Председателю Правления



бет1/6
Дата06.02.2022
өлшемі189,72 Kb.
#29801
түріКонкурс
  1   2   3   4   5   6

«Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» атағын
беру конкурсын өткізу туралы хабарландыру

«Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» атағын беру үшін Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2014 жылғы 15 қазандағы № 424 бұйрығына сәйкес Конкурс өткізіледі.


Конкурсқа ЖОО-ның штаттық оқытушылары болып табылатын, Конкурсқа құжаттарын тапсыру сәтінде кемінде бес жыл үзіліссіз ғылыми-педагогикалық өтілі бар Қазақстан Республикасының азаматтары қатыса алады.
Жоғары оқу орындарының ректорлары үстіміздегі жылғы қазанда Конкурстың жоғары оқу орныішілік кезеңін өткізуді ұйымдастырсын, Конкурсты өткізу тәртібін дербес анықталады. Бұл ретте, соңғы бес жылдағы сапалық және сандық көрсеткіштер негізге алынады.
Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру мерзімі 2014 жылғы 1 қарашадан 21 қарашаға дейін.
Конкурсқа қатысу үшін үміткерлер білім беру саласындағы уәкілетті органға мынадай құжаттарды ұсынады:
1) білім беру саласындағы уәкілетті орган бекіткен нысандар бойынша өтінім, сапалық және сандық көрсеткіштерге сәйкес мәліметтер, жылдық жұмыс жоспар-кестесі;
2) ЖОО ғылыми кеңесінің ұсынымы;
3) жұмыс орны растаған кадрларды есепке алу жөніндегі жеке парағы;
4) жеке куәліктің көшірмесі;
5) карточкалық базадағы 20 таңбалы ағымдағы шоты туралы хабарлама.
Құжаттарды рәсімдеуге қойылатын талаптар:
1) құжаттар қағаз түрінде парақтары нөмірленген, альбом түріндегі қатты мұқабада;
2) құжаттар келесі реттілікпен тігіледі:
· тегі, аты, әкесінің аты толық, ғылыми дәрежесі/ғылыми атағы, лауазымы, мекен-жайы, жұмыс орнының/ұялы телефонының нөмірі, дербес электрондық поштасы (e-mail) көрсетілген титул парағы. Титул парағындағы барлық деректер үміткердің қолымен расталады;
· құжаттар тізімі;
· үміткердің тегі, аты, әкесінің аты, туған айы, жылы, күні, ЖОО атауы, білімі, лауазымы, ғылыми дәрежесі/ғылыми атағы, жетістіктері, мемлекеттік марапаттары көрсетілген 3х4 суреті бар сауалнама;
· өтінім;
· ЖОО ғылыми кеңесінің ұсынымы;
· жылдық жұмыс жоспар кестесі;
· сандық және сапалық көрсеткіштерге сәйкес мәліметтер;
· жұмыс орны растаған кадрларды есепке алу жөніндегі жеке парағы;
· жеке куәліктің көшірмесі;
· карточкалық базадағы 20 таңбалы ағымдағы шоты туралы хабарлама.
3. фотоиллюстрациялармен бірге жүретін растайтын құжаттар.
Құжаттарды ұсынған кезде ректордың атынан жазылған 50 штаттық оқытушыға 1 үміткерден аспайтын (қоса орындаушы мұғалімдер ескерілмейді) республикалық кезеңге қатысатын қатысушылардың толық тізімі көрсетілген хаты қажет.
Құжаттар Астана қ., Орынбор 8, «Министрліктер үйі», 11-кіреберіс, 645-кабинет мекен-жайына жіберіледі.
Конкурсқа қатысушының дербес электрондық мекен-жайы тіркеуден өткеннен кейін құжаттарды электронды түрде толтыру туралы мәлімет (www.edu.gov.kz) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің сайтында орналастырылады.

Қазақстан Республикасы


Білім және ғылым министрінің
2014 жылғы « 15 » қазандағы
______ № 424 бұйрығына
1 қосымша

Каталог: downloads -> nauka
nauka -> Республикалық «Аңсар-2014» Қазақстан халқы Ассамблеясының әдеби байқауының ережесі
nauka -> Как оформить отчет о нир
nauka -> Как оформить отчет по нир
nauka -> Семинарларды ұсынады: «Үздік шығарма»
nauka -> Педагогикалық шеберлік онкүндігі аясында өткізілетін шаралар кестесі Сәулет-құрылыс факультеті
nauka -> 25. Сабақ жүйесінде дене жаттығуларын бір қалыпты қамтамасыз ету үшін қажет: 26. Динамикалық қағиданың мәні
nauka -> Педагогикалық шеберлік онкүндігі аясында өткізілетін шаралар кестесі Сәулет-құрылыс факультеті
nauka -> 25. Сабақ жүйесінде дене жаттығуларын бір қалыпты қамтамасыз ету үшін қажет: 26. Динамикалық қағиданың мәні
nauka -> Педагогикалық шеберлік онкүндігі аясында өткізілетін шаралар кестесі Сәулет-құрылыс факультеті
nauka -> Конкурсын өткізу туралы хабарландыру «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы»


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет