Проблемы государства и права



бет20/22
Дата02.07.2018
өлшемі0,73 Mb.
#45844
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22

А.А. Толеужанова,

техникалық ғылымының магистрі,

«Автоматтандыру және басқару» кафедрасының инженері,

Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеті

О.В. Жирнова,

техникалық ғылымының магистрі,

аға оқытушы, «Автоматтандыру және басқару» кафедрасы

Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеті

Қ.Т. Исахан,

4 курс студенті, «Автоматтандыру және басқару» мамандығы

Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеті


МЕТАЛЛУРГИЯЛЫҚ КӘСІПОРЫНДЫ БАСҚАРУ ҮШІН ҚОЛДАУ ЖҮЙЕСІН ШЕШІМ ҚАБЫЛДАУҒА ҚОЛДАНУ



Металлургиялық кәсіпорындардың мынадай өзіндік ерекшеліктері бар: өндірістік үрдіс едәуір күрделі, металлургиялық өндірістің көптеген кезеңдері үздіксіз, технологиялық қондырғыларға күтім жасаушы қызыметшілердің өмірі мен денсаулығына қауіпті жағдайлардағы зиянды ортадағы жұмыстармен байланысты болып келеді.

Осы факторлар кәсіпорынды жылдам басқару жүйесіне қойылатын талаптарды жоғарлатады. Бұл жүйе кәсіпорынның жоспарларын тұрақты түрде тоқтаусыз жүзеге асыруын қамтамасыз етуі тиіс, өндірістің ішкі және сыртқы факторларының стохастикалық өзгерістеріне қатысты икемділігі жоғары болуы керек, стратегиялық және тактикалық басқару жүйелерімен етене бірігуі тиіс, басқару технологиясының жетілдірілуі, талдануы және түзетілу қабілетіне ие болуы керек.

Алюминий комбинатында кәсіпорынды басқарудың корпоративтік біріккен жүйесін (КБКБЖ) өндіріске енгізу барысында жүргізілген зерттеулер кәсіпорынның функционалдық және әкімшілік құрылымын жақындатуға, бизнес-үрдістердің жасалуы мен икемделуіне бағытталған функционалдық ядрода – ақпараттық үрдістерді басқару жүйесіндегі (АҮБЖ) басқарылатын және икемді құжат айналым принципіне негізделген осы заманғы басқару жүйесін пайдалану, жылдам басқару өрісі күтілгендей жоғары нәтиже бермегенін көрсетті.

КБКБЖ менеджерге әртүрлі есептік және аналитикалық мәліметтер алуға мүмкіндік беретін құрал ретінде қызмет етеді, бірақ басқару шешімдерін қабылдау сұрақтарын менеджер оңаша шешетін, басқару жүйесін жасауды стандарт жолы [1,2], бұрыс немесе тиімсіз шешім қабылдау фактілерінің жиі орын алуына бұрын қабылданған шешімдерді қайта қарау қажеттілігіне, жылдам басқару нәтижелері туралы мәлімет алудағы кідіріске әкеледі. Тәжірибе көрсеткендей, жылдам басқару субъектілерінің қалыптасқан жағдайда қабылдайтын шешімдерінің біріңғайлығы, дұрыстығы маңызды сұрақ болып қала береді. Осы сәттегі және жылдам басқару жүйесінің субъектілері болып бағдарламалар жетекшілері мен функционалдық бөлімдер басшылары болып табылады. Кәсіпорын жоспарын толық және дәл жүзеге асыру осылардың шешіміне тәуелді. Бір жағынан ірі металлургиялық кәсіпорынды басқару үрдістерінің күрделілігімен, екінші жағынан басқару объектісі күйі жөнінде ақпаратты жинау мен талдауға уақыттың аздығымен түсіндірілетін басқару үрдісі туралы мәлімет толық емес және бұлыңғыр болатындай жағдайларда шешім қабылдайтын тұлға (ШҚТ), өзінің жеке тәжірибесінен белгілі шешімдерінің көптеген ұқсас нұсқалары ішінен ең қажеттісін таңдап алу едәуір күрделі шаруа.

Басқарылатын үрдістің осы сәттегі күйін бағалаудағы субъективтілікті төмендету үшін, сондай-ақ осы сәттегі шарттардағы қимыл-әрекет стратегиясын құруда ШҚТ көмектесу үшін, кәсіпорынды жылдам басқару өрісіндегі шешім қабылдауға қолдау жүйесін (КЖБШҚҚЖ) пайдалану ұсынылады. КЖБШҚҚЖ негізінен ШҚТ-ға басқарылатын жүйе күйі туралы ақпарат беріп қана қоймай, басқару шешімдерінің мәліметтер қоры түріндегі эксперттердің бағалау мәліметтері қорына негізделген тиімді шешім таңдауға ұсыныстар да беруге арналған.

Жылдам басқару жүйесінде КЖБШҚҚЖ келесідей функцияларды жүзеге асыруда пайдаланылуы мүмкін:



  1. Басқаруға шешімдердің мәліметтер қоры негізінде басқару шешімдерін қалыптастыру;

  2. Басқарушы тұлға қабылдаған шешімдерін басқару шешімдерінің эксперттік мәліметтер қорының ұсыныстарымен салыстыру жолымен салыстыра талдау әдісі арқылы оның әрекеттерін бақылау;

  3. Басқару объектісінің осы сәттегі күйін талдау, басқару объектісінің әрекет көрсеткіштеріндегі өзгерістерді үйрену;

  4. Моделденетін жүйе параметрлері өзгергендегі басқару объектісінің қимыл-әрекетін моделдеу.

  5. Эксперттік мәлімет қоры ұсынған нұсқаулардың ішінен ең сәтті басқару шешімін таңдап алу әдісімен жылдам басқару аймағындағы білім қорын жетілдіру.

Шешім қабылдағандағы ойлану үрдісін моделдеу үшін әрқайсы адам миындағы өтіп жатқан үрдістерді өзінше елестететін бірнеше теория жасалған. Осындай зерттеулер аймағына Берклидегі Калифорния университетінің техникалық ғылымдар профессоры Лотфи Заденің (Lotfi A. Zadeh) 1965 ж. ұсынылған анық емес жиындар теориясы жағдайларына [3] нейрондық тораптар кластерлік талдау және олардың қосындылары кіреді. Соңғы 50 жылда шешім қабылдау үрдісін суреттейтін жүйелер жасауда жоғары нәтижелерге қол жеткізеді, математикалық моделдердің және үйретуші алгоритмдердің көп мөлшері жасалды [4,8].

Ғылым дамуының осы заманғы кезеңінде анық емес жиындар теориясының экономикалық қосымшалар өрісінде емес мысалыға кескіндерді тану жүйелері технологиялық объектілерді басқару автоматика сияқты технологиялар өрісінде пайдаланудың бай тәжірибесі жинақталған. SAP, Baan, Oracle корпорациялары әлемдік нарықта ұсынып отырған осы заманғы ірі кәсіпорындарды басқару жүйелерінің ешқайсы да экономикалық басқару өрісіндегі «жұмсақ» есептеулер аппараттық мүмкіндіктерін пайдаланбайды.

Анық емес логика мен нейрондық тораптар аппаратының сипаттамаларын 1-кестеге жазып көрсетелік.
1-кесте. Нейрондық тораптар мен анық емес логиканы салыстыру





Нейрондық тораптар

Анық емес логика

Білім берілуі

Айқын емес, жүйе бірден жеңіл қабылданбайды және өзгертілмейді

Айқын тексеру және өзгертілу жеңіл және қарқынмен орындаларды

Өздігінен үйренуі

Түскен мәліметтер мен параметрлер жинағын оқу арқылы өзін-өзі үйретеді

Жоқ. Барлық ережелерді жасап анық суреттеу керек

Кестеден көргеніміздей шешім қабылдаудағы жылдамдық пен бір жақтылық маңызды болып келетін жылдам басқару жағдайларында нейрондық тораптар негізінде құрылған жүйелерге қарағанда анық емес логика негізінде құрылған жүйелер басымдыққа ие. Мұндай жүйелердің өздігінен үйрену қабілеті жоқтығы мін емес, өйткені өздігінен үйрену үшін анық емес логика аппаратты нейрондық тораптар алгоритмін пайдалану мүмкіндігі мен толыққан жүйелер құру мүмкіндігі бар. Осындай бірігулер мүмкіндігі төменде келтірілген 1-суреттен көрінеді.



1-сурет. – Нейрондық торап пен анық емес жүйе көрінісі
Жоғарғы сол жақ бұрышта кескінделген нейрон анық емес жүйедегі ережелер блогының функционалдық аналогы болып табылады, нейрондық торап синапсына кіріс параметрлерін суреттейтін лингвистикалық айнымалылар, ал аксонға – ережелер блогының шығысын суреттейтін лингвистикалық айнымалыларға салмақ коэффициенттерін сондай-ақ синапстардың қайсысы оң әсер ететін, қайсысы теріс ықпалы бар екендігін көрсететін жазбалар тапсырсақ, онда басқарылатын объект қимыл-әрекетін анық емес логика терминдерінде де, нейрондық тораптар терминдерінде де бір модел шеңберінде суреттеу мүмкін болады.

Жұмсақ есептеулер аппаратын пайдаланып құрылған кәсіпорынды жылдам басқаруда шешім қабылдауға қолдау жүйесінің (МҚБШҚКЖ) артықшылықтары:



  1. Жүйенің белгілі қимыл-әрекетінің азғана жинағына сүйеніп моделін құра бастауға болады;

  2. Моделдеу (жаттығу) үрдісінде металлургиялық кәсіпорындардың нақты қарекеті жағдайындағы аса қатерлі болуы мүмкін ережелер бөлігін оңай алып тастауға болады;

  3. Жүйенің қимыл ережелері мәліметтер қорының лингвистикалық түрде берілуін пайдалану КЖБШҚҚЖ жасауы және мұның үйренуге, өзгеруге икемділігін, әрекет-қимыл нәтижелерін түсінуді жеңілдетеді;

  4. Жүйені суреттеу үшін дифференциялды теңдеулер орнына эксперттер білімі пайдаланылады;

  5. Моделдеу стандарт математика аппаратын пайдаланғандағыдан әлдеқайда тез, жеңіл және анық болып табылады.

Жылдам басқару жүйесінің бір элементі ретінде анық емес логика аппаратын пайдалану мүмкін саналатын ізденіс негізінде кәсіпорынды басқарудың корпоративті біріккен жүйесі шеңберінде КЖБШҚҚЖ Қазақстандық металлург. Зауыттардың бірінде жүзеге асырылуда. Басқару үрдістерінің моделдерін жасауға эксперттер көзқарастарын өңдеуге соның негізінде басқару шешімдерінің мәліметтер қорын жасауға мүмкіндік беретін бағдарламалық модель жасалды, жылдам басқарудың негізгі үрдістерінің базалық моделдері жинақталуда дұрыс шешімді таңдау алгоритмі жасалды. КБҚБЖ және КЖБШҚҚЖ жобалауда және жасағанда 4 деңгейдегі (4GL) Centura Team Developer, Borland Delphi бағдарламалау тілдеріндегі құралдар сияқты бағдарламалық өнімдерді пайдалану, ақпараттық қойма ретінде Oracle МҚБЖ және Centura SQL Base бөлімі деңгейіндегі корпорациялар КЖБЖ таңдалуы жылдам басқару өрісіндегі корпоративтік басқару жүйелері іске асырып жатқан мүмкіндіктерге қойылатын осы заманғы талаптарға сай болады деп болжам жасауға мүмкіндік береді.
Әдебиеттер:

  1. Разработка, принятие и реализация управленческих решений. // Гудушуари Г.В., Литвак Б.Б., Управление современным предприятием М., 1998. – Гл. 2. – С. 172-280.

  2. Методы теории принятия решений // Ковалев В.В., Волкова О.Н. Анализ хозяйственной деятельности предприятия. – М.: Проспект, 2000 – С. 106-113.

  3. Заде Л.А. Понятие лингвистической переменной и его применение к принятию приближенных решений. М: Мир, 1976, 165 с.

  4. Алтунин А.Е., Семухин М.В. Модели и алгоритмы принятия решений в нечетких условиях: Монография. Тюмень: Издательство Тюменского государственного университета, 2000. 352 с.

  5. Мелихов А.Н., Бернштейн Л.С., Коровин С.Я. Ситуационные советующие системы с нечеткой логикой. М.: Наука, 1990.



Л.М. Хасанаева,

т.ғ.к., доцент


КЕҢЕСТІК МҰРАҒАТ ЖҮЙЕСІН ОРТАЛЫҚТАНДЫРУ ШАРАЛАРЫ ЖӘНЕ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ МҰРАҒАТ ІСІ


КСРО-ғы мұрағат ісінің тарихы кеңес органдарының ұйымдасу тарихымен тығыз байланысты Кирревком 1919 ж. шілдесінде құрылды. Сондықтан Лениннің «мұрағат ісінің қайта жаңаруы мен орталықтануы» туралы декрет КСРО-да кеш басталды. 1919 ж. 16 қыркүйегінде Орынбор губерниясы бойынша бас мұрағат ашылды. Сол уақыттан бастап Қазақстан территориясында мұрағат құрылысының орталығы жұмыс істей бастады. 1920 ж. бастап Орынбор бойынша бас мұрағаттың билігі Орынбор, Торғай аудандарына тарала бастады. Губернияда Мұрагат өзінің өмір сүруінің алғашқы кезеңінде Кирнаркомпростан қарқынды көмек алмағандықтан жұмыс сапасы нашарлады. Сондықтан Орынбордың губерниялық атқармасы 9/VI 1920 ж. «губерниялық мұрағатты Орынбор Басқармасының губисполкамына» тапсыруға шешім қабылдады.

1922 ж. 24 қаңтарда Кирнаркомпрос коллегиясының қаулысымен өңірдегі Орталық мұрағат бекітілді.

Бұл өкім бойынша Орынбор Торғай мұрағаты Қырғыз республикасының өңіріндегі Орталық мұрағаты деп атын өзгертеді. Ол енді Наркомпростың академиялық орталығына бағынады және толығымен қалпына келтірілген, жүйелендірілген құжаттарды сақтау орталығы болды.

Наркомпростың ИКА жайлы өкімінде ИКА-ны тек тарихи қүжаттарды сақтауға ауыстырады.

Егер 1923 ж. Қазақстанда 2 мұрағат мекемелері – Орынбор және Семей болса, 1923 ж. қалған 5 губернияда мұрағат ашылды. Тек Адай уезінде мұрағат бюросы кеш ашылады.

1924 ж. Орта Азиядағы тексерістер нәтижесінде, Қазақстан республикасына Жетісу, Сырдария және Қарақалпақ автономиялық облыс қосылды. Бұрынғы Түркістан республикасында 1919 ж. Түркістан республикасының мұрағаттарды басқарудың орталығы ашылды.

Республикада уездік қалалардағы мұрағат құжаттарының көрсеткіші өте жоғары болды. Бұл көрсеткіштер уездегі мұрағаттардың тез арада ұйымдастырылуын қамтамасыз етті. Уездік мұрағаттарды ұйымдастыру жұмыстары баяу жүрді, тек 1926 ж. 1 шілдеде мұрағаттық бюролар ұйымдастырылды. Олардың 5 мұрағатық бюросы – Орал губерниясына, ал үшеуі Ақмола губерниясына тікелей бағынды. Сондай-ақ осы уақыттарда

Қостанай губерниясында да Қостанай уездік бөлімшесі құрылды. Бас губерниялық мұрағаттық бюролар таратылып жіберді. Олардың қоймаларының есіктерін бекітіп кеткен болатын. Уезд-полк басқарушы уездік мұрағат бюроларын ұйымдастыруды қаламады. Сондай-ақ Ішкі Ордадағы Бөкей бас мұрағат губерниясын таратпақшы болды, бірақ Бөкей мұрағатының қорында шамамен 2000 пұт құжаттар болды, бұл құжаттар Жәңгір хан және Уақытша Кеңестің қазақ-қырғыз ордасының ішкі саясаты туралы материалдар болатын және де 100 жылға созылған құнды құжаттар кездесетін [1]. 1926 ж. 15 наурызда БОАК-нің басқарушылары мен уездік мұрағаттарды ұйымдастыру жөніндегі қаулы қабылданса, ал ҚазОАК-ті 1927 жылы 1 қазанда қаулыны жариялады. Бірақ уездік мұрағаттарды ұйымдастыру жөніндегі қаулы іске аспады, себебі жергілікті қаражаттың жетіспеуі, сондай-ақ Қаржы халық комиссары жұмысшылары үшін мұрағат ісін қайта жандандырудың маңызы болмады.

Құрылған уездік мұрағаттар қатты күйзеліске түсті, себебі бас басқармашылық мұрағаттың жағдайы тым нашар болды. Мысалы, Қостанай уездік мұрағатында көпдеген маңызды құжаттар жоғалып, түбегейлі ретсіздік орын алған болатын. Ал Жаркент уезінде де 1922 ж. ұстаз Горохованың өлімінен кейін, мұрағаттағы құжаттар жоғалып кетті. Басқа да уездік мұрағаттардың құжаттарының жойылып кеткені туралы да уақытша куәліктер болған, бірақ біз қазіргі таңда мұрағат құжаттарының жойылып кеткендігі туралы ешқандай жағдай дәлел жоқ, себебі Қазақстанның мұрағат қоймаларының қорларында кездеспейді.

1930 ж. Бас басқарма мұрағат органдарының қайта ұйымдастыруымен – губерния, уездік, болыстық – аймақтық, аудандық органдарының мұрағат қоймаларының барлығында қайтадан жөндеу жұмыстары ұйымдастырылды.

Губерниялық және уездік мұрағаттар бюросы жойылып, 1928 ж. соңында 13 аймақтық мұрағат бюросы ұйымдастырылды. Ұйымдастырылған аймақтық мұрағаттар бюролары бастапқыда қала бюджетінен қамтамасыз етілді, олар қалаларда орналасуына байланысты, сол қаланың бюджетімен ғана қамтамасыз етілген болатын, сондықтан қалалық бюджеттен бөлінген қаражат жетіспеді.

1929 ж. бастап аймақтық бюджеттен қаражат бөлініп, Халық Комиссараты РАК-не қатаң бақылау орнатты. Мысалы, Қарқара, Ақмола, Қостанай, Сырдария, Гурьев және Қызылордадағы мұрағат бөлімшелеріне бір штат ұйымдастырды, ал Павлодар, Петропавл, Ақтөбе және Оралдағы аймақтық мұрағаттарға, сондай- ақ Қарақалпақ облыстық мұрағатына 2 штат бөлімшесін, Семей, Алматы және Орал аймақтық мұрағатына – 3 штат бөлімін ұйымдастырды.

Аудандық мұрағаттарда мұрағат ісінен хабары бар арнайы мамандығы бар адамдарды жұмысқа алды.1930 ж. 10 қазанда ҚазОАК-нің шешімімен барлық аудандық мұрағаттардағы жауапкершілікті аудандық мұрағаттың хатшы қызметшілеріне тапсырды. Сондай-ақ аудандық мұрағаттар қалалық мұрағаттарға тікелей бағынды. Бұл аудандық мұрағат ісі жайлы акт ҚазОАКөнің қаулысымен өз күшінде қалды, бірақ аудандық мұрағаттарда әлі де болса арнайы кадрлар жетіспеді.

Кадр мәселесі бойынша бұл қаулының бірде-біреуі орындалмады, себебі аудандық мұрағат бөлімшелерінде мұрағат ісіне көп коңіл бөлінбейтін. ҚазОАК президиумында аудандық мұрағат ісі туралы кеңес өткізілді, олар 1935 ж. 9 наурызда 55 аудандық мұрағат ұйымдастыру туралы шешім қабылдады. Бұл кеңесте аудандық мұрағаттарды жандандыру мәселесі талқыланды. Осы кеңестік шешімі бойынша аудандық мұрағаттар а

Аудандық бас басқарма комитетіне және оның төралқасына бағындырылды; Қалалық, ауылдық, колхоздық, совхоздық, МТС – тік, сондай-ақ аудандық басқармалардың және ұйымдардың құжаттары тікелей аудандық мұрағаттың қорына енді. Аудандық ұйымдардың құжаттарын мұрағатқа өткізу мерзімі 5 жыл аралығында, ал қалған ұйымдардың (ауылдық кеңестің, колхоздың, совхоздың және т.б.) – 3 жыл мерзім ішінде тіркелу керек болды. Құжаттардың сақталуын аудандық мұрағаттарда кемінде 10 жыл сақталады, ал одан кейін міндетті түрде облыстық мұрағатқа өткізіліп отыруы тиіс болды.

1938 ж. 110 аудандық мұрағат ұйымдастыру мәселесін көтерді. Егер бұл іс қолға алынса, онда 1939 ж. қаңтарынан бастап біз – 172 ауданда,152 аудандық мұрағатқа ие болатын едік. Осындай қаулылардан кейін ОАК – нің Кеңесі 1937 ж. 27 маусымында қабылданса, 1937 ж. 29 желтоқсанына дейін аудандарда мұрағаттар ұйымдастырылмады.

1932 ж. 1 қыркүйегінен бастап Қазақ Орталық Мұрағаты мынадай бөлімдер ұйымдастырды:


  • Қазақстан Республикасының мұрағаты;

  • Тарихи мұрағаттар;

  • Құпия мұрағат бөлімдері;

ҚазОАК-нің ұйымдастыруымен Петропавл, Ақтөбе, Алматы қалаларында конференциялар өткізу мәселесі орын алды.

Конференцияның ашылуында баяндамалар оқылып, пікір сайыс өткізілді, мұнда мұрағаттардағы келеңсіз жағдайлардың орын алуы, сондай-ақ Қызылордадағы халықтың ауыр жағдайы туралы мәселесі талқыланды.

ОАК және ОКХ-нің 1936 ж. 6 ақпанда Президиумы болып өтсе, 1937 ж. 9 қарашада ҚазАКР-нің ОАК–нің Президенті мұрағаттарды бір орталыққа шоғарландыру мәселесі және кадрлар даярлау, жұмысшыларды қадағалау туралы іс қабылдады. Қазақ Орталық Мұрағаты 1937 ж. жиналыта, одан кейін 1938 ж. өткізілген 2 жиналыста мұрағаттардағы жұмысшыларды технологиямен қамтамасыз ету үшін арнайы технологиялық бағдарлама ұсынды. Бұл кездері Қазақстанда 22 маман даярланды.

1938 ж.1 қаңтарда мұрағаттар саны 1227 жетті, олардың жартысын қайта жөндеу өткізді. Қазақстанда арнайы даярланған мұрағат мамандардың саны 55 адам болды, олардың ішінде 15 адамы Алматы қаласындағы мұрағат үйіне орналасты.

Қазақстан Орталық мұрағат қоймаларында және оның филиалдарында көптеген мұрағат құжаттары болды.

Қорда – 674840 құжат сақталған, оның 545 қоры революцияға дейінгі және 2657 –сі - революциядан кейінгі болатын. Бұл қорлардың барлығы реттелмеген күйде мұрағат қоймаларына орналастырылды. Мұрағаттағы құжаттарды бір жүйеге келтіру үшін ғылыми-анықтамалық аппарат, каталогтар, іс-қағаздарды тіркеу жұмыстарының ерекшеліктерін жұмысшыларға ұсынды.

Көптеген кедергілерге төтеп берген және мұрағат құжаттарының жоғалуына қарамастан, ҚазОрт Мұрағатының мұрағат қоймаларында қордың көлемі ұлғайып, 900 қорға жетті. Бұл санақтағы қорда құнды деректер кездесті, соның бірі Қазақстандағы Азамат соғысы, Кирревком, әскері революциялық комитет, Коминтерн партиясының бағдарламасы, Жетісудағы ұлт–азаттық көтерілістер туралы арнайы қорлар ұйымдастырылды.

Мұрағат құжаттары сондай-ақ ҚазОМБ-ның қоймаларында да болды. Семей губкомы Н.И. Ежовтың губеррниялық мұрағатында 1881,1905 жж. далалық өлкенің жұмысшыларын күшпен ұйымдастыру туралы құжаттар болды.

Бас мұрағат үйі негізінен Орынбор облысында орналасты, сонымен бірге бас мұрағат Қазақстандағы Ғылым Академиясымен, Ғылыми-зерттеу иниституттарымен байланыс орнатты. Революциядан кейінгі жылдарда мұрағаттарға көңіл бөлініп, көптеген зерттеушілер өз еңбектерін дәлелдеп жазу үшін деректер мен құжаттарды жинастырды.

Орталық Мұрағат Басқармасы 1934-1935 жж. жаңа өзгерістер енгізді;

Атап айтқанда, мұрағат құжаттарына жаңа тақырыптар атының берілуі еді. Барлығы 12595 тақырыптық карточкалар болды, АОР – 6513, ИСТАРХ – 6082 карточкалар болды.

Арнайы ғылыми зерттеушілер үшін тақырыптық карточкалар жүйесі және анықтамалық апараттар өте қолайлы еді.

1936 жылдың екінші жартысынан бастап ғылыми-зерттеу жұмыстарын қысқартты, себебі 1937-1938 жж. репрессия кезінде мұрағаттар жабылып, қысқартылды.

Мұрағаттарды ұйымдастыру ісі ұзаққа созылды, мұрағатқа барлық аудандардағы құнды құжаттарды жинақтау мәселесі күрделі болды.

1953 жылға Қазан революциясы және Қазақ КСР-ның әлеуметтік құрылысы бойынша орталық мемлекеттік мұрағаттық жұмысы туралы мәселеге назар аударсақ, Қазан революциясы және Қазақ КССР-ның әлеуметтік құрылысы бойынша Орталық мемлекеттік мұрағаттық есеп берілген жылда ХІХ съездің Кеңестік Одақтың Қазақстанның ОК КП, сонымен бірге КСРО және ҚазКСР ІІМ-нің бұйрықтары және директивалық нұсқауларының, КСРО ІІМ Орталық Азия басқармасы және ҚазКСР-дің ІІМ мұрағаттың Басқару шешімдерімен өз жұмыстарында жетекшілігі жүргізді [2].

Есеп берілген жыл ішінде Қазан революциясы және ҚазКСР-дің әлеуметтік құрылыс материалының сақталуы және олардың сақталу жағдайын жақсартуды қамтамасыз етуіне байланысты маңызды іс-шаралар атқарылды.

Егер алынған ғимарат құжаттық материалдарың сақталуының қарапайым талаптарына жауап берсе, онда бұрынғы сақталған жер мұрағаттық құжаттың ұзақ уақыт сақталуына мүлдем жарамайды. Қазіргі кезде бұл сақталуының артқы қабырғасы түсіп қалған және өлшемі сіріңкенің қорабындай болатын тесік пайда болған, шатырың бірқатар жерлерінен су ағады [3]. Мұның барлығы ылғалдылықтың қалыптасуына және паразит саңырауқұлақтарының өсіп, жетілуіне алып келеді.

Құжаттың мәтіндерінің өңінің кетуіне байланысты ұстаханалардың қайта құрылуының ұйымдастыру шараларын қабылдау да қажет.

Мұрағаттың жұмысын тексеруші ІІМ ҚазКСР-ның мұраттық Басқару комиссиясы кейбір мұрағат қорларының ғылыми өңделу сапасы маңызды қателіктерден жапа шегетінін айтқан.

Ғылыми-әдістемелік жұмысқа келсек, есеп беру кезеңінде мұрағатта 4 ғылыми-әдестемелік жиналыстар өткізіліп, онда мына мәселелер талқыланды: жұмыс инструкциялары, тарихи анықтамалар, Р-247 «Қазкрайколхозсоюз» және Р-787 «ҚазАКСР-дың халық шаруашылығының орталық Кеңес» мұрағат қорлары жүйесінің сызбасын, республика мекемелерінің тарихы бойынша анықтауыш проспекті және жалпы қор бөлімшелерінің топографиялық көрсеткіші.

Ғылыми-әдістемелік жиналыстарда мұрағат қызметкерлері үлкен белсенділік танытты.

Құжаттық материалдарды пайдалану ісінде ІІМ ҚазКСР-дың мұрағаттық басқару тапсырмасы бойынша Қазақ КСР-ның территориясындағы құрылыс материалдары мен су ресурстары жайлы мәліметтер бар құжаттық материалдарды көрсету жұмысы жүргізілді. Осы мақсатта 32 987 сақталушы бірліктері қаралды және ІІМ ҚазКСР-ң мұрағаттық басқаруының қолдану бөлімшесіне берілген 1555 тақырыптық карточкалар жасалды.

Мекемелердің және азаматтардың сұрауы бойынша 292 өмірбаяндық анықтамалар жасалып, олардың 132 келісімді жауаппен болды. Мұрағаттың оқу залында 49 зерттеуші жұмыс істеп, 383 күн еңбек етіп, 2110 сақталушы бірліктерін қарады. Зерттеушілерге 3158 көшірме парақтар мен құжаттардың жазбалары берілді, ол 1952 ж. салыстырғанда 2,5 есеге азайды. Оқу залының барлық жұмысы ІІМ КСРО-ның №632 директивасына сәйкес қатаң тәртіпте жүргізілді.

Ғылыми – публицистикалық жұмыс үлкен бір топты құрады. Жұмыс ҚазКСР-ның ІІМ мұрағаттық басқарудың ғылыми-басылымдық бөлімшесінің жұмысымен байланыста жүргізілді. «Қазақстан халық шаруашылығын қалпына келтіру кезеңінде» деген жинақ үшін мұрағаттың құжаттық материалдары бойынша 250 құжат алынды. 170 құжаттың көшірмесі және ғылыми-басылымдық бөлімшеге берілді [4].

Мемлекеттік мекеменің анықтамасы үшін 77 құжат алынып, бірақ олардың көшірмесі жасалмады.

Жыл бойы міндетті даналардың басылымдық шығармалардың өңделуі, есебі жүргізілді.

Міндетті даналардың кітап сақтау бағытын нақтылау бойынша да жұмыс жүргізіліп отырған. Кітап сақтау бағытына жатпайтын 3313 дана кітаптар, брошюралар алынып, жалпылама кітапханаға қолдану үшін берілді. Сонымен бірге кітап сақтаушы қорында инвентарь бойынша алынған 1136 дана кітап, брошюра алынып тасталды. 173 республикалық, облыстық газет жинағы түптелді.

Міндетті даналарды жеткізу бойынша типография бақылауы жасалды. Алматы қаласы оқу залының оқырмандары және мұрағат органдарының қызметкерлеріне қызмет көрсетілді.

Есеп берілген кезеңде ғылыми-анықтамалық кітапханаға 1672 дана кітап, брошюра, 43 дана журналдар жиынтығы (612) орталық, республикалық газеттің 9 (13) атауы – 3514 дана келген [5].

Жыл бойы ағымдағы әдебиетті есептеу, өңдеу жұмыстары саны жағынан 1672 данада жүргізілді. ЦГИА-дан берілген қорды өңдеу бойынша жұмыстар жасалды. Кітапхана бағытына сәйкес емес әдебиет 250 дана санымен ерекшеленген.

Орталық, республикалық газеттердің 28 жылдық жиынтығы қайта түптелді және өңделді.

КСРО-ның Бас ЛИТ-нің бұйрығы бойынша әдебиеттерді реттеу жұмыстары саны жағынан 82 дана кітаптар, брошюраларға жасалды.

Кітапханада Алматы қаласының мұрағат органдарының 83 оқырман-қызметкерлері есепке алынған. Сонымен бірге кітапхана оқу залының келушілеріне де қызмет көрсетеді.

Кадрлармен жұмыс мұрағатта ойдағыдай жүргізіліп отырды. Мұрағат штатында 20 адам болды.

Қорыта айтқанда, мұрағат қорларындағы жұмыстар салаларға бөлініп, бір жүйемен жұмыс істеді.


Литература:

  1. Введенский В. Архивное строительство в Казахстане // Архивное дело. Главное архивное управление НКВД СССР. – 1938. – № 4. – С. 77.-94.

  2. ҚР ОММ. Қор. 1145. Т.1. 158 іс. 12 п.

  3. ҚР ОММ. Қор. 1145. Т.1. 158 іс. 14 п.

  4. ҚР ОММ. Қор. 1145. Т.1. 158 іс. 18 п.

  5. ҚР ОММ. Қор. 1145. Т.1. 158 іс. 17 п.





ТРИБУНА МАГИСТРАНТОВ




А.А. Абильбаев,

магистрант Академии экономики и права


ПРАВОВОЕ РЕГУЛИРОВАНИЕ ЖИЛИЩНЫХ ОТНОШЕНИЙ

В РЕСПУБЛИКЕ КАЗАХСТАН



Одним из главнейших материальных условий жизни человека является жилище. Потребность человека в жилье возникает с момента его рождения и сохраняется на всем протяжении его жизни, носит постоянный характер, видоизменяясь с возрастом, появлением семьи и т.д.

Необходимые условия осуществления в жилищных отношениях строгой законности и справедливости – это точное соблюдение и правильное применение всех жилищных норм и правил, Регулирование жилищных отношений носит довольно сложный характер и осуществляется главным образом на базе сочетания принципов жилищного и гражданского законодательства. Все это повышает необходимость углубленного изучения и освоения основных жилищно-правовых и иных правовых категорий в сфере регулирования жилищных отношений.

Жилищное право – это совокупность норм права, регулирующих жилищные отношения.

Предметом в правовых науках являются общественные отношения по поводу того или иного объекта.

Предметом регулирования жилищного права является определенная совокупность общественных отношений, которые получили в законодательстве и в юридической литературе название «жилищные отношения». Жилищные отношения – различные виды отношений, возникающие по поводу жилища: по пользованию жилыми помещениями, предоставлению жилых помещений нуждающимся в них, по управлению и эксплуатации жилищного фонда и др. Понятие «жилищные отношения» охватывает широкий круг общественных отношений, которые связаны с пользованием жилища [1, с. 5].

Одной из фундаментальных гарантий существования в Республике Казахстан права частной собственности является ст. 6 I раздела Конституции, в которой закреплено, что «в Республике Казахстан признаются и равным образом защищаются государственная и частная собственность». Важной, не всегда принимаемой во внимание особенностью этого перечня является вынесение частной собственности на первое место в данной статье. Это тесно связано с провозглашением прав и свобод высшей человеческой ценностью, а их признания, соблюдения и защиты – обязанностью государства, и со стремлением сохранить в экономической системе характерную для частной собственности весьма эффективную личную заинтересованность, с необходимостью, возрождая частную собственность, уделить ей особое внимание [2, ст. 6].

Экономические отношения собственности (присвоения) составляют основу любого общества, а правовое регулирование появляется и сохраняется, прежде всего, как система норм, закрепляющих, регламентирующих и охраняющих данные отношения. В современных условиях собственность имеет исключительное значение в связи с тем, что она является базисом политических и экономических коренных преобразований, источником демократии, непременным условием построения правового государства. Вот почему охрана существующих отношений собственности – важнейшая задача всякой правовой системы, ее стержень, в конечном счете.

Безусловно, право собственности как одна из основ конституционного строя РК представляет собой основополагающий институт казахстанской правовой системы. В целом можно сказать, что право собственности, т.е. закрепленное законом определенное состояние принадлежности (присвоенности) материальных благ, охраняется нормами едва ли не всех отраслей права: уголовного, устанавливающего ответственность за преступное посягательство на имущество государства, юридических лиц и граждан; административного, наказывающего за мелкие проступки такого рода; трудового, регулирующего, например, материальную ответственность работников за причиненный ими работодателю имущественный ущерб; земельного, семейного и др. Но центральное место занимает, безусловно, гражданское право, и в рамках его – институт защиты права собственности и других вещных прав, которому посвящены многие главы Гражданского кодекса Республики Казахстан [2, c. 7].

Жилищное право выражено в законах РК и иных нормативно-правовых актах. В настоящее время жилищное законодательство состоит из закона РК от 16 апреля 1997 года за №94-I «О жилищных отношениях», постановления правительства РК от 1 августа 2006 года №726 «Об утверждении правил предоставления прав на земельные участки под индивидуальное жилищное строительство», закона Республики Казахстан от 07.12.2000 №110-2 «О жилищных строительных сбережениях в Республике Казахстан», закона Республики Казахстан от 03.11.1994 года «Об индивидуальном жилищном строительстве», закона Республики Казахстан от 07.07.2006 №182-3 «О внесении изменений и дополнений в некоторые законодательные акты Республики Казахстан по вопросам развития арендного сектора жилья», закона Республики Казахстан от 14.04.2005 №43-3 «О внесении изменений и дополнений в закон Республики Казахстан «О жилищных строительных сбережениях в Республике Казахстан», постановления правительства от 24.07.2001 №997 «Об утверждении типовой формы договора о жилищных строительных сбережениях», формы правительства от 24.07.2001 №997 »Типовая форма договора о жилищных строительных сбережениях», приказа Министерства юстиции от 24.08.2007 №241 «Об утверждении правил государственной регистрации объекта кондоминиума».

Некоторые нормативные акты, регулирующие жилищные отношения, принимаются на региональном уровне – местными представительными и исполнительными органами. Так, 30 апреля 1996 года принято решение акима г. Алматы «О создании кооперативов собственников квартир» в Алматы. Наконец, к вспомогательным источникам жилищного законодательства надлежит отнести руководящие разъяснения пленума Верховного суда Республики Казахстан по жилищным делам, например, постановление «О практике применения судами законодательства при рассмотрении дел по спорам между гражданами и жилищно-строительными кооперативами» от 11 октября 1991 года. Как видно из вышеперечисленного, жилищное законодательство отличается многослойностью своих источников.

Таким образом, под жилищным законодательством следует понимать совокупность или систему правовых норм, регулирующих жилищные отношения, т.е. отношения, обеспечивающие удовлетворение потребности граждан в жилье.

В Республике Казахстан в настоящее время действуют несколько нормативно-правовых актов, регулирующих область жилищного права. Надо заметить, что основным из всех проанализированных нормативно-правовых актов РК в области жилищного законодательства является закон РК «О жилищных отношениях». Но данный закон в большей степени регулирует и определяет теоретические основы жилищного права Казахстана, а Гражданский кодекс РК больше ориентирован на гарантирование интересов собственников недвижимости и в частности жилья [4,c.8].

Принцип перехода жилищной сферы из государственного финансирования в режим без дотаций. В условиях, когда подавляющее число жилых помещений находится в частной собственности, роль государства в регулировании жилищной сферы существенно изменилась. Для реализации новых полномочий государства в жилищной сфере правительством РК определен ряд приоритетных направлений решения жилищной проблемы в республике, например, активизация жилищного строительства, развитие системы жилищных строительных сбережений. Другая часть жилищных вопросов (содержание частного жилищного фонда) практически полностью возложена на собственников жилых помещений.

Таким образом, на самом высшем законодательном уровне любому гражданину Республики Казахстан гарантируется защита его прав собственника на жилье, находящееся в его собственности.


Литература:

  1. Воронова Т.Э.. Жилищное право РК // Учебно-методическое пособие.

  2. Конституция РК 1995 г. с изменениями и дополнениями.

  3. Гражданский кодекс РК от 2008 года.

  4. Сибаев Д. Правовые отношения в РК.

  5. Закон о жилищных отношениях РК, 1997 год.



Каталог: files
files -> Бастауыш білім беру деңгейінің ОҚу пәндері бойынша үлгілік тақырыптық жоспарлары
files -> Астрономия Мазмұны
files -> 1 фантастика жанрыныњ типологиясы
files -> Қазақстан тарихы 5 сынып. 2013-2014 оқу жылы
files -> Расул гамзатов
files -> Жамбыл атындағы республикалық жасөспірімдер кітапханасы Қазақстан ақын – жазушылары ХХ ғасырда
files -> «№ мектеп-лицей» мемлекеттік мекемесі Күнтізбелік- тақырыптық жоспар
files -> Ермұхан Бекмахановқа Сыздайды жаным, мұздайды қаным, жан аға!
files -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, жергілікті атқарушы органдар көрсететін білім және ғылым саласындағы мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет