Проблемалық ОҚыту әдісі


Проблемалық оқытудың жалпы функциялары



бет2/2
Дата05.06.2020
өлшемі20,44 Kb.
#72398
1   2
Байланысты:
проблемалық оқыту
Туындыларға есептер
Проблемалық оқытудың жалпы функциялары:

- студенттердің білімін терең ойлау, талдау, тұжырым жасау әрекеттерін меңгеру арқылы дамыту;

- студенттердің білім жүйесі мен ақыл-ой және практикалық іс-әрекет амалдарын меңгеруі;

  • студенттердің танымдық дербестігі мен шығармашылық, қабілеттерінің дамуы;

  • студенттердің дүниетанымының негізі болып табылатың диалектикалық- материалистік ақыл-ойының қалыптасуы.

Арнайы функциялар:

- білімді игерудің шығармашылық дағдыларын тәрбиелеу (логикалық тәсілдерді, жеке амалдарды пайдалану);

- білімді шығармашылықпен пайдалану дағдыларын тәрбиелеу (игерілген білімді жаңа ситуацияда пайдалана алу) және оқу проблемаларын шеше алу;

- шығармашылық іс-әрекет тәжірибесін қалыптастыру және молайту (ғылыми зерттеу әдістерін меңгеру, практикалық проблемаларды шешу). Проблемалық оқыту барлық жағдайда бірдей тйімді бола алмайды. Практикада көрсеткендей проблемалық оқыту процесі танымдық белсенділікті дамытуда, жаңа білімді меңгеруде студенттердің әр түрлі білім деңгейін анықтап отыр. Шығармашылықтың түріне сәйкес проблемалық оқытудың үш түрін бөліп айтуға болады: - біріншісі, теориялық шығармашылық студенттің өзі үшін жаңа ережені, заңды, теорияны ашады. Мұның негізінде теориялық оқу проблемаларын қою және оны шешу дағдыланады; - екіншісі, практикалық шығармашылық: студенттің меңгерген білімін жаңа ситуацияда қолдануы, құрастыруы, ойлап табуы негізінде практикалық оқу проблемаларын қою және оны шешу мақсат көзделеді.

Проблемалық оқыту - мәні проблемалық ситуация туғызу мен оқушылардың оқу проблемасын дербес шешулері бойынша іс-әрекеттерін басқару болып табылатын оқыту түрі. Проблема деп шешілуі оқушылардан білім алу үшін белгілі әрекеттерді талап егетін есептердің, тапсырмаларын, теориялық немесе тәжірибелік мәселелердің әртүрлілігін түсінуге болады. Проблемалық оқытудың ерекшелігі - мұнда мұғалім білімді дайын түрде баяндап бермейді, оқушылардың алдына проблемалық міндет қояды. Шешімді және шешу құралдарын оқушы өзі іздестіруі тиіс.

Проблемалық оқыту бірнеше сатыдан тұрады: проблемалық жағдайды аңғару, жағдайды талдау негізінде проблеманы тұжырымдау, болжаулар ұсынуды, оларды алмастыру және тексеруді қамтып проблеманы шешу, шешімді тексеру. Бұл процесс ойлау актісінің үш фазасымен ұқсастық бойынша өрістейді (С.Л. Рубинштейн бойынша), ол проблемалық жағдайда пайда болып, проблеманы аңғаруды, оны шешуді және соңғы ой тұжырымын қамтиды. Проблемалық оқыту оқушылар үшін қиыншылық деңгейі бойынша әртүрлі болуы мүмкін, ол оның проблеманы шешу үшін қандай және қанша іс-әрекеттер жүзеге асырылатынына байланысты. В.А. Крутецкий оқушы мен мұғалімнің іс-әрекеттерін бөлу негізінде дәстүрлі оқытумен салыстыра отырып, оқытудың проблемалығы деңгейінің сызбасын ұсынды.

Проблемалық оқытудың негізгі психологиялық және педагогикалық мақсаттары:

·Оқушылардың шығармашылық ойлау қабілеттері мен дағдыларын дамыту;

·Оқушылардың белсенді ізденіс нәтижесінде игерген білімдері мен дағдылары дәстүрлі оқыту әдістеріне қарағанда есте тез және берік сақталады;

·Түрлі проблемаларды көріп, қойып, шеше білетін белсенді оқушы тұлғасын қалыптастыру;

Проблемалық оқытудың ең негізгі мақсаты - қазіргі заманғы ғылым жетістіктеріне сүйене отырып, продуктивтік және творчестволық оқу процесінің логикалық жолдарын баяндау. Міндеттер: мұғалімнің проблемалық оқыту процесінің ұйымдастыруының негізгі тәсілдері мен формаларын көрсету, оқытудың ғылымилық дәрежесін жоғарылатып, оқушылардың неғұрлым тиімді жалпы дамуына жағдай тудыру.

Проблемалап оқыту әдісін жүргізу дидактиканың заңдылықтарына байланысты мынадай кезеңдерге бөлінеді:

1.Проблемалық ахуалдар туғызу жолын алдын ала дайындау.

2.Проблемалық сұрақтарды грамматикалық және стилистикалық жағынан дұрыс құру.

3.Проблемалық мәселелерді шешу амалдарын күні бұрын дәл белгілеу. 

4.Проблемалық сұрақтардың теориялық анықтамасын заңды түрде дәлелдеу.

Проблемалап оқыту әдісінің екі түрлі айырмашылығы бар. Біріншісі, оқыту мақсатына байланысты, мұнда оқу материалының мазмұны зерттеледі, ол белгілі бір дәрежеде қорытылады. Нәтижесі практикада сыналып, оқу программаларына, оқулықтарға және қосымша оқу құралдарына жазылады. Екіншісі, педагогикалық процесті ұйымдастыру принципі тұрғысынан қарастырылады. Бұл кезде әдебиеттерде дайындалып көрсетілген білім мазмұнының көшірмесін қайталап өз қалпында түсіну талап етілмейді. Проблемалап оқыту теориясының аумағында әлі де зерттеулерді қажет ететін көптеген мәселелер бар. Бұл маңызды мәселелердің бірі - оқыту процесінде оқушының шығармашылық қабілетін дамыту мәселесі. Оқу-тәрбиесінде мынандай өзекті проблемалар бар:оқушылардың өз бетінше ойланып,әрекет етулері жеткіліксіз. Бұл проблемаларды шешу үшін, білім үрдісінде инновациялық технологияларды оқып үйреніп, өз іс-әрекетімде енгізу қажет деп ойлаймын. Проблемалық оқыту əдісі негізінен екі функциясымен анықталады: 

1. Ақыл-ой ізденісінің бағытын анықтау, яғни оқушылардың проблемаларды шешудіңамалдарын іздестіруі.

2. Оқушының жаңа білімді меңгерудегі танымдық қабілетін дамыту, оқу əрекеті белседілігін қалыптастыру.

Заманауи білімдендірудің мақсаты мамандарды шығармашылыққа дайындау екені даусыз. Шығармашылық дегеніміз жаңалықты(жаңа нысана, жаңа білім, жаңа проблема, жаңа әдіс ) ашу. Осыған орай, проблемалық оқытудың өзі де шығармашыл процесс: бейқалыпты ғылыми-оқу мәселені бейқалыпты әдістермен шешу. Атамыш оқыту жаңадан ғана пайда болған жоқ. Кезінде бұған өз үлес қосқан педагог-ғалымдар: Сократ, Руссо, Дистерверг, Ушинский. Мысалы, Дистервергтің дәлелдеуінше, «жаман ұстаз ақиқатты айта салады, жақсы ұстаз оны іздеп табуды үйретеді».

Проблемалық оқытудың күшті жақтары: Оқушылардың логикалық ойлау қабілетін арттырады, оқу еңбегіне қызығушылығын арттырады, берік білімге, оқытудың жоғары нәтижесіне жеткізеді.

Проблемалық оқытудың кемшіліктері: Оқушылардың танымдық іс-әрекетін басқаруға әлсіз ықпал ету, мақсатқа жету үшін көп уақыт жұмсау.



Проблемалық оқыту – ғылыми дүниетанымды қалыптастырудың негізгі тәсілі, ол адамның танымдық және практикалық қызметін реттеп отыратын белгілі бір жеке бастық субъективтік тұрғы ретінде ұғынылады,дүниетаным теориялық білімнің, практикалық тәжірибенің, идеялық-эмоциялық бағалардың жоғары синтезі ретінде анықталады.

Шоқанова Фариза

98 орта мектеп мұғалімі

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет