Презентация пәннің атауы: «Экология және өмір қауіпсіздігі»


Табиғи қорларды пайдаланудың жалпы инженерлік шаралары



бет4/9
Дата30.03.2023
өлшемі1,23 Mb.
#173381
түріПрезентация
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
экология
С бағдарламалау, Лекция-3.-Производные-ароматических-кислот-и-их-солей, ФИЛОСОФИЯ студенттеріме (1), Ана тілі кітабы, 2сынып Қазақ тілі 14-15 саб
3.Табиғи қорларды пайдаланудың жалпы инженерлік шаралары.
Адамзат табиғи қорларды, олардағы шикізат көздерін зат айналым циклына қатыстырады. Табиғи қорларды пайдалану барысында тасымалдануы, өзгеріске ұшырауы- қордың айналымы немесе антропогенді айналым деп аталады.
Табиғаттағы зат айналымы тұйықталған тізбек бойымен іске асады. Ал қор айналымын немесе антропогенді тұйықталған тізбек бойымен іске асады деуге болмайды. Өйткені, теңізден буланған су қайтадан жауын-шашын түрінде қайта оралса, шахтада өндірілген көмір, қайтадан көмір түрінде шахтадағы кенге келіп қосылмайды.
Табиғи қорларды тиімді пайдалануда ғылым-техника саласындағы озық технологияны, инженерлік тиімді тәсілдерді пайдаланады.
Жалпы инженерлік шараларға төмендегілер жатады:
1.Қоршаған ортаны жүйелі түрде пайдалану және сақтау.
Қоршаған ортаға зиян келтірмеу үшін, оларды жан-жақты талдап, жүйелі түрде іске асыру қажет.
Жан-жақты талдау-математика, информатика, кибернетика және т. б. ғылым салалары арқылы жүзеге асады.
2.Биосфераны оптимизациялау.
3.Табиғатты пайдалануды оптимизациялау.
Өнеркәсіп салалары мен шаруашылыққа шикізат өнімдерін жоспарлы түрде, белгілі мақсат үшінмемлекеттік дәрежеде шешу жолдары.
4.Шикізат өндіру қарқынынан алынатын өнім қарқынының өсуі.
5.Жаратылыс дүниелері мен техника үндестігі. Табиғат-техникалық жүйелер немесе геотехникалық жүйелер құруы.
6.Өндірісті шоғырландыру.
7.Өндірісті экологиялық қауіпсіздендіру-қалдықсыз экологияны пайдалану жатады.
4. Қоршаған ортаны бағалаудың экономикалық көрсеткіштері.
Қоршаған ортаның табиғи қалпын сақтау, өнеркәсіп орындары шығаратын қоқыс қалдықтарды қайта өңдеу, зиянкес заттарды залалсыздандыру-бәрі де, белгілі бір дәрежеде қаржы бөлуді, еңбек күшін жұмсауды қажет етеді.
Қаржыландыру 2 бағытта жүреді:
1.Қоршаған ортаға зиянды заттар мен қалдық қоқыстарды азайтуға бөлінетін қаржы.
2.Зиянды заттарды залалсыздандыруға және оларды жоюға жұмсалатын қаржы.
Қоршаған ортаның ластануына жол бермеуге бөлінетін қаржы және ластанған жерлерді қалпына келтіруге бөлінетін қаржылар қосындысы-халық шаруашылығына экономикасына жұмсалатын экологиялық шығын деп аталады. Бұл қаржы төмендегідей жұмыс түрлері мен сауықтыру шараларын жүзеге асыруға жұмсалады:
3.зиянды әсерлерден ауыруға шалдыққан науқас адамдарға дәрігерлік көмек көрсету.
4.Ортаның ластану салдарынан тұрмыстық-техникалық шаруашылық жұмыс істеуі;


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет