айырмашылықтары болатындығы анықталды.


Ұрғашылар мен еркектердің бірдей хромосомалары аутосомалар деп аталады. Сүтқоректілерде және кейбір омыртқасыздарда (мысалы, дрозофила) ұрғашы жыныс дарақтарында Х хромосома деп аталатын екі гомологты жыныс хромосомалары болады. Еркек дарақтарда тек бір Х – хромосома болады; оған гомологты емес екінші хромосома У – хромосома деп аталады. Осыдан ұрғашының жыныс хромосомалар жиынтығы ХХ, еркек – ХУ деп белгіленеді. Құстарда, балықтарда және кейбір омыртқасыз жануарларда еркектерінің Z әрпімен белгіленген екі бірдей жыныс хромосомалары болады. Ұрғашыларда Z хромосома біреу болады; оған гомологты емес екінші жынысты хромосома W әрпімен белгіленеді. Осыдан еркектердің жыныс хромосомалар формуласы ZZ, ұрғашыларда – ZW. Бұл организмнің жынысын Мендель заңдарына бағынатын тұқым қуалаушы белгі ретінде қарайтын теорияны дәлелдейді.
Мейоз кезінде ата–ана жыныс хромосомалары жұбының тек біреуі гаметаға түседі. Жыныстың тұқым қуалаушының келесі схемасын жазуға болады. P ♀ ХХ х ♂ ХУ
Гаметалар Х Х У
Ғ1 ♀ ХХ ♂ ХУ
а)

♂ ZZ х ♀ ZW


Z Z W
♂ ZZ ♀ ZW
б).
6 схема - Еркектің гетерозиготалы (а) және ұрғашының гетерозиготалы (б) жағдайларында жыныстың тұқым қуалауы.
Схемадан (6,а схема) сүтқоректілер мен адамда ұрғашы жынысты дарақтар жұмыртқа жасушаларында Х хромосомасы бар бір түрлі гамета түзеді (ұрғашы жыныс гомогаметалы), еркек жынысты дарақтар сперматозоидтары Х және У хромосомалары бар екі түрлі гамета түзеді (еркек жыныс гетерогаметалы). Құстарда ұрғашы жыныс гетерогаметалы, Z және W хромосомалары бар екі түрлі жұмыртқа жасушаларын түзейді, еркек дарақтардың сперматозоидтары бір түрлі Z хромосомалы болады (6,б схема).
4.3 Жыныспен тіркесті белгілердің тұқым


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   65




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет